400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жиренше мен Хан

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жиренше мен Хан


Соғым емес титтей ғана құс етін

Жиреншеге бөлгізіп бір сынайын.

Ертеңгілік сынақтың нәтижесін

Жиналыңдар мен сендерге айтайын.


Жиреншені хан сол кеште сынамаққа

Шақырды өз үйіне даяр асқа.

Табақтағы піскен қазды тең бөлесің

Әйелім, екі ұлым, өзің, мені ұмытпа.


Жиренше мұндай іске тоқтасын ба

Пайдаланды мүмкіндік туған кезде.

Арнайы асқа сыйлап шақырыпсыз

Сыбағасын әр кімнің бөлем лезде.


Ханием сіз ұлықсыз, басымызсыз

Басқа тірек бұл әрине ханшаңыз.

Екі ұл екі жақтан қолдаушыңыз

Ал біз болсақ орта ғана адамбыз.


Хан болғасын, бас сіздің сыбағаңыз

Ханшаңызға тиесілі мықты мойын.

Қанатты ала берсін қос ұлыңыз

Сіздерден ауысқанын мен алайын.


Әрбірі тиесілі сыбаға алды

Өз ісіне хан бармақ тістеп қалды.

Ертесіне не болғанын айта алмай

Ойланбай айтқан сөзден сабақ алды.


















Ыптарой бәтеңке


Абақтыда қазақ пен орыс жатып

Жамбасына қап-қатты төсек батып.

Айнала тым-тырыс, зеріккеннен

Орыс айтты жұмбақ айт өтсін уақыт.


Қазақ жатыр ойланып, түрлі ой келер

Орысшаға тіл шорқақ, айта берер.

Кереуеттің астында бір зат жатыр

Басталар «п» әрпінен сен тауып көр.


«П» әрпінен басталар іздеп затты

Орыстың біраз уақыт басы қатты.

«П» дан келер бар затты тізіп шығып

Жауабын бұл жұмбақтың ол таппады.


Орыс айтты жауабым жоқ, қазеке

Қазақ саспай айтат дейді бұл «пәтіңке».

Орыс күйіп кеткеннен пәтіңке емес

Жазылады п емес б, б-дан «ботинки».


Қазақ айтты таппадың және сұрақ

Ол да сонда «п» емес «ы» дан бірақ.

Қайтадан «ы» дан затты айтып шықты

Жауабың дұрыс емес деді қазақ.


Орыс айтты «ы» дан зат жоқ бұл жерде

Санап шықты бар заттарды ол лезде.

Қазақ айтты асықпастан сәәл созып

Жауабы оның: «ыыптарой пәтіңке».



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі