400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жиын дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жиын дегеніміз не? тақырыбында өткізілген бұл сабақ оқушыларда жиын туралы жалпы түсінік қалыптасып, жиын құрып оны белгілей білуге көмегін тигізеді. Оқушылар түрлі тапсырмалар арқылы өз беттерімен қызыға жұмыс жасап, бір- бірімен жақын араласып, топта ұымшылдықпен жұмыс жасады. Өз ойларын қорытындылап айтып, бір- біріне кері байланыс жасай отырып, сабақты қалай түсінгендерін байқатты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Изтилеуова Айгул Жарылгаповна


Ақшұқыр мектеп- лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі







Сабақ тақырыбы:

Жиын дегеніміз не?

Мектеп: Ақшұқыр мектеп -лицейі

Күні :


Мұғалімнің есімі: Изтилеуова А.Ж

СЫНЫП: 1Ә

Қатысқандар саны: 20


Қатыспағандар саны:0

Ресурстар:

жиын

Тірек сөздер

жиын;

элемент.

Сабақтың мақсаты:

1.4.1.3 заттар жиындарын жұп құру арқылы салыстыру; тең жиындарды, бос жиынды анықтау

1.4.1.1 екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелеу

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


  1. Психологиялық ахуал

  2. Сабақ жүрісімен таныстыру

1.«Білемін» бөлімінің тапсырмасы:

- Сұрақ- жауап

(Өтілген материалдарды қайталау)

- Сөзжұмбақ шештірту

2.«Үйренемін» тапсырмасы

Жиын туралы түсінік қалыптастыру.

Тірек сөздер: жиын, элемент

Жиын ортақ белгілері бойынша біріккен заттар жиынтығы немесе абстрактілі түсініктер (сандар, гео метриялық фигуралар, белгілер және т.с.с). Жиынды әртүрлі нысандардың қандай да бір белгісі негізінде құруға болады. Мысалы: жемістер, дауысты дыбыстар, цифрлар.

Жиын түсінігін сөзбе-сөз түсінуге және “көп” эле менттерді құрайтын жиынтық деп ұғынуға болмайды. “Жиын” ұғымы бір, екі және т.с.с. элементтерден тұратын нысандар жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Сондай ақ “бос жиын”, яғни бірде-бір элементі жоқ жиын да болады.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға сабақтың басын да екі топқа бөлінуді ұсыну: ұлдар және қыздар тобы. Олардан бірінші топтағы оқушылардың кімдер екенін сұрау (ұлдар) және санамай ақ ұлдардың нешеу екенін айтып беруді ұсыну.

Оқушыларға математикада оны “ұлдар жиыны” деп айтуға болатынын айту. Жиындағы әрбір ұл — жиынның элементі деп аталатынын ескерту. Осы тәріздес жұмысты қыздар тобымен де өткізу.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға оқулықтағы 1- інші тапсырманы орындауға уақыт беру, ал содан кейін олардан бір жиынға қандай заттарды жинағанын және неге осы заттарды алғанын сұрау. Оларға қандай белгі ортақ? Жиында неше элемент пайда болды? Жиынға тағы басқа элементтерді қосуға бола ма?

Оқушыларды оқулықтағы ережемен таныстыру. Оқушыларға жиынға және олардың элемент­ теріне байланысты өз мысалын келтіруді ұсыну.

Жиындар. Оқушылардан заттар жиынын атауды және олардың қандай элементтерден тұратынын сұрау. Жауаптың үлгісін беру: тостағандар жиыны алты тостағаннан тұрады.

Жауабы:

шай ыдысы, гүлдер, құстар, жылқылар.

Сынып бірге орындайтын тапсырмалары:

1.Табиғатта.

- Тапсырманы топтық жұмыс түрінде орындату. Оқушыларға тапсырманы орындау үшін суреттерді мұқият қарап шығуды ескерту және әр топқа өз көзқарасын айтуды ұсыну.


Жауабы:

ағаштар жиыны: шырша, қарағай, емен, қайың; гүлдер жиыны: көк гүл, ақ гүл, жасыл гүл, қызыл гүл; бунақ денелілер жиыны: көбелек, қоңыз, инелік.


2.Элементтер. 2 – топ: Топпен жұмыс ұйымдастыру.

- Оқушыларға өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік беру. Әр топқа жұмыстарының нәтижесін ортаға шығып айтып беруге жағдай жасау. Оларға өз ойынан элементтер мен жиындарға байланысты мысал келтіруге ұсыныс жасау.


Жауабы:

қарлығаш — құстар жиыны; қайың — ағаштар жиыны; көбелек — бунақденелілер жиыны; сары өрік — жемістер жиыны.


Орындап көр.

- Оқушылардан өз отбасының мүшелерін санауды өтіну. “Отбасы жиынына достарың жата ма?” — деп сұрау. Достарының отбасы жиынына неге жатпайтынын айтып беруін өтіну.


А. Адамдардың жиыны; Ә. Ұлдардың жиыны.

Қандай жиындар шығады?


Жұптасып талқылауды және тапсырмалардың сұрақтарына жауап беруді ұсыну. Тапсырманы орындаған соң математикадағы “қосу” сөзінің “бірге жиналу” мағынасын білдіретінін түсіндіру. Мысалы: “Жаңа жылдық ертеңгілікке балалар мен олардың ата-аналары жиналды”. Ал “алу” сөзі “белгілі бір орыннан шығу” мағынасын білдіруі мүмкін. Мысалы: “8 Наурызға дайындалу уақытында ұлдар қыздардың дайындық өтіп жатқан залдан шығуын өтінді”. Бұдан кейін осыған ұқсас оқиғаларға жаңа мысалдар келтіруін сұрау.

«Қолданамын» тапсырмалары:

  1. Дәптермен жұмыс

  2. Сергіту сәті

  3. Шағын топпен жұмыс

  4. Жұппен жұмыс


Шағын топпен жұмыс:

Жиындар құру

Жұптық тапсырмалар:

1.Өз беттерімен жиын құру (ламинантталған қағазға жиын элементтерін бейнелеп айтып беру)


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушыларға “жиын, элемент” сөздерін сабақ барысында үнемі қолдануды ұсыну. Тірек сөздері жазылған парақшаларды тақтаға іліп қою.

«Үйретемін» тапсырмасы:

1. «Ойлан, тап, баянда» тапсырмасы

2. «Артығын тап» ойыны

3. Жиын дегеніміз не?

4. Элемент дегеніміз не?


Бағалау

Оқушылар сабақ соңында меңгереді:

түрлі жиындарға мысал келтіруді;

жиынның элементтерін көрсетуді;

  1. мамыр бірлік күні туралы әңгімелеу

Көгершін, шарлар, гүлдер бойынша бағалау, мадақтау















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі