400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Жиренбаева Нұржамал. Ашық сабақ. С дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сауат ашу 1 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні :


1 «Ә»сынып


Мұғалім: Жиренбаева Нұржамал

Тақырыбы:

С дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

Сдыбысы мен әрпін таныстыру.
Баланың сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау дағдыларын дамыту;

Күтілетін нәтиже:

Сөздерді салыстырып оқуға дағдыланады ; тапсырмалар арқылы оқушылар жұмыс жасай отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа байқампаздыққа, көркем жазуға; бір-бірімен қарым-қатынас жасауға; бірін-бірін тыңдауға, дәлелдеуге, ортақ шешімге келуге тәрбиленеді.Өз-өзін реттейді,дыбыстарды өзара ажырата біледі;жаңа танысқан сөздерді өмірде пайдалануға үйренеді; сыни ойлауға үйренеді.

Керекті жабдықтар:

түрлі түсті қағаздар; смайликтер; сөйлейтін әліппе; әріптердің баспа және жазба түрі, бас және кіші әріптері; слайд, видеолар.

Тапсырмалар:

Дыбыстық талдау жасату, буынға бөлу. ЖЖ;ТЖ;СЖ


Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе.

Шаттық шеңбері (2 мин)







Топқа бөлу (3 мин)

Психологиялық дайындық

Шаттық шеңберін құру.

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауадан салайық

Достық мейірін салайық

Жүрек жылуын салайық

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық!


Оқушыларды қызыл және көк текшелерді таңдату арқылы 2 топқа бөлу

Қызыл түсті текшелер Дауысты дыбыстар

Көк түсті текшелер Дауыссыз дыбыстар

Әр топ өз орындарына жайғасып отырып алсын, сабаққа қажетті заттарды алып артық заттардың барлығын жинаймыз.




Оқушылар мұғаліммен, бір-бірімен амандасады.

Оқу құралдарын алып сабаққа әзірленеді.

Тұсау кесу

Өткенге шолу (3 мин)























(7 мин)








Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.

Ал, енді дайын болсаңдар мен сендерге сұрақтар қоямын. Әр топтан дұрыс жауабын білген оқушы белгі береді. Сұрақтың жауабына қарай смайликтер беріледі.

  1. Әріп дегеніміз не?
    (Әріпті жазамыз және көреміз. Дыбыстың таңбасы)
    2. Әріптің қандай түрлері бар?
    (баспа, жазба және бас әріп, кіші әріп)
    3. Дыбыс дегеніміз не?
    (Дыбысты естиміз және айтамыз)
    4. Дыбыстарды нешеге бөлеміз?
    (Өкпеден шығуына байланысты екіге бөлеміз. Дауысты және дауыссыз дыбыстар)
    5. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
    (Екіге: Жуан және жіңішке)
    6. Ш дыбысы қандай дыбыс?

  1. Қандай әріппен танысқандарын еске түсіру?

  2. . Сөз неден құралады?
    (Сөз әріптерден құралады)

  • Жарайсыңдар, балалар! Біз сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақтарды есімізге түсіріп алдық йя.

  • Балалар, сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме? Олай болса мұқият тыңдаймыз.

Қозғалмастан бір елі

Түні бойы жүреді. (сағат)


Кіруге адам батпайды

Затыңды аман сақтайды (сандық)

Билингвальды компонент.

Жұмбақтың жауабын үш тілде айтқызу және сол сөздерге дыбыстық талдау жасату, тақтаға әр топтан бір оқушы шығып сөздерді текшелермен жазғызу. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейтінін сұрай отырып тапсырмаларды орындату.

.





Оқушылар сұраққа жауап береді.



Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды,толықтырады























Жұмбақтың шешуін табады және ағылшын, орыс тіліндегі атауларын атайды. Дыбыстық, буындық талдау жасайды.







(1 мин)



(5 мин)



(3 мин)

(7 мин)

Ой қозғау. Балалар осы сандық , сағат сөздері қандай әріптерден басталып тұр?

Біз бүгін С дыбысы және әріпімен танысамыз.

Сөйлейтін әліппедегі С дыбысын тыңдату және қайталату.

Түсіндіру.С дыбысы дауыссыз. Біз оны көк түсті текшемен белгілейміз.С дыбысын айтқан кезде өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырайды, «с» дыбысының соңынан «ы» дыбысы естіледі.

Әр топқа құрамында с дыбысы кездесетін сөздер айтқызу. С дыбысы сөздің басында , ортасында , соңында келетінін айтып кету.

Үнтаспамен жұмыс.

Мәтінді тыңдату

Сұрақтар қою арқылы мәтін мазмұнын ашу.

Берілген сөздерді оқу

Сызбаның және мәтіннің көмегімен сөздерді оқу.

Әр топқа 2 сөйлемнен беру.

Сергіту сәті. Видео

Дәптермен жұмыс:
С әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

Жазылу үлгісі туралы видео

С әрпінің элементтерін жазып көрсету.
С әрпін ауада жазу.
С әрпін дәптерге көркем жазу

Отыру ережесін және жазу ережесін естеріне түсіру.





Ереже шығару.



С дауыссыз, қатаң дыбыс.Біз оны көк текшемен белгілейміз.



Сөздің басында ортасында ,аяғында кездеседі



С әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, 
қолдарын жазуға даярлау: 

С әрпін ауада жазу

С әрпін қолымен үстінен бастыру. 
С әрпін жаздыру



Қорытынды

(2 мин)












Кері бағыттау сұрақтары:

Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-Қай әріпті жазып үйрендік?

-С қандай дыбыс?

-С дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

Рефлексия.

  • Балалар сабақ сендерге ұнады ма?

  • Балалар, мен сендердің барлығыңды да бүгін өте жақсы жұмыстанды деп есептеймін, сондықтан барлығыңызға да «Жарайсың!» деген смайлик сыйлап, алда да тек сабаққа осылай қатысып отырады деп үміттемін!





Сыныпта кері байланыс орнайды. 







Сабақты түсінген, түсінбегендеріне байланысты смайликтердің суретін салады.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
515
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі