Сабақтың
басталуы
10
минут
Сабақтың
ортасы
15 минут
5 минут
10
минут
Сабақтың соңы
5 минут
|
І.Ұйымдастыру
кезеңі
Психологиялық ахуал
«Арқаға жазылған
комплименттер»
Сабақтың тақырыбы мен оқу
мақсатымен таныстыру;
Ойтүрткі
1.«Бокс» деген сөзді естігенде
ойыңа қандай ұғымдар келеді?
2. Бұл спорт түрінің ерекшелігі
неде? 3.Әлемдік, қазақстандық боксшылар туралы айтып бере аласың
ба?
1-тапсырма
1)Мәтінді мұқият тыңдап,
сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Мәтін неге «Жиырма жыл
күткен жеңіс» деп аталған?
2. «Ақ түйенің қарны
жарылды» дегенді қалай түсінесіңдер?
3. «Алтынмен апталып, күміспен
күптеліп» дегенді ше?
2) Мәтіннен детальді
ақпараттарды анықта.
ТІЛДІК
БАҒДАР
Етіс. Етіс түрлері Қимылдың, іс-әрекеттің
орындаушыға немесе іспен байланысты затқа қатысын білдіретін
етістіктің түрі етіс деп аталады. Етістер мағынасына, морфологиялық
тұлғасына қарай төрт түрлі болады. Олар: өздік етіс, өзгелік етіс,
ырықсыз етіс, ортақ етіс. Өздік етіс Іс, қимыл, амал-әрекеттің сол
істі істеушінің өзіне жұмсалуын білдіретін етістіктің түрін өздік
етіс дейді. Өздік етіс сабақты етістіктің түбіріне -ын, -ін, -н
жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Бұл жұрнақтар дауысты дыбыстан
кейін -н түрінде жалғанады да, дауыссыз дыбыстардан соң -ын, -ін
түрінде жалғанады. Мысалы: Мен тарандым. Сен жуындың. Ол киінді.
Болат шешінді деген сөйлемдерде тарау, жуу, кию, шешу қимылын
бірінші, екінші, үшінші жақтағы адамдардың өздеріне жұмсағандығы
айтылады. Өзгелік етіс Қимыл-амалды істі істеушінің өзі емес, басқа
біреу арқылы жасағандығын білдіретін етістіктің түрін өзгелік етіс
дейді. Мысалы: Біржан ән айтты. – Біржан Әйгерімге ән айтқызды. Біз
шығарма жаздық. – Біз жоғары сынып оқушыларына шығарма жазғыздық.
Өзгелік етістер етістіктің түбіріне -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр,
-ір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -т, -ыр, -ір жұрнақтары жалғану арқылы
жасалады.
2-тапсырма.
Берілген етістіктерден өздік етіс жасап,
спорт тақырыбына қатысты сөйлем құрап жаз.
Ора,
сұра, ойла, сүрт, лақтыр.
ЕББҚ оқушыға
тапсырма
6-тапсырма.
Қажетті етістіктерді
мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлемді аяқтап жаз. Етіс түрлерін
анықта.
Жарыстарда әйгілі мықтылармен
... Ринг алаңында қалуын ...
Жастарға арнап ауылда спорт
мектебін ...
Сидней Олимпиадасының чемпионы
...
Бокста дүниежүзін
...
Еліміздің көк туын әлемдік
жарыстарда ...
Жеңіс туын олжалағанына
...
Алтын жүлде қанжығасына
...
Қажетті етістіктер:
байланды, желбіретті, жұдырықтастырды, атанды, қуанды, бағындырды,
салдырды, өтінді.
Рефлексия
Алшы - Сабақтан өзіңе
пайдалы не алдың?
Тәйке – Сабақта не қиын
болды?
Бүк – Сабақта нені
басқаша өзгертуге болады деп ойлайсың?
Шік – Бүгінгі сабақтан
үйренгенің бойынша алда не істеймін деп ойлайсың?
|
Психологиялық
ахуал
«Арқаға жазылған
комплименттер»
Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе
скотчпен)
А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып
ішін аралап жүріп, бірбірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ
сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар
қағаздарын алып, шағын топ ішінде бірбіріне жазылған
комплименттерді оқып береді.
Мәтінді мұқият
тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Мәтіннен детальді
ақпараттарды анықтайды.
Үлгі: 1999 жылғы әлем
чемпионы Симион қазақ батырымен арыстанша
айқасты.
Берілген етістіктерден өздік етіс жасап,
спорт тақырыбына қатысты сөйлем құрап жазады.
Қажетті етістіктерді мағынасына
қарай сәйкестендіріп, сөйлемді аяқтап жазады. Етіс түрлерін
анықтайды.
Оқушылар бүгін сабақтан пайдалы
не алғанын, не қиын болғанын, алдағы уақытта не істеуге болатындығы
жөнінде рефлексия жасайды
|
Ауызша
мадақтау арқылы бағалау Жарайсың!
Тамаша!
Керемет!


Дескриптор
Білім алушы
-сұрақтарға
жауап
береді,
Дескриптор
Білім алушы
-етістіктерден өздік етіс
түрлерін жасайды,
-сөйлем құрайды,
-тақырыптан
ауытқымайды.
Смайлик арқылы
бағалау

|
Оқулық
Қазақ тілі
«Атамұра» баспасы
2018 ж
ОҚЫТУДА
ҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
ҚОРЖЫНЫ
НАН ЕСБОСЫН НАҒИША
ҚОЖАҚ
ҚЫЗЫ
|