Материалдар / «Жиынды біріктіру жəне бөліктерге бөлу. Менің өлкемнің табиғаты».

«Жиынды біріктіру жəне бөліктерге бөлу. Менің өлкемнің табиғаты».

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2020
273
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы
«М.О.Əуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК




Бекітемін:
Колледждің əдіскері
Ахметова А.К.
«Келісемін» _______
Сынып жетекшісі:
Замзебаева З.Т.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: «Жиынды біріктіру жəне бөліктерге бөлу. Менің өлкемнің
табиғаты».

Өтетін орны: «Көкбай атындағы орта мектебі» КММ
Сынып: 2
Мерзімі: 15.12. 2020ж.
Тобы: 310
Машықкер: Нұртасқызы Құндыз
Баға: «__»___________
Семей, 2020 жыл


Page 2

Пəн: Математика
Күні: 15.12.2020
Сынып: 2
Мектеп: «Көкбай атындағы орта мектебі» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Зəмзебаева Замзагул Тоқтасынқызы

Сабақ 55 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтың
тақырыбы:
Жиынды біріктіру жəне бөліктерге бөлу. Менің өлкемнің табиғаты.
Сабақ негізделген
оқу мақсаттары
2.4.1.3. Жиындар мен олардың элементтерін диаграммада белгілеу, элементтердің
жиынға жиындардың бірігуіне жəне қиылысуына тиістілігін анықтау.

Сабақ нəтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Көрсетілген элементтерден жиынды біріктіреді жəне артық элементті атайды.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Жиындарды жəне жиын элементтерін белгілеу үшін тиісті əріптерді қолданады.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Өздігінен деректер жинап жиындар құрастырады, жауаптарын түсіндіреді,
дəлелдейді.

Бағалау
критерийі
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік
құзіреттілік
Диалог: сəлемдесу, тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.
Құндылықтарды
дарыту
Өзгенің ойын құрметтеуді, оқушылар арасындағы жақсы қарым - қатынасты
дамыту.
Ресурстар Оқулық, суреттер, есептер жазылған хаттар, кері байланыс, таратпа материалдар,
смайликтер, бейнематериалдар.
Əдіс-тəсілдер Сұрақ-жауап, əңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, рефлексия.
Пəнаралық
байланыс
Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу ∈ (тиісті) жəне ∉(тиісті емес) белгілері
Сабақтың барысы
Сабақтың
жоспарланға
н кезеңдері
Сабақтың жоспарланған іс – əрекет Ресурстар
Сабақтың
басы
Сəлемдесу.
- Сəлеметсіңдер ме балалар? Қалдарыңыз қалай?
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
- Балалар, сабағымызды бастамас бұрын бəріміз орынымыздан тұрып,
бір – бірімізбен жақсылап сəлемдесіп алайық. Ол үшін «Сəлемдесу»
ойының ойнайық.
«Сəлемдесу» ойыны:
Қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде,
мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір -
бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Əр адаммен əртүрлі
амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен…
тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтағы 51 беттегі №4 есепті аяқтау. Дəптерлерін тексеру.
Оқулық
https://special-
edu.kz/TEXTB
OOKS/3RAZ
DEL/book/2.2.
2/2.2.2.html


Page 3

Сабақтың
ортасы

















- Сіздер өткен сабақтарда жиын ұғымымен таныстыңыздар. Бүгін
жиынды біріктіру жəне бөліктерге бөлуді үйренесіздер.
1 – тапсырма:
А) Балықтар мен құстар бейнеленген жиынды қарастыр. Бұл екеуін
біріктіретін жиынды қалай атауға болады? Жиын элементтерін латын
əліпбиінің əріптерімен ата.
Ə) Жиынды қарастыр. Оны қандай екі жиынға бөлуге болады? Əр
жиынның элементтін анықта.
2 – тапсырма: Əр қайсысында қандай екі жиынның біріктірілгенін
анықта. Артық элементті тап.
3 – тапсырма: (Сынып бөлмесінің қабырғаларына шалғында өсетін
гүлдер, көбелек, қоңыз, т.б.суреті ілінген.)
Шалғын өсімдіктері жəне жануарлары жиыны деректерін пайдалана
отырып,сызба бойынша есептер құра.
Шығармашылық жұмыс: Өздерін өсіп жатқан өлкенің табиғатына
жататын бөліктерді қандай жиынға біріктірер едіңдер? Атау беріңдер.
Сергіту сəті: «Көңіл күй»
https://youtu.be/ui8J9vlQ4wA
Оқулық
https://special-
edu.kz/TEXTB
OOKS/3RAZ
DEL/book/2.2.
2/2.2.2.html ,
тапсырмалар
жазылған
хаттар,
бейнеролик.
Сергіту сəті:
https://youtu.b
e/ui8J9vlQ4w
A



















Сабақтың
соңы
- Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Олай болса бүгінгі
сабағымызды «Жетістік баспалдағы» əдісімен бағалап кетейік.
- Сонымен балалар біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау
болыңыздар!

Таратпа
материалдар


Page 4

.
Үй жұмысы: №5 есеп, 53-бет.


Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері

Егер бала ойын толық жеткізе
алмаған жағдайда, толыққанды
білмеген жағдайда көмек
беремін;
Қабілеті жоғары оқушы
тапсырманы уақытынан бұрын
орындаған жағдайда қосымша
тапсырманы беремін.

Оқу нəтижесін жоспарлаймын;
Нəтижеге қол жеткізу үшін
тапсырмалар беремін;
Кері байланыс арқылы нəтижені
анықтаймын.


Берілген тапсырманың
балаларға қауіпсіз болуын
қадағалаймын.
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне


Page 5

неліктен?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ