400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Базылбекова Айдана Рахымбекқыз Тыңдаушының портфолиосы А және В бөлім

Алматы қ. «ПШО» филиалы «Бағалауға арналған тапсырмаларды

құрастыру және сараптау» курсы


А бөлімі


Бөлім «Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.», «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі», «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!»»


Оқу мақсаты

7.3.5.1 қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну

7.4.5.1 тақырып бойынша оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

7.5.1.6 мақсат және себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орындықолдану.





Бағалау критерийі









Ойлау дағдыларының деңгейі


Орындау уақыты

Білім алушы

  • Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынады

  • Оқшау сөздердің тыныс белгілерін орынды қолданады

  • Мақсат және себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда дұрыс қолданады



Қолдану


15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінге ат қойыңыз. Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, берілген кластерді толтырыңыз.

Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.)

Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлан жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр деп атайды. Ал оның жүйріктігіне, тағы басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған.

Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б.осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған.

Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. Өзі майда, өсімтал, момақан,тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады.


Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/referat/1959-mal.html





Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Төрт түлік мал



Shape9 Shape7 Shape6 Shape8

қой

түйе

жылқы

сиыр






Shape10

жасына қарай атауы



Shape14 Shape13 Shape12 Shape11

Shape15 Shape18 Shape17 Shape16




Shape19

тигізетін пайдасы



Shape20

Shape21 Shape23 Shape22

Shape25 Shape24

Shape27 Shape26





2-тапырма

Төмендегі оқшау сөздерді қатыстырып «Наурыз» тақырыбына 8-10 сөйлем құрастырыңыз және тыныс белгілерді орынды қолданыңыз

Алақай, па, шіркін, бәсе, әрине, мүмкін, сірә, шырағым, қарағым


3-тапсырма

Көп нүктенің орнына қажетті үстеулерді қойыңыз. Мақсат және себеп-салдар үстеулерді ажыратып, жақша ішіне жазыңыз

Қажетті үстеулер: босқа, әдейілеп, тез-тез,тіпті

Асқар уақытын ... өткізбей домбыра үйірмесіне барады.

Домбыраны шерткенде үні таза болу үшін ағашты  суға ... қайнатады.

Оқушылар сахналық қойылымға үлгеріп келу үшін ... жүгіріп келді.

Домбыра арқылы күй, терме,толғау ... классикалық шығармалар орындауға болады.




Бағалау критерийі

№

тапсырма

Дескриптор

Балл



Білім алушы



Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынады




1

Мәтінге ат қояды.

Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, төмендегі кестені толтырады.

Түйенің жасына қарай атауын, тигізетін пайдасын анықтайды

Жылқының жасына қарай атауын, тигізетін пайдасын анықтайды

Сиырдың жасына қарай атауын, тигізетін пайдасын анықтайды

Қойдың жасына қарай атауын, тигізетін пайдасын анықтайды


1




1


1


1


1



Оқшау сөздердің тыныс белгілерін орынды қолданады






2






«Наурыз» тақырыбына 8-10 сөйлем құрастырады

Оқшау сөздерді қатыстырады

Тыныс белгілерді орынды қолданады


1


1

1



Мақсат және себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда дұрыс қолданады


3

Көп нүктенің орнына қажетті үстеулерді қояды.

Сөйлемдерден мақсат үстеулерді ажыратады

Сөйлемдерден себеп -салдар үстеулерді ажыратады


1


1


1



Барлығы



11


Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.», «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі», «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)


Білім алушының аты-жөні_________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

ҚShape28 осымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынады


Мәтінге ат қоюда және

мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, кестені толтыруда

Shape29 қиналады


Мәтінге ат қоюда және

мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, кестені толтыруда

Shape30 қателер жібереді

Мәтінге ат қояды.

Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, төмендегі кестені толтырады.

Shape31

Оқшау сөздердің тыныс белгілерін орынды қолданады


Shape32

«Наурыз» тақырыбына 8-10 сөйлем құрастыруда, оқшау сөздерді қатыстыруда тыныс белгілерді орынды қолдануда

қShape33 иналады


«Shape34 Наурыз» тақырыбына 8-10 сөйлем құрастыруда, оқшау сөздерді қатыстыруда тыныс белгілерді орынды қолдануда қателеседі


«Shape35 Наурыз» тақырыбына 8-10 сөйлем құрастыруда, оқшау сөздерді қатыстыруда тыныс белгілерді орынды қолданады


Мақсат және себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда дұрыс қолданады

Shape36

Көп нүктенің орнына қажетті үстеулерді қоюда,

мShape37 ақсат және себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда дұрыс анықтауда қиналады


Көп нүктенің орнына қажетті үстеулерді қоюда,

мShape38 ақсат және себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда дұрыс анықтауда қателеседі

Көп нүктенің орнына қажетті үстеулерді қояды,

мShape39 ақсат және себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда дұрыс қолданады


В бөлімі

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу


Ұзақтығы: 40 минут

Тыңдалым - 10 минут

Оқылым – 10 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр оқушыға 2 минут беріледі)

Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады: біріншісі -тыңдалым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және тілдік бағдар, төртіншісі – айтылым және тілдік бағдарды тексеруге арналған.









Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-4




7.1.3.1 Әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

Көп таңдауы бар сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар 165 сөзден тұратын мәтінді 2 рет тыңдайды.

(аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді).

Оқушылар мәтінді тыңдай отырып, мәтіннің мазмұны мен идеясына негізделген тест тапсырмасын орындап, төрт нұсқаның ішінен дұрыс 1 жауапты белгілейді. Екінші тапсырмада ғаламтор желісінің пайдасын бес сөзбен сипаттайды , үшінші тапсырмада ақпараттардың шын/жалған екенін анықтайды, төртінші тапсырмада ғаламтордың қолжетімділігін бір сөйлеммен жазады. Оқушының мәтіндегі тақырыптық сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінгені бағаланады.

10

5

5-8




7.3.5.1 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 194 сөзден тұратын мәтінді оқиды.

Мәтін мазмұны бойынша берілген сұраққа жауап береді. Оқушының мәтіндегі мәліметтерді кесте, сызба, шартты белгілер арқылы ұсына білуі бағаланады.

10

5

9

7.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу

7.5.2.1 Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру


Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушы берілген пікірмен келісу/келіспеу себептерін баяндап, эссе жазады. Күрделі сөздерді дұрыс жазуы, оқшау сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоюы, салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыра білуі бағаланады.

20

10

10

7.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар үш тақырыптың бірін таңдап, ауызша мәтін құрайды.

Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айтуын бағалайды.

Тыңдалым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға

3-5 минут беріледі)


10

Барлығы

40 минут

30

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі

«Қазақ тілі Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Тыңдалым

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қоланушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытында қарауға жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпаратты қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. Әрине кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса оның зияны болады, мысалы тамақтың өзін қалыптан көп ішу, кітапты өте көп уақыт көз алмай оқу, көп ұйықтау т.б. Сондықтан ғаламтордың тек жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге қолданған жөн.

Ғаламтордың қол жетімділігі:

  1. Алысты жақындату

  2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.

  3. Сана-сезімді жоғарылату.

  4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламасына сұранысты арттыру.

  5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.

  6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.

  7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.

  8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.

(165 сөз)https://u-s.kz/publ/2923-alamtordy-paydasy-zhne-ziyany.html

1.Мәтіннің негізгі ойы қандай?

А)Білім туралы

Б)Өркениет туралы

В)Ғаламтор туралы

С)Мәдениет туралы

2. Ғаламтор желісінің пайдасын бес сөзбен жазыңыз ____________________________________________________ [1]

3. Ақпараттардың шын немесе жалған екенін анықтаңыз



Шын

Жалған

1. Адам үшін ғаламтор желісінің пайдасы болмайды



2.Ғаламтор арқылы қашықтықтан оқу мүмкіндігі бар



3.Ғаламтор желісін шектеусіз пайдаланудың зияны болмайды



[2]


4. Ғаламтордың қолжетімділігі неде? Бір сөйлеммен жазыңыз [1]


____________________________________________________

Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындаңыз.

Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінде: ән мен күй домбырасы, торсық, тұмар, кең шанақты (екі нұсқасы), балдырған, балашық, шіңкілдек, аша, үш ішекті, қуыс мойын, шертер. Оркестор домбыралары: қоңыр дауысты (альт), жіңішке дауысты (прима), ащы дауысты (секунда), бас домбыралар (екі нұсқасы). Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).

Қобыз –көнеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы. Скрипка аспабының атасы саналатын қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген.

Қобыз қайың, арша сияқты ағаштардың тұтас бөлігінен шауып жасалады. Бас, кеуде, аяқ бөліктерінен тұрады. Төменгі бөліктерімен қапталып, оған тиек қойылады. Екі ішегі жылқы қылынан тартылады. Аспап табиғи дыбыстарды айнытпай шығарады. Қобыз сөзі «қобыдан шыққан дыбыс» деген мағына береді. Қобыздың нар қобыз, қыл қобыз, шаң қобыз сияқты түрлері бар. Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады.


(194 сөз)

https://massaget.kz/mangilik_el/shanyirak/salt-dastur/53033



  1. Қандай халық аспап түрлерін білесіз?

___________________________________________________

[1]

2. Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып домбыра мен қобыз түрлерін жазып, диаграмманы толтырыңыз .

Shape40 Shape41

[Shape42 2]

Shape44 Shape45 Shape43

Домбыра түрлері

Қобыз түрлері


Shape46



Shape47 Shape49 Shape50 Shape48




3Shape51

Домбыра

.Мәтін бойынша домбыраның құрылысы мен қосымша бөлшектерін кластер арқылы көрсетіңіз


Shape53 Shape52 [2]

Shape55 Shape54

Қосымша бөлшектері

Құрылысы




Shape57 Shape56

Shape59 Shape58





Жазылым

Төрт түлік мал – пайда көзі» деген пікірмен келісесіз бе? Әлде пайданың басқа да көзі бар ма? Өз пікіріңізді дәлелдеп эссе жазыңыз. Жазылымда күрделі сөздерді, ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді қатыстырыңыз.

[10]

Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, ауызша мәтін құрастырыңыз.

Ауызша мәтін құруда екпін түрлерін дұрыс қолданыңыз. (әр оқушыға 2 минут)

[10]

Мәтін тақырыптары

  1. «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»

  2. Әлемге танымал «Ұлытау»

  3. «Төрт түліктің пайдасы»



Балл қою кестесі

Тыңдалым, оқылым

Дағды

№

Жауап

Балл

Жалпы балл



Тыңдалым

1

В

1





5 балл

2

оқушы жауабы ескеріледі

1

3

1 – жалған, 2 – шын, 3 – жалған

2

4


оқушы жауабы ескеріледі


1



Оқылым

1

оқушы жауабы ескеріледі

1




5 балл

2

Қобыздың нар қобыз, қыл қобыз, шаң қобыз.

Домбыраның ән мен күй домбырасы, торсық, тұмар, кең шанақты (екі нұсқасы), балдырған, балашық, шіңкілдек, аша, үш ішекті, қуыс мойын, шертер т.б. (оқушы жауабы ескеріледі.

2

3


Домбыра құрылысы:басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Қосымша бөлшектері: тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік.


2


10 балл






Жазылым

Балл

Мазмұны

(5 балл)

Тіл сапасы

(5 балл)



5



Өте жақсы

Эссе құрылымында (кіріспе, негізгі және қорытынды) бөлімдері сақталған, жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Өте жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.



4

Жақсы

Эссе құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) бөлімдері сақталған, жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді.

Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.



3

Қанағаттанарлық

Эссе құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды) бөлімдерін, жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Қанағаттанарлық

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.




2

Төмен

Эссе құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп

болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.


1

Өте төмен

Эссе құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген.

Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.

Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.

Өте төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.





Айтылым

Балл

Негізгі ойды ашуы

(5 балл)

Сөз қолданысы

(5 балл)



5



Өте жақсы

Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.


Өте жақсы

Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді. Ауызша мәтін құруда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде дұрыс қолданады.




4

Жақсы

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.

Жақсы

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. Ауызша мәтін құруда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде қолданады.





3

Қанағаттанарлық

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын

ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.

Қанағаттанарлық

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. Ауызша мәтін құруда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде қолдануда қателіктер жібереді.





2

Төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.


Төмен

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді. Ауызша мәтін құруда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде қолдануда қателік жібереді.



1

Өте төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.


Өте төмен

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді. Ауызша мәтін құруда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде қолдануда көп қателік жібереді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
1166
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі