400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жиын дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға, Жиын ұғымын түсіну.Екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: математика

Күні: 22.01.2019ж.

Сынып: 1

Мұғалім: Бозбаева Бейсенгүл Тілектесқызы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жиын дегеніміз не?

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.1.1 екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелеу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: жиын ұғымын түсіну.

Көбі: екі жиынның бірігуінен жаңа жиын ойлап табу.

Кейбірі: жиыннан оның бір бөлігін ажыратып жаңа жиын құрастыру.

Оқу дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

Жиын ұғымын және оларды құрайтын элементтер туралы біледі.

Жиындағы артық элементтерді алып тастау арқылы және екі жиынның бірігуінен жаңа жиын құрастырады.

Тілдік мақсат

Жиын

Элемент

  • Берілген суреттерді топтастыр

  • Не байқадың?

  • Бір жыл қандай мезгілдерден құралған?

  • Бір мезгіл нені білдіреді деп ойлайсың?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне құрмет пен ілтипаттылықты көрсете білуге тәрбиелеу. (Ұжымдық, топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында жүзеге асырылады).

Шынайы, әділ баға беруге үйрету. (ҚБ өзара бір-бірлерін бағалауда)

Пәнаралық байланыс

Дүниетану пәнімен байланыс орнайды. (жаңа тақырыпты меңгеру барысында табиғаттағы жиындардың элементтерін атайды, «Шығарып көр» айдарындағы тапсырмаларды орындау кезінде)

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім

Логикалық есептерді шешуді біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

ҰЖ: «Қара, ізден, топтас» тәсіл

(сабаққа деген қызығушылықтарын ояту және топтарға біріктіру. Қарым-қатынас жасау дағдысы қалыптасады)

Тапсырма:

Қолыңдағы қима қағазға мұқият қарап, топ құра.

1 топ – 1 заттың суреті бейнеленген қима қағаздағылар

2 топ – 2 заттың суреті бейнеленген қима қағаздағылар

3 топ – 3 заттың суреті бейнеленген қима қағаздағылар

ҰЖ: «Ойлан, тап» тәсіл

(өткен білімдерін еске түсіру, жаңа білімге жол ашу спиральді оқу бағдарламасына негізделген)

Тапсырма

Емен ағашының басында 5 алмұрт, 2 алма, 7 апельсин өсіп тұр. Ағаш басында барлығы неше жеміс өсіп тұр?

  • Осы заттарға тән ортақ қандай атау бар?

  • Ендеше ортақ белгісі бар заттар жиынтығы ЖИЫН болып табылады.

Мысалы: алма, алмұрт, апельсин - жемістер жиыны.

(бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбы мен ОМ хабарлау)







қима қағазда бейнеленген суреттер







жемістердің суреттері, емен ағашының суреті

Сабақтың ортасы

































































































Саралау жұмысы









































































Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
























ҰЖ: «Назар аудар, орында» тәсіл

(жаңа тұжырым қалыптастыру, жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті; )

Тапсырма

  • Сыныптағы отырған барша оқушыны қалай екі үлкен

топқа бөлуге болады? (ұлдар және қыздар тобы)

  • Оқушыларға математикада оң жақта тұрған топты “ұлдар жиыны” деп айтуға болатынын, ал сол жақтағы тұрған топтың «қыздар жиыны» болып табылатындығы түсіндіріледі. Жиындағы әрбір ұл, әрбір қыз — жиынның элементі деп аталатындығын ұғындыру.

Жиын – ортақ белгісі бар заттар жиынтығы. Мысалы: дәптер, кітап, қалам, сызғыш – оқу құралдар жиыны.

Жиынды құрайтын заттар элементтер деп аталады.

БК: Жиын ұғымын біледі

ҚБ: Ынталандыру

ТЖ: «Бейнелік» тәсіл

(жиын элементін анықтау)

Нұсқау: суреттерді мұқият қарап шығып, топқа өз көзқарасыңызды білдіріп, ортақ шешімдеріңізді айтыңыздар.

1-тапсырма

Жиындарды ата

2-тапсырма

Жиындардың элементтерін жаз

БК:Жиын құрайтын элементтерін біледі

ҚБ: ынталандыру мақсатында «Шапалақ» әдісі



ӨЖ: «Қара да, белгіле» тәсіл

(жаңа білімді игеруін анықтау.)

Нұсқау: Заттарды жиын бойынша бөліп, бір жиын құрайтын заттарды сызықпен қорша.

Тапсырма:Жиындарды тап және қарындашпен белгіле. Сурет бойынша қанша жиын пайда болды.

БК: Жиын ұғымын және оларды құрайтын элементтерін біледі

Дескриптор:

Жиын элементтерін тауып белгілейді

Қандай жиын пайда болғанын айтады

Жиын санын анықтайды

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

(өзін-өзі бағалау)



ТЖ: «Артығын тап» тәсіл

(жаңа сабақтан алған білімдерін қолдану)

Нұсқау: суретке мұқият қарап, артық заттарды белгілеңіз. Неліктен ондай тұжырымға келгеніңізді дәлелдеңіз.

Тапсырма

Әр жиындағы артық элементті тап



ӨЖ: «Артығын алып таста» тәсіл

(сын тұрғысынан ойлану дағдысын қалыптастыру, жаңа тақырыпты бекіту)

Нұсқау топта өзара көзқарастарымен бөлісіп, тапсырманы өз бетінше орындау

Тапсырма: Берілген жиындарды ата. Жиын элементтерінің артығын алып, жаңа жиын құра.

БК: Жиындағы артық элементті алып тастау арқылы жаңа жиын ойлап табады.

Дескриптор

  • Суретте берілген жиындарды атайды

  • Жиын элементтерінің артығын табады

  • Жаңа жиынның атауын табады

Оқушылардың жауаптары сараланады.

ҚБ: «Жетістік баспалдағы» әдісі

Өзін –өзі бағалау



ӨЖ: «Ойла да, ортағын тап» тәсіл

(жаңа тақырыпты бекіту)

Тапсырма:

Әр бір жиынға элементтер атауын жаз. Екі жиынды айналдыра қоршап сыз. Қандай жаңа жиын пайда болды. Астына жаз.

1.

2.

3.

4.

1.

2.

3.

4.


1.

2.

3.

4.

1.

2.

3.

4.






Үй жануарлары Жабайы жану. Тәтті Қышқыл


БК: Екі жиынның бірігуінен жаңа жиын ойлап табады және ажырата алады.

Дескриптор:

  • Әр бір жиынға элементтерді жазады.

  • Ортақ белгілеріне қарап екі жиынды біріктіреді.

  • Жаңа жиынның атауын табады.

Күтілетін нәтижелер сараланады

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі


«Төрт бұрыш» тәсіл

(алған білімдерін қорытындылау)

Нұсқау

Əр бұрышқа өтілген тақырыпқа сай ұғым ілінеді. Оқушылар өздерінің жауаптарына жақын бұрышқа барып тұра қалады.

Тапсырма:

Қолындағы берілген сөйлем бойынша қабырғадағы ұғымға сай орналас.

  • Ортақ белгілері бар заттар

  • Жиынды құрайтын заттар.

  • Мына сөздер орындықтар, шкаф, парталар, үстелдер нені білдіреді.

  • «Көктем айлары» бұл не? т.б.
















оқулық





қағаз және маркерлер





Жұмыс дәптері,

қалам











оқулық








жұмыс дәптері












«Жетістік баспалдағы» суреті



жұмыс дәптері


Сабақтың соңы

1 минут


Рефлексия

«Күн шуақ» тәсілі

Барлығын түсінсе күнді,

Жартылай түсінсе күн мен бұлтты,

Түсінбесе – бұлтты таңдайды


Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

БК: Жиындағы артық элементтерді алып тастау арқылы және екі жиынның бірігуінен жаңа жиын құрастырады

«Артығын алып таста» тәсіл және «Ойла да, ортағын тап» тәсілдегі тапсырмаларды орындаудағы оқушылардың жауаптары сараланады

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарлайсыз

Оқушыллардың қаншалықты меңгергендіктерін әр тапсырмаға қалыптастырушы бағалауды жүргізу арқылы анықтаймын.

Топтық жұмысты ынталандыру мақсатында «Шапалақ» әдісі

Өздік жұмысты «Бағдаршам» әдісі өзін –өзі бағалау

«Жетістік баспалдағы» әдісі өзін-өзі бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Кері байланыс «Күн шуақ» әдісі арқылы жүзеге асады.


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техниксының сақталуы
«Бейнелік» тәсіл өткізу кезінде дүниетану пәнімен байланыс орнайды

Оқушыларды бір-біріне құрмет пен ілтипаттылықты көрсете білуге тәрбиелеу

Топқа бөліну кезіндегі іс-әрекетте.

Ұжымдық, топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында жүзеге асырылады


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?


Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?


Жеткізбесе, неліктен?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?



Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары қол жетімді


Сабақ басында жоспарланған барлық мақсатқа жеңілден күрделі тапсырмаларға өту арқылы қол жетті.


ӨЖ: «Артығын алып таста» тәсіл арқылы оқушылардың жауаптары сараланады.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқыту туралы да ойланыңыз)?

  1. ҰЖ: «Ойлан, тап»

    Материалды Word форматында жүктеп аласыз
    Тарифке кіреді
    1 ұстаз жүктеп алған
    21 ақпан
    1784
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
    "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
    Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Осы тақырыпта
    көрнекілік керек па?
    10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
    Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
    Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі