жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жіктеу есімдігінің септелуі
|
П Қысқа мерзімді жоспар әні:Қазақ тілі |
Мектеп: Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі |
||
|
Күні:26.02.16 |
|||
|
Сыныбы: 2 «А» |
Қатысқандар саны: 22 Қатыспағандар саны:0 |
||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Жіктеу есімдігінің септелуі |
||
|
Оқыту мақсаты: |
Оқушыларға жіктеу есімдігінің септелуін зат есімнің септелуімен салыстыра отырып меңгерту, жіктеу есімдігінің тілде атқаратын қызметін байқату. Оқушыларды есімдікті сөйлеу тәжірибелерінде саналы түрде қолдана білуге үйрету. |
||
|
Жетістік критерийлері |
Оқушылар есімдік түрлерін ажырата біледі. |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Ауызбіршілік, топтық, ұйымшылдық пен достыққа баулу. |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Белсенді тақтамен жұмыс, көрнекіліктер |
||
|
|
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Машықкердің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
|
І.Ұйымдастыру бөлімі: |
-Оқушылармен амандасу -Түгендеу Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру Психологиялық дайындық.
- Кәне, балалар, барлығымыз көзімізді жұмайық Тілек тілеп ойға батып тұрайық. Мен сабақты оқимын, боламын деп белсенді Сұрақтарға жауап беріп, бестік алып шығайық. - Балалар, бүгін көңіл - күйлерің қандай?
3-түрлі жапырақтар арқылы топқа бөлу 1-топ: «Зат есім» тобы 2-топ: «Сан есім» тобы 3-топ: «Сын есім» тобы |
Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа назарларын аударады. - Кәне, балалар, барлығымыз көзімізді жұмайық Тілек тілеп ойға батып тұрайық. Мен сабақты оқимын, боламын деп белсенді Сұрақтарға жауап беріп, бестік алып шығайық. - Көңіл-күйіміз жақсы
3-түрлі жапырақтар арқылы топқа бөлу 1-топ: «Зат есім» тобы 2-топ: «Сан есім» тобы 3-топ: «Сын есім» тобы |
Жапырақ суреті |
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. |
Өткен тақырыпты қайталау арналған сұрақтар қойылады. |
Әр оқушы сұраққа жауап беріп, бағаланады. |
|
|
III.Жаңа материалды меңгеру Топтық жұмыс Жеке жұмыс Сергіту сәті IV.Бекіту тапсырмасы Қорытынды V.Рефлексия VI.Үйге тапсырма |
«Хат қоржын» ойыны арқылы өткен тақырыпты қайталайды. 1. Сөз таптары ата? 2. Қандай сөз табын есімдік дейміз? 3. Жіктеу есімдігі дегеніміз не? 4. Жіктеу есімдігін жекеше, көпше түрде үш жақта жікте. Сіздерге сұрақ қойғым келіп тұр. Септік түрлерін атаңыздар! Жіқтеу есімдігі сонымен қатар септеледі екен. Ұлттық аспаптарды көрсету. - Балалар, мұнда назарымызды аударайық. - Біз қандай аспаптарды көріп отырмыз? - Домбыра, қобыз, жетіген, , сазсырнай. Бүгін әр аспаптың тапсырмасын орындайтын боламыз. Домбыра аспабының тапсырмасы: 1-жаттығу Шын дос Мұқан есебін шығара алмай, басы қатып отырған. Сол сәтте оның ойына Сәкен түсті. Жүгіріп Сәкенге келді. Ол есебін шығарып қойыпты.Мұқан оны көшіріп алғысы келді. Бірақ Сәкен дәптерін бермей қойды. Мұқан оған ренжіп қалды. Есікке қарай беттеген оны Сәкен тоқтатты. Олар ұзақ отырып есеп шығарды. Мұқан оған риза болып, үйіне қайтты. Қобыз аспабының тапсырмасы: 2-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып, мәтінді көшіріп жаз. «Дина айтқан әңгіме» «Бір сөзбен атаңдар» ойыны. Жалпы сынып ұжым бірігіп орындайды. Төбе шашы тік тұрды Жүрек жұтқан адам Бетінен оты шықты Ит өлген жер Тас бауыр Тасы өрге домалады. Жер соғып қалу Тілінен бал тамды
Сазсырнай
аспабының тапсырмасы: Мәтінді оқы. Жіктеу есімідіктерін теріп жазып, сұрақ қой және қай сетікте тұрғанын айт. Бос уақытынды сен немен айналысқанды ұнатасың? Жіктеу есімдіктерін пайдаланып сол туралы 4-5 сөйлем жаз.Өздеріңе берілген жапырақтар артына жазыңыздар. Жетіген аспабының тапсырмасы: 5-жаттығу 1-топ:(Мен) әжем басқа қалада тұрады. (Ол) күшігі балалармен ойнағанды жақсы көреді. 2-топ: (Сен) торкөзді дәптер бар ма? (Біз) сынып оқушылары соғыс ардагерлерімен кездесті. 3-топ: Марат (мен) үй тапсырмасын орындауға көмектесті. Әр топқа беріледі: «Орнына қой» ойыны Атау Ілік Барыс Табыс Жатыс Шығыс Көмектес мен сенің ол сен біз менің оның біздің маған саған оған бізге мені сені оны бізді менде сенде онда бізде менен сенен одан бізден менімен сенімен онымен бізбен Күнделікті енді ашайық Үй тапсырмасын жазайық Жіктеу есімгігінен алған білімді Ұмытпай есте сақтайық Бүгін сабағымыз аяқталды. Бес саусақ стратегиясы Білетінім, ойлағаным, қызыққаным, білгенім, білгім келеді. 6-жаттығу, ереже қайталау. |
«Хат қоржын» ойынының сұрақтарына жауап беріп, жұлдыздар арқылы бағаланып отырады. Септелу түрі А.с: Мен, Сен, ол І.с: Менің, сенің, оның Б.с: Маған, саған, оған Т.с: Мені, сен, оны Ш.с: Менен, сенен, одан Ж.с : Менде, сенде, олда К.с: Менімен, сенімен, онымен Есімдіктерді тап. Жіктеу есімдіктерінің қай септікте тұрғанын айт. Есімдіктердің түбірі қай септіктерде өзгерген? Мұқан мен Сәкенге мінездеме бер. Есімдіктердің қай септікте, қай жақта тұрғанын айтады. Әр оқушы дәптермен жеке жұмыстанады. Төбе шашы тік тұрды (қорықты) Жүрек жұтқан адам (батыл) Бетінен оты шықты (ұялу) Ит өлген жер (алыста) Тас бауыр (мейірімсіз) Тасы өрге домалады. (бағы жанды) Жер соғып қалу (өкіну) Тілінен бал тамды (шешен Біздің(кімнің?) Менімен( кіммен?) Біз (кім?) Менің(Кімнің?) Әр оқушы өздеріне берілген жапырақтын артына жазып, сабақ үстінде оқылады. 1-топ:Менің әжем басқа қалада тұрады. Оның күшігі балалармен ойнағанды жақсы көреді. 2-топ: Сенде торкөзді дәптер бар ма? Біздің сынып оқушылары соғыс ардагерлерімен кездесті. 3-топ: Марат маған үй тапсырмасын орындауға көмектесті. Әр топқа беріледі: «Орнына қой» ойыны Атау: ол, сен, біз, мен Ілік: сенің, менің, біздің Барыс: маған, саған, Табыс: мені, сені, бізді, Жатыс: менде, сенде, онда, бізде Шығыс: бізден, сенен, менен Көмектес: менімен, сенімен, онымен, бізбен Ия, біздер бүгін сабақ ұнады. Жіктеу есімдігінің септелуі жайлы көп мағлұмат алдық. Әр саусаққа жазады өз ойларын.
Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. |
конверт Домбыра суреті Ақ парақ Бес саусақ суреті Күнделік |





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген