Жіппен бейнелеу (Изонить)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жіппен бейнелеу (Изонить)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Жіппен бейнелеу (Изонить) Сабақтың мақсаты: Жіп дизайны туралы түсінік беру. Сабақтың міндеті: 1.Білімділік.Әр түрлі жіптер дизайнмен танысу,жіппен бейнелеу тәсілі және сәндік көркем өнер шығармалар құрылымының жасалу тәсілін игеру. 2.Тәрбиелік. Жұмыс істеу кезіндегі ұқыптылыққа тәрбиелеу. 3. Дамытушылық. Эстетикалық талғамдар мен шығармашылық қабілетін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні : 25.11.2021ж

Сынып: 4 «А,Ә»

Сабақтың тақырыбы: Жіппен бейнелеу (Изонить)

Сабақтың мақсаты: Жіп дизайны туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеті:

1.Білімділік.Әр түрлі жіптер дизайнмен танысу,жіппен бейнелеу тәсілі және сәндік көркем өнер шығармалар құрылымының жасалу тәсілін игеру.

2.Тәрбиелік. Жұмыс істеу кезіндегі ұқыптылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық. Эстетикалық талғамдар мен шығармашылық қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі: практикалық.

Көрнекілігі: эскиздер, дайын бұйымдар.

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа назарларын аудару.

II. . Жаңа сабақ.

Жіппен бейнелеу тәсілі изонить – жіптерден жасалған дизайндардың әр түрі.

Жіппен бейнелеу ,суреттеу өнері Англияда пайда болған.Ағылшын тоқымашылары жіп қиылыстарының өзгеше тәсілін тапқан. Олар тақтайға шеге қадап шартты кезекпен оған жіптерді керетін. Нәтижесінде үйге пайдаланатын әсем көрнекті бейнеленген бұйымдар пайда болды.Қазіргі таңда осы тәсіл арқылы мерекелік ашық хаттар,сәнді бұйымдар,мұқабалар сәнді өрнектеліп,әшекейленіп салынатын өрнектер,киім элементтерін безендіруге болады.

Изонить тәсілімен суреттемелер ,бейнелеу тағы көптеген заттар жасауға болады. Бұл тәсіл қиын болғанымен,жасаушы адамнан ұқыптылыққа,икемділікке, шыдамдылықты талап етеді.

Жіппен бейнелеуде әр түрлі тоқу техникасын пайдаланады.

1.Үшкір бұрыш

2. Тік бұрыш

3.Доғал бұрыш

4.Дөңгелек

Жіппен бейнелеуде сонымен қатар әр түрлі жіптерді қолдануға болады.

Мақта жібі

Жібек жіп

Синтетикалық жіп

Жылтыр жіп

Сым жіп

Жүн жіп

Жіппен бейнелеу кезіндегі ұсақ моншақтарды және кәдімгі тастарды пайдалануға болады.Қазір танымал болып келе жатқан бұл жіппен бейнелеуде аңдарды, әр түрлі геометриялық денелерді тоқуға болады. Бұл өнерді сызумен байланысты деуге болады. Сызудың адам өміріне пайдасы өте зор. Сызу құрылыста,машина құрастырушылар және бейнелеу өнері, қолөнерде және т. б. салаларда сызусыз жұмыс жүргізе алмайды. Әрбір сауатты адам сызуды оқи да,сызуда білу керек.

Техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

Инемен жұмыс істеу тәртібі:

1. Инені арнайы түйрегіште түйре.

2. Ауызға салма.

3. Жіпті тіспен үзбе.

4. Жаныңдағы адамға бөгет жасама.

5. Жіпті инеге ұзын сабақтама.

Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:

1. Қайшының ұшты жағын жоғары қаратуға болмайды.

2. Бір-бірімізге бергенде сақина жағын қаратып беру қажет.

Жіппен бейнелеуді орындалу тәсілдерімен танысу.

1.Керекті бұрышты сызып аламыз (үшкір бұрыш,тік бұрыш,доғал бұрыш және шеңбер сызуға болады).

2.Екі жағын бірдейетіп белгілеп қоямыз.

3.Екі жағына бірдей етіп бөліктерге бөліп сандармен белгілеп қоямыз.

Мысалы, 1-ші жағын өсу ретімен 1-10-ға дейін 2-ші жағын кему ретімен 10-1-ге дейін белгілейміз.

4.Енді екі жағындағы сандарды, өз-өзімен қосып шығамыз.Мысалы,1-ді 1-мен,2-ні 2-мен,3-ті 3-пен т.с.с. қосыла береді.

Шеңберді жіппен толтыру тәсілі.

1.Дөңгелек сызып аламыз.

2.Араларын бірдей етіп инемен немесе бізбен тесіп шығамыз.

3. Бірінші сызықты кез-келген нүктеден алып сызамыз, тек дәл ортасынан алмау керек қиғаштап алып сағат тілімен айналып жүргізе береміз,өзімізге керекті сурет шыққанға дейін.

IV. Сабақты қортындылау.Сұрақ-жауап алмасу.

V.Тапсырма.Әр түрлі элементтерді сызып,түрлі-түсті қаламмен өрнек жасау.

VI. Сабақтың қортындысы.

1.Жұмыстың орындалуы.

2. Әдеми тигістерді шығару

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2021
1036
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі