Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жиһаз құрылымдауында қолданылатын негізгі біріктірулер

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды жиһаз түрлерімен, жиһаз жасауда бұйымның бөлшектерін бекіту, біріктіруді және қолданатын материалдармен таныстыру. Дамытушылық: ойлауды, танымдық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: жеке және топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу, көркемдік талғамды қалыптастыру, білім, икемділіктермен дағдыларды қалыптастыру. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Көрнекіліктер: үлгі, технологиялық карта, сызғыш, қарындаш, циркуль, бөлшектер дайындамасы, құрал-жабдықтар, материал шуруптар, т.б.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы:
Жиһаз құрылымдауында қолданылатын негізгі біріктірулер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды жиһаз түрлерімен, жиһаз жасауда бұйымның бөлшектерін бекіту, біріктіруді және қолданатын материалдармен таныстыру.
Дамытушылық: ойлауды, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: жеке және топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу, көркемдік талғамды қалыптастыру, білім, икемділіктермен дағдыларды қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекіліктер: үлгі, технологиялық карта, сызғыш, қарындаш, циркуль, бөлшектер дайындамасы, құрал-жабдықтар, материал шуруптар, т.б.
Пән аралық байланыстар: Бейнелеу өнері, сызу.
Болжамдап отырған нәтиже: Жиһаздарды жасауда материал түрлерін таңдап, құрастыру тәсілдерін меңгере алатын тұлға. Өз бетімен жиһаз жасай білу.
Сабақ жоспары: 
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа сабақ.
III. Сарамандық жұмыс.
IV. Жаңа материалды бекіту.
V. Қорытынды.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, жаңа сабақты бастау.
II. Жаңа сабақ. Жиһаз әзірлеуде орындық туралы әңгімелейді. Жиһаз әзірлеуде материалды түсіндіру көрсетумен қатар жүреді. ДСП-материалынан орындық жасау туралы мағлұмат. ДСП - материалынан орындықтың бөлшектерін кесу, оны өңдеу, тесу, қаптау, бекіту, біріктіру аса ұқыптылықты қажет етеді. ДСП – материалын кесуде электр лобзикпен жұмыс істеу, аспапты меңгеру өте шеберлікті қажет етеді. Жиһаз жасау жоғары көркемдік талғамды талап етеді. Ағашты лобзикпен ою үшін бөлшектердің сызбасын материал бетіне түсірудің бірнеше тәсілдері бар.
Ағашты кесудің түрлері: тігінен, қиғаштап , оюлап кесу. Жиһаз жасау үшін қазіргі қолданатын материал – ЛДСП, ДСП. 
ЛДСП, ДСП – бұл ағаш ұнтақтарынан престеліп жасалады, құрамына смола, желім қосады. 
ЛДСП – да осылай жасалады, оның беті ламинадталады, яғни шпон жабыстырып, бетін лактайды. 
Жиһаз түрлері: жатын бөлме жиһаздарына – төсек, шкаф; ас үй жиһаздарына – шкафтар ыдыс аяқ қоятын, үстел, орындық; қонақ бөлме жиһаздарына – диван, кресло, стенка, стол, орындық. 
Бүгінгі сабақта ас үй жиһаздарының бір түрі – орындықты бекітіп, біріктіріп құрастыру.
III. Сарамандық жұмыс.
Оқушылар өздерінің технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, сарамандық жұмысты өздігінен орындайды. Ағымдық нұсқама өткізеді және оқушылардың жұмысының барысы тексеріледі.
Ағымдағы нұсқама:
a) Жұмыс орнын ұйымдастыру.
b) Еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру.
c) ҚТЕ-нің сақталуын тексеру.
d) Неғұрлым үлгеріп жатқан оқушыларға қосымша тапсырма беру.
IV. Жаңа материалды бекіту. Сұрақтарға жауап беру.
V. Қорытынды
Сипатты қателіктер мен себептерге талдау жасау.
VI. Бағалау. Өзіндік бағалау.
VII. Үй тапсырмасы: Үстіңгі беті дөңгелек орындық жасауға технологиялық карта жасап келу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
773
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12