400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жоба: «БЦП диагнозы бар балалардың салауатты өмір салтын сақтану».

Материал туралы қысқаша түсінік
БЦП балаларды тәрбиелеудегі басты мақсат, олардың денсаулықтарын қорғап, нығайту. Бұл жоба салауатты өмір салтын ұстануға, балалардың денсаулығын сақтауға, нығайтуға және аурудың алдын алуға бағытталған. Бұл жобаны құру үшін үй ішінде қалыптасқан күн тәртібін, емдік дене шынықтыру сабақтарында қолданылатын құралдарды, баланың психологиялық-педагогикалық қалпының диагностикасын, медициналық сараптаманың нәтижелеріне талдау жасадым. Менің жұмысымның мақсаты бала денсаулығының толыққанды физиологиялық және психологиялық тұрғыдан қолдауға жағдай жасау, қимыл-қозғалыс функциясының дамуы, қозғалыс үйлесімділігі, қозғалыс шеберлігі мен дағдысы, тірек қимыл аппаратын нығайту, салауатты өмір салтын ұстану дағдысын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жоба: «БЦП диагнозы бар балалардың салауатты өмір салтын сақтану».


БЦП балаларды тәрбиелеудегі басты мақсат, олардың денсаулықтарын қорғап, нығайту. Бұл жоба салауатты өмір салтын ұстануға, балалардың денсаулығын сақтауға, нығайтуға және аурудың алдын алуға бағытталған. Бұл жобаны құру үшін үй ішінде қалыптасқан күн тәртібін, емдік дене шынықтыру сабақтарында қолданылатын құралдарды, баланың психологиялық-педагогикалық қалпының диагностикасын, медициналық сараптаманың нәтижелеріне талдау жасадым. Менің жұмысымның мақсаты бала денсаулығының толыққанды физиологиялық және психологиялық тұрғыдан қолдауға жағдай жасау, қимыл-қозғалыс функциясының дамуы, қозғалыс үйлесімділігі, қозғалыс шеберлігі мен дағдысы, тірек қимыл аппаратын нығайту, салауатты өмір салтын ұстану дағдысын қалыптастыру.

Жобаның міндеттері:

  1. БЦП балалардың денсаулығын нығайтуға, сақтауға жағдай туғызу.

  2. Баланың өзіне, өзінің дене мүшелеріне және дене функциясына қызығушылығы мен білімін қалыптастыру.

  3. Балаларды денсаулығын сақтауға және нығайтуға арналған тәсілдермен, тыныс алуды түзеу жаттығуларымен таныстыру.

  4. Қимыл-қозғалысының белсенділігін арттыруға, дене шынықтыру мен қимыл-қозғалыс ойындарына қызығушылығын туғызуға көмектесу.

  5. Баланың коммуникативті дағдысын, түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау ережесі туралы білімін қалыптастыру, жетілдіру.


Қойылған міндеттер арнайы ұйымдастырылған әрекеттер (нәтижесін) барысында шешілді:

  • Дене шынықтыру сабақтары бөлмеде және таза ауада, дәстүрлі емес түрде жүргізілді.

  • Танымдық, музыкалық және басқа да сабақ түрінде.

  • Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар, ойындар мен әуендері алмастыра отырып өткізілді.

  • Қимыл-қозғалыс, жай қозғалыс, дидактикалық және басқада ойындардың түрлері ғимарат ішінде де, таза ауада да жүргізілді.

  • Қимыл-қозғалысын дамытуға арналған жеке жұмыстар.

  • Көзге, құлаққа және аяқ табанына арналған түзеу жаттығулары, сонымен қатар қозғалыс функцияларын, майтабандылық және дене сымбатын түзеуге бағытталған жаттығулар, тыныс алу жаттығуларын үй жағдайында ата-аналарының қадағалауымен ұйқыдан кейінгі сергіту жаттығулары ретінде орындату.

  • Психогимнастика және логоритмикалық жаттығулар.

  • Дене шынықтыру уақыты.

  • Тынықтыруға арналған жаттығулар.

  • Балалармен әңгімелесу.

  • Балалармен жеке жұмыстар.

  • Қимыл-қозғалыс белсенділігін өздігінен дамыту.

  • Арнайы табанға арналған кілемшелермен күнделікті жүру.

  • Баланың бос уақытын ұйымдастыру (шашка, домино, асық, т.б.)

  • Ата-аналарға арналған түрлі шаралар, жеке кеңестер және дөңгелек үстелдер.

  • Мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілеріне арналған түрлі шаралар, жеке кеңестер және семинар практикумдер, үлестірмелі брошюралар.


Тамыз. 1 апта.


Тақырып: Тепе-теңдік жаттығулары.

Мақсаты: Жаттығу кезінде тепе-теңдік сақтауға үйрету. Ұсақ моторикаларын дамыту. Дене буындары мен бұлшықеттерін нығайту. Кеңістікке бағдарлай дамыту және қалыптастыру.


  • Ортаға обручты қойып, екі қолын екі жанға созып, аяғын нақ басып обручтын бағытымен тепе-теңдік сақтап айналып жүру.

  • Еденге ұзыннан жіп қойып, екі қолын белге ұстап, жіп бойымен тепе-теңдік сақтап жүріп шығу.

  • Тыныс алу жаттығуларын орындаттыру.


Үйге тапсырма: Бүгінгі орындаған жаттығуларды ата-анасымен бірге қайталау.


Тамыз. 2 апта.


Тақырыбы: Оң-солын ажырату.

Мақсаты: Жаттығу барысында оң және солын ажыратып білуге үйрету.


  • Б.Қ. оң қолын жанға созып, команда бойынша оңға бұрылу (қолының созылған бағытына).

  • Б.Қ. оң қолын жанға созып, команда бойынша оң қолының бағытымен жанға қарай төрт қадам жаса.

  • Б.Қ. сол қолын жанға созып, команда бойынша солға бұрылу (қолының созылған бағытына).

  • Б.Қ. сол қолын жанға созып, команда бойынша сол қолының бағытымен жанға қарай төрт қадам жаса.

  • Тыныс алу жаттығуларын орындаттыру.


Үйге тапсырма: Бүгінгі орындаған жаттығуларды ата-анасымен бірге қайталау.




Тамыз. 3 апта.


Тақырыбы: Гимнастика.

Мақсаты: Тепе-теңдік сақтап іш бұлшықеттерін дамыту.


  • Арқаға жатқызып, бүгіліп, екі тізеңді қолыңмен құшақтап, басыңды тізеңе жеткізу, Б.Қ. оралу. (4 орындау).

  • Ішімен жатқызып, қолың, басыңды және аяғыңды мүмкіндігінше қарсы бағытқа көтеріп 5 секунд ұстап тұру.



Тамыз. 4 апта.


Тақырыбы: Қол-аяқ бұзылған қимылдарын арттыру.

Мақсаты: Тепе-теңдік сақтауға үйрету, дене буындарын жақсарту.


  • Шаңғы тренажёрында жаттығу жасау.

  • Кушеткаға жатқызып қолына және аяғына гимнастикалық жаттығулар жасау.















Үйге тапсырма: Бүгінгі орындаған жаттығуларды ата-анасымен бірге қайталау.


Ата-анаға кеңес: Үй жағдайында орындауға болатын жаттығулар орындаттыру, көйлегінің түймелерін таққызу, аяқкиімін өзіне кигізу, тізерлеп жүргізу, қасықты оң және солымен ұстату.

Дене шынықтыру мұғаліміне кеңес: Спорт залында сызық бойымен жүргізу және жүгірту.


Қыркүйек. 1 апта.


Тақырыбы: Көпір тренажёры.

Мақсаты: Тепе-теңдік сақтауға, аяғын нық басуға үйрету.


  • Көпірдің екі жанынан ұстап, тепе-теңдік сақтап, аяғын нық басып өту.


Үйге тапсырма: Бүгінгі орындаған жаттығуларды ата-анасымен бірге қайталау.




Қыркүйек. 2 апта.


Тақырыбы: Ата-анасымен жаттығу.

Мақсаты:


  • Ата-анасына кеңес бере отырып, балаларымен бірге жаттығуларды орындаттыру.

  • Ата-анасымен бірге шаңғы тептіру.

  • Ата-анасы мен балаларын көпірден өткізу.


Үйге тапсырма: Аяғын нық басып бір сызықпен жүргізу.




Қыркүйек. 3 апта.


Тақырыбы: Баспамен жаттығу.

Мақсаты:


  • Екі қолымен ілініп тұрған арқаннан ұстап, бір аяғын баспадан басамыз, баспаға қарай еңкейіп тіземізді жеткізіп тигіземіз.

  • Дәл осы бағытта екінші аяғына орындатамыз.


Үйге тапсырма: Күртешесінің түймелерін баланың өзіне салдыру, ағыттыру.





















Қыркүйек. 4 апта.


Тақырыбы: Аяқтарына гимнастика.

Мақсаты: Аяқ бұлшықеттерін нығайту, буындарын жібіту.


  • Кушеткаға жатқызып, тізесіне, аяқ басына гимнастика арқылы жібіту.

  • Кушеткаға жатқызып, қол басына, шынтағына, иығына гимнастика арқылы жібіту.


Үйге тапсырма: Бүгінгі орындаған жаттығуларды ата-анасымен бірге қайталау.




Қазан. 1 апта.


Тақырыбы: Ата-анамен өткізілген күзгі бал.

Мақсаты: Кеңістікке бағдарлай дамыту және қалыптастыру.


  • Оқушының өлең оқуы және сән үлгісіне қатысуы.















Қазан. 2 апта.


Тақырыбы: Жалпы дамыту жаттығулары.

Мақсаты: Дене бұлшықеттері мен дене буындарын дамыту.


  • Сергіту жаттығулары арқылы дене бұлшықеттері мен дене буындарын дамыту.

  • Гимнастикалық скамейканың үстіне жатқызып, турниктен ұстап кеудесін көтереміз.


Үйге тапсырма: Бүгінгі орындаған жаттығуларды ата-анасымен бірге қайталау.













Қазан. 3 апта.


Тақырыбы: Таяқшамен жаттығу.

Мақсаты: Таяқша арқылы тепе-теңдікті сақтау.


  • Ортаға гимнастикалық скамейканы қоямыз, қолымызға таяқшаны ұстаймыз, гимнастикалық скамейканың үстінен әрі-бері жүріп өтеміз.

  • Тепе-теңдік сақтап, қолымызға таяқшаны ұстап, гимнастикалық скамейканың үстіне мініп, арғы жағынан түсеміз.


Үйге тапсырма: Тамақтану кезінде қасықты дұрыстап ұстауын ата-анасы қадағалау.


Қазан. 4 апта.


Тақырыбы: Батут допты жаттығу.

Мақсаты: Батут доптың үстіне отырып секірту, тепе-теңдік сақтату.


  • Батут доптың үстіне отырамыз, спорт зал бойымен секіріп айналамыз. (маман оқушының қасында сақтандырады).

  • Оқушы мұғалімнің нұсқауы бойынша батут доппен секіреді. (алға, артқа, оңға, солға)

  • Ата-анамен бірге жұмыс.


Үйге тапсырма: Күртешесінің түймелерін баланың өзіне салдыру, ағыттыру.














Қараша. 1 апта.


Тақырыбы: Сергіту жаттығулары.

Мақсаты: Сергіту жаттығулары арқылы дене бұлшықеттерін дамыту.


- Негізгі жүгіріс.

- Тізені көтеріп жүгіру, қолын алға созу.

- Аяқты артқа серпіп жүгіру, қол артымызда.

- Екі жанымызбен секіру, қол белде.

- Тыныс алу жаттығулары.


Үйге тапсырма: Бүгінгі орындаған жаттығуларды ата-анасымен бірге қайталау.


Қараша. 2 апта.


Тақырыбы: Гимнастика.

Мақсаты: Қол, аяқ жаттығуларын көрсету, үйрету, орындаттыру. Қол, аяқ қимыл-қозғалыстарын, буындарын және бұлшықеттерін арттыру, дамыту.


- Матының үстіне жатқызып өздігінен домалату.

- екі қолын екі жанға созып бір аяғымен тұру.

- Батут доптың үстіне отырып мұғалімнің нұсқауы бойынша секіру.

- Тынықтыру жаттығуларын орындатамыз.


Үйге тапсырма: Бүгінгі орындаған жаттығуларды ата-анасымен бірге қайталау.

Қараша. 3 апта.


Тақырыбы: Қол-аяқ жаттығулары.

Мақсаты: Гимнастика арқылы баланың қол, аяғының бұлшықеттерін сезіндіру. Аяқ, қол буындарындамыту.


  • Б.Қ., қол буындарын айналдыру, сілкілеу.

  • Б.Қ., аяқ буындарын айналдыру, сілкілеу.

  • Б.Қ., аяқтарына дірілдеткіш массажын орындау.

  • Б.Қ., таяқша арқылы мұғалімнің артынан қайталаттыру.

  • Тыныс алу жаттығулары.


Үйге тапсырма: Бүгінгі орындаған жаттығуларды ата-анасымен бірге қайталау.



Қараша. 4 апта.


Тақырыбы: Қолданбалы жаттығулар.

Мақсаты: Тепе-теңдік сақтап үйрету. Мұғалімді тыңдаттырып үйрету.


- Мұғалімнің нұсқауы бойынша допты лақтырып артынан жүгіріп барып тебу.

- Секіртпені қолымызға алып, екі қолымызбен айналдырып секіреміз.

- Аяқ бұлшықеттеріне массаж жасау.

- Тынысын бір қалыпқа келтіру.


Үйге тапсырма: Бүгінгі орындаған жаттығуларды ата-анасымен бірге қайталау.


















БАЛАЛАРДЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖӘНЕ ДЕНЕ БҰЛШЫҚЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ




№

Оқушы

Қимыл-қозғалысының дамуы

Бұлшықеттерінің дамуы

Мұғалімнің нұсқауы бойынша орындауы


Сергіту дағдысы

Оң-солын ажыратуы

Тепе-теңдік сақтау дағдысы

Секіру дағдысы

Затпен орындалу дағдысы

1

Әбу Б.


3

4

4

4

3

3

3

4

2

Жаннатова Ж.


4

4

3

3

3

4

4

3

3

Бисембай Н.


5

5

4

4

4

5

4

4



3 - төмен


4 - орташа


5 – жақсы



















Кіріспе бөлімде тыныс алу жаттығулары, кіші және орта бұлшықетке, жүруге арналған қарапайым жаттығулар қолданылды. Кіріспе бөлім уақыттың 15-20% құрайды. Жаттығулар сабақтың негізгі бөлімге дайындығына ықпалын тигізеді.


Негізгі бөлім жалпы дамытушылық және арнайы жаттығулардан тұрады. Түрлі ойындар, жүру жаттығулары, құралдармен орындалатын жаттығулар және т.б. қолданылған. Негізгі бөлім уақыттың 65-70% құрайды.


Қорытынды бөлімде тыныс алу жаттығуларын, жүру және тынығуға арналған жаттығуларды пайдалану арқылы жалпы физиологиялық жүктемесі төмендейді. Қорытынды бөлімінің уақыты 10-20% құрайды.


































Нәтижелері.


  • Ата-аналар бала өміріндегі емдік дене шынықтырудың маңызы туралы мәлеметпен танысты, емдік дене шынықтырудың ашық сабақтарына қатысты.

  • Баланың іс-қимыл тәжіребесі ойын жаттығуларымен толықтырылып, ойын бағыттары меңгерілді.


Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер.


  • Спорттық шараларға ата-аналарды бірге белсенді қатысуға шақыру.

  • Балалардың физикалық даму қабілетінің сапасын арттыру.

  • Емдік дене шынықтыру сабақтарында балалардың қимыл-қозғалыс тәжіребесін байытуды жалғастыру.



Қолданылған әдебиеттер.


  • Денсаулық №3

  • Денсаулық №4

  • Мектептегі дене шынықтыру №3

  • Мектептегі дене шынықтыру №5

  • Валеология №1

  • Будь здоров №7

  • Физкультура для ослабленных детей

  • Арнайы білім беру бағдарламасы












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
799
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі