400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жж дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жж дыбысы мен әрпі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан обл. Жетісай ауд. Ж.Ералиев а/о. «Р.Қошқарбаев атындағы №50 ЖББМ» КММ. Абдуманапова Гүлжанар

Сауат ашу

Тақырыбы: “Жж дыбысы мен әрпі”.

Сабақтың мақсаты: Жаңа технологияларды қолдана отырып Жж дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.

Жж дыбысы бар сөздерді оқу арқылы оқушылардың тіл байлығын, есте сақтау қабілетін, ой – өрісін дамыту. Таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Білімділігі: Жж дыбысы мен әрпін таныту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету, сауатты жазуға баулу.

Дамытушылығы: Жж дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін, ой-өрісін арттыру.

Тәрбилігі: табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, құстарды қорғауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: әріптер, жазба және баспа түрі, суреттер, ребустар, интерактивті тақта, слайд.

Әдісі: көрсету, түсіндіру, таныстыру, сұрақ – жауап, қар кесегі, талдау, ой – қозғау,ыстық микрафон.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.



Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз.

Оң жақтағы көршіге

Сол жақтағы көршіге

Сәттілік біз тілейміз

Содан кейін баршаға

Қайырлы күн!- дейміз біз.


ІІ: Топқа бөлу:

І- топ:жүзім

ІІ – топ: жапырақ

ІІІ – топ:жұлдыз

ІV – топ:жүгері


ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Сұрақ – жауап

Ыстық микрафон

І ТОП: Бір жылда неше ай бар?

Дыбыс дегеніміз не?

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Зз қандай дыбыс?



ІІ ТОП: Қазір жылдың қай мезгілі?

Әріп дегеніміз не?

Әріптен не құралады?

Өө қандай дыбыс?









ІІІ ТОП: Кәзір қай ай?

Буыннан не құралады?

Сөздерден ше?

Ңң қандай дыбыс?



ІV ТОП: Бүгін аптаның қай күні?

Жуан дауысты дыбыстарды ата?

Әткеншек сөзін буынға бөл.

Үү қандай дыбыс?









Ой қозғау. «Қар кесегі» - әдісі

- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (Ә)


Ән Әке Дәрі Сәуір

Сән Сәкен Дәрігер Дәуір

Дән Тәтті Тәулік Әсет

ІV. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.

Қызығушылығын ояту.

Сөзжұмбақ шешу

1.Ең ыстық мезгіл?

2.Төрт түліктің бірі?

3.Күзде сарғайып жерге түсетін ?

4.Жазда жапырақтың түсі қандай болады?

« Жж дыбысы мен әрпі»

Олай болса бүгін біз Жж дыбысымен танысамыз.



Баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

  1. Суретпен жұмыс.

Жылан, жастық, әже, ожау.







  1. Оқулықпен жұмыс.

Бағандағы сөздерді оқу. «Стоп кадр» - әдісі





V.Дәптермен жұмыс.

Жж әрпін ауада жазу.

Жж әрпін дәптерге таза, сауатты жазу.



VІ. Сергіту жаттығуы.

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Бір отырып бір тұрып

Орнымызды табамыз.


VІІ. Постер қорғау


VІІІ. Кітаппен жұмыс

9.Ойлан – жұптас, бөліс.

І – ІІ топ: Ж дыбысынан басталатын ұлдардың есімдерін жазу

ІІІ – ІV топ: Ж дыбысынан басталатын қыздардың есімдерін жазу

10.Кітаппен жұмыс.



11.Жұмбақ шешу. «Ыстық орындық» - әдісі

І ТОП : Сумаңдаған тiлi бар, ІІІ Топ: Үстім жолақ

Бұраңдаған iзi бар. Тісім - орақ

Тiл ұшында уы бар, Күшім мол - ақ

Ол не? Барып тұрған қайсармын

Бiлiп ал!     Өзің айтшы қайсы аңмын?


ІІ ТОП:Қалқиып құлағы ІV топ:Жанды матор сынбайды

Күндіз бұғады Күні – түні тынбайды

Серуенге тек Кейде оның жүрісін

Түнде шығады. Дәрігерлер тыңдайды.


Жауаптарын үш тілде айту


12. Сабақты қорытындылау.


-Біз қандай әріппен таныстық?


-Ол қандай дыбыс?


13.Үйге тапсырма

Жж дыбысы мен әрпі.


14. Оқушыларды мадақтау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
202
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі