Жиналыс тақырыбы: Бала.Білім.Біз
Жиналыстың мақсаты:
Ата-аналардың баланың білім алу процесіне белсенді қатысуын арттыру.
«Бала» – «Білім» – «Біз (мектеп-отбасы)» үштігінің бірлігін бекіту.
Баланың мектепке алғаш қадам басу кезеңінде ата-аналар мен мұғалімдердің ортақ жауапкершілігін айқындау.
Жиналыс барысы
1. Ашылу (2-3 мин)
Мұғалім:
Қайырлы кеш, құрметті
ата-аналар! Қош келдіңіздер!
Бүгінгі жиналысымыз «Бала. Білім. Біз» деген маңызды тақырыпқа
арналған. Сіздермен бірге баламыздың мектепте оқу-тәрбие жолындағы
серіктестігімізді талқыламақшымыз.
Ең алдымен, өзінізді таныстырып өтсек: ата-ана есімі, балаңыздың
аты-жөні, алдыңғы оқу жылы қалай өтті-дегендей қысқаша бір сөйлем
айта кетейік. (Ата-аналардан қысқаша
таныстыру.)
Содан кейін:
Бүгін біз үш негізгі блок бойынша сөйлесеміз: бірінші — «Бала», екінші — «Білім», үшінші — «Біз» (мектеп-отбасы). Бұл үштіктің бірігуі — баламыздың табысты оқуына негіз болады.
Бала – біздің болашағымыз. Оның білім алуы, тәрбиесі – тек мектептің ғана емес, ата-ананың да басты міндеті.
Білім – іргетас. Мектеп білім берумен қатар, баланың тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайды. Бірақ бұл жолда бізге сіздердің қолдауларыңыз қажет.
Біз – серіктеспіз. Ата-ана мен мұғалім бірлесе әрекет еткенде ғана бала толыққанды білім мен тәрбие алады. Ашық диалог, сенім, бірлескен шешімдер – табысты тәрбиенің кепілі.
![]()
2. «Бала» бөлігі: Баланың мектепке алғашқы қадамы (10 мин)
Мұғалімнің сөзі:
Баламыз биыл 1-сыныпқа келді. Бұл — үлкен
өзгеріс. Мектепке келгенде жаңа орта, жаңа талаптар, жаңа дағдылар
пайда болады.
Мысалы: оқу, жазу, сынып талаптарын түсіну, өзін-өзі ұйымдастыра
білу, сыныпта тәртіп сақтау.
Психологтар айтады: «Баланың мектепке бейімделуі — ұзақ процесс». Сол себепті, біз баламызға түсіністікпен қарауымыз қажет. Оның әр қадамы маңызды.
Жағымды сәттерді атап өтейік: баланың
қызығушылығы, ойын ортақтасуы, сыныпта дос табуы — бұл жоғары
бейімделудің белгісі.
Сондай-ақ, кейбір оқушыларға көмек қажет болуы мүмкін — үйде
қолдау, мектеппен байланыс қажет.
Ата-аналарға қысқаша сұрақ:
Баламыз үйде оқу / жазу тапсырмаларын қалай орындайды? Қай кезде қиындықтар кездеседі?
![]()
3. «Білім» бөлігі: Оқу-тәрбие жұмысының бағыты (10 мин)
Мұғалім:
Білім дегеніміз тек оқулықтағы пәндер ғана емес —
баланың ойлау, сөйлесу, еңбекке ықылас, жауапкершілік
қасиеттері.
1-сыныпта басты мақсаттарымыз: оқуға ынта туғызу, әр балаға жеке
көңіл бөлу, ынтымақтастық дағдыларын дамыту.
Үйде баламен бірге мынадай әрекеттер жасалуы
маңызды:
-Оқу/саяхат ретінде кітаптармен танысу.
-Үй жұмысын орындау кезінде баланы бақылау, бірақ өзі жасауға мүмкіндік беру.
-Баланың жетістіктерін мақтау, қателігін жөн-келіс
айту арқылы түзету.
Мұғалімдер мен ата-аналар бірігіп жұмыс істесе, нәтиже жақсырақ
болады.
Ата-аналарға ұсыныс:
Өзіңізге келесі сұрақты қойыңыз: «Мен балама бүгін қандай оқуға ынта туғыздым?», «Біз үйде қандай уақыт аралығында бірге оқимыз?»
![]()
4. «Біз» бөлігі: Мектеп-отбасы ынтымақтастығы (10 мин)
Мұғалім:
«Біз» дегеніміз — мектеп пен ата-ана бірлестігі.
Баланың табысы үшін мектеп пен отбасы бірге жұмыс істеуі тиіс.
Ата-аналар мен мұғалімдердің бірге қатысуымен келесі бағыттар
маңызды: ақпарат алмасу, баланың жағдайын бірге бақылау, бірлескен
іс-шаралар.
Мысалы: ата-аналар комитеті, сынып іс-шаралары, ашық сабақтар,
ата-аналар-мұғалімдер кездесулері.
Үйдің жағдайын талқылай аламыз: тыныш оқу орны, күн тәртібі, оқу
құрал-жабдықтары, технологияларды шектеу.
5. Қорытынды (2-3 мин)
Мұғалім:
Бүгін біз «Бала. Білім. Біз» деген негізгі үш
бағытты қарадық: баланың мектепке алғашқы қадамы, білім алу жолы,
мектеп-отбасы бірлігі.
Сіздердің қолдауларыңыз өте маңызды. Егер бірге күтіп, бірге жұмыс
жасасақ — баламыздың болашағы жарқын болады.
Сынып ата-аналар комитетін сайлау (егер қажет болса) және келесі
жоспарлар: ата-аналармен бірлескен іс-шаралар, ашық сабақтар,
ата-аналарға арналған семинарлар.
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Әліппе" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Әліппе" оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны жалпыдидактикалық қағидаттар және А. Байтұрсынұлының әдістемелік қағидаттары негізінде айқындалды:
1) дыбыспен жаттығу;
2) әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;
3) оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;
4) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.
3. Әріпті таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
4. "Әліппе" оқу пәнінің мақсаты – әріп таныту, оқуға мен жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдар мен сөйлеу әрекетінің түрлерін ұлттық рухани құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру.
5. "Әліппе" оқу пәнінің міндеттері:
1) оқу әрекетіне бейімдеу;
2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін (сөйлеу) туралы қарапайым түсінік (ажырату, салыстыру, топтастыру және талдау) қалыптастыру;
3) дыбыс пен әріпті (баспа және жазба түрлері) үйрету;
4) оқу (буындап оқу, тұтас оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу) және жазу дағдыларын қалыптастыру;
5) коммуникативтік әрекет түрлерін жетілдіру, сөздік қорын байыту;
6) ана тіліне, Отанына, халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарай білуге үйрету, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіру.
2-тарау. "Әліппе" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. "Әліппе" оқу пәнінің мазмұны
6. "Әліппе" оқу пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.
7. Оқу пәнінің мазмұны:
1) қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен;
2) негізгі тілдік бірліктерден (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін);
3) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;
4) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады.
8. "Әліппе" оқу пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең – 12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.
9. "Әліппе" оқу пәнінің мазмұны І жартыжылдықта "Әліппе" оқулығы (әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.
10. Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі:
1) 1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары) (әліппеге дейінгі кезең) – 12 сағат;
а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) – 12 сағат;
с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту (2 сағ) – 24 сағат;
2) 2-тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту (3 сағ) – 24 сағат;
ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, Ұ, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) – 24 сағат.
Ескерту: ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, Ұ, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен әріпке 2 сағаттан беріледі. Әріптер оқу бағдарламасында берілген ретпен оқытылады.
11. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:
1) оқу әрекетіне қызығушылығын ояту;
2) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;
3) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс сызба-модельдерін ажырату және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
4) сөзге дыбыстық талдау жүргізу: сөздегі буын санын анықтау, сөз ішіндегі дыбыстарды екі, үш буынды сөзбен анықтау; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;
5) жазуға дайындық кезеңінде - қолдың ұсақ моторикасын дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлба салу, әріп элементтерін жазу).
6) тыңдай білуге және сұрақты түсінуге, сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету.
Ескерту: тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.
12. Әліппе кезеңінің міндеттері:
1) қазақ әліпбиінің дыбыс пен әріптерін таныту, дыбыстардың айтылуына жаттықтыру;
2) дауысты және дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратуға жаттықтыру;
3) әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;
4) дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға, жазуға, оқуға үйрету;
5) дұрыс, үзбей, буындап оқу дағдыларын қалыптастыру;
6) көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;
7) сөздік қорын байыту, өз ойын жеткізе білуге үйрету;
8) негізгі тыныс белгі түрлерін (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі) қолдана білуді қалыптастыру;
9) ұлттық рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Ескерту: І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай айқындайды. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.
13. "Әліппе" оқу пәнінің базалық білім мазмұны.
14. Тыңдалым мен айтылым:
1) мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдай білу, тыңдалым мәнін түсіну, сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беруді қалыптастыру; коммуникативтік мақсаттарына сәйкес қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
2) ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;
3) дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді; буын, сөзді буынға бөлу; дауысты дыбыстардың буын құрау дағдыларын қалыптастыру;
4) дыбыстың әріппен жазылуын; сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін/ сәйкес еместігін анықтау;
5) сөздік қорын байыту; сөзді тіркестіре білу, сөйлем және шағын мәтін (сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу) құрай білу;
6) сөз әдебінің формаларын қолдану (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу).
Ескерту: Тыңдалым материалының көлемі: 30 сек - 1мин.
15. Оқылым:
1) сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білу (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);
2) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;
3) қазақ тіліндегі жұп дыбыстардың (а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і, л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б, к-қ, г-ғ) ерекшеліктерін тану, өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
4) сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) түсініп, дауыстап оқу;
5) буындап оқудан сөзді үзбей, толық оқуға үйрету.
Ескерту: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөздердің саны 2-6-дан аспауы керек.
16. Жазылым:
1) жазуға дайындық (дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу;
2) сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық модельдерін құру;
3) көркем жазу нормаларын сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші әріптерді, буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазу;
4) сөйлемнің басындағы сөзді бас әріптен жазу, сөйлем ішінде сөздердің бөлек жазылуы, сөйлемнің соңына тыныс белгісін қою;
5) қарапайым сұрақтарға жазбаша жауап беру, сюжетті суретке қарап мәтін құрастыру;
6) қатесіз, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
2-параграф. "Әліппе" оқу пәні бойынша күтілетін нәтижелер
17. Әліппеге дейінгі кезеңдегі күтілетін нәтижелер:
1) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді;
2) сұрақты тыңдайды және оны түсінеді, сұрақтарға жауап береді;
3) сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын таниды;
4) сөзге дыбыстық талдау жасайды;
5) көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды;
6) коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдана алады;
7) дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, әріп элементтерін, үзік сызықтарды бастырып жүргізеді, жазады.
18. Әліппе кезеңіндегі күтілетін нәтижелер:
1) дыбыс пен әріпті таниды, оларды бір-бірінен ажыратады;
2) мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөледі, жаңа үйренген дыбысты анықтайды;
3) дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, сөздегі буын санын анықтайды;
4) оқу түрлерін (буындап оқу, сөздерді тұтас оқу, мәнерлеп оқу) қолданады, түсініп оқиды;
5) дыбыстарды дұрыс дыбыстайды, оның мағына ажыратушы қызметін түсінеді;
6) сызба-модель, сурет белгілері арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрастырады;
7) сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданады;
8) тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды, өз ойын білдіреді;
9) мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қоя алады, сұраққа жауап береді;
10) сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгісін қояды;
11) айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді еске сақтап, естуі бойынша жазады;
12) көркем жазу талаптарына сай, жазу жолы, жол аралығын, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріптің, әріптердің өзара байланыс элементтерін жазады;
13) ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі;
14) еліміздің рәміздерін (Әнұран, Елтаңба, Ту) біледі.
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Математика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Математика" оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. "Математика" оқу пәнінің негізгі мақсаты – білім алушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және білім алушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді.
3. Бастауыш білім беру деңгейінде математикалық білім берудің негізгі мақсатына сәйкес оқу пәні келесі міндеттерді айқындайды:
1) логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;
2) оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;
3) сыни тұрғыдан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;
4) өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;
5) тұлғалық қасиеттер: білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздікті дамыту;
6) түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;
7) коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерді көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;
8) ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.
4. "Математика" пәнінің оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушының сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған.
5. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің "қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік", "құрмет", "ынтымақтастық", "еңбек пен шығармашылық", "ашықтық", "өмір бойы білім алу" сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына негіз болады.
2-тарау. "Математика" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 1-параграф. "Математика" оқу пәнінің мазмұны
6. "Математика" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта аптасына 4 сағат, оқу жылында 132 сағат;
2) 2-сыныпта аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат;
3) 3-сыныпта аптасына 5 сағат, оқу жылында 170 сағат;
4) 4-сыныпта аптасына 5 сағат, оқу жылында 170 сағатты құрайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту
министрінің
31.10.2023 №
328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа
енгізіледі)
бұйрығымен.
7. "Математика" оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) "Сандар мен шамалар": натурал сандар және 0 саны, тура, кері және реттік санау, сандарды оқу, жазу және салыстыру, сандар құрамы, разрядтық құрамы, разрядтық қосылғыштар, ондықтар, сандарды топтап санау, сандармен амалдар орындау, сандарды қосу мен азайту, қосу мен азайту өзара кері амалдар, қосудың ауыстырымдылық қасиеті, 1 мен 0-дің қасиеті, сандардың қосу кестесі, шамалар және олардың өлшем бірліктері, ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық), уақыт шамалары, шамаларды өлшеу, салыстыру, түрлендіру, циферблат бойынша уақытты анықтау, тиындармен әрекеттер;
2) "Алгебра элементтері": сандық және әріптік өрнектер, сандық және әріптік өрнектерді құрастыру, жазу және оқу, әріптік өрнектің мәні, теңдік құру үшін әріптік өрнектер түрінде қолдану, өрнектерді салыстыру, теңдіктер мен теңсіздіктер, теңдеулер, тура және тура емес теңдіктер, теңдеулерді шешу;
3) "Геометрия элементтері": геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі, нүкте, түзу, қисық сызық, тұйықталған және тұйықталмаған сызық, кесінді, сәуле, бұрыш, жазық және кеңістік фигуралар, геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлшеу және салыстыру, геометриялық фигураларды кескіндеу және салу, түзу, қисық сызық, сынық сызық, кесінді, геометриялық фигуралардан құралған композициялар, нысандардың орналасуы және бағыты, нүктелер координаталары және қозғалыс бағыты, нүктелердің сан сәулесінде орналасуы;
4) "Жиындар. Логика элементтері": жиындар және оларға амалдар қолдану, жиындар, жиындардың жіктелуі, жиындарды салыстыру, тең жиындар, бос жиын, пікірлер, ақиқат немесе жалған тұжырымдар, ребустар, логикалық есептер, тізбектер, сандар мен амалдар тізбегі, заттар комбинациялары, "екі-екіден" заттар комбинациялары;
5) "Математикалық моделдеу": есептер және математикалық модель, есептерді кесте, сызба, қысқа жазба түрінде моделдеу, ұғымдар, терминдар, есептерді талдау және шығару, кері есептер, есептерді шығару тәсілдері, математикалық тіл, сандарды бейнелеу, "+", "-", "≠", "=", ">", "<" белгілері, сан сәулесі, қосу және азайту амалдарының компоненттері, деректерді жинақтау, жүйелеу, кестелер, пиктограммалар, диаграммалар.
"Жаратылыстану" оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден құралады:
1) "Мен зерттеушімін": қоршаған орта құбылыстарын бақылау; бақылау кезеңдері; эксперимент;
2) "Жанды табиғат": жанды ағзалар; өсімдіктер және олардың алуантүрлілігі, ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер; өсімдіктің негізгі бөліктері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым; жабайы және мәдени өсімдіктер; мәдени өсімдіктерді күту (суару, қоректендіру, топыраққа күтім жасау); өсімдіктің тіршілігіне қажетті жағдайлар (су, жарық, жылу, қоректік заттар); жануарлар, жабайы және үй жануарлары, үй жануарларын күту, үй жануарларының келтіретін пайдасы, жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделуі: жылы жаққа ұшу, қысқа азық жинау, ұйқыға кету; адам, адамның дене мүшелері, адамның өмірінің кезеңдері, тамақтану, демалу;
3) "Жер және ғарыш": жердің пішіні, глобус – жер моделі, ғарыш, ғарыш денелері, астрономия туралы алғашқы түсініктер; зымырандар, телескоптар, уақыт, уақыт өлшеу құралдары, сағат, күнтізбелер;
4) "Табиғат физикасы": түрлі денелердің қозғалысы, табиғаттағы қозғалыс, адамдардың қозғалысы, қозғалыс траекториясы, қозғалыс траекториясын сурет түрінде белгілеу, жарық пен қараңғы, жарықтың табиғи және жасанды көздері, жарықтандыру, дыбыс және оның таралу ерекшеліктері, дыбыстың табиғи және жасанды көздері, жылу шығаратын құрылғылар, күнделікті өмірдегі электр, магниттің қасиеттері, магниттік қасиеті бар заттар.
"Дүниетану" оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
1) "Мен және қоғам" бөлімі: отбасы; отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау; "шежіре" ұғымы; отбасындағы қамқорлық; тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлері; тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымы; мектеп және мектеп қауымдастығы; мектептің адам өміріндегі маңызы; мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жері; күн тәртібі; тәулік уақыты мен апта күндерінің атаулары; өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау; менің атамекенім; мекенжай атауы және елді мекенінің географиялық орналасқан жері; өзі тұратын елді мекеннің басты көшесі, ғимараттары және көрнекі жерлері; денсаулық пен қауіпсіздік; жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы; тамақтану режимі; үйдегі қауіпсіздік ережелері; жолда жүру тәртібі; жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәні; мерекелер; отбасылық мерекелер;
2) "Еліміздің табиғаты" бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау; табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері; климат және ауа райы; ауа райының адам өміріне және оның іс-әрекетіне әсері; табиғи жағдайлар және олардың адам өмірі мен қызметіне әсері; жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктері; туризм; туризмнің мәні; туристердің негізгі мақсаттары;
3) "Тарих беттерінен" бөлімі: ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер: ежелгі адамдар, сақтар, Томирис патшайымы, ежелгі заманның танымал тарихи ескерткіштері және жәдігерлері туралы алғашқы мәліметтер; Қазақстан аумағындағы көне жазулар туралы түсінік; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздермен танысу, оларды сипаттау; Қазақстан елордасы – Астана қаласы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жиналыс тақырыбы: Бала.Білім.Біз 1сынып

шағым қалдыра аласыз