Жігітке жеті өнер де аз!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жігітке жеті өнер де аз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жігітке жеті өнер де аз. Жігіттер жалпы ұлттық өнерге тәрбиелеу, Жігіт адамның жан жақты болуға дайындау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: « Жігітке – жеті өнер де аз! »

Мақсаттары:

  1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
    2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
    3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.Оқушылардың бойында ұлттық салт-дәстүрімізге сай көріктілік,ептілік,ержүректілік қасиеттерді қалыптастыру. 
    Аналар күніне орай 6 «Б» -сынып ұл балалар арасында сайыс өткізіп,сезімін ояту, дарындылығын дамыту. 
    Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін сақтап онан әріқарай жалғастырып тәрбиелеу. 
    Көрнекілігі : Станоктар, қағаз бен қаламсап, қарындаштар,қанатты сөздер, халаттар.


  2. Байқау барысы:

Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.

Елнұр: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған «Жігітке жеті өнер де аз!» атты Жігіт сұлтаны сайысына қатысатын жігіттердің
жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп
жариялаймыз!
Айбек: Ерте-ерте ертеде, баяғы бір заманда бір Бай болыпты.Байдың «Ай десе аузы, күн десе көзі бар» жалғыз қызы болыпты.Күндердің күнінде Ханшайым сайыс ұйымдастырыпты.Сайысқа жан жақтан Батырлар өз бақтарын сынауға келіпті.

Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ!
Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырайық.



Елнұр:  
1. Қуантады білімімен бізді Дінасыл
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа, 
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.

Айбек: 2. Өнер қуған жасынан 
Өнері судай тасыған 
Келесі біздің
Ерзат
Көрінген күштің басынан.
 

Елнұр: 3. Сыйлаған ата-анасын 
Үлкеннің алған батасын,Ол
- Нуриддин.

Айбек: 4. Сүрінбей сыннан өтемін 
Мақсатыма жетемін  деп келе жатқан
Абылай.

Елнұр: 5. Жігіттің дара  туған ірісіндей 
Жүрісі батырлардың жүрісіндей 
Келбетті батыр тұлға 
Сом білек Қажымұқанның інісіндей  
.

Айбек: 6. Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған  деп келе жатқан
.

Елнұр: 7. Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген  ол біздің
.


Елнұр:
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
ІІ бөлім «Көркіне ақылы сай» салт дәстүрге байланысты красвордты шешу сайысы.
ІІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» сурет салу сайысы.
ІV бөлім «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы.

V бөлім «Өнерлінің өрісі кең» станоктпен жұмыс істеп көрсету


Айбек:

Жігіттер келіп жетті танысуға, 
Бойындағы бар дарынды дамытуға. 
Жігерленіп келіп жетті сахнаға,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Жігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін.

1-ші нөмерлі серіміз- Байгазанов Дамир.

2-ші нөмерлі жігітіміз- Нұрғанат Нұржан.

3-ші нөмерлі батырымыз- Мұхаммеджан Бақытжан.

4-ші нөмерлі серіміз- Даулетхан Арнұр.

5-ші нөмерлі жігітіміз- Юсупақын Алдияр.

6-шы нөмерлі батырымыз- Мұхаметкарим Арсен.

7-ші нөмерлі серіміз- Каримбай Аспандияр.

«Бата».

Елнұр: ІІ бөлім «Көркіне ақылы сай» салт дәстүрге байланысты красвордты шешу сайысы бойынша әділқазылар алқасынан Батырларымыздың бағасын сұраймыз.


Айбек: III бөлім «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес» дей отырып Жігіттеріміздің қол икемін тексере отырып сурет салуын сұраймыз.


Елнұр мен Айбек:

Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт.
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында VI бөлім «Қол күресі» өткізіледі.


Елнұр:

Сайысымыздың келесі түрі V бөлім «Өнерлінің өрісі кең» станокпен жұмыс жасауды көрсету.


Айбек:

Келесі кезекте «Тіл қаруы – сөз» (ең үздік құттықтау) бөлімі. Құттықтау уақытына 3 мин беріледі.


Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Әр Қазаққа тек қана әділдікті,
Ал, Жігіттерге іске сәт деп ақ жолды тілейікші.


Елнұр:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз Қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.05.2022
709
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі