Материалдар / ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде беретін ұстаздарға бағыт 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде беретін ұстаздарға бағыт 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде берулді жаңадан бастаған ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2021
402
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құрметті Алмас Қабдұлұлы! Құрметті тамыз кеңесіне қатысушы ұстаздар және қонақтар!


Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі ілім біл» деп айтқандай,тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.Сонымен қатар халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен "100 нақты қадам" ұлт жоспарынның 79-қадамында айтылған

«

Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу» деп көрсетілген болатын.Ұлт жоспарының қадамында аталған мәселе бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі №440 бұйрығы негізінде пилоттық мектептерде жаратылыстану-математикалық цикл пәндері ағылшын тіліндеоқыту ата-аналардың өтінішімен,оқушылардың қалауы бойынша педагогикалық кеңестің шешімі шығарылып, оқытыла бастады.

Көксу ауданы бойынша 2018-2019 оқу жылында пилоттық жобаны іске асыру мақсатында 10 мектептің 14 педагогі осы бағдарламамен жұмыс атқаруда,олардың 8-С1(Advanced) жоғарғы деңгей ,6-В2 (Upper Intermediate) ортаңғы деңгейден жоғары деңгейінде сертификатталған.Ауданымызда пилоттық жобаны іске асырып отырған 14 педагогқа Республикалық бюджет есебінен отыз бес мың теңге көлемінде ай сайын ақы төленіп отыр.

М.Құрманов атындағы №2 орта мектепте 7 "ә" және 7"б" сынып оқушыларына вариативтік бөлік есебінен физика,химия пәндері аптасына 1 сағат ағылшын тілінде оқытылды.Бұл курстық бағдарламаның мақсаты оқушылардың пәнге қызығушылығын, ізденімпаздығын арттыру және шығармашылық қабілеттері мен өз ойын ағылшын тілінде де жүйелі түрде тұжырымдай білу қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «USTAZ» кәсіби оқыту орталығы арасында жасалған келісімнің аясында, әр тоқсан сайын ауданымыздың білім беру саласындағы ағылшын тілін меңгерген биология, химия, физика және информатика пәндерінің мұғалімдеріне арналған тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курстары жүргізіліп отырды. Курс бағдарламасын меңгеру барысында жан-жақты әдістемелік көмек алу арқылы педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктері артып отырды.

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ай сайын аудан мектептерінде іс-тәжірибе алмасу семинарлар өткізіліп қолдау көрсетіліп отырды.

Физика пәнің ағылшын тілінде кіріктіріп оқытуды жүзеге асыратын CLIL технологиясын тиімді қолданып,жылдың басында сабақтың 25% ағылшын тілінде өтілсе ,жылдың аяғында бұл көрсеткіш 75%-ға жетті.Сабақ барысында оқушыларға физикалық терминдердің мағынасын ағылшын тілінде түсіндіру және физикалық құбылыстарды айқындату мақсатында түрлі жаңартылған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен оқуға деген ынта-жігерлері арта түскенін байқадым.

Сонымен қатар осы оқу жылында Көксу аудандық “Нұр Отан” партиясының мүшелері және АҚШ азаматы Кори Диккинсонның қатысуымен 7-сыныпта “Air resistance” тақырыбында ашық сабақ көрсеттім.Сабақ кезінде оқушылар физикалық терминдерді,анықтамаларды,құбылыстарды ағылшын тілінде еркін жеткізе алатындығын көрсетіп,қонағымызбен сұрақ-жауап алысып,ағылшын тілінде сұхбаттасты.Бұл осы енгізіліп отырған пилоттық жобаның оң нәтижелі болғанының жемісі деп білемін.

Сөзімнің соңын тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.Үш тілдің біріншісі,негізгісі,бастысы,маңыздысы бола береді" деп айтқаны, сонымен қатар " Үш тілділік нормаға айналуы керек, біздің балалар - планетаның балалары, олар ғаламдық кеңістікте, үздік университеттерде оқиды, сондықтан олар өз ана тілінде, орыс тілінде және халықаралық тілде - ағылшынша сөйлеуі керек, бұл маңызды"

Trilingualism should become the norm, our children are the children of the planet, they study in the global space, in the best universities, therefore they must speak their native Kazakh language, the Russian language and the international language - English, this is important, "деген өнегелі сөзімен аяқтағым келіп отыр.Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!