400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ж.Жабаев "Зілді бұйрық", "Ата жаумен айқастық" өлеңдері (10 сынып, қазақ әдебиеті)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ж.Жабаев "Зілді бұйрық", "Ата жаумен айқастық" өлеңдері (10 сынып, қазақ әдебиеті)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер (V сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік – ғасырлар шежіресі, халық тарихы, оның әлеуметтік

тіршілігі, ақыл-өнегесімен көрініс тапқан мақал-мәтелдердің қолданылу тәртібі, халық даналығының бір түрі тәмсіл туралы түсінік беру;

дамытушылық – ойлау қабілеттерін, танымдық ізденістерін, көркем ауызша баяндау ретін, ой алғырлығы мен ойды бейнелеу нақыштарын қызықты грамматикалық ойындар арқылы жан-жақты дамыту;

тәрбиелік – асыл да ата мұрамызды құрмет тұтуға, тәрбиелі қыз, ардақты ұл болуда ұлттық құндылығымызды сөйлеу тілінде тобықтай сөздің түйінін жасқанбай жағымды пайдалануға, қасиетті қызыл тіліміздің үстемін көтеруге тәрбиелеу; шапшаңдыққа, сауаттылыққа, сүйіспеншілікке, әдеби тілде сөйлеуге, білімге үндеу, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі: баяндау, пікірлесу, сұрақ-жауап, ой шақыру, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, видеопроектор, үлестірме топшамалар, «Қазақтың

мақалдары мен мәтелдері» Алматы: Білім 2007жыл.

Пәнаралық байланыс: шешендіктану, қазақ тілі, бейнелеу.


Сабақтың өтілу барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

а) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу

ә) сабаққа дайындықтарын тексеру

б) орқушылардың зейінін сабаққа аудару

II. Мақсат қою кезеңі

«Мақал – сөздің мәйегі». «Мақал – сөздің атасы». Мақал мен мәтелдің мәнін, түпкі ойын түсіну. Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы, өмірде болатын әр түрлі жағдайларды ұғындыратын, түсіндіретін оқу құралы іспетті екенін дәлелдеу.


СӨЗЖҰМБАҚ


DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject1 DrawObject2

DrawObject16 DrawObject14 DrawObject15 DrawObject9 DrawObject11 DrawObject13 DrawObject10 DrawObject12 DrawObject8

DrawObject26 DrawObject25 DrawObject24 DrawObject21 DrawObject23 DrawObject22 DrawObject20 DrawObject19 DrawObject18 DrawObject17

DrawObject27 DrawObject33 DrawObject32 DrawObject30 DrawObject31 DrawObject29 DrawObject28


DrawObject39 DrawObject37 DrawObject38 DrawObject36 DrawObject35 DrawObject34

DrawObject44 DrawObject45 DrawObject47 DrawObject42 DrawObject41 DrawObject46 DrawObject43 DrawObject40

DrawObject54 DrawObject52 DrawObject53 DrawObject50 DrawObject49 DrawObject51 DrawObject48


DrawObject58 DrawObject57 DrawObject60 DrawObject56 DrawObject59 DrawObject55

DrawObject66 DrawObject62 DrawObject65 DrawObject64 DrawObject63 DrawObject61

DrawObject72 DrawObject73 DrawObject74 DrawObject76 DrawObject75 DrawObject71 DrawObject69 DrawObject70 DrawObject68 DrawObject67

DrawObject80 DrawObject81 DrawObject79 DrawObject78 DrawObject82 DrawObject77



Сұрақтар:

1. Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер (омоним).

2. Заттың атын білдіретін сөз табы (зат есім).

3. Жылқы пірі (Қамбар ата).

4. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер (одағай).

5. Жеке заттарға қойылатын атау (жалқы).

6. Балаға ең қымбат – ... (ата-ана).

7. Білім беретін мекеме (мектеп) .

8. Бірнеше сөйлемнен құралып негізгі ойды білдіреді (мәтін).

9. Көркемдеп суреттеуде затты не құбылысты екінші затпен немесе құбылыспен салыстырып бейнелеу (теңеу).

10. Сиыр пірі (зеңгі баба).

11. Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы (шылау).


ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

«Сөздің көркі – мақал» деген аталы сөз бар мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мысалы, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» (Абай) деп айтылған ақыл кімге ұнамайды дейсің. Мақалды көп біліп, көп қолданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі.

Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал-мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. Жаманнан сақтандырып жақсыны үлгі етеді. Мақал-мәтелдердің мәндері тақыраптары әр алуан: еңбек пен ерлік, жақсы мен жаман, достық пен қастық, ақыл мен өнер-білім, ынтымақ пен бірлік, Отан туралы, т.б. болып келеді. Халық өмірдегі өз бақылауларын қорытындылап, тұжырым жасап ұйқасты сөздермен өнеге, үлгі боларлық мақалдар жасап отырған. Мақал-мәтелдер өлең сөз сияқты көркем ұйқасып тұрады. Сөйлемдері өте ықшам, басы артық сөз болмайды, сөздерді басқа сөзбен алмастыруға келмейтін тұрақты келеді. Мәселен, «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген мақалдың сөздерінің орнына басқа сөз қойып немесе қосып, я алып тастап көрсеңдер, мағынасының мақал ретінде қуаты да, көркі де , мәні де бұзылып, өз сипатын жоғалтатынына көздерің жетеді.

Ақын-жазушылар шығармаларының жақсы сөздері де мақалға айналып кетіп отырады. Мысалы, Абайдың жаман дорс туралы «Күн жауғанда қойныңда, күн ашықта мойныңда», «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты» деген сияқты сөздері бүгінде мақал ретінде айтылады.

Мақал-мәтел – сан ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан қастерлі қазына. Мақал-мәтелдер аз сөзбен көп мағына білдіре ді, құрамындағы әр сөздің орны тұрақты болады. Ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді. Ал мәтелдер тиянақты ойды бере алмайды, тек белгілі бір ойды, пікірді ажарлау, айқындау үшін қолданылады. Мәтелдерде ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мысалы: «қой семізі қойшыдан», «Біреуге ор қазба».

Мәтелде ой соңына дейін жеткізілмей, болжам түрінде түсіндіріледі, сөйлем аяқталмайды. Мақал-мәтел ата-бабаларымыздың ұрпағына қалдырған өсиеті, ақылы, мақал-мәтел бәріңді жамандықтан сақтайды, жақсылыққа бастайды. Үлгілі, өнегелі, еңбекқор, ер жүрек, тазалық, адалдыққа тәрбиелейді, арамдық, жалқаулық, қорқақ, сатқын, өсек-өтірік, екіжүзділік сияқты теріс мінез-құлықтарды әшкерелейді, сынайды.

Қосымша мәлімет. Халық даналығының тағы бір түрі халықтың өмірде көрген-білгенін мысал түрінде түйіп айтатын және тарихи деректердің ой оралымдарын тәмсіл деп атау енгізілді (Әбдуәли Қайдардың ұсынуы борйынша).

Мысалы: 1. Қайда барсаң – Қорқыттың көрі. 2. Аяз әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл. 3. Абылайдың асында шаппағанда, Атаңның басында шабасың ба? 4. Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы.

Әрбір тәмсілдің астарында ұзақ сыр, мәңгілік тарих, асқан даналық, ұлылық жатыр.

Мақал мен мәтелдің ерекшеліктері

Мақал

Мәтел

1.Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады.

Әке – асқар тау,

шеше – қайнар бұлақ,

бала – жағасындағы құрақ.

1.Көбіне бір бөлімді болып келеді.

Суға кеткен тал қармайды.

2. Ой неғұрлым ашық айтылады. Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса – жер ырысы.

2. Ой-пікір ишара, тұспал түрінде беріледі.

Көп түкірсе – көл.

3. Ақыл, өсиет түрінде келеді.

Бірлігі күшті ел озады,

Бірлігі жоқ ел тозады.

3. Көбіне эмоциялық реңк басым.

Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.




Сендер мақал-мәтел білесіңдер ме? Білсеңдер қазір біз «Топтастыру» әдісі арқылы мақалдардың тақырыптарын анықтаймыз. Ол үшін әр тақырыпқа бір-бір мақал айтайық.




ТDrawObject95 DrawObject94 DrawObject93 DrawObject92 DrawObject91 DrawObject90 DrawObject89 DrawObject88 DrawObject87 DrawObject84 DrawObject85 DrawObject86 DrawObject83 уған жер. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.


















ВDrawObject96 ЕНН ДИАГРАММАСЫ

DrawObject97 Ортақ










«Мені түсін» ойыны


1. Ерте тұрған жігіттің

Ырысы артық,

Ерте тұрған әйелдің

Бір ісі артық.


2. Өзімдікі дегенге,

Өгіз қара күшім бар.

Кісінікі дегенде,

Анау-мынау ісім бар.


3. Көпке топырақ шашпа.


4. Қырық кісі бір жақ,

Қыңыр кісі бір жақ.



5. Тіліңмен жүгірме,

Біліммен жүгір.


6. Битке өкпелеп,

Тоныңды отқа жақпа.


7. Балалы үйдің ұрлығы жатпас.


8. Бала адамның бауыр еті.


9. Ұяда не көрсең,

Ұшқанда соны ілесің.


10.Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.


«Керекті сөздерді тап» ойыны

1. Білгенге ... , Білмеске ... .


2. Өтірік ... өрге баспас.


3. Сөз ... өтеді,

Таяқ ... өтеді.


4. Тоқсан ... сөздің тобықтай түйіні бар.


5. Ел үмітін ... ақтар.


6. Жігітті ... таны.


7. Денсаулық – зор ... .




«СӨЗ – МЕРГЕН» сайысы


I кезең. «Мықты болсаң, тауып көр». Мына берілген сызбалар бойынша зат есімдер мен етістіктерді қатыстырып тұрақты сөз тіркестерін құру, мағынасын түсіндіру.




I топ.

1DrawObject98 ) Бала

DrawObject99 Әйел жиған Қыздың жиған жүгіндей

Қыз

Адам


2DrawObject100 ) Ат

DrawObject101 Тай ала қашты Ат тонын ала қашты

Сиыр

Ешкі


3DrawObject102 ) Төбе

DrawObject103 Тау тұру Төбе шашы тік тұру

Бала

Кітап

II топ.

1DrawObject104 ) Сиыр

DrawObject105 Ат салмау Ат ізін салмау

Түйе

Қой


2DrawObject106 ) Күшік

DrawObject107 Мысық қаптады Ит терісін басына қаптады

Тауық

Ит


3DrawObject108 ) Көз

DrawObject109 Бас шығу Көзі шарасынан шығу

Құлақ

Қол


III топ.

1DrawObject110 ) Күшік

DrawObject111 Ит өлген Ит өлген жер

Тауық

Қаз


2DrawObject112 ) Күн

DrawObject113 Ай туды Айы оңынан туды

Жұлдыз

Жер


3DrawObject114 ) Сан

DrawObject115 Бас соғу Санын соғып қалу

Қол

Аяқ


II кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр». Халқымыз сөз өнеріне ұқыпты қарап, сөйлеу тілінде мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді көп қолдана білген. Осы кезеңде берілген сөздерден мақал-мәтелдер құру, мағынасын ашу.


I топ.

1DrawObject116 ) Арба

DrawObject117 Кеме кетеді Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді.

Жол

Қыз


2DrawObject118 ) Ата

DrawObject119 Әке сыншы Ата балаға сыншы

Ана

Ел


3DrawObject120 ) Сөз

DrawObject121 Қыз бұзар Қаһарлы сөз – қамал бұзар

Жұрт

Аға


II топ.

1DrawObject122 ) Тіл

DrawObject123 Тіс өткір Тіл қылыштан өткір

Ерін

Езу


2DrawObject124 ) Би

DrawObject125 Сезім қызыл Өнер алды – қызыл тіл

Достық

Өнер


3DrawObject126 ) Батыр

DrawObject127 Азамат айласыз Айласыз батыр алдырар

Жігіт

Бала


III топ.

1DrawObject128 ) Тар

DrawObject129 Кең болмайсың Кең болсаң, кем болмайсың.

Ұзын

Қысқа


2DrawObject130 ) Соқыр

DrawObject131 Керең үйір Соқыр атқа қотыр ат үйір

Жалқау

Арам


3DrawObject132 ) Жалғыз

DrawObject133 Адам болмас Жалғыз ағаш орман болмас, Жалғыз кірпіш қорған болмас.

Әке

Жезде



III кезең. «Ойлы болсаң, озып көр». Бұл кезеңде әр топ орны ауыстырылып берілген сөздерден мақал құраулары қажет.


I топ.

1. Жанына адамға мал бітсе, жаман қондырмас қоңсы.

Торсық жал жаман байлатпас, жанына бітсе атқа.

* * * * * * * * * *

Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас.

Жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас.

2. Жағадағы қыз жұлдыз көктегі,

Жақсы жігіт жақсы құндыз.

* * * * * * * * * *

Жақсы қыз – жағадағы құндыз,

Жақсы жігіт – көктегі жұлдыз.


3. Сөзі білімсіздің жібектей, білімдінің білектей сөзі.

* * * * * * * * * *

Білімсіздің сөзі білектей,

Білімдінің сөзі жібектей.


II топ.

1. Алтын ішінде жатады ат жақсы еркектің ерлі,

Бесікті әйелдің ұл жатады алтын жақсы ішінде.

* * * * * * * * * *

Жақсы еркектің ішінде алтын ерлі ат жатады,

Жақсы әйелдің ішінде алтын бесікті ұл жатады.


2. Сүріншек ақылсыз адам, адам әлсіз еріншек.

* * * * * * * * * *

Әлсіз адам сүріншек, ақылсыз адам еріншек.


3. Құрдас заманы бір емес, бір құрдас жасы.

* * * * * * * * * *

Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас.


III топ.

1. Қарың өткір талмайды орағың болса,

Жауың берік болса Отаның алмайды.

* * * * * * * * * *

Орағың өткір болса, қарың талмайды,

Отаның берік болса, жауың алмайды.


2. Біріксе көп болар ел, көл болар тілегі көп.

* * * * * * * * * *

Көп біріксе ел болар, көп тілегі көл болар.


3. Кәдесіз болса да қыз, болмайды қыз қалыңсыз.

* * * * * * * * * *

Қалыңсыз қыз болса да,

Кәдесіз қыз болмайды.



IV. Сабақты бекіту.

1. Мақал мен мәтелдің айырмашылықтарын ата?

2. Мәтелдерге мысал келтір.

3. Тәмсіл дегеніміз не?

4. Тәмсіл кімнің ұсынуы бойынша әдебиетке енгізілді?

5. Тәмсілге мысал келтір.

6. Авторлары бар қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

7. «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты» деген мақалдың авторы кім?

8. «Отанды сүю отбасынан басталады», «Досы көпті жау алмайды» мақалдарының мәнін ашыңдар.

9. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады», «Үй менікі деме, үй артында кісі бар» мақалдарының мәні неде?

10. Үйіңе құтты қонақ келсе, не болады?


V. Үйге тапсырма.

1. Туған жер, Отан тақырыбына арналған 10 мақал жаттау.

2. Мақал-мәтелдерді қатыстырып «Менің отбасым» тақырыбында эссе, әңгіме жазу.

3. Өздеріңнің ойларыңнан 5 мақал құрастырып келу.


VI. Оқушыларды бағалау.

Жаңа сабақты өте жақсы меңгеріп, сабақ барысында қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп белсенділігімен көрінген оқушылар «өте жақсы», «жақсы» деп бағаланса, сабақта нашар тәртібімен көзге түскен, сұрақтарға жауап бере алмаған оқушыларға «орташа», «қанағаттанарлық» деген бағалар қойылады.


VII. Сабақты қорытындылау.

Жүсіп Баласағұнидің «Біле бер, қанша білсең, тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле-біле» деген сөзін әрқашан естеріңізге сақтап, білмекке құмар болыңыздар. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңыз болашақ өмірлеріңізден көрініс тауып, күн нұрындай баршаға шуақ сеуіп жарқырап жүріңіздер.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 мамыр
579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі