400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Туленгутова Назгуль Исатайкызы Тыңдаушының портфолиосы А және В бөлім

Алматы қ. «ПШО» филиалы «Бағалауға арналған тапсырмаларды

құрастыру және сараптау» курсы



А бөлімі

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі», «Таулар сыры»



Оқу мақсаты


6.3.2.1 - ресми стильдегі мәтіндердің ерекшелігін анықтау (күнделік)

6.4.5.1 жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу

6.5.1.2 лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану



Бағалау критерийі



Білім алушы


  • Ресми стильдегі ақпараттардың ерекшелігін анықтайды

  • Жазбаша мәтінді орфографиялық нормаға сай жазады

  • Қосымша жалғауда үндестік заңын ескереді

  • Жазбаша, ауызша жұмыста сын есімдерді ажыратады



Ойлау дағдыларының



Қолдану


деңгейі


Орындау уақыты



20-25 минут


1-тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, күнделіктің жанрлық ерекшелігіне талдау жасаңыз.


  1. тамыз


Біздің қалаға көшіп келгенімізге 15 күн болды. Ауылдың тып-тыныш тіршілігіне үйреніп қалған екенбіз, үлкен қаланың шулы өміріне үйрену оңай болмасы анық. Бүгін анаммен киім алуға базарға бардым. Автобуспен бір жарым сағатқа жуық уақыт жүріп барғанша қатты ішім пысып, зерігіп кеттім. Қаланың адамдары бәріне үлгеру үшін асығып жүреді екен. Биік ғимараттар мен ерсілі-қарсылы жүріп жатқан көліктерден басым айналды.



7 қыргүйек


Бүгін – дүйсенбі. Жаңа мектебім өзіме өте қатты ұнап жүр. Іші хан сарайындай кең әрі жап-жарық ! Оқу бөлмелері кәзргі заманға сай соңғы технологиялармен жабдықталған. Тіпті зертханалар да бар! Түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Спорт залы қандай керемет! Айтпақшы, бұл мектептің ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаев атамыз қатысыпты.


  1. қыргүйек


Сыныбымызбен қаладағы Абай атындағы театрдың қойылымына бардық.

Жаңа үлгідегі театрдың ішіне кіргенде, аузым ашылып қалды. Төбедегі аспашамдарының үлкендігі соншалық, үстіме құлап кететіндей көрінді. Едені жалт-жұлт етіп, тайғанап құлап қалатындай, құрбымның қолынан қысып алдым. Қойылым біткенше, қозғалмастан отырдым. Актерлердің ойнау шеберлігі мен сахнаның безендірілуінен ерекше әсер алдым. Келесі жолы отбасыммен келу керек екен.









Күнделіктің


жанрлық


ерекшеліктері






Дескриптор Білім алушы


  • күнделік жанрына тән 4 ерекшелікті анықтайды;

  • анықталған ерекшеліктерді кластерге толтырады.






2-тапсырма.

Берілген суреттер бойынша ауыл мен қала туралы жазбаша мәтін құраңыз. Мәтінде тәуелдік, септік жалғауларын дұрыс қолданыңыз.




Ауыл көрінісі

Қала көрінісі

Shape1


Ауылдағы демалыс

Қаладағы демалыс


https://www.google.kz/search?biw=1366&bih


Дескриптор Білім алушы


  • суреттердің көмегімен ауыл мен қаланың айырмашылығы туралы жазбаша мәтін құрайды;


  • мәтіндегі сөздерге тәуелдік, септік жалғауларын жалғайды;

  • үндестік заңын ескереді.



3-тапсырма.

Мәтіннен сын есімдерді тауып, кестеге мағынасына қарай жіктеп жазыңыз.

Бір күні гүлдеп тұрған бау-бақшаның қасынан ұшып бара жатқан жел бір жағымды жұпар иісті сезеді. Ол иісті білмекші болып, гүлдеп тұрған үлкен ағаштың біріне жақындайды.

Ағаштың бұтақтарында жайқалып тұрған нәзік гүлдерге таңырқай қарайды. «Неткен ғажап, әдемі еді!» - деп таңданады. Қыдырымпаз жел бақта қыдыруды әдетке айналдырды.

Біраз уақыт өткен соң ол тағы сол бақтың қасынан ұшып бара жатып, гүлдерді тамашаламақ болып тоқтайды. Ол бақтың аумағы өте үлкен еді. Бірақ жұпар иісті, кішкентай нәзік гүлдердің орнына хош иісті, ауыр-ауыр, үлкен алмалардың өсіп тұрғанын көреді. Ол тағы да таңырқап «Айнала қалай өзгерген, мынау бір ғажап екен!»-дейді. Осылайша, күн сайын, апта сайын ары-бері ұшқан жел осы алма бақтарын аралауды әдетке айналдырыпты. Баққа қыдырып келген адамдар, ойнап жүрген балалардың бәрі сол шырынды, дәу алмаларды үзіп жеп, дәмінен рақат алып, мәз болды.








Заттың сипаты

Заттың көлемі

Заттың

салмағы

Заттың

аумағы



















Дескриптор Білім алушы

- сын есімдерді дұрыс табады

- сын есімдерді мағынасына қарай кестеге жіктейді


Бағалау критерийі

Тапсырма

№

Дескриптор

Балл

Білім алушы

  • Ресми стильдегі ақпараттардың ерекшелігін анықтайды


1

күнделік жанрына тән 1ерекшелікті анықтайды;

1

күнделік жанрына тән 1 ерекшелікті анықтайды;

1

күнделік жанрына тән 1 ерекшелікті анықтайды;

1

күнделік жанрына тән 1 ерекшелікті анықтайды;

1

  • Жазбаша мәтінді орфографиялық нормаға сай

жазады

  • Қосымша жалғауда үндестік заңын ескереді






2

суреттердің көмегімен ауыл мен қаланың айырмашылығы туралы жазбаша мәтін құрайды;

1

мәтіндегі сөздерге тәуелдік, септік жалғауларын жалғайды;

1



үндестік заңын ескереді;

1

  • Жазбаша, ауызша жұмыста сын есімдерді

ажыратады




3

кестені дұрыс толтырады;



1

сын есімдерді дұрыс белгілейді;

1

Барлық балл

9







«Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі», «Таулар сыры» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ______________________________________




Бағалау

критерийі



Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Ресми стильдегі ақпараттардың ерекшелігін анықтайды.

Жазбаша мәтінді орфографиялық нормаға сай жазады


Күнделік жанрына тән 4 ерекшелікті

анықтауда қиналады.



Shape2

Күнделік жанрына тән 4 ерекшелікті

анықтауда

қShape3 ателеседі.

КShape4 үнделік жанрына тән 4 ерекшелікті дұрыс анықтайды.

Қосымша жалғауда үндестік заңын ескереді.



Қосымша жалғауда үндестік заңын қолдануда қиналады.

Shape5

Қосымша жалғауда үндестік заңын қолдануда қателеседі.

Shape6

Қосымша жалғауда үндестік заңын дұрыс қолданады.

Shape7

Жазбаша, ауызша жұмыста сын есімдерді ажыратады.


Жазбаша, ауызша жұмыста сын есімдерді қолдануда қиналады.

Shape8

Жазбаша, ауызша жұмыста сын есімдерді қолдануда қателеседі.

Shape9

Жазбаша, ауызша жұмыста сын есімдерді дұрыс қолданады.

Shape10

В бөлімі



1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 40 минут

Тыңдалым - 10 минут

Оқылым – 10 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны - 30

Тапсырма түрлері

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Көп таңдауы бар сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы





*Тап сырма

Қамтылатын мақсаттар

*Тапсырмаларға сипаттама

*Тапсырмалар түрлері

*Орындау

уақыты, мин

Балл

1

6.1.1.1 - тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау

6.5.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау

6.1.3.1 - тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну

6.3.5.1 - қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді мәтін мазмұнымен салыстыру, қарама-қайшы ақпараттарды анықтау

6.3.4.1 - мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру

6.3.1.1 - мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру

6.3.6.1 - тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру

Тапсырма жеке орындалады.

Оқушылар тақырыпқа қатысты тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды.

Мәтінді тыңдау барысында мазмұнды түсінуге бағытталған бірінші, екінші және үшінші тапсырмаларда дұрыс 1 жауапты белгілейді. Төртінші тапсырмада мәтінді тыңдау барысында берілген ақпараттардың «шын», «жалған» екенін табады. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды. Мәтіннің мазмұнына негізделген тапсырмада бос орындарға қажетті сөздерді тауып қояды, берілген сұраққа мәтін мазмұнына қарай жауап жазады.

Көп таңдауы бар сұрақтар

2

1

2

2

1

3

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

2

1

4

2

1

5

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

2

1

6

6.5.1.2 - лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

6.4.3.1 - жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу

6.5.1.3 - реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды

қолдану

6.2.2.1-тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу

6.2.3.1 - ауызша мәтіндер құрауда хабарлы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін

ескеріп айту

6.2.5.1 – коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру

Тапсырма жеке орындалады .

Оқушылар тақырыпқа қатысты 130-150 сөзден тұратын мәтінді оқиды.

Бірінші тапсырмада берілген тұжырымдардан екі «шын» ақпаратты анықтайды.

Екінші тапсырмада берілген сөздердің мәтіннен антоним, синонимін табады.Үшінші

тапсырмада берілген тұжырым сөйлемдерді рет-ретімен орналастырады. Төртінші тапсырмада оқушы берілген сөйлемге қажетті сөзді қойып, толықтырады. Бесінші ашық сұраққа мәтіннің мазмұнын басшылыққа алып жауап береді.

Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін, сөздік қорын орынды пайдалана алуын, өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре алуын бағалайды.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

2

1

7

2

1

8

Көп таңдауы бар сұрақтар

2

1

9

2

1

10

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

2

1

11

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында стильді сақтауын, қосымшаларды дұрыс жалғауын, сөйлем соңындағы тыныс белгілерді, реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді орынды қолдануын бағалайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

12

Тапсырма жұпта орындалады.

Екі оқушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып

беріледі (тақырып жазылған қағаздарды оқушы өзі таңдайды). Жұптағы оқушылар берілген тақырып бойынша 4 минут диалогке түседі (әр оқушы диалогтe 6-8 сөйлем айту керек).

Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды. Екі оқушының балы бір-біріне тәуелді емес.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым сабақтан тыс

тексеріледі, әр білім

алушыға 2 минут беріледі.

10

Барлығы:

40 минут

30 балл

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі

Оқушының аты-жөні :

Сыныбы :

Күні :

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



Тыңдалым



Отбасында негізгі туыстық қатынас ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйелдер жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп,балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталады. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін түсірмеуге тырысқан.

Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы отбасы болып саналады.

Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол: ата, әке, бала. Аталар мен әжелер – ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау – көргенділік. Дәстүрлі қоғамда ата-әжесінің тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан, балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген.


1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.

  1. Отбасы, туыс, бала, ата.

  2. Тыңдау, ақыл, негізгі, апа.

  3. Туыс, салт, туыс, отбасы.


D) Үлкен, әжелер, үш, ұрпақ.

2. «Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау – көргенділік» нақыл сөзіне сәйкес келетін ойды анықтаңыз.

A) Үлкендерге ақыл айту.

  1. Қазақ отбасының бақыты.

  2. Сый-құрметке бөлеу.

[1]

D) Әдепті болу.


[1]


  1. Тыңдалым мәтінінің мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.


Мәтіндегі ақпараттар

Шын

Жалған

А )

Отбасында негізгі туыстық қатынас есептелмейді.

В )

Туыстық жүйенің ең негізі бала.

C)

Шешенің туысы нағашы жұрт деп аталады.

[1]

  1. Бос орынға қажетті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз. /сыйластықтан, кісіден, ұрпақтан, әкеден, баладан/

Қазақ отбасы негізінен үш ____________ тұрады. [1]

  1. Сұраққа толық жауап жазыңыз.

Отбасының татулығы неде?

_______________________________________________________________

[1]

Оқылым

Әр адамның өз ортасы, өз ауылы ыстық қой?! Менің ауылымда көптеген ғимараттар, мәдениет үйі, мешіт, мұражай, балабақшалар, супермаркеттер, теміржол вокзалы, тіптен саябақта бар. Қалаға автобустар қатынайды. Кейде бос уақытымда саябаққа барып, кітапханадан алған кітаптарымды оқып отырамын. Үйде отырғанымда пойыздың пышпа - пышпа деген дауысы да естіледі. Ауылымның адамдары пойызбен Астана., Қостанай қалаларына барады. Вокзалымыз әдемі салынған. Жаз кезінде жазғы демалыс алдында апайымызбен саяхаттап табиғатқа шығамыз. Түрлі ойындар ойнап, табиғатты бірге тамашалаймыз. Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.

Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ көбіне өзімшіл болып келеді. Қаланың тыныс-тіршілігі басқаша, уақытпен жарысқан халық. Таңнан кешке дейінгі кептелістер адамды жалықтырып та жібереді. Жалпы негізі "Жерімнің гүлденгені - Қазақ елінің гүлденгені "- деп ойлаймын.

http://bilimsite.kz/okushi





1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.


Тұжырым

Шын

Жалған

А

Қалаға автобустар қатынайды.

В

Біздің мақсатымыз дұрыс білім алмау, ел болашағын ойламау.

С

Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады.

[1]

2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

Қатал (антоним) - ______________________________________ [1]

Өркөкірек (синоним) - ______________________________________ [1]



4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1,2,3).


Мәтіндегі ақпараттар

Реті

Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады.

Қалаға автобустар қатынайды.

Түрлі ойындар ойнап, табиғатты бірге тамашалаймыз.

[1]

5. Сұраққа толық жауап жазыңыз.

Қала адамдары қандай?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

[1]

Жазылым

Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

  1. Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

Қысқы демалыс кезінде ауылдағы достарыңыз қалаға қыдырып келді. Достарыңызбен қаланы аралауға шықтыңыз. Қандай жерлерге апаратын едіңіз? Не себепті? Қала өмірінің ерекшелігін және барған жерлеріңіз туралы сипаттап жазыңыз.



  1. Отан отбасынан басталады

Бәріміздің өз отбасымыз бар. Сол отбасымызда туысқандарымыз, бауырларларымыз өмір сүреді. Сіздің де отбасыңыз бар. Барлығы сізді жақсы көреді, сіз де оларды жақсы көресіз. Отбасыңыздың бір мүшесін сипаттап жазыңыз.

  1. Таулар сыры

Біздің еліміз жазық жерде орналасқанымен, кейбір облыстарда таулар да бар. Егер еліміз тек таулы жерде орналасса, қандай мүмкіндіктер мен ерекшеліктер болар еді? Өз

ойыңызды жазыңыз.

[10]



Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8 сөйлем). Диалогке қатысуда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің

интонациялық ерекшелігін ескеріңіз. [10]

Ұсынылатын тақырыптар

    1. Сіз үшін отбасының маңызы қандай?

    2. Өз отбасыңызда қандай мерекелер тойланады?

    3. Сізге қала өмірі ұнайды ма, әлде ауыл өмірі ұнайды ма? Неліктен?

    4. Қала мен ауыл өмірінің айырмашылығы туралы не айтасыз?

    5. Тұратын мекеніңіз несімен ерекшеленеді?

    6. Қазақстан тауларын білеміз бе? Олар туралы не білесіз?

    7. Сізге тауға саяхат жасаған ұнай ма? Несімен ұнайды?


Жалпы балл саны: 30

Балл қою кестесі

Тыңдалым

Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

Сұрақ

Жауап


Балл

Жалпы балл

1

С


1

5

2

Д


1

3

С


1

4

ұрпақтан


1

5

Отбасының татулығы ауызбіршілік

сыйластықта

пен

1

Оқылым

Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1

В

1

5

2

Қатал-мейірімді (антоним)

1

3

Өркөкірек-өзімшіл (синоним)

1

4

Қалаға автобустар қатынайды.

Түрлі ойындар ойнап, табиғатты бірге тамашалаймыз.

Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады.

1

5

Қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал,

мейірімді

1





Жазылым

Балл

Мазмұны мен тіл сапасы

9-10

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

7-8

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді.

Ойын жеткізеді.

Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

5-6

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер


жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3-4

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1-2

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген.

Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.

Ойын жеткізе алмаған.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп кездеседі.

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп болғандықтан, ойды түсіну өте қиын.





Айтылым


Балл

Негізгі ойды ашуы мен сөз қолданысы

9-10

Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

7-8

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

5-6

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

3-4

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.

1-2

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беру

де қолдауды үнемі қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел көп ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда түсінуге қиындық келтіретін қателер жиі кездеседі.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
2369
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі