жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жиынтық бағалау

ЖОБА
Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
3-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту
қазақ тілінде) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге
көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін)
бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша оқу
бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде
дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды
өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен
балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық
бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім
беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік
үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2

Мазмұны
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ............. 4
«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .................................................... 4
« Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық ......................... 6
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ...................................................... 9
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ......... 165
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .......................................................... 165
«Сәулет» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ......................................................... 198
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................. 221
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........ 287
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ............................................................ 287
«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ........................................ 310
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................. 343
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 39
«Су- тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .......................................... 39
«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ............... 442
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................. 475
3

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/
фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын
болжау
3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып,
берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық
әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік
нормаларды сақтап сөйлесу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Суреттердің негізінде мәтіннің мазмұнын
болжайды
• Тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп, берілген
тақырыпқа әңгіме құрастырады
• Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Суретке мұқият қара. Суреттегі оқиғаға дейін не болды деп ойлайсың? Ары қарай не
болуы мүмкін?
2-тапсырма
Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда. Тірек сөздер мен суретті пайдаланып, «Араша»
тақырыбына мәтін құрап айт.
Тірек сөздер: бақ іші, құстың ұясы, балапанның даусы, мысық, қуып жіберу, балапанды аяу,
бас киім, ұяға салу, құстардың алғысы, өз ісіне риза болу.
4

Бағалау критерийі Тапсырма
№
Дескриптор
Білім алушы
Балл
Суреттердің негізінде
мәтіннің мазмұнын
болжайды
1
суреттің мазмұнына сәйкес болжам
жасайды;
1
Тірек сөздер мен
жоспарға сүйеніп,
берілген тақырыпқа
әңгіме құрастырады
Сөйлеу барысында тілдік
нормаларды сақтайды
2
тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады; 1
мәтіннің құрылымдық бөліктерін
сақтайды;
1
сөйлеу кезінде ойын жүйелі жеткізеді; 1
тірек сөздерді орынды қолданады; 1
сөйлемнің құрылымын сақтайды; 1
сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.
1
Жалпы балл 7
5

«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні ____________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма
№
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Суреттердің негізінде
мәтіннің мазмұнын
болжайды
Тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп,
берілген тақырыпқа әңгіме құрастырады
Сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды
1-2
Сурет бойынша мәтіннің
мазмұнын болжауда, берілген
тақырып бойынша мәтін
құрастыруда қиналады.
Сурет бойынша мәтіннің
мазмұнын болжауда/тақырыпқа
сәйкес мәтін құрастыруда/
мәтіннің құрылымдық бөліктерін
сақтауда/тірек сөздерді қолдануда қателіктер жібереді.
Сурет бойынша мәтіннің
мазмұнын болжап айтады, берілген тақырыпқа сәйкес
жүйелі мәтін құрастырады.

« Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.2.1.1 Тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін
(әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның
құрылымдық бөліктерін анықтау
3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге
бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.3.1.1 Жоспар/сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер
арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін
құрастырып жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің түрлерін ажыратады
• Мәтін бойынша пікір білдіруге арналған сұрақтарға
жауап береді
• Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты
20 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
• Назымға ойын неліктен қызықсыз болды? Белгіле ()
• Назымның анасының айтқанымен келісесің бе? Неліктен?
• Мәтіннің түрін анықта.
2-тапсырма
Оқыған мәтіннен қандай ой түйдің? Көмекші сөздерді пайдаланып, ойыңды жаз.
Көмекші сөздер: менің ойымша, себебі, өйткені, сондықтан.
Назым секіргіш жібін алып, аулаға шықты. Секіріп ойнай бастады. Жанына
досы Шынар келіп, біраз қызықтап тұрды да:
- Назым, екеуіміз кезек секіріп ойнайық, - деді.
- Бұл менікі, керек болса өзіңдікін әкел де, секіре бер,- деді Назым.
Шынар ренжіп, кетіп қалды. Назым жалғыз өзі ойнап, жалықты. Ол қабағын түйіп,
үйіне кірді.
- Қызым, саған не болды? - деді анасы.
- Ойын қызық емес, - деді Назым.
- Шынар екеуің бірігіп ойнағанда қызық болар еді,- деді, манадан бері қызын
терезеден бақылып тұрған анасы.
Ол қатты шаршады. Ол жалғыз өзі ойнады. Оған секіргіш жіп ұнамады.
7

Бағалау критерийі Тапсырма
№
Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің түрлерін
ажыратады
Мәтін бойынша пікір
білдіруге арналған
сұрақтарға жауап береді
1
мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа
жауап береді;
1
мәтіннің мазмұнына қатысты өз ойын
білдіреді;
1
мәтіннің түрін анықтайды; 1
Көмекші сөздер арқылы
пайымдау мәтінін жазады
2
мәтіннің негізгі ойына сәйкес қорытынды
жасай отырып, пайымдау мәтінін жазады;
1
көмекші сөздерді орынды қолданады; 1
сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады; 1
сөйлем құрылымын сақтап жазады. 1
Жалпы балл 7
8

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға
ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні______________________________________
Бағалау критерийі Тапсыр
ма
№
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің түрлерін
ажыратады
Мәтін бойынша пікір
білдіруге арналған
сұрақтарға жауап береді
1
Мәтіннің түрін анықтауда,
мәтіннің мазмұнына қатысты көзқарасын айтуда
қиналады.
Мәтіннің түрін анықтауда/
мәтіннің мазмұны бойынша
пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап беруде
қателеседі.
Мәтіннің түрін дұрыс
анықтайды және мәтіннің мазмұнына қатысты көзқарасын айтады.
Көмекші сөздер арқылы
пайымдау мәтінін жазады
2
Мәтіннің мазмұнына
сүйеніп, пайымдау мәтінін
жазуда қиналады.
Мәтіннің негізгі ойына сәйкес
қорытынды жасауда/ көмекші сөздерді қолдануда/ сөйлемдердің құрылымын сақтауда
қателіктер жібереді.
Көмекші сөздерге сүйеніп,
оқыған мәтін бойынша пайымдау мәтінін жазады.
9

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың
мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш
білім беру (2-4 сыныптар).
3. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны - 16 балл
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар, қысқа
және тол ық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан
дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі–оқылым, үшінші тапсырма
жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
10

№ Ортақ
тақырып
Сөйлеу
әрекетінің
түрлері
Оқу мақсаты Тапсырманың
сипаттамасы
Тапсырма
саны
Жалпы
балл
1 Тірі табиғат
Жақсыдан
үйрен,
жаманнан
жирен
Тыңдалым және
айтылым
3.1.1.1 Тыңдаған материал
бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік
нормаларды сақтап сөйлесу
Білім алушы қысқа, толық
жауаптарды қажет ететін
тапсырманы орындайды.
1
6
2 Оқылым 3.2.3.1 Мәтін мазмұны
бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
Білім алушы ашық түрдегі
қысқа жауапты қажет
ететін тапсырманы
орындайды.
1
5
3 Жазылым 3.3.7.1 Қаратпа, қыстырма
сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою
Білім алушы ашық
түрдегі қысқа жауапты
қажет ететін тапсырманы
орындайды.
1
5
Жалпы балл 3 16
11

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
• Нұрлыбек күшігін неліктен Ақтөс деп атады?
• Ол күшігінің қандай іс -әрекетіне мәз болады?_____________________________
• Сенің қандай сүйікті жануарың бар? Сұрақтарды пайдаланып, сүйікті жануарың
туралы әңгімеле.
- Сен оған қандай ат қойдың?
- Оның сыртқы сипаты қандай?
- Оның қандай әдеттері бар?
- Сен онымен бірге уақытыңды қалай өткізесің?
[6]
Ұялас күшіктердің арасынан төсі аппақ күшікті таңдап алып, Ақтөс деп ат
қойды. Нұрлыбектің күндегі ермегі осы. Бауырын жаңа көтерген күшік құлдыраңдап
жүгіреді. Шәуілдеп үретінді шығарды. Есік алдындағы тауықтарды қуып, маза
бермейді. Нұрлыбек оған ішек- сілесі қатып күледі.
–Жануарлардың суретін салыңдар, – деген апайының тапсырмасы Нұрлыбектің есіне
Ақтөсті түсірді. Ол қолына қарындаш алды. Сәлден соң қағазын алып, төргі бөлмеге
кірді.
– Әже, Ақтөстің суретін салдым!
Әжесі иіріп отырған ұршығын қасына қойды да:
– Шынында да, аумайды екен, – деді суретке қызыға қарап.
осы атау өзіне ұнағандықтан күшіктің төсі ақ болғандықтан
12

Балл қою кестесі
Тапсырма
№
Жауап Балл
Қосымша ақпарат
1
Күшіктің төсі ақ болғандықтан 1
Тауықтарды қуалағанына/ Есік
алдындағы тауықтарды қуып, маза
бермегені үшін күледі/
1 Сұрақтың мазмұнына
сәйкес баламалы жауаптар
қабылданады.
Білім алушының ықтимал жауабы:
Менің сүйкімді мысығым бар. Оның түсі қара, бауыры ақ. Мен оны Ақбауыр деп атадым. Ақбауыр әлі кішкентай. Ол жіппен ойнағанды жақсы көреді.
1 Сұрақтарға сәйкес жүйелі
мәтін құрастырады.
1 Сөйлемдердің құрылымын
сақтайды.
1 Сөйлеу кезінде ойын
жүйелі жеткізеді.
1 Сөйлеу барысында тілдік
нормаларды сақтайды.
Жалпы балл 6
Оқылым
2. Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер. Тапсырмаларды орында.
• Мәтіннің кейіпкерлерін жаз. ____________________________________________
• Әлім неліктен төмен қарады? ___________________________________________
• Саған қай кейіпкердің іс- әрекеті ұнады немесе ұнамады? Неліктен?
____________________________________________________________________
• Мәтінге ат қой. _________________________________________________________
• Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақалды белгіле ().
[5]
Бір күні Сәлім аулада Әлім деген досымен ойнап жүрген. Үйге қарай қолында
таяғы бар ақ сақалды , қарт кісі келе жатты. Сәлім жүгіріп барып сәлем берді. Қарт:
– Көп жаса, балам! Атаң сені өнегелі іске үйреткен екен, - деп риза болып қалды.
Ол Сәлімнің құрдасы Әлімді көріп:
– Балам, сен неге қарт адамға сәлем бермейсің? – деп сұрады.
– Ата, мен сізді танымаймын ғой, – деп жауап берді Әлім.
– Үлкендерге танымасаң да Сәлім сияқты сәлем беріп, ілтипат көрсетуің керек, – деді
қарт.
Әлім ұялып, төмен қарады.
Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені Сіз деген әдеп, біз деген көмек
13

Балл қою кестесі
Тапсырма
№
Жауап Балл
Қосымша ақпарат
2
Сәлім, Әлім, қарт
1
Кемінде 2 кейіпкер аталған
жағдайда 1 балл қойылады.
Ата/қария/қарт кісі сөздері де
қабылданады.
Үлкен кісімен сәлемдеспегеніне
ұялды/ Қарттың айтқан сөзінен
ұялды/ Өз ісіне өкінді/
1 Сұрақтың мазмұнына сәйкес
баламалы, қысқа және толық
жауаптар қабылданады.
Білім алушының ықтимал жауабы:
Сәлімнің іс-әрекеті ұнады. Себебі
ол қарт кісімен амандасты/ Сәлім,
өйткені ол атаға сәлем берді/
Әлімнің танымайтын кісімен
сәлемдеспейтіні ұнамады/ Әлім
ұнамады, себебі танымайтын
адамдармен амандаспады.
1
Әдепті бала/Достар/Күтпеген
қонақ
1 Мәтіннің мазмұнына сәйкес
басқа тақырыптар да
қабылданады.
Әдептілік белгісі – иіліп сәлем
бергені
1
Жалпы балл
5
Жазылым
3. Мәтіннен қаратпа сөздерді теріп жаз. Оларды қатыстырып, қаратпа сөзі бар
2 сөйлем құрап жаз.
Қаратпа сөздер: ______________________________________________________________
Cөйлемдер:
1) ____________________________________________________________________
2) ____________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
Жауап Балл
Қосымша ақпарат
3
Балам 1
Ата 1
Балам, мені көшеден өткізіп
жіберші/Иә, балам, оқып жүрсің бе?/
Су бере салшы, балам!/…
1 Тапсырманың
мазмұнына сәйкес баламалы сөйлемдер де
қабылданады.
Қайырлы таң, ата!/ Ата, қайда бара
жатырмыз? Иә, ата, тыңдап тұрмын/
1
14

Қаратпа сөздің тыныс белгісін дұрыс
қояды.
1
Жалпы балл 5
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынш а жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім
алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға
немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
15

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫН ТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 3.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған
өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз
көзқарасын білдіру
3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық
әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік
нормаларды сақтап сөйлесу
3.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды
(қимыл, ым- ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып,
тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Өзгенің пікіріне қатысты көзқарасын білдіреді
• Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды
• Қаратпа сөздерді орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіндегі айтылған пікірлермен келісесің бе? Неліктен?
• Мәтіндегі «алтын уақыт» деген сөз тіркесі қандай мағынада қолданылып тұр?
А) уақыттың құны
В) уақыттың қадірі
C) уақыттың пайдасы
D) уақыттың бөлшегі
2-тапсырма
Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек? Тыңдарманның назарын аудару үшін
дауыс ырғағын, қаратпа сөздерді қолдана отырып, әңгімеле.
Бірде белгілі ғұлама Альберт Эйнштейн «Қолыңызды бір минут ыстық оттың
үстінде ұстап тұрсаңыз, бұл минут сізге бір сағаттай болып көрінеді, ал сүйікті ісіңізбен
айналысуға өткізген бір сағатыңыз бір минуттай болып өте шығады» деген екен.
Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе – ол алтын уақытымыз . Ол ешқашан қайта
айналып келмейді. Сондықтан да адамдар өз уақытын үнемдей білуі керек. Өзгелердің де
уақытын бағалауы қажет. Уақытты босқа өткізбеу үшін күн тәртібін жоспарлап үйрену
қажет. Осы қасиетті бойыңа жас кезіңнен қалыптастыру керек. Әрбір минутыңды үнемдеп,
пайдалы жұмсауға дағдылан. Сонда ғана табысқа қол жеткізіп, өз қабілетіңді, күшіңді
толық жұмсай аласың.
16

Бағалау критерийі Тапсырма
№
Дескриптор Балл
Білім алушы
Өзгенің пікіріне қатысты
көзқарасын білдіреді
1
мәтінде берілген пікірге қатысты
көзқарасын білдіреді;
1
өз ойына дәлелді пікір айтады; 1
берілген сөз тіркесінің мағынасын
анықтайды;
1
Сөйлеу барысында тілдік
нормаларды сақтайды
Қаратпа, қыстырма
сөздерді орынды
қолданады
2
тақырыпқа сәйкес жүйелі мәтін
құрастырады;
1
сөйлем құрылымын сақтайды; 1
қаратпа сөздерді орынды
қолданады;
1
сөйлеу барысында тілдік
нормаларды сақтайды.
1
Жалпы балл 7
17

«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата -аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика
Білім алушының аты- жөні_________________________________________
Бағалау
критерийі
Тапсыр
ма №
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Өзгенің пікіріне
қатысты
көзқарасын
білдіреді
1 Мәтінде айтылған пікірге
қатысты ойын айтуда және
негіздеуде қиналады.
Мәтінде айтылған пікірге
қатысты ойын айтуда/ өз
көзқарасын негіздеуде қателіктер
жібереді.
Мәтінде айтылған пікірге
қатысты ойын айтады және
негіздейді.
Сөйлеу барысында
тілдік нормаларды сақтайды
Қаратпа, қыстырма
сөздерді орынды қолданады
2
Тақырыпқа сәйкес мәтін
құрастыруда, сөйлеу барысында қаратпа сөздерді қолдануда
қиналады.
Тақырыпқа сәйкес мәтін
құрастыруда/ қаратпа сөздерді
қолдануда/сөйлеу барысында
тілдік нормаларды сақтауда қателіктер жібереді.
Тақырыпқа сәйкес мәтін
құрастырады және сөйлеу
барысында тілдік нормаларды сақтайды.
18

«Сәулет» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген
мәтін түрлерін/ стилін (көркем мәтін, ғылыми-
танымдық мәтін /жанрын салыстырып,
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу
3.4.2.1 Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды
сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
3.4.2.7 Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және
тұрлаусыз мүшелерін ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді салыстыра
сипаттайды
• Негізгі түбірден туынды сөздер жасайды
• Сөйлем мүшелерін ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20минут
1-тапсырма
Мәтіндерді оқы. Мәтіндер қай стильде жазылған? Сәйкестендір.
• Мәтіндерді салыстыр. Олардың қандай ұқсастығы бар?
_____________________________________________________________________
2-тапсырма
Мәтіндегі қарамен берілген сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөз жаса.
1) ______________________________________
2) _____________________________________
3) ______________________________________
3-тапсырма
Берілген сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тауып, астын сыз.
Біз Астанаға саяхатқа бардық.
«Хан Шатыр» - Астанадағы
сауда, ойын-сауық орталықтарының
бірі. Ол
2010 жылы ашылды. Бұл
әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен
ғимарат болып саналады. Оның ішінде
сауда орындары мен ойын - сауық
кешендері, мейрамханалар бар.
Жобаның авторы - Норман Фостер.
Жазда біз Астанаға саяхатқа
бардық. Қалада әдемі ғимарттар көп
екен. Маған «Хан Шатыр» орталығы
ұнады. Ол үлкен киіз үйге ұқсайды.
Ішінде көптеген ойын алаңдары,
кинотеатрлар бар. Біз жасанды
жағажайда демалдық. Кино көрдік.
Саяхат көңілді болды.
ғылыми - танымдық мәтін көркем мәтін
19

Бағалау критерийі Тапсырма
№
Дескриптор Балл
Білім алушы
Ұқсас тақырыпта
берілген мәтіндерді
салыстыра
сипаттайды
1
мәтіндердің стилін ажыратады; 1
мәтіндердің ұқсастығын анықтайды; 1
Негізгі түбірден
туынды сөздер
жасайды
2
берілген түбір сөздерден туынды сөздер
жасайды:
1-туынды сөз
2-туынды сөз
3- туынды сөз
1 1
1
Сөйлем мүшелерін
ажыратады
3
бастауышты анықтайды; 1
баяндауышты анықтайды. 1
Жалпы балл 7
20

«Сәулет» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні_________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма
№
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Ұқсас тақырыпта
берілген мәтіндерді
салыстыра
сипаттайды
1
Ұқсас тақырыпта берілген
мәтіндерді салыстыруда, мәтіннің стилін анықтауда
қиналады.
Мәтіннің стилін анықтауда/
мәтіндердің ұқсастығын табуда қателеседі.
Мәтіндерді салыстыра отырып,
ұқсастығын атайды және
мәтіннің стилін анықтайды.
Негізгі түбірден
туынды сөз жасайды
2
Түбір сөздерге жұрнақтар
жалғау арқылы туынды сөздер жасауда қиналады.
Түбір сөздерге жұрнақтар
жалғау арқылы туынды сөздер
жасауда қателіктер жібереді.
Түбір сөздерге жұрнақтар жалғау
арқылы туынды сөздер жасайды
Сөйлем мүшелерін
ажыратады
3
Сөйлемнің тұрлаулы
мүшелерін анықтауда қиналады.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін
анықтауда қателеседі: бастауыш/
баяндауыш
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін
дұрыс анықтайды.
21

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың
мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш
білім беру (2-4 сыныптар).
3. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны - 16 балл
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар, қысқа
және тол ық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан
дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі – оқылым, үшінші
тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
22

№ Ортақ
тақырып
Сөйлеу
әрекетінің
түрлері
Оқу мақсаты Тапсырманың
сипаттамасы
Тапсырма
саны
Жалпы
балл
1
Уақыт
Сәулет
Тыңдалым және
айтылым
3.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен
берілген суреттер/фото/
диаграмма бойынша мәтіннің
мазмұнын болжау
3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы
(қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік
нормаларды сақтап сөйлесу
Білім алушы ашық
түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды
1
6
2
Оқылым 3.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен
ұқсас тақырыпта берілген мәтін
түрлерін/ стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін
/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын табу
Білім алушы ашық
түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы
орындайды.
1
5
3
Жазылым
Тілдік
нормалардың
қолданысы
3.4.2.7 Сөйлемнің тұрлаулы
(бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату
3.4.2.8 Мұғалімнің көмегімен
жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату
3.3.7.2 М ұғалім көмегімен
бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және
қою
Білім алушы ашық
түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды
1
5
Жалпы балл 3 16

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1. Суреттерге қарап, мәтіннің не туралы болатынын болжап көр.
• Мәтінді тыңда. Болжамың сәйкес келді ме? Ұқсастығы мен айырмашылығы
неде?
• Сенің өлкеңде қандай сәулет ескерткіштері/ ғимараттар бар? Олар туралы не
білесің? Әңгімеле.
[6]
Түркістан – Қазақстандағы көне қалалардың бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік
аймағында орналасқан.
Түркістан қаласы әлемге Қожа Ахмет Йасауи атымен әйгілі. Қожа Ахмет
Иасауи кесенесі – биік күмбезді, үлкен ғимарат. Оның қаб ырғалары күйдірілген
кірпішпен өрнектелген. Кесенеде үлкенді-кішілі 35 бөлме бар. Кесенесінің қазандық
бөлмесінде қасиетті тайқазан тұр.
Түркістанға келгендер ең алдымен сол кесенеге барады. Бұл кесене – сәулет
өнерінің ең озық үлгісі болып табылады.
24

Балл қою кестесі
Тапсырма
№
Жауап Балл
Қосымша ақпарат
1
Білім алушының ықтимал жауабы:
Қожа Ахмет Ясауидың кесенесі
туралы/Түркістандағы кесене
туралы/Кесенені сипаттау туралы
1 Тапсырманың мазмұнына
сәйкес баламалы, қысқа және
толық жауаптар
қабылданады.
Тақырыбы бірдей, кесене туралы/
Мәтінде кесене көбірек сипатталған/
1
Білім алушының ықтимал жауабы:
Мен Астана қаласында тұрамын.
Астана - әсем қала. Қаладағы зәулім
үйлер, ғимараттар , театрлар мен
мұражайлар алыстан көз тартады.
«Бәйтерек» монументін Астананың
символы деп білеміз. Бәйтерек «зәулім
ағаш», «өмір ағашы» деген
мағыналарды береді. Оның биіктігі 97
метр. Ол елорданың Алматыдан
Астанаға ауысқан уақытын бейнелейді.
Астанада көрікті ғимараттар өте көп.
1 Тақырыпқа сәйкес жүйелі
мәтін құрастырады.
1 Сөйлемнің құрылымын
сақтайды.
1 Сөйлеу кезінде ойын жүйелі
жеткізеді.
1
Сөйлеу барысында тілдік
нормаларды сақтайды.
Жалпы балл 6
Оқылым
2. Мәтіндерді салыстыра оқы. Олардың түрін және жанрын анықтап, кестеге жаз.
Мәтіннің түрі Мәтіннің жанры
1-мәтін
2-мәтін
• Мәтіндердің қандай ұқсастығы бар?
____________________________________________________________________
[5]
1-мәтін
Жыл мезгілі төртке бөлінеді Олар:
көктем, жаз, күз, қыс. Бір жылда 12, ал
бір мезгілде 3 ай бар. Бір айда 30 күн, 4
апта болады. Әр аптада 7 тәулік бар. Әр
тәулікте 24 сағат, бір сағатта 60 минут
бар.
2-мәтін
Қайтарылмайды бұл уақыт,
Қайталанбайды бұл уақыт,
Таппайсың, ертең іздесең,
Қайта оралмайды бұл уақыт.
Өткізе бермей жай ғана,
Уақытты жарат пайдаңа.
25

Балл қою кестесі
Тапсырма
№
Жауап Балл
Қосымша ақпарат
2
түрі жанры
1-мәтін әңгімелеу әңгіме
2-мәтін пайымдау өлең
1 Әр дұрыс жауапқа
1 балл қойылады.
1
1
1
Мәтіндер уақыт туралы/Мәтіндердің
тақырыбы ұқсас/
1 Тапсырманың
мазмұнына сәйкес
баламалы, қысқа және
толық жауаптар
қабылданады.
Жалпы балл 5
Жазылым
3. Тиісті тыныс белгісін қойып, сөйлемді көшіріп жаз және сөйлем мүшесіне талда.
___________________________________________________________________
• Осы сөйлемнің түрін анықтап, белгіле ().
Жалаң сөйлем
Жайылма сөйлем
[5]
Алматы сәулетті қала.
26

Балл қою кестесі
Тапсырма
№
Жауап Балл
Қосымша ақпарат
3
Алматы – сәулетті қала.
1
Бастауыш пен
баяндауыштың арасына
сызықша қояды.
1 Бастауышты анықтайды.
1 Баяндауышты анықтайды.
1 Тұрлаусыз мүшелерді
анықтайды.
жайылма сөйлем
1 Сөйлемнің түрін
анықтайды.
Жалпы балл
5
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынш а жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға
немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
27

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫР МАЛАР
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді
белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып,
берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық
әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап,
тілдік нормаларды сақтап сөйлесу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінге қатысты тірек сөздерді анықтайды
• Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
• Тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп, берілген
тақырыпқа әңгіме құрастыра ды
• Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тірек сөздерді түртіп ал. Сұрақтарға жауап бер.
Тірек сөздер: ____________________________________________________________
«Конверт» сөзі қандай мағынаны білдіреді? _________________________________
Алғашқы конвертті кім ойлап тапқан? _______________________________________
Алғашқы конверт қашан және қай елде пайда болды? __________________________
Пошта конвертін хаттың «киімі» деуге болады. Ертеректе хатты қайыңның
қабығына жазып, хабаршылар арқылы таратып отырған. Хатты қайда және кімге
апаратынын жазатын орын болмағандықтан, оларды басқа ағаш қабыққа жазып, хатпен
бірге жіппен байлап қоятын.
М ұндай хаттарды жіберу ыңғайсыз болды. Себебі, оны кез келген адам ашып, оқи
алатын еді. Сондықтан да адамдар жазған хаттарын мәтіні ішкі жағында қалатындай етіп бүктеп қоятын болды. 1820 жылы ағылшынның қағаз сатушы саудагері Бревер хат
салатын қалташа жасап шығарды. Ол «конверт» деп аталды. «Конверт» сөзі «орап
қою», «айналдыру, бұрау» деген мағынаны білдіреді. Көп кешікпей конверт хаттан
бөлініп, оның сыртқы «киіміне» айналды.
28

2-тапсырма
Тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, сурет бойынша «Өнерлі отбасы»
тақырыбына әңгіме құрастыр .
Тірек сөздер: көктем, мереке, мектепішілік іс-шара, өнер байқауы, өнерлі отбасылар,
өнер көрсету, жүлделі орынға ие болу, жанкүйердің қошеметі .
Жоспар:
1. Отбасылық байқау
2. Өнер сайысы
3. Жүлделі орын
Бағалау критерийі Тапсырма
№
Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтінге қатысты тірек
сөздерді анықтайды
Мәтін бойынша
сұрақтарға жауап
береді
1
мәтіннен тірек сөздерді анықтайды; 1
мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап береді:
1-сұрақ
2-сұрақ
3-сұрақ
1 1 1
Тірек сөздер мен
жоспарға сүйеніп, берілген тақырыпқа әңгіме құрастырады
Сөйлеу барысында
тілдік нормаларды
сақтайды
2
жоспарға сәйкес жүйелі мәтін
құрастырады;
1
сөйлемдердің құрылымын сақтайды; 1
тірек сөздерді орынды пайдаланады; 1
сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.
1
Жалпы балл 8
29

«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата -аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика
Білім алушының аты- жөні_________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма
№
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтінге қатысты тірек
сөздерді анықтайды
Мәтін бойынша
сұрақтарға жауап береді
1
Тыңдаған материал бойынша
тірек сөздерді анықтауда,
мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап беруде
қиналады.
Тыңдаған материал
бойынша тірек сөздерді анықтауда/ ашық / жабық
сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді.
Тыңдаған материал
бойынша тірек сөздерді анықтайды, мәтіннің
мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап
береді.
Тірек сөздер мен
жоспарға сүйеніп, берілген тақырыпқа әңгіме құрастырады
Сөйлеу барысында тілдік
нормаларды сақтайды
2
Берілген жоспар мен тірек
сөздер бойынша әңгіме
құрастыруда қиналады.
Жоспарға сәйкес әңгіме
құрастыруда/ сөйлемнің
құрылымын сақтауда/ тірек
сөздерді қолдануда
қателіктер жібереді.
Берілген жоспар мен тірек
сөздер бойынша тақырып қа
сәйкес әңгіме құрастырады.
30

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген