400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жиілікті модуляция

Материал туралы қысқаша түсінік
қабылдау және өткізу құрылғылары пәнінен, техникалық жоғарғы оқу орындарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Лекция тақырыбы: Жиілікті модуляция.

 

         Жалпы түсінік.

Жиілікті модуляция шағында ақпараттық модуляциялайтын uақп(t) сигнал мәндерінің өзгеруіне сәйкес, жеткізуші сигналының жиілігінің ∆ω(t) модулянбанған ωж мәнінен айнып кетуі өзгереді. Жеткізуші сигналдың амплитудасы мен фазасы тұрақты болып қала береді.

 

Жиіліктің өзгеруі

 

∆ωЖМ(t)= к∙uақп(t) –тең,                                                                  (2.33)

 

мұндағы к – жиілік сигналының ωЖМ(t) тек оң мәні болатынындай

таңдалатын модулятор сұлбасына тәуелді пропорцияналдықтың

коэффициенті.

 

Мұны келесі түрде жазуға болады

 

∆ωЖМ(t)=∆ωд∙||uақп(t)||,                                                                    (2.34)

 

мұндағы ∆ωд=∆ωmax– жиілік девиациясы сигнал жиілігінің модулданбаған мәнінен максималды өзгеруі

 

∆ωд=|ωmax(min)- ωж|.

 

Осыдан, ЖМ сигналының жиілігі

 

ωЖМ(t)=ωж+∆ωЖМ(t)=ωж+∆ωд∙||uақп(t)||.                                            (2.35)

 

ЖМ сигналының ωЖМ(t) жиілігі әр уақытта оң болуы үшін, ∆ωд жиілігі девиациясына шектеуліктер қойылады: ∆ωд≤ωж. Практикада ∆ωд<<ωж шарттың орындаларын қарапайымдылау көзқарасы жағынан міндетті. Жиілік девиациясы түрлі белгілеу модуляторларында бірлік герцтерден жүздеген мегагерцке дейін мән қабылдай алады.  

Дереу жиіліктің сигналдың дереу фазасымен байланысың біле отырып: ω(t)=dФ(t)/dt және Ф(t)=∫ω(t)∙dt, интегралдау арқылы ЖМ сигналының толық фазасын таба аламыз (2.35)

 

ФЖМ(t)=∫ωЖМ(t)∙dt=∫[ωж+∆ωд∙||uақп(t)||]∙dt=

=ωж∙t+∆ωд∙∫||uақп(t)||∙dt+φж,                                                               (2.36)

                                                                                                                                              

мұндағы φж – сигналдың бастапқы фазасы, оны интегралдаудың тұрақтысы ретінде қарастыруға болады.

ЖМ сигналының математикалық түрі

 

uЖМ(t)=Uж∙cosФЖМ(t)=Uж∙cos[ωж∙t+∆ωд∙∫||uақп(t)||∙dt+φж].                      (2.37)

 

 

Осылайша, жиілікті модуляция кезінде, уақыт ішінде сигналдың толық фазасыда өзгереді. Модуляция түрі ақпараттық модуляциялайтын сигналдың толық мәндерінің өзгеру заңы бойынша, уақыт ішінде өзгеретін жеткізуші сигналдың модулданбаған фазасынан оның өсуі бойынша өзгеруі ∫||uақп(t)||∙dt-ға пропорционалды, яғни, uақп(t) осы түрлендіруде интегралдың астында болса, онда ЖМ-ді модуляцияның интегралды түрі деп жиі атайды.

uақп(t) ақпаратты сигналдың уақыттық диаграммалары, жиіліктің өзгеруі ωЖМ(t) және ЖМ сигналы sЧМ(t)  2.11-суретте көрсетілген.

 

Uақп(t),B

 

 


2.11-сурет. ЖМ сигналының уақыттық диаграммасы

 

Біртоналді жиілікті модуляция.

Гармоникалық сигналы бар модуляция кезінде, ақпараттық модуляциялайтын сигнал uақп(t)=UΩ∙cosФΩ(t)=UΩ∙cos(Ω∙t+φΩ).

Жеткізуші сигналдық өзгеруі

 

∆ωЖМ(t)=∆ωд∙cos(Ω∙t+φΩ)-тең.                                                        (2.38)

 

ЖМ сигналының жиілігі

 

ωЖМ(t)=ωж+∆ωЖМ(t)=ωж+∆ωд∙cos(Ω∙t+φΩ).                                     (2.39)

 

ЖМ сигналының толық фазасы

 

ФЖМ(t)=∫[ωж+∆ωд∙cos(Ω∙t+φΩ)]∙dt=ωж∙t+∆ωд/Ω∙sin(Ω∙t+φΩ)+φж      (2.40)

заңы бойынша өзгереді.

 

Бір тоналді ЖМ сигналының математикалық түрі

 

 uЖМ(t)=Uж∙cos[ωж∙t+mЖМ∙sin(Ω∙t+φΩ)+φж],                                    (2.41)

 

мұнда mЖМ=∆ωд/Ω–фаза девиациясы физикалық мағынасы бар модуляция индексі (жиілікті), рад.

 

sinх=-cos(x+/2) түрлендірудің тригонометриялық формуласын пайдаланып, біртоналді ЖМ сигналының математикалық түрін аламыз

 

uЖМ(t)=Uж∙cos[ωж∙t-mЖМ∙cos(Ω∙t+φΩ+/2)+φж].                              (2.42)

 

 

 Дискретті жиілікті модуляция

ДЖМ кезінде, «1» символының жіберілуіне, бастапқы ақпараттық сигналдың u1(t) бірінші ретті интервалдағы жіберуі және модуляциядан кейінгі екінші ретті модуляцияланған S1(t)=Uж∙cos(ω1∙t+φж) сигналының жіберілуі сәйкес келеді. «0» символының жіберілуіне бастапқы ақпараттық сигнал u0(t) және екінші ретті модуляцияланған сигнал сәйкес келеді: S0(t)=Uж∙cos(ω0∙t+φж). Мұнда ω1=ωж+∆ωд, ω0=ωж-∆ωд. Яғни, «1» және «0» символдарының берілуі үшін жиіліктері әр түрлі сигналдар қолданылады

 

 SДЖМ(t)=                           

                                                                                                                    (3.5)

 

Көбінесе ∆ωд (немесе тасу жиіліктердің 2∆ωд=ω1-ω0) жиілігінің девиациясын S1(t) және S0(t) сигнал спектрлері аз жабылатынындай таңдайды.

 

ДЖМ жүйелері – «актвті паузалы» жүйелер.

ДЖМ сигналының шынайы спектрі де шексіз болып табылады. ДЖМ шектелген спектрінің ені, бір реттік элементінің Тэл ұзақтығымен және берілген сигналдардың тасу жиілігімен (2∆ωд=ω1-ω0) белгіленетін, модуляциялайтын сигналдың спектрінің еніне тәуелді.

Ол жеңілдетілген формула арқылы белгіленді.

 

ωджмтәж = 4 (B+∆fд), рад/с      ,                                                     (3.6)

 

мұндағы  ∆fд – жиіліктің девиациясы, Гц.

Тасу жиілігі үшін ω1-ω0=2∆ωд=4 /Tэл спектрдің тәжірибелік ені мынаған тең

 

ωджмтәж = 4∆ωақп.тәж=8 /Tэл=8 B=4∆ωд, рад/с.

                                                                                                                                       



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 қазан
1452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі