жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Акимбекова Аймекен Таглымовна Тыңдаушы портфолиосы А және В бөлімі
Алматы қ. «Бағалауға арналған тапсырмаларды
әзірлеу және сараптау»
6-сынып
А бөлімі
Бөлім «Қазақстан қорықтары», «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада»
|
|
|
|
Оқу мақсаты |
6.3.3.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау |
|
|
|
6.4.5.1 жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану 6.5.2.1 жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастыру |
||
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау критерийі Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды
Тақырыпқа сай құрылымы сақталған эссе жазады
Жазбаша мәтінде сөйлем соңына койылатын тыныс белгілерді дұрыс қолданады
Жазба жұмысында сөздердің орын тәртібін сақтайды, жай сөйлемдер пайдаланады
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, тақырыбы мен негізгі ойды анықтаңыз
Достар, қала көшелерімен серуендеудің қызығы уақыт капсуласымен тарих қойнауына саяхат жасағаннан кем түспес деп ойлаймын. Бұған себеп – Алматыда тарихи жәдігерлермен қазіргі заман байлықтарының мол қазынасының сақталуы. Оңтүстік астананың баға жетпес осынау байлығын мұқият зерделеп көрейік. Дегенмен, көп сөйлеп қайтейін, нақты мысал келтірейін. Балалар, сендер ағаштан салынған әлемдегі ең биік құрылыстардың бірі Алматыда орналасқанын білесіңдер ме? Онымен қоса Алматыда мысырлық Луксор ескерткішіне ұқсас ескерткіш бар! Қала ғимараттарының қайсысы киіз үйге ұқсайды деп ойлайсыңдар? Ежелгі түркі аңызына сәйкес киелі әлем ағашы қаланың қай жерінде орналасқан? Иә-иә, мен жаңылысып отырған жоқпын, Жоғарғы, Ортаңғы және Төменгі әлемдерді байланыстыратын, басына Самұрық құс ұясын салатын киелі Бәйтерек туралы айтып отырмын. Сендер ол туралы білмейсіңдер ме? Ештеңе етпейді, қала ғимараттары мен құрылыстарын зерттей бастағанға дейін ол туралы мен де білмегем. Олай болса, уақытты босқа кетірмей, серуендеуге аттанайық. Әртүрлі шетелдік жолсілтегіш құралдардың үлгісі бойынша мен де оңтүстік астананың сұлу келбетімен танысқысы келген кез келген адамның міндетті түрде танысуы тиіс Алматының 10 көрікті жерінің тізімін жасадым. Серуенге шығуға дайынсың ба?
З. Төреханова
«Біздің сүйікті қаламыз – Алматы» деректі повесінен үзінді
1.Кестені толтырыңыз. Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтаңыз.
|
Жауап |
Үзіндіге қандай тақырып коюға болады? |
|
Үзіндінің негізгі ойы қандай? |
|
Ежелгі түркі аңызына сәйкес киелі әлем ағашы қаланың қай жерінде орналасқан? |
|
Қала ғимараттарының қайсысы киіз үйге ұқсайды деп ойлайсыңдар? |
|
Алматының көрікті жерлерін сипаттаңыз
|
|
2- тапсырма
«Алматы – әсем қала» тақырыбы бойынша шағын эссе жазыңыз. Жазба жұмысында құрылымды, сөздердің орын тәртібін сақтап жазыңыз. Сөзге қосымша жалғауда сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз. Ойыңызды жай сөйлемдермен жеткізіңіз.
Бағалау критерийі |
Тапсырма |
Дескриптор |
Балл |
|
№ |
|
|
|
Білім алушы |
|
|
|
|
|
|
Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды
|
|
Үзіндіге тақырып коя алады |
1 |
|
1 |
|
|
|
|
Үзіндідегі негізгі ойды анықтайды |
1 |
|
|
|
|
|
Бірінші сұраққа жауап береді Екінші сұраққа жауап береді Көрікті жерлерді сипаттайды |
1 1 1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тақырыпқа сай құрылымы |
|
эссе құрылымын сақтап жазады |
|
сақталған эссе жазады |
2 |
кіріспе |
1 |
|
|
негізгі |
1 |
|
|
қорытынды |
1 |
|
|
эссе мазмұнында тақырыпты |
1 |
|
|
ашады; |
|
Жазба жұмысында сөздердің орын тәртібін сақтайды, тыныс белгілерін дұрыс пайдаланады |
|
Жазба жұмысында сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады
|
1 |
|
3 |
Сөздердің орын тәртібін сақтайды |
1 |
|
|
|
|
|
|
Жай сөйлемдерді құрай алады |
1 |
|
|
|
|
Барлық балл |
|
|
12 |
14
«Қазақстан қорықтары», «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________
Бағалау критерийі
|
Оқу жетістігі деңгейі |
||
Төмен |
Орта |
Жоғары |
|
Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды |
Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтауда қиналады |
Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтауда қателеседі |
Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды |
Тақырыпқа сай құрылымы сақталған эссе жазады |
Эссе мазмұнында тақырыпты ашуда, құрылымын сақтап жазуда қиналады |
Эссе мазмұнында тақырыпты ашуда, құрылымын сақтап жазуда қателеседі |
Эссе мазмұнында тақырыпты ашады, құрылымын сақтап жаза алады |
Жазбаша мәтінде сөйлем соңына койылатын тыныс белгілерді дұрыс қолданады. сөздердің орын тәртібін сақтайды, жай сөйлемдер пайдаланады |
Жазбаша мәтінде орын тәртібін сақтап жазғанда, сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерде, жай сөйлемдер құрауда қиналады |
Жазбаша мәтінде орын тәртібін сақтап жазғанда, сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерде, жай сөйлемдер құрауда қателеседі |
Жазбаша мәтінде орын тәртібін сақтап жаза алады, сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерді орынды пайдаланады, жай сөйлемдер құрай алады |
В бөлімі
2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Тыңдалым - 10 минут
Оқылым – 10 минут Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны - 30 Тапсырма түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тап сыр ма |
Қамтылатын мақсаттар |
*Тапсырмаларға сипаттама |
*Тапсырма түрлері |
*Орын дау уақыты, мин |
Балл |
1 |
6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау 6.1.3.1 - тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну 6.1.6.1 -тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру 6.3.6.1 - тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру 6.3.3.1 -орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 6.3.1.1 - мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру 6.3.4.1 - мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру |
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 110-130 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында мазмұнды түсінуге бағытталған бірінші, екінші және үшінші тапсырмаларда дұрыс 1 жауапты белгілейді. Төртінші тапсырмада мәтінді тыңдау барысында берілген ақпараттардың «шын», «жалған» екенін табады. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды. Мәтіннің мазмұнына негізделген тапсырмада бос орындарға қажетті сөздерді тауып қояды, берілген сұраққа мәтін мазмұнына қарай жауап жазады. |
Көп таңдауы бар сұрақтар |
2 |
1 |
2 |
2 |
1 |
|||
3 |
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар |
2 |
1 |
||
4 |
2 |
1 |
|||
5 |
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
2 |
1 |
||
6 |
6.5.1.4 - өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану 6.4.5.1 - жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану 6.5.1.5 - етістіктің шақтарының (нақ осы шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану 6.4.2.1 - эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу 6.2.2.1 - тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу 6.2.5.1 - коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру 6.2.3.1 - ауызша мәтіндер құрауда лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту 6.2.1.1 - тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу |
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 130-150 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада берілген тұжырымдардан екі «шын» ақпаратты анықтайды. Екінші тапсырмада берілген сөздердің мәтіннен антоним, синонимін табады. Үшінші тапсырмада берілген тұжырым сөйлемдерді рет-ретімен орналастырады. Төртінші тапсырмада оқушы берілген сөйлемге қажетті сөзді қойып, толықтырады. Бесінші ашық сұраққа мәтіннің мазмұнын басшылыққа алып жауап береді. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін, сөздік қорын орынды пайдалана алуын, өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре алуын бағалайды. |
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар |
2 |
1 |
7 |
2 |
1 |
|||
8 |
Көп таңдауы бар сұрақтар |
2 |
1 |
||
9 |
2 |
1 |
|||
10 |
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
2 |
1 |
||
11 |
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында стильді сақтауын, қосымшаларды дұрыс жалғауын, сөйлем соңындағы тыныс белгілерді, өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін орынды қолдануын бағалайды. |
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
20 |
10 |
|
12 |
Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды оқушы өзі таңдайды). Жұптағы оқушылар берілген тақырып бойынша 4 минут диалогке түседі (әр оқушы диалогтe 6-8 сөйлем айту керек). Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды. Екі оқушының балы бір-біріне тәуелді емес. |
Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
Айты лым сабақ тан тыс уақытта бағала-нады, әр білім алушы- ға 2 минут беріледі |
10 |
|
Барлығы: |
40 минут |
30 балл |
|||
Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру. Электр қуаты-Өндірілетін отын түрлерінің 1/5 бөлігі электр қуатын және жылуды бөліп шығару үшін пайдаланылады. Қуаттың басқа түріне карағанда электр қуатының көптеген колайлы жақтары бар. Оны механикалық, жарық және жылу қуатына түрлендіріп сым арқылы тасымалдауға болады.
Электр
қуатын шаруашылықтың көптеген салаларында
пайдаланады. Қуаттың басқа түріне
қарағанда электр қуатына деген сұраныс
жыл өткен сайын артуда.Қазақстанда
электр стансасының 3 түрі қолданылады.
Жылу электр стансалары 2 түрге
бөлінеді; Электрлік энергияның маңызды
өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп,
сол уақытта тұтынуға болатын
Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің
аса маңызды міндеттерінің біріне
айналды. Өнеркәсібі дамыған әлемнің
барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу
шаралары дұрыс жолға қойылған. Сондықтан
әлем қайта қалпына келетін жергілікті
энергия көздерін энергия үнемдеудің
басты қайнар көзі ретінде қабылдап
отыр.
http://referatikz.ru/skrinshot/1/4/balamaly_ehnergija_k-zderi.jpg
Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
А) Қала, реттеу, жер
В) Отан, міндеттеу, қуат
С) Жабдықтау,өнеркәсіп, зерттеу,
Д) Зерттеу, қабылдау, айналу [1]
Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.
А) Электр энергиясын үнемдеу – бүгінгі басты міндет.
В) Еліміздегі ауыз су мәселесін шешу – басты міндет.
С) Мәтінде айтылған жер сілкінісі – басты мәселе.
Д) Көмір, көмірсутегімен жұмыс жасау өте маңызды. [1]
Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.
|
Мәтіндегі ақпараттар |
Шын |
Жалған |
А |
Энергия қорларын үнемдеу маңызды мәселе емес |
|
|
В |
Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны тез өндіріп, сол уақытта пайдалануға болады |
|
|
C |
Жылу электр стансалары 3 түрге бөлінеді |
|
|
[1]
Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.
/ лабораториялардан, табиғаттан, ауадан, тамшылардан/
Таза суды тек ––––––––––––––––––––––ғана алуға болады . [1]
Мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап беріңіз.
Энергия қорларын үнемдеу неліктен басты мәселе болып отыр?
_______________________________________________________________ [1]
Оқылым
2002 жылы Еуразияның кіндігі- Астананың төрінде «Астана- Бәйтерек» монументі салынды. Бұл монумент қазақ елі тамырын жеті қабат жер астына жіберген мәуелі бәйтеректей тарихы тереңде жатқан ел екендігінің дәлелі сияқты.
Бәйтерек Астана төрінде көк тіреп тұр. Биіктігі 97 метр, ХХ ғасырда дәл осы жылы қазақтың елордасы Ақмола да шаңырақ көтерді. Бәйтеректің сәулеткерлік шешімі үш буыннан тұрады:
-Бірінші бөлік жер асты бөлігі, ол 45 метр тереңге кеткен. Осы бөлікте балықтар жүзіп жүр, 7-метрлік аквариум су патшалығының кіші моделіндей.
-Екінші бөлік – Бәйтеректің діңгегі, металл конструкция. Осы жарты шар арқылы жоғарыға, Бәйтеректің ұшар басына көтерілесіз. Әуелі 93 метр биіктігі қаланы тамашалау алаңына аялдайсыз. Бұл жерден жаңа әкімшілік орталығы жақын көрінеді.
-Үшінші бөлік – диаметрі 22метр алып шар – Самұрықтың алтын жұмыртқасы. «Аялы алақан» композициясына асықпайтын жан кем де кем, осында келгендердің бәрі оны көргенше құмартады. Онда Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің алақаны таңбаланған. Соған саусағың тисе «Менің елім» әуені шалқи жөнеледі, бүкіл Қазақстан ән салып жатқандай.
1. Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.
|
Тұжырым |
Шын |
Жалған |
А |
Бәйтеректің бірінші бөлігі- жер асты бөлігі, ол қырық бес метр тереңге кеткен |
|
|
В |
«Астана- Бәйтерек» монументі 2007 салынды. |
|
|
С |
Бәйтерек Астана төрінде көк тіреп тұр. Биіктігі тоқсан жеті метр |
|
|
[1]
2-3. Мәтіннен берілген сөздердің омоним, антонимдерін табыңыз.
Жылы (омоним) - _____________________________________ [1
Төменге(синоним) -____________________________________ [1]
Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2,3).
Мәтіндегі ақпараттар |
Реті |
-Бірінші бөлік жер асты бөлігі, ол 45 метр тереңге кеткен. Осы бөлікте балықтар жүзіп жүр, 7-метрлік аквариум су патшалығының кіші моделіндей. -Екінші бөлік – Бәйтеректің діңгегі, металл конструкция. |
|
Бәйтеректің сәулеткерлік шешімі үш буыннан тұрады:
|
|
Онда Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің алақаны таңбаланған. |
|
[1]
Сұраққа толық жауап беріңіз.
Еуразияның кіндігі- Астананың төріндегі «Астана- Бәйтерек» монументі туралы не айтар едіңіз?
__________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
Жазылым
Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.
Электр қуаты және түрлері туралы не білеміз?
Қуат көзін үнемдейтін құрылғы туралы
Шығарма жазу. Сіз өз шығармаңызды жазып, қандай жаңалық аша аласыз?
Астана –жас қала.
Астана – бас қала. Сабақта Астана қаласы туралы өтілді. Қаланың көптеген мәдени, өнер ордаларымен таныстыңыз. Сізге қай мәдени орын ерекше ұнады? Өз ойыңызды қағаз бетіне түсіріңіз. Шағын әңгіме жазыңыз
«Биоалуантүрлілікті сақтауда қорықтардың маңызы қандай?» деген тақырыпта құрылымын сақтап, эссе жазыңыз. [10]
Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. (6-8 сөйлем). Диалог құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің
интонациялық ерекшелігін ескеріңіз. [10]
Ұсынылатын тақырыптар
Қазақстан қорықтары және оның түрлері. Өз ойыңды айт
Қуат көзін үнемдей білеміз бе?
«Астана- мәдениет пен өнер ордасы» деген пікірге келісесіз бе?
Жер байлығы деген не?
Астанадағы сәулет және өнер кешендері туралы не айтасың?
Ауыл мен қала тыныс- тіршілігінің айырмашылығы неде?
Балл қою кестесі
Тыңдалым
Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.
Сұрақ |
Жауап |
Балл |
Жалпы балл |
1 |
С |
1 |
5 |
2 |
А |
1 |
|
3 |
В |
1 |
|
4 |
Лабораторияларда |
1 |
|
5 |
Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Сондықтан әлем қайта қалпына келетін жергілікті энергия көздерін энергия үнемдеудің басты қайнар көзі ретінде қабылдап отыр. |
1 |
Оқылым
Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.
Сұрақ |
Жауап |
Балл |
Жалпы балл |
1 |
В |
1 |
5 |
2 |
Жылы, 2002 жылы, осы жылы (омоним) |
1 |
|
3 |
Төменге - жоғарыға(синоним) |
1 |
|
4 |
Бәйтеректің сәулеткерлік шешімі үш буыннан тұрады:
-Бірінші бөлік жер асты бөлігі, ол 45 метр тереңге кеткен. Осы бөлікте балықтар жүзіп жүр, 7-метрлік аквариум су патшалығының кіші моделіндей. -Екінші бөлік – Бәйтеректің діңгегі, металл конструкция. Онда Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің алақаны таңбаланған. |
1 |
|
5 |
Бәйтерек Астана төрінде көк тіреп тұр. Биіктігі 97 метр, осы жылы қазақтың елордасы Ақмола да шаңырақ көтерді. Жер асты бөлігі, ол 45 метр тереңге кеткен. Диаметрі 22метр алып шар – Самұрықтың алтын жұмыртқасы. |
1 |
Жазылым
Балл |
Мазмұны мен тіл сапасы |
9-10 |
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
7-8 |
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
5-6 |
Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға |
|
тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
3-4 |
Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді. |
1-2 |
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп кездеседі. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп болғандықтан, ойды түсіну өте қиын.
|
Айтылым
Балл |
Негізгі ойды ашуы мен сөз қолданысы
|
9-10 |
Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
|
7-8 |
Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасындақателер жібереді.
|
5-6 |
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.
|
3-4 |
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.
|
1-2 |
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды үнемі қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел көп ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан , сөз қайталаулар өте көп. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда түсінуге қиындық келтіретін қателер жиі кездеседі.
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген