400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Ж.Жабаев "Зілді бұйрық" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сыныпқа арналған жаңартылған білім мазмұнындағы сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: ____________ Оқу ісінің орынбасары


Пәні: қазақ әдебиеті

Мектеп: Хромтау ауданы, Аққұдық орта мектебі


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

2– бөлім. «Толғауы тоқсан қызыл тіл»


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қуаныш Таншолпан Берікқызы


Сынып: 7

Қатысқандар:


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ж.Жабаев «Зілді бұйрық» өлеңі

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7. Т/Ж3. Көркем шығармадағы образ. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

7.Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.

7. Б/С4. Әдеби сын. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу.

Сабақ мақсаты

Өлеңдегі кейіпкерлер бейнесін ашып талдайды, үзінділерді жатқа айтады.

Бағалау критерийлері

  • Кейіпкерлердің ниеті мен көзқарастарындағы және мінез-құлқы мен әрекеттеріндегі өзгерісті зерттеу арқылы кейіпкер бейнелерін ашады.

  • Өзі үшін маңызды үзінділерге таңдау жасап, жатқа айтады.

Дескрипторлар

  • Кейіпкерлердің ниеті мен көзқарастарындағы және мінез-құлқы мен әрекеттеріндегі өзгерісті танытатын кемінде 5 сөз немесе сөз тіркесін теріп алады;

  • Сөздердің мәнін ашып, өзгерістердің себеп-салдарын анықтап, «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.

  • Зерттеулерінің қорытындысын бір кейіпкер бейнесі туралы топтардың бірі 80 сөзден тұратын шағын тұжырым;

Құндылықтарды игерту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбектене білуге баулу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Таныстырылым көрсетіледі.

Пәнаралық байланыс

Тарих, ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғалар: июнь жарлығы, халық көтерілісі, ұлт-азаттық көтерілісі.

Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер: тақырып, идея, мазмұн, кейіпкер, кейіпкер көзқарасы, монолог, ұсыныс хат, проблемалық мақала.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім


«Ай, сүйінбай, Сүйінбай»

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Басы

5 мин

Қызығушылықты ояту:

«Шаттық шеңберіне» жиналған оқушылардың әрбір бесіншісі «Бес қадам» әдісі арқылы төмендегі мәселелерді айуы керек:

  1. Өлеңдегі 5 кейіпкерді ата;

  2. Өлеңдегі халықтың өміріне 5 сөзбен баға бер;

  3. Өлеңдегі әке-шеше күйін, сезімін 5 сөзбен жеткіз.

  4. Өлеңде аталған оқиғаны 5 сөзбен жеткіз.




Ортасы

30 мин




















Мағынаны тану сатысы

Өлең мәтіні мен тапсырма ұсынылады.

Зерттеуші рөліндегі оқушының тапсырмасы:

1.Мәтінді түсініп оқыңыздар.

2.Адамдардың ниеті мен көзқарастарындағы және мінез-құлқы мен әрекеттеріндегі өзгерісті танытатын сөздер мен сөз тіркестерін теріп алып (кемінде 5 сөз немесе сөз тіркесі), мәнін ашып, өзгерістердің себеп-салдарын анықтап, «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.

3.Зерттеулеріңіздің қорытындысын бір кейіпкер бейнесі туралы 80 сөзден тұратын шағын тұжырым түрінде жазыңыздар

Адамдардың ниеті мен көзқарастарын, мінез-құлқы мен әрекеттерін танытатын сөздер мен сөз тіркестері

Сөздердің білдіретін мәні

Өзгерістердің себептері мен салдарлары




Қорытынды тұжырым

Журналист рөліндегі оқушының тапсырмасы:

1.Мәтінді түсініп оқыңыздар.

2. Халықтың ішіндегі түрлі әлеуметтік таптар мен топтарының сипаты мен күй-жайындағы өзгерісті танытатын сөздер мен сөз тіркестерін тауып (кемінде 5 түрлі адамдар сипаты), мәнін ашып, өзгерістердің себеп-салдарын анықтап, «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.

3. Ақын сипаттап отырған заман көрінісіне баға беретін риторикалық сұрақ туындатып, кейіпкер бейнесіне қатысты зерттеулеріңіздің қорытындысын проблемалық мақала түрінде ұсыныңыздар.

Халықтың ішіндегі түрлі әлеуметтік таптар мен топтарының сипаты мен күй-жайындағы өзгерісті танытатын сөздер мен сөз тіркестері

Сөздердің білдіретін мәні

Өзгерістердің себептері мен салдарлары




Проблемалық мақала

Кері байланыс:

  • Қай тапсырма түрін талапқа сай орындай алдыңыздар?

  • Қайсы қиындық туғызды?

Бағалау. Оқушылар бағалау парағы арқылы өзін-өзі және өзара бағалайды.

Тапсырма

Өлеңнен 3 шумақ үзіндіні жаттап, жұбыңызға айтып, беріңіз.

Дескрипторлар:

  • Ақын өлеңінен өз қалауы бойынша үзінділерді таңдап, жаттай алады.

  • Жаттағанын нақышына келтіріп, мәнерлеп айтады.

  • Автор сезімін дауыс мәнері арқылы жеткізе алады.

Өзіңді бағала.

Рефлексия

5 мин


РShape1 ефлексия . «Пирамида» ойыны





Ойынның шарты: Бүгінгі іс-әрекеттеріңізді пирамидаға қалай орналастырар едіңіздер




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1251
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі