жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жоба: "Ашыған көже"
Ерсін Мукашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі ММ
Бағыты: Дүниетану
Тақырыбы:
Ашыған көженің пайдасы
Авторы: Қайратқызы Айару
2 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі:
Бастауыш сынып мұғалімі
2020 жыл
Жобаның басты мақсаты: Ашыған көже жайында мәлімет жинақтау, пайдасын анықтау.
Зерттеудің өзектілігі: Ашыған көженің қасиеттері мен пайдасын біле бермейміз
Зерттеу жері: Көктөбе ауылы
Зерттеудің болжамы: Егер біз ашыған көже жайлы көбірек білсек, әр үйдің дастарханында тұрса, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға ықпал жасар едік және күнделікті өмірде ашыған көжені газдалған сусындардың орнымен алмастырар едік
Зерттеудің кезеңдері:
-Ғылыми әдебиеттердегі мәліметтермен, анықтамалармен танысу,
-ашыған көженің жасалу әдісімен танысу, зерттеу
-зерттелген нәтижеге талдау жасау, пайдасын анықтау
Қорытынды
Ашыған көженің пайдасына жан-жақты сипаттама берілді. Жасалу әдісін тиімді пайдалану жолдары көрсетілді . Ашыған көженің құрамындағы бір ғана бидайдың микроэлементтерге бай екенін анықтадық.
Кіріспе
Көп сусын ішесің,
Күн ысып, жаз болса.
Пайдасы
жоқ оның,
Ішінде газ болса.
Шырын
мен таза су,
Асыңды қорытады.
“Химия”
қосылса,
Асқазан “қорқады”
Ал ашыған көжемен тәбетің ашылып
Күш -қуатың артады.
Осындай адамға күш-қуат беретін,пайдалы ашыған көже деген не? Оның қандай пайдасы бар екенін біреу білсе, біреу білмес. Кім өзінің денсаулығын күтсе, салауатты өмір салтын ұстанса, ұлттық сусындарды қолданса, сол адамды қызықтыратыны әбден мүмкін.Міне, сондықтан ашыған көженің құрамы мен пайдасын зерттеп көрелік...
Көже – қазақтың ұлттық тағамы.
Ет, май, немесе сүт өнімдерінің езінділерінің бірі қосылмаған көже адамға тамақ болмайды, құнары аз, тек аштан өлмеудің ғана аужалы деп саналған. Көженің бірнеше түрі бар.
Кеспе көже жасау үшін жұқа жайылған қамырды орамалап бүктеп, арнаулы пышақпен кесілген жіңішке таспа кеспені еті сүзіліп алынған сорпаға қатты қайната отырып себелеп салады. Сирек елеуішпен елеп салса, ол ұннан тазарып, саласы жазылып, сорпаның ішінде онша ботқаланбай, ішуге ұнамды болып піседі. Кейде кеспені жайып қойып, біраз кептірілгеннен кейін барып кеседі. Қазақ халқы кеспенің қамырын, көбінесе, жұмыртқа езген сүтке илеген. Мұндай кеспенің нәрі, азықтық қасиеті, дәмділігі артады. Пісуі жеткенде кеспенің қоюы сорпаның бетіне көтеріліп, біраздан соң сорпаның түбіне қайта шөге бастайды. Бұл кеспенің дайын болғанын көрсетеді.
Жұлма көже жасау үшін алдымен нанды илеп, лайықты ашытып, үстіне май жағып, таспа формасында кесіп қояды. Етті, түрлі көкеністерді, ішінде қызанақ, сарымсақ, картоп бар, турап әзірлеп алады. Сосын етті салып қуырып, көкеністерді және түрлі қосымшаларды қосып, сәл піскен соң лайықты су құйып қайнауын күтеді. Қайнаған соң әрбір таспа қамырды жалпақтап созып, сол қолдың қырына таспа қамырды орап ұстайды да, оң қолмен жұлып, қайнап жатқан тұсқа салады. Осылай барлық қамыр түгел қазанға жұлып салынып болған соң лайықты қайнатады.
Қолдама көже жасау үшін қамыр арнайы дәм-тұзын татымды етіліп сүтке, кейде жұмыртқа қосқан сүтке, сорпаға иленеді, сосын оны үстелге салып, бармақпен ширата жұқартып түйіршіктейді. Сорпаға пісіреді. Атырау өңірінде оны бармақ көже деп те атайды.
Салма көжені жайған жұқа қамырды төрт бұрышты етіп кесіп жасайды.
Сеппелі көжені кеспенің үстіне ұн сеуіп, қоюлатып пісіреді.
Тары көжені ақтаған тарыны сорпаға, сүтке, сүт қатқан суға бөрттіріп жасайды. Ондай К-ні ашытып қойып, салқын күйінде де ішуге болады.
Қонақ көжені тары мен қонақты келіге түйіп, қауызынан тазартып алған соң сорпаға, сүтке қайнатып, біраз уақыт қақпағын жауып қойып бұқтырып жасайды.
Бидай көжені келіге түйіп, кебегі алынып, аздап жармаланған бидайды етпен бірге қайнатып пісіреді. Мұны да қайнаған соң, бұқтырып алады.
Қара көжені қуырылған бидайдың талқанын сүтке қайнатып жасайды. Мұндай көжені, көбінесе, мал күзетіндегі күзетшілер мен жорықшылар ішкен.
Көженің күріштен, жармадан,бұршақтан, арпадан жасалатын сүткөже, құрт көже, умаш, туралмыш көже дейтін түрлері де бар.
Етін аз салып, қаймақ,
қатықтармен, томат және
кейбір жемістермен дәмдендіріп,
көкөністен әзірленетін сорпалар мен
өсімдіктерден жасалатын Көжелер қазақ
халқы арасында отырықшы тұрмысқа көшіп,
бау-бақша өсіре бастаған кезден белгілі.
Осылардың ішінде сүтке ашыған бидай көже әрі жұғымды, әрі шөл қандыратын сусын.Ықылым заманнан бері қазақтың дастарханынан орын алған бұл сусын түрі әдеби шығармаларда көптеп кездеседі.Сол жазбалардың біріне тоқтала кетейік. Мысалы , Ф.Оңғарсынованың «Аққулар жырлар» жинағында:
«АТАҢНЫҢ АСЫ» – АШЫҒАН КӨЖЕ Менде сона-а-ау 1995 жылы жарық көрген «Мұқағали» (естеліктер) атты кітап бар. «Ал үйде нең бар – құрт бар ма, көжең бар ма, бәрін әкел дастарқанға» деген жолдар бар естелікте жазылған.(Ф.Оңғарсынова, «Аққу жырлар»). «Мен басқа ештеңе болмай қалса да арпадан, тарыдан, күріштен көже салып, ашытып қоямын. Балалар да, Мұқағали да соны ішуге үйреніп кеткен... Мұқаң жүрегінде алауы бар жастарды үйге кіргізіп, қатар-қатар отырғызып қояды да: «Мынау ашыған көже, атаңның асы, ішіңдер», – деп шетінен үлестіре бастайды... деген ашыған көжеге қатысты сөздер де жары Лашынның естелігінен кездеседі.Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев та осы сусынды қадір тұтып, жастарға дәріптей білгенін көреміз.
ІІ. Зерттеу жұмысы
Ашыған көже – біздің үйдің дастарқанынан үнемі табылатын ас. Әсіресе, жаз айларында үзілмейді. Маусымның аптап ыстығында таңдайымыз кеуіп, үздіксіз су ішумен болатынымыз жасырын емес. Жаздың аптап ыстығында әрі сусын, әрі тамақ. Шөлдеп келген адамға алдымен көже ұсынып жатамыз. Бүгінгі мен дайындаған сусын шөлді қандырып қана қоймай, денсаулыққа зор пайдасын тигізеді.
Ашыған көже – көшпелі ғұмыр кешіп өткен қазақ халқының төл сусыны. Құрамындағы дақылдар сізге қуат беріп (көктемде адамның әлсірейтінін білесіз), сұйығы шөліңізді қандырады.
А
АЙРАН
БИДАЙ
200 гр түйілген бидай
500 гр айран
с
у
т
КӨЖЕ
СУ
ТҰЗ
Бидайды келі арқылы түйіп дайындаймыз, суымыз тап-таза болғанша жақсылап жууымыз керек. Шұңғыл ыдысқа салып, ыдысты толтыра су құямыз. Тағам ұзақ қайнайтындықтан суды неғұрлым көп құйған жөн. Ыдысты отқа қойған соң, бір жарым сағат күтеміз. Бидай жарылып, жұмсақ болып пісуі керек. Тұз қосуды ұмытпаңыз. Дайын болған көжені суытып, айран қосасыз. Әбден араластырғаннан кейін тоңазытқышқа немесе салқын жерге қойған дұрыс. Кейбір адамдар мұны суық күйінде ішсе, екіншілері бірер күн ашытып барып ішеді.
Енді ашыған көженің құрамындағы бидайға тоқтала кетейін.
Бидай – астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді, азық түлік-тік дақыл. Оның дәні, кебегі, сабаны құнарлы мал азығы, құрама жем өнеркәсібі-нің шикізаты . Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі.
Б
идай
– дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе
біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың
ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін
дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және
мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40
центнер өнім береді. Бидай сұрыптары
құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне
байланысты бағаланады.
Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін.
Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР),минералдар . (калий, кальций, магний, фосфор т.б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар.
Зерттеу жұмыстары барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы дәрумендер өте көп болады.
Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын, «тритикале» және «булгур» жармасын жасайды. Ұнтақ жармасы – өзімізге белгілі «манная крупа». «Тритикале» – будандастырылған бидай мен қарабидайдан жасалған жарма. Ұннан нан, макарон, кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы теріні жұмсартады. Бидайдың масағы флористикада гүл шоғырлары мен композицияларын безендіру үшін қолданылады.
Биіктігі 40 — 130 см, тамыр жүйесі — шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл шоғыры — күрделі масақ, оның қынабында 2 масақша қабыршағынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында 3 — 5 гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт, кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы — ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Масақ қылтығына, түсі мен масақша қабыршағының түк басуына, қылтықтары мен дәндерінің түсіне, т.б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады. Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты бидай өсіріледі.
Жұмсақ бидайдың (triticum aestіvum) масағы да жұмсақ, дәні жұмыр әрі жылтыр, сабағы қуыс. Оның ұнынан көбіне нан пісіріледі, ол нәрлі және жоғары сапалы болып саналады, құрамында 16%-тей ақуыз болады, жылтырлығы 70%, дән уызы серпімді әрі созылмалы келеді. Жұмсақ бидай Қазақстанда егіс көлемінің негізгі бөлігін алып жатыр. Табиғаттың әр түрлі жағдайына ыңғайлы, өсу қабілеті жоғары болуына байланысты оны көптеген аймақтарда өсіреді. Бидайдың дәнінен жарма, ұнынан нан, макарон, кеспе жасайды, кондитер өнеркәсібінде кең пайдаланады. Әсіресе, Қазақстанның Батыс, Орталық, Шығыс аудандарында өсетін жұмсақ бидай өте құнды болып есептеледі.
Қатты бидайдың (triticum durum) дәні ірі, сопақша, жылтыр. Оның дәнінде 24% ақуыз бар, ұнының сапасы жақсы, одан кеспе және макарон жасайды, бірақ жұмсақ бидайға қарағанда наны онша көтерілмейді. Қазақстанның климаты қуаң жерлерде өсетін қатты бидай ұнының сапасы өте жоғары болады.
Жұмсақ және қатты бидайлардың жаздық және күздік сорттары бар. Жаздық бидай көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Күздік бидайдың тұқымы 1 — 20С жылылықта, 7 — 9 күнде көктеп шығады. Сол қалпымен қар астында қыстап, көктемде өсіп, дән салып, жазда піскен соң орылып жиналады. Күздік бидай дәнінің толыға бастаған кезінде ылғалды көп керек етеді. Көктемгі қуаңшылық оның өнімінің азаюына әсер етеді, дәні солыңқы болады. Сондықтан қыста қар тоқтату жұмыстарын жүргізу керек. Күздік бидай, көбінесе, оңтүстік облыстарда өсіріледі. Күздік бидайдың белгілі сорттары: “Жетісу”,“Қарлығаш”, “Комсомолдық — 1”, “Мироновтық — 808”, “Прогресс”, “Шыны тәріздес-24”. Егіс көлемі, түсімі, дәнінің сапасы жағынан жаздық бидай бірінші орын алады. Ол, көбінесе, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық облыстарында өсіріледі, оның тұқымы 12 — 140С жылылықта бітік шығады. Түптену және сабақтану кезеңінде суды көп керек етеді, әрі топырақтың құнарлығын қалайды. Әсіресе, қызыл-қоңыр, құнарлы, саздау топырақтарда, тың жерлерде жақсы өседі. Тұқым себу мөлшері мен мерзімі әр аймақтың ауа райына, топырағына байланысты. Қазақстанда жаздық бидайдың көп тараған сорттарына ерте пісетін “Қазақстан-15”, “Қазақстан-19”, “Қазақстан-25”, “Қарабалықтық-90”, “Лютесценс-32”, “Саратовтық — 29”, т.б. жатады.
Жаздық және күздік бидайдан мол өнім алу үшін олардың тұқымы ылғалы аз, қуаң аймақтардағы ауыспалы егістен кейін, немесе таза сүдігерге (парға) егілгені жөн. Бұл әдісті қолданғанда бір жыл бидай, келесі жылы бір не көпжылдық шөп егіледі. Қазақстанның далалық қуаң аудандарында бидай себуге арналған топырақты сыдыра қопсытып жыртқан жақсы нәтиже береді. Мұндай әдіспен өңдегенде бұрын қандай шөп егілгендігі, қандай арам шөптер өскендігі ескеріліп, жер терең немесе таяз жыртылады. Оңтүстіктегі суармалы сұр топырақты аудандарда күздік бидай егілетін жер аудара жыртылады. Қыста қар тоқтату тиімді. Егістіктерде себілетін тыңайтқыштардың түрі мен мөлшері себілген дақылға және топырақтың құнарлылығына байланысты. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы аудандарда күздік бидайды себу алдында топыраққа азот тыңайтқышы беріліп, өңделеді. Өнімді жинау тәсілі бидайдың биіктігі мен өсу жиілігіне, арам шөптердің түрлері мен олардың аз-көптігіне, сабақтың көлбеп жатып қалуына байланысты. Арам шөптері аз, жатып қалмаған, біркелкі пісіп жетілген астықты тікелей комбайнмен шауып бастырады. Ал арам шөбі көп, біркелкі пісіп жетілмей, жатып қалған бидайды әуелі шауып дестеге түсіреді, содан кейін комбайнмен жинап бастырады. Қазақстанда бидайдың 29 сорты аудандастырылған.
Астықты алқап - мақтаным,
Қамбамызда қап-қап ұн.
Қасиетті ұн мен нан,
Жасалады бидайдан.
Бидай сұрыптаумен Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығына қарасты Қазақ егін шаруашылығы ғылыми-зерттеулер институты, Ботаника және фитоинтродукция институты, ҚазМУ, Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, аймақтық тәжірибе станциялары шұғылданады. Бидай зиянкестері мен аурулары оның өніміне үлкен шығын келтіреді, олардың зиянкестеріне гессен және швед шыбындары, дәннің сұр көбелегі, барылдауық қоңыз, астық қандаласы, бүргесі, биті, обыр шегірткелері,т.б.жатады. Аурулары: қаракүйе, тат, ақұнтақ, септориоз, тамыр шіруі, т.б. Оларды болдырмау үшін бидайды сепкенге дейін, өсіп тұрған кезінде және жинап алар алдында әр түрлі химиялық препараттар шашады
Айран- сүт тағамы. Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді.Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған .Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаған. Сүт тағамдарының құрамы белок, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Адам ағзасына сүт тағамдарының қаншалықты шипалық әсері күшті екенін білсек те, бұлардың кейбіреулерінің емдік қасиеттері бар екенін біле бермейміз. Мысалы, гипертонияға шалдыққандар күніне 2 рет тамақ ішкеннен кейін жарты сағат өткенде 1 кесе айранды асықпай, баптап ішетін болса, бірнеше күннен кейін қан қысымы төмендеп, өзін жақсы сезінетін болады. Сондай-ақ ұйқы қашқанда түнемелік жатар алдында 1-1,5 кесе жылы айран ішсе, оның жақсы ұйықтап шығуға әсері мол. Тағы бір жайт, айранның гастрит ауруына да пайдалы екендігі. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол тағам. Сүт - өте бағалы өнім. Олай дейтініміз, организмге оның құрамдас бөлігінің 95-98 пайыз сіңеді. Сүт, сондай-ақ, амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі. Сүттің тағы бір қасиеті – түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ айран ұйтқысын қосып ұйытылады. Ол жеңіл және сусындық тамақ.
2. Айран ұйыту. Айран - қазақ аспаздығында айран кеңiнен қолданылады. Пісірілген сиыр, қой, ешкі сүтінің жылы кезінде ашытқы (айран, қаймақ) қосып, ұйытып дайындайтын қышқыл дәмді ақ тағам түрі. Оған салқындатылған сусын, әрi тағам болып табылатын түрлi сорпалар қосады. .
Айран әрі сусын орнына да жүреді. Ыстықтау болса, сарысуланып іріп, тым салқын болса ұйымай қоятындықтан, қанжылым етіп алған соң мөлшері бір шелек (қазан) ыдыстағы сүтке шамамен оның оннан бір бөлігіндей ұйытқыны қосып, баяу араластырып, аузын мықтап жауып, суып қалмас үшін жылылап орап таң асырады. Оны ыдыстан қасықпен, ожаумен құйып алады. Әрі сусын, әрі тамақ болғандықтан жол жүргенде торсыққа құйып алып жүреді.
Айран - Қазақстанда, Орта Азияда, Қырымда, Кавказда кең тараған тағам түрі. Айранның ел ішінде қатық айран - қой- ешкінің қою айраны, кілегей айран - сиырдың сұйық айраны, қойыртпақ - сүтпен сұйылтқан айран, шалап - айранға су қосып дайындаған сусын сияқты түрлері қолданылады. Қоршаган орта, климат жағдайына қарай айранды дайындаудың тәсілдері әртүрлі: ыстық жерлерде айранды көбіне қойыртпақтап, қоймалжың етіп, шалаптап, піспе етіп ішеді. Піспе деп ашып кеткен айранды торсыққа құйып көп піскендіктен көпіршіп, іртігі тараған айранды айтады. айранды да қыста қатырып сақтауға болады. Айранның сары суын кенепке сүзіп алып, тұздап, қатық жасап қарынға сақтайды.
Айранды көп етіп жинап, сабаға құйып, ашытады. Оны күбіге құйып, пісіп май шайқайды, яғни май алады. Майы алынған соң айран құнары аз, сұйық сусын іркітке айналады. Іркітті қайнатып құрт, жарма алады. Айранның ұйытқысы болмай қалса, ауылдастарынан, көршілерінен «ұйытқы» деп емес айран деп сұрап алатын ырым бар. Өйткені, ұйытқы әр үйдің құты, берекесі саналғандықтан, тікелей аталып берілмейді.
Су
Су
жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су
жоқ болса тіршілік тамам бауырым
Судың
біздер біле тұра маңызын,
Көп
болған соң ұмытамыз қадірін
Су
– тіршілік көзі. Барлық тірі ағзалардың
75 пайызы судан тұратыны бәріңізге мәлім.
Таза сусыз адам өмір сүре алмайды. Су
үнемі теңіз, ауа мен құрылық арасындағы
айналымды жүзеге асырады. Адам өмірінде
судың орны бөлек. Сусыз өмір жоқ, су –
тіршілік көзі. Адам 1 апта су ішпей жүре
алады. Су адамның зейінін ашады. Жер
бетінің 3тен 2 бөлігін су алып жатыр.
Суға
сипаттама берсек
:
Судың
дәмі, исі, түсі жоқ сұйық. Су – адамның
зейінін ашады. Қасиеті – судың аққыштық
қасиеті бар, ол көлемін сақтайды, пішінін
сақтамайды. Заттың 3 күйінде болады.
Мысалы: мұз – қатты, су – сұйық, бу –
газ.
Тұз – ағзаның дұрыс және толассыз түрде қызмет етіп отыруына арналған қажетті компонент. Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар ағзасында кездеседі. Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады
Мысалы, тісті екі мезгіл тазалау кезінде 4 литрден 8 литр су кетеді екен, тамақ әзірлеуге 3 мезгілде бас - аяғы 10 литр су кетеді екен. Суға түссең орта есеппен 10 - 15 литр су жұмсайсың. Сонда күніне 33 л – 38 л - дей су кетеді екен. Бұл бір балаға кететін бір күндік су мөлшері.
Қорытынды:
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас – адамның арқауы», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады» - деп халық тегін айтпаған. Ұлт тағамдарының негізі –сүт тағамдары. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды.Сонымен,сүт тағамдарының қоректік қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы .Күн ыстықта шөлдеген адамның салқын сусынға деген тәуелділігі арта түседі. Сондықтан болса керек, жаз шыққалы дүкен сөрелеріндегі сусындардың саудасы қызады. Алайда, түрі мен түсі әр алуан шөл басар сусындардың барлығын дерлік пайдалы деп айта алмаймыз. Мамандардың айтуынша, газдалған тәтті сусындардың денсаулыққа кері әсері бар. Яғни, оларды көп мөлшерде қолдану қатерлі ісікке, семіздікке әкеп соқтырады. Ендеше, құрамында түрлі қоспалары бар жасанды сусындардың орнына өзіміздің ұлттық сусындарды неге ішпеске?!
Қазақ халқымыздың салт-дәстүрін ұмытпай,жаңғыртып, ата-бабамыздан қалған ұлттық сусынымызды мектеп асханасында, дүкендерде газдалған сусындардың орнына ашыған көже сатылымда болса, себебі ашыған көже адамның иммунитетін жоғарлатады. Ашыған көженің құрамындағы бір ғана бидайдың микроэлементтерге бай екенін анықтадық. Адамға сергектік, тоқтық береді, шөлін басады, ағзаға күш-қуат береді. Жолсапарға алып жүруге ыңғайлы сусын.
Осы зерттеу барысында жүргізген сауалнама нәтижесінде үлкен кісіліердің ашыған көжені ұнататыны белгілі болды. Ал балалардың газдалған сусындар мен тәтті сусындарды ұнататыны белгілі болды. Егер мектеп асханасында, асханаларда, дүкендерде ашыған көже сатылымда болса, балалардың да ұнатып ішуі мүмкін. Онда асханалар мен дүкендердегі адам ағзасына зиянды газдалған сусындардың орнын ашыған көжемен алмастырар едік. Денсаулығымызды күту үшін ағзамызға пайдалы әрі сусын, әрі тамақ болатын ашыған көжені үнемі тұтынуға шақырамын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Энциклопедия 2004 жыл
Сусындар–Уикипедия ашық энциклопедиясы
«Растение и их использования о медицине» Е,Я.Ильина Е.И.Стрелипова
М.Мақатаев жайында естеліктен
Ғаламтор беттері
Ф. Оңғарсынова «Аққу жырлары»
Үлкен түсініктеме сөздігі. Бас ред. С. А. Кузнецов. Бірінші баспасы: СПб.: Норинт, 1998.
Әйел денсаулығы 2015 №2(87)15 бет
Төрегелді Шарманов — Қазақ тағамтану
«Білімділер » сайты
«Зияткер.кз» сайты

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген