Авторы:Мурасилова Гульнара Еламановна
Ашық сабақ 2 сынып математика





жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жиынды біріктіру және бөліктерге бөлу
Жиынды біріктіру және бөліктерге бөлу
Авторы:Мурасилова Гульнара Еламановна
Ашық сабақ 2 сынып математика
|
Сабақтың тақырыбы: Жиынды біріктіру және бөліктерге бөлу |
Мұғалімнің аты-жөні:Мурасилова Г.Е. Күні: |
|
||||||||||||
|
СЫНЫП: 2 «А» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|
|||||||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.4.1.3 - жиындар мен олардың элементтерін диаграммада белгілеу; элементтердің жиынға, жиындардың бірігуіне және қиылысуына тиістілігін анықтау |
|
||||||||||||
|
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Жиындарды құрастыра алады.Венн диаграммасын сызады.Жеке жұмысты орындайды. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық,жұптық жұмысты бірлесе орындайды.Жиындарды бөлуді,біріктіруді үйренеді,жиынға ат қояды,жиынға тиісті,тиісті емес белгілерін біледі.Өз-өздерін бағалайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Жиындарды біріктіруге элементтердің тиістілігін анықтайды. |
|
||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
-Жиындарды құрастыра алады -Жиындарды бөле алады -Жиындарға ат қояды -Жиын элементтерін атайды -Жиындарды қиылыстыра алады |
|
||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Ынтымақтастықта,татулықта жұмыс жасауға дағдыланады. |
|
||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі,дүниетану,көркем еңбек,информатика. |
|
||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Жиын,элемент,Эйлер Венн диаграмммасы,тиісті,тиісті емес. |
|
||||||||||||
|
АКТ |
Аудиоүзінді жиын туралы |
|
||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
1 сыныптан білетіндері,Жиынды белгілеу үшін Эйлер Венн диаграммасын пайдалануды біледі. |
|
||||||||||||
|
Сабақтың жоспары |
|
|||||||||||||
|
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Ресурстар |
|
|||||||||||
|
Басталуы 1 минут |
Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Амандасып алайық, Сіздерменен біз. Сәлеметсіздер ме? Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі! Халқымыздың арта берсін берекесі. Әрқашанда көрінсін тек биіктен, Түспесін ешқашанда ел еңсесі. |
ҚР-ның туының макеттері, шарлар, Шульман-ның үш көмекшісі топтарда суреттері |
|
|||||||||||
|
Жаңа білім 19 минут |
Өткенге тоқталу -Кешегі сабақта қандай тақырып өттік балалар? -Жиын және оның элементтері. -Дұрыс «Сұрақ-жауап» әдісі «Балмұздақ таяқшалары» арқылы сұрақтар қою. 1.-Ендеше жиын дегеніміз не еді? Математикада қасиеттері,белгілері ортақ нысандар тобын –жиын деп атайды екенбіз. -Қане айтып жіберейік. 2.-Жиын элементтері дегеніміз не? -Жиынды құрайтын нысандарды оның –элементтері деп атайды екенбіз. -Мына дөңгелектермен кешегі сабақта танысқанбыз қалай аталады? 3.Эйлер Венн деген кім? - Ағылшын ғалымы ,математик. 4.Балалар диаграмма тек осындай шеңберден ғана тұра ма? -Жоқ олар әртүрлі болады.(нүктелер,сызықтар,әртүрлі фигура тәрізді,кесте) 5.Ламинатталған тақталарыңа Венн диаграммасын сызып көрсетіңдерші. 1 ұпайдан 6. Қиылысқан венн диаграммасын сызып көрсетейік. 7.тиісті және тиісті емес белгісін көрсетеміз. 8.Жиынды қандай әріптермен белгілейміз? 9.Элементтерді қандай әріптермен белгілейміз? «Ұжымдық жұмыс» Өмірмен байланыс. -Балалар мына жерде не сызылып тұр? -Венн диаграммасы. -Дұрыс айтасыңдар. -Ал қане бәрің мұнда келіңдер Венн диаграммасын құрайықшы. -Ал сендер қандай жиынсыңдар? Ұлдар жиыны. -Ал сендер ше? Қыздар жиыны. - Қыздар жиыны тек қыздардан тұрады екен. -Ұлдар жиыны тек ұлдардан тұрады екен. -Ұлдар жиын,қыздар жиыны – бұлар айырмашылығы -Ал қиылысқан жері ұқсасатықтары болады екен балалар. -Ал мен жалғыз қалдым ,мені қандай жиынға қосар едіңдер? -Жақсы керемет. -Сендердің араларыңа мен кірсем не болады? -Қандай өзгеріс болады? -Тағы қандай ұқсастыққа жиын құрасақ болады? -Шашы ұзындар,шашы қысқалар,бойы ұзындар,бойы қысқалар т.б. -Дәл қазір біз қалай сөйлесіп тұрмыз? -Диалог түрінде Кері байланыс -Міне керемет ! -жарайсыңдар өтілген сабаққа жақсы дайындалып келіпсіңдер. Сабаққа белсенді қатысайық. Әр топтың партасында Шульманның үш көмекшісі тұр. -Бүгінгі сабақта сендерге көмектеседі деп ойлаймын. Бізге Бас не үшін керек,Қол ше,Жүрек ше? -Жарайсыңдар. Бүгін балалар,осы жиын тақырыбын жалғастырамыз. -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Жиындарды біріктіру және бөліктерге бөлу Жиындарды біріктіреміз және бөліктерге бөліп,қиылыстыруды үйренеміз. Слайдғ Жиындарды біріктіруге мысал келтіру
|
Балмұздақ таяқшалары Венн диаграмма-сы Ламинат тақталар, маркерлер АКТ Мысалға көрнекілік тақтаға ілінген |
|
|||||||||||
|
Ортасы 3 мин 3 мин 1 мин 6 мин |
Жұптық жұмыс Аттарын жаздыру Ауызша дұрыс жауабын оқимын 2 жиында дұрыс болса 2 ұпай алады.
-Енді осы екі жиынды біріктірсек қалай атауға болады деп ойлайсыңдар? -Натурал сандар жиыны Қолдану Дәптермен жұмыс Жеке жұмыс «Кім жылдам?» әдісі Дәптердегі №3 тапсырманы орындату. Ұлдар тобына Қыздар тобына Оқушылар тобына 73-41 = 32 81+14=95 1 баған 42-21 =21 82-61=21 57-24 =33 72+25=97 88-42 =46 37+11=48
1 баған ұлдар тобына 2 баған қыздар тобына 3 оқушылар тобына да 1 баған «Бірін-бірі бағалау» әдісі Оқушылар бір-бірін бағалап, тексеріп ұпай береді. 4 –еуінде дұрыс орындағандар 4 ұпай,3-3,2-2,1-1 ұпай деп,
Әркім стикерлеріне ұпайларын жазады. Сергіту сәті Керекті болған жағдайда орындату. Топтық жұмыс «Постер» қорғау уақыт біткенде қоңырау соғылады. Алтын ережені сұрау 1.Ұлдар тобына
Тапсырма Жиындарға бөлу,жиындарға ат беру. Дауысты,дауыссыз дыбыстар жиыны 2.Қыздар тобына Тапсырма Тақтамен жұмыс - Мына тұрған нысандардан 2 жиын бөліп құрастырыңдар? Жиындарға ат қойып жазыңдар. Жемістер жиыны,жануарлар жиыны 3.Оқушылар тобына тапсырма Мына сандардан жиын құрастырыңдар,қиылысуын көрсетіңдер. 45,12,24,55,60,70,80,100,200,300,800,900 қиылысуында нөлмен аяқталатын сандар жиыны ұқсастығы. Топтық жұмысқа Дескриптор -Жиындарға бөледі -жиын атауын жазады -жиындарға біріктіреді -жиынға ат береді -жиындардың қиылысуын табады ат қояды - жиын айырмашылығы мен ұқсастығын ажыратады. Топ жұмысын бағалату. |
Топтама-лар
Дәптер Стикерлер,қарындаш-тар
Постерге Плакаттар, Тапсырма-лар
Балық қаңқасы
Жемістер мен жануарлардың шаблонда-ры
|
|
|||||||||||
|
|
|
|
|
|||||||||||
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 3 мин
|
Ой қорыту «Конверт-сұрақ» әдісі Конверттерге тапсырма салып қою ҚБ тапсырмасын Оқушылар алып орындайды. ҚБ дәптерлеріңе салып маған жинап беріңдер. Кері байланыс
|
Конверттер ҚБ дәптерлері,тапсырмалар |
|
|||||||||||
|
Бағалау 2 мин
Кері байланыс 2 мин |
Рефлексия Өзін-өзі бағалау Ұшқыр,Жүйрік,Баяу. «Жарайсың», «Жақсы», «Талаптан» 5тен7ге дейін ұпай жинаған оқушылар 3-4 ұпай жинағандар 3 тен төмен жинағандар Өз-өздерін бағалап, аттары жазылған стикерлерді Венн диаграммасына жапсырады. Қорытындысын мұғалім хабарлайды. Сендер біздің «Мәңгілік,Тәуелсіз елдің» ұрпағысыңдар. Тәуелсіз мемлекетіміздің мықты-мықты патриот ұл-қыздары болуларыңа тілектеспін. Сабақ аяқталды. |
Рефлексия ға керекті сурет
Венн диаграмма-сы сызылған рефлексия
|
|
|||||||||||
|
Үйге тапсырма: Оқулықта №5 53 бет |
53 бет |
|||||||||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы Байланыс
|
|
|||||||||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
|
|
||||||||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|
|||||||||||||





шағым қалдыра аласыз















