Жіктеу есімдіктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жіктеу есімдіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көп көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сыныбы:

4 «Ә»

Пәні:

Қазақ тілі

Сабақтыңтақырыбы:

Жіктеу есімдіктері

Мақсаты:

Оқушыларды жіктеу есімдіктерімен таныстыру,олардың үш жақта айтылатынын білдіру,жіктеу есімдіктері туралы білімдерін кеңейту, есімдіктердің стильдік қызметін меңгерту.

Күтілетін нәтижелер:

Жіктеу есімдіктің мағынасын түсінеді.

Жіктеу есімдіктерге сөйлемдер құрастырып, оны мәтіннен таба біледі.

Керекті жабдықтар:

Сюжетті суреттер, постер, стикер, фломастер. Ереже жазылған кесте. Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Сабақта қолданылатын өзара байланысты модульдер

оқыту үшін бағалау, көшбасшылықты анықтау.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе





I. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

Бүгінгі сабақта көңіл күй тамаша!

Алайық бәріміз бағаны асыға.

«2»-керегі жоқ, «3»-нашар.

«4»-жақсы, «5»-керемет!

Топқа бөлу. Мозаика құрастыру.

1 топ: Хоккейшілер
2 топ: Шаңғышылар
3 топ: Конькишілер

Видео көрсету. Қысқы Олимпиада-2018

Оңтүстік Кореяда өтіп жатыр. ХХIII қысқы Олимпиада.

Бүгінгі сабағымызды олимпиадамен байланыстырамыз.9-25 ақпан аралығында өтеді.

Спорт не үшін керек?

II.Үй тапсырмасын тексеру.

5-жаттығу. Мәтінді оқы. Бұл мәтіннің кейіпкері кім?

Мен ол туралы баяғыдан армандаймын. Кейде ол зат менің түсіме кіреді. Егер сол болса, мен сабақты бұрынғыдан да жақсы оқитын сияқтымын.Егер соны маған алып берсе, үлкен алғыс айтар едім.Қуанышым қойныма сыймас еді.

Кейіпкерлердің не туралы армандағанын анықтауға бола ма?

Мәтін түсінікті болу үшін қай сөзді өзгерту керек?

Ол, сол, соны.

Өзіңнің нені армандайтының туралы жаз. Қажет жерінде есімдіктерді пайдалан.

«Қар кесегі» әдісі. Музыка тоқтаған кезде, қар кесегі кімге түседі, сол кісі сұрақтарға жауап береді.

Дара және күрделі сын есім дегеніміз не?

Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?

Дара сан есім дегеніміз не?

Күрделі сан есім дегеніміз не?

Есімдік дегеніміз не?

Келер шақ дегеніміз не?

Өткен шақ дегеніміз не?

Осы шақ деніміз не?

Етістіктің шақтары дегеніміз не?

ІІІ. «От шашу» арқылы бағалау.





























Ережелер айтады


Тұсаукесер

ІҮ.Қызығушылықты ояту

Ертегі «МЕН, СЕН ОЛ, БІЗ...» туралы оқиға.

Бір өлкеде 4 кісі өмір сүріпті. Олардың есімдері МЕН, СЕН ОЛ, БІЗ екен. Бір күні бір маңызды іс орындау керек болыпты. Барлығы ол істі МЕНІҢ жасайтыныма сеніпті. Бұл істі СЕН де жасай алатын еді, бірақ ОЛ жасамапты. БІЗ бұл жағдайға ашуланыпты. Өйткені істі БАРЛЫҒЫ атқару керек еді, БАРЛЫҒЫ МЕН жасайтын шығар деп ойлапты. Бірақ ЕШКІМ БАРЛЫҒЫ атқармай қалады деп ойламапты.Соңында ӘРКІМНІҢ жасай алатын ісін ЕШКІМ жасамағаны үшін БАРЛЫҒЫ БІРЕУДІ кінәлапты.

Ү.Жаңа сабақ

Мен, біз, сен, сендер, сіз, сіздер, ол, олар сөздері жіктеу есімдіктері деп аталады.

Жіктеу есімдіктерінің 3 жағы және жекеше, көпше түрі бар.

сайтынан, жіктеу есімдігінің ережелерін түсіндіру,тапсырмаларын орындау.

- Балалар, жіктеу есімдіктері қай кезде қолданылады? (сөйлесіп тұрғанда)

Олар мынадай:

Жақ Жекеше түрі Көпше түрі

1: мен біз,біздер

2. сен (анайы) сендер (анайы)

Сіз (сыпайы) сіздер (сыпайы)

3. ол олар

Бірінші жақ- айтушы,сөйлеуші жақ, Екінші жақ –тыңдаушы жақ.Бұлар –адамға байланысты атаулар,сондықтан кім? деген сұраққа жауап береді.

Үшінші жақ бөгде жақ.Ол













Жаңа сабақ түсіндіріледі.

Негізгі бөлім


Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Екі баланың әңгімесін оқы.

-Алло! Бұл-мен. Сен мені жақсы естіп тұрсың ба?

-Ия, жақсы естіп тұрмын.

-Маған Марат керек еді. Ол үйде ме?

-Ол үйде жоқ.

«Мен» деп кімді айтамыз? «Сен» деп кімді айтамыз? «Ол» деп кім туралы айтуға болады? Әңгімелесу кезінде бірінші жақтағы бала өзін қалай атады. Әңгімеге қатысушы екінші екінші адамды қалай атады? Үшінші біреуді сұрау үшін қандай есімдік қолданылады?

Мен сөйеушінің өзін білдіреді. Сен есімдігінің 2-ші адамға, тыңдаушыны білдірді. Ол бөгде адамдарды білдіреді.

3-жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқыту және көшіріп жазғызу.

Өлең қай жақта айтылып тұр? Өлең І жақта айтылып тұр.

Өлең жолдарының алдына қандай жіктеу есімдігін қоюға болады? Біз, біздер жіктеу есімдігін қолдануға болады.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз-талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

«Мен және менің достарым,

Мен емес және менің достарымда емес» ойын.

Айжан, Самал, Махаббат тақтаны сүртті.

Алихан, Ералы, Саян партаға жазды.

Айнара,Үміт, Самал гүлдерге су құйды.

Махамбет, Жарқын, Нұржан кітаптарын жыртты.

Ертай, Сұлтан, Ерәлі ауланың ішіндегі, қарды күреді.

Ерген, Толғанай, Айбын сыныптың тазалығын тексерді.

4-жаттығу.

Төмендегі жіктеу есімдіктерін қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жазу.

Біз І жақ к.т, сендер ІІжақ к.т, мен І жақ ж.т, олар ІІІ жақ к.т, сіздер ІІ жақ.

Есімдіктердің қай жақта тұрғанын айт.

Сергіту сәті. «Мен сен және бәріміз» әні.

Топтарға тапсырмалар.

І топ Мәтіннен жіктеу есімдіктерін тауып, астын сызу.

Юлия Галышева жарыс жолына 9 ақпанда шықты. Алғашқы іріктеу жарысында ол 75,10 ұпай жинап, бірден-ақ финалға жолдама алды. Финалдық жарыстар — финалдың алғашқы кезеңі және ақтық сын — 11 ақпанға белгіленген еді. Финалға 20 адамға жолдама берілді. Олар ақтық сынға тыңғылықты дайындалды. Біздің спортшымыз финалда 75.81 ұпаймен 6-орын алды. Бұл ақтық сынға шыққандар арасындағы ең соңғы көрсеткіш болса да, қазақстандық жанкүйерлер жүлдеден үміт үзген жоқ. Ақтық сында Юлия сол үмітті ақтады. Біздер оның жеңетіне сенімді болғанбыз. Бұл жолы 76.40 ұпай жинап, алдыңғы көрсеткіштерін едәуір жақсартты. Нәтиже — қола медаль! Біз өте қуаныштымыз!

ІІ топ Өлең шығару

Спортты ...... сүйемін,

Денсаулыққа пайдалы,

Жаттықтырған адамды,

Хоккейменен волейбол

Допты теуіп қақпаға,

Ойнаймыз ..... футбол.

Шаңғы, коньки, шанамен

Биік таудан асамыз,

Бокс пенен күресте

Алтын, күміс алғанбыз.

ІІІ топ. Спортшыларды тауып, жабыстырады.

Медальдар көрсету арқылы бағалау.

5-жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті жіктеу есімдігін қойып, көшіріп жазу.

Мен Дүйсенді алыстан көріп, қол бұлғап шақырдым. Біз жарыс өтіп жатқан алаңға келдік. Сен нағашы атаңа сәлем бердің бе? Ол алма ағаштың түбін қопсытты. Сіз бұл кітапты оқып болдыңыз ба?

Жіктеу есімдіктері қай жақта тұрғанын, жекеше немесе көпше түрде екенін айт.

6-жаттығу Бірінші сөзі жіктеу есімдігі болып келген ән аттарын тап.

Мен ораламын- Кайрат Нуртас

Мен-қазақпын! Ерболат Құдайбергенов

Біз өмірдің гүліміз.

Сен қорқақсың. Нұрболат Абдуллин


Жаттығуларды дәптерлеріне жазады.





































Топпен жұмыстанады,

Қорытынды

Осымен, балалар, бүгінгі сабақта не білдік?

Семантикалық картаны толтыру

Ақиқат па? Жалған ба?

Жіктеу есімдігінің үш жағы бар.

Мен сөзі жіктеу есімдігінің ІІІ жағы.

Сендер, сіздер жіктеу есімдіктерінің көпше түрі.

Мен, сен, сіз, ол жіктеу есімдіктерінің жекеше түрі.

Біз, біздер, олар жіктеу есімдіктерінің жекеше түрі.

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау

Медальдар арқылы бағалау.

Медальдар арқылы бағалайды

Үйге тапсырма

2-жаттығу, 53-бет


Күнделіктеріне тапсырмаларды жазып алады.

Рефлексия


Жетістік баспалдағы.

Рефлексия жазады





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
702
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі