жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жоба "Ертегілер арқылы балалардың мейірімділік қасиеттерін ашу"
«Аққулы ауданының Потанин жалпы орта білім беретін мектебі» ММ
«Ертегілер арқылы балалардың мейірімділік қасиеттерін ашу» атты ғылыми практикалық жобаға
пікір жазушы:
Павлодар мемлекеттік институтының психология кафедрасының
п.ғ.к., ПМПИ профессоры Б.Ғ. Сәрсенбаева
Пікір ПМПИ «Психология» кафедрасына тіркелген
«15» мамыр 2019 жыл
«Ертегілер арқылы балалардың мейірімділік қасиеттерін ашу» атты ғылыми практикалық жоба
Жобаны құрастырған:
Г.К. Мустафина – педагог – психолог,
өзін – өзі тану пән мұғалімі.
Проект жетекшісі: Н. Е. Есімханова– мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары.
Бағдарлама авторы:
Мустафина Гүлмира Қуанышевна –педагог-психолог жоғары категория,өзін-өзі тану пән мұғалімі
Черное ауылы
2019 жыл
5 сыныптарға арналған дамыту сабақтарының бағдарламасы
Жобаның қысқаша негіздемесі
Тақырып өзектілігі:
Барлық уақыттан бері адамгершілік пен мейірімділік ең негізгі қасиет болып есептеліп келеді.Қазіргі уақытта біз көп еститін рухсыздық пен мейірімсіздік, адам сезімінен емес өзінің ісімен көрсетеді.
Добролюбов та ертегілер жайын сөз қылғанда, ең алдымен сол ертегілердің халық ортасында сақталу, айтылу жағдайларын сипаттау керек, дейді. Сонымен қатар ертегіге халықтың өзінің бейілі қандай екенін ашуды шарт етеді. Добролюбов: "Ертегі - бізге ең алдымен халықты мінездейтін материал есебінде қажет" деген.
Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, қүлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі", - деп анықтама береді.
А.Байтұрсынов «ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керегіне қарай жауап беріледі » деп ой қорытады. Ертегі халықтың қиялынан пайда болған. Сондықтан оның авторы халық. Бертін келе ауыздан – ауызға тарап, келешек ұрпаққа жетіп отырған. Ертек айтушыларды – ертекшілер деп атаған.
Ертегі туралы анықтаманы М.Әуезов былай деген: Ертегі деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін, онан соң елдің белгілі салтын білдіретін, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады. Бұл анықтамада шыншыл ертегі жайында еш сөз айтылмаған. Ертедегі көзқарас деп көрсеткен. Осы авторлардың сөздерінен мынадай ой түйдік. Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор екенін,ал ертегі терапиясы арқылы бала өз бойына қарапайымдылық, кішіпейілділік, кайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді сіңіретіндігін білдік.
Бесінші сынып оқушыларының ата-аналарымен ертегі терапиясы арқылы жүргізілген диагностика нәтижесі бойынша мынаны түсіндім: үлкендер, осы жүргізілген зерттеуде, өздерін ертегі кейіпкерлері ретінде дұрыс қабылдау алмайды.Ертегі терапиясы бала денсаулығы үшін және оның адамгершілігі мол және мейірімді адам болып қалыптасуына өте көп әсер етеді.
«Баланың мейірімді тұлға болып өсуіне және өмірдегі кері әсерлерге қалай төтеп беру керек?» ,-деген сұрақ туады.
Қазіргі әдебиеттерде баланың ішкі дүниесін мейірімділік пен адамгершілікке баулитын қасиеттер туралы айтылған.Бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіру үшін мен өз тәжірибеме ертегі терапиясын қолдануды жөн көрдім.Осыдан барып ертегі терапиясының бағдарламасын қолға алдым.
Жобаның ғылыми негіздері
Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады. Практикалық психологияның ертегілік терапия бағыты – баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады.
Балалар дәрігерлері ертегі терапиясын екі бағытта жүргізеді. Біріншісі – айту мен баяндауға құрылған нұсқасы болса, екіншісі – қойылымдық бағыт.
Ертегі терапиясы- «әдісі, баланы ертегі формасы арқылы шығармашыл тұлға, ой-өрісін дамыту,қоршаған ортамен өз ара қимыл іс-әрекетке түсетін жеке тұлға ретінде қалыптастыру» (Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева).
Өздерінің жұмыстарында қолданған әртүрлі авторлар (Д.Бретт, Д.Миллс, Р.Кроули,Д.Соколов, және т.б.) ертегі терапиясының әр түрлі жастағы балаларда туған көптеген мәселерді шешуге көмектесетінін айтады. Ертегі терапиясы арқылы басқыншылықты, өзіне-өзі сенімсіздеу,ұялшақ балалар; ұятсыздық мәселесі,өтірік айту, кінәсін сезіну, бойындағы жаман қасиеттерді т.б. сезінуге көмек көрсетеді.Сонымен қатар ертегі терапиясы өзінің мәселесін шешуге және жүйелеуге және оны шешу жолын көрсетеді.
Ертегі терапиясының концепциясы: өмірдегі негізгілерді; өмірдің қымбаттылығын,автордың ішкі дүниесін көрсетеді.
Гипотеза
Ертегі – баланы тәрбиелеуге арналса, ертегі терапиясы сол тәрбие арқылы баланы жөнге салу, онын көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болу тәсілдері
Егер ертегі –баланы тәрбиелеуге арналса, ал ертегі терапиясы сол тәрбие арқылы балалардың мейірімділік қасиеттерін ашар еді.
Егер ертегі – баланы мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелеуге арналса, ертегі терапиясы сол тәрбие арқылы баланы жөнге салу, оның көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болу тәсілдері ашар еді.
Ертегі балада батырлық сезімін, қауіп-қатерді сынауға,күш пен жеңісті сезінуге; оны батыл болуға, адалдыққа үйретсе, ертегі терапиясы оны адам тағдыры туралы ойлануға; жақсы мен жаманда айыруға үйретер еді.
Егер де бала ертегідегі жақсы қасиеттерді терең түсіне білсе, ал ертегі терапиясы арқылы кедергісіз барлық кедергілерден өтіп, бала ертегі терапиясы арқылы өзін-өзі емдеп, түрлі шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік алар еді.
Ертегі арқылы бала қоршаған ортаға, адамдарға деген көзқарасы дамиды, достыққа, ержүректілікке, адалдыққа, батылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиеленсе, ертегі терапиясы арқылы ұялу, қорқу, сескену сияқты сезімдерінен арылып, өздерін еркін ұстап, жауапкершілікке баулынар еді.
Жобаның идеясы
Ертегілер құдіретті нәрсе: ұйқыға батырады, қызықтырады, тыныштандырады, көңілдендіреді, қолдайды, үйретеді, сендіреді.Ал оны шын ниетімен түсіне білген адам нағыз шығармашылыққа қабілетті адам болып табылады.
Ертегіні оқығаннан кейін оны балалармен өмірмен байланыстыра талқылаған жөн бала өз ойын ойланып ашық айтуға үйренеді.Сондықтан да әр ертегіні оқығанннан кейін сұрақтар қоямын.Ол баланы ойлауға, жан-жақтылыққа,байқағыштыққа баулиды. Өз ойын анық, әрі дұрыс жеткізуге жетелейді.
Жобаның мақсаты:
-Ертегі терапиясы арқылы оқушы бойына мейірімділік қасиеттерді дарыту,
ашу, дамыту.Қатысушылардың достық қарым-қатынасын, ұжыммен жұмыс жасауды арттыру.
Міндеттері:
Балаға ертегіні оқыту арқылы ертегі жағдаяттарының болмысын әдеп нормалар тұрғысынан талдау; әлемге өзін шығармашыл тұлға ретінде көрсете білу.
Өзінің ойлары мен істеген іс-әрекеттері үшін жауапты болу.
Өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, түсіне білу,жанындағы адамдарға көмектесу,басқалармен өзінің шығармашылығымен бөлісу қабілеттерін қалыптастыру.
Мәселені негізгі сұрағы: Ертегілерде не көп: жамандық немесе жақсылық ?
Оқушылар жасы: 5 сынып
Жобаның басталу уақыты: қаңтар 2019 жылдан 2019 жылдың мамыр айына дейін.
Жұмыстың тәртібі: сабақтан тыс, жұмасына 0,5 сағат (сабақ 2 жұмада 1 сағаттан өткізіледі).
Қосымша қатысқан қатысушылар: Ергазина А.К.- әдістемелік жұмыс басшысы орынбасары, Жабагина Ү.А.- кітапханашы, Есимханова Н.Е.-қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі және тәрбие ісінің меңгерушісі, Нургазина Б.Ж.- рухани адамгершілік бағыты бойынша ӘБ жетекшісі.
Функциональдық міндеттері:
№ |
Аты-жөні |
Функциональдық міндеттері |
Мерзімі |
Орындалғаны туралы ескерту |
1 |
Мустафина Г.Қ.-педагог-психолог |
Диагностика жүргізу, сауалнама алу,оқушылармен сабақ өткізу,бағдарлама жасау, қорытынды шығару |
үнемі |
Жоспар бойынша диагностика мен сауалнама өткізілді.Оқушылармен Жоспар бойынша сабақ өткізіліп, қорытындысы шығарылды.Көрініс көрсетіліп,мұғалімдер мен ата-аналарға арналған әдістемелік нұсқау берілді, презентация жасалды. |
2 |
Қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету,әдістемелік құралдар табу,ертегі мәтіндерін тауып беру. |
Әдістемелік көмек көрсету,бағдарлама жасауға көмек,жеке кеңес,бағдарламаны талқылау, презентация жасауға көмек. |
үнемі |
Педагог –психологпен кеңес өткізілді, бағдарлама жасалды,жұмыстың нәтижесіне қорытынды шығарылды, презентация жасалды. |
3 |
Жабагина Ү.Ә. кітапханашы |
Қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету,әдістемелік құралдар табу,ертегі мәтіндерін тауып беру. |
Ақпан-наурыз 2019 жыл |
Қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етілді,әдістемелік құралдар тауып берілді,ертегі мәтіндерін тауып берді. |
4 |
Есимханова Н.Е.-қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі |
Оқушыларға қажетті оқитын әдебиеттер жөнінде көмек беру,4 сынып бойынша оқу-тәрбие жоспарындағы өзгерістер туралы кеңес. |
Ақпан 2019 жыл |
Оқушыларға қажетті оқитын әдебиеттер жөнінде көмек берілді,сабақ кестесі мен өткізілетін іс-шара кестесі жасалды. |
5 |
Нургазина Б.Ж.-ӘБ жетешісі |
Ата-аналармен өткізілетін кеңеске көмек көрсету, ата-аналарға сұрақтарқою |
Ақпан-наурыз 2019 жыл |
Ата-аналармен кеңес өткізілді және сұрақтарға жауап алынды |
Жобаны жүзеге асыратын әдістемелік көмек
Өткізу мерзімі |
Әдістемелік құралдар |
Әдістеме мақсаты |
Әдістеменің авторы |
Қорытындыс қайда қаралды |
үнемі |
Психолого-педагогикалық әдістемелік оқулықтарды және дидактикалық материалдарды қарастырып оқу |
Тақырып бойынша қажетті білім алу |
|
Мектеп ӘБ |
үнемі |
Педагогикалық бақылау |
Оқушылардың жеке қасиеттері туралы ақпарат алу |
Загвязинский В.И. Данилов М.А. |
Мектеп ӘБ |
Қаңтар 2019 жыл Мамыр 2019 жыл |
Тест алу |
Жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерін бағалау |
Загвязинский В.И. Торренс |
Мектеп ӘБ |
Қаңтар 2019 жыл Мамыр 2019 жыл |
Сауалнама |
Ақпарат алу |
Загвязинский В.И.
|
Мектеп ӘБ |
Ақпан-наурыз 2019 жыл |
Бірлесе отырып ертегі тыңдау |
Ақпарат алу |
|
Мектеп ӘБ |
Ақпан-наурыз 2019 жыл |
Ертегі мазмұны бойынша қорытынды шығару |
Жұмыс қорытындысын шығарып талдау |
Кыверялг А.А. Журавлев В.И. |
Мектеп ӘБ |
Ақпан-наурыз 2019 жыл |
Шығармашылық жұмыстарды орындау(ауызша, диалог,дискуссия,суреттер салу,көрініс көрсету) |
|
|
Мектеп ӘБ |
Ақпан-наурыз 2019 жыл |
Ойындар |
Танымдық адаптация, стрестік бақылау, психотерапия |
Добринская Е.И. |
Мектеп ӘБ |
Ақпан-наурыз 2019 жыл |
Тақырып бойынша көрініс |
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту |
- |
Мектеп ӘБ |
Ақпан-наурыз 2019 жыл |
Тренинг пен жаттығулар |
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, адаптация |
- |
Мектеп ӘБ |
Ақпан-наурыз 2019 |
Әңгімелесу, жүргізушінің әңгімелері |
Өз тәжірибесімен бөлісу |
|
Мектеп ӘБ |
Май 2019 жыл |
Классификация мен жүйелеу |
Бағдарламаны жүргізу барысындағы жүйелеу |
Журавлев В.И. |
Педагоги- калық кеңес |
Жұмыс формасы:
- Шығармашылық шеберхана
- Конкурстар
- Жеке жұмыстар
- Топпен (жұппен) жұмыс
- Дайындық және қойылым жұмыстары
Жалпы оқу дағдылары
Ауызша және жазбаша сөйлеу
Әдебиеттен,бейнелеу өнерінен,технологиядан, тарихтан білімді болу
Мәтінмен жұмыс істей алу, өз ойын айта алау,қорытынды шығара білу,ақпарат жинай алу.
Білгенін дәлелдеу: оқушының жеке қызығушылығы,өз ісіне қорытындысына қанағаттану,өз ісін іске асыру
Біліктілігін арттыру:
коммуникативтік рөлдегі өзара іс-қимыл, ақпараттарымен бөлісу
табылған ақпарат көздерімен жұмыс істеу қызметі,сараптама,
ертегідегі жағдаяттарға түсінік беруі
өз бетінше шешім қабылдау, күрделі жағдаяттарда басқаның жағдайына қарап шешім қабылдау, өз ісіне жауап беру
Жобаның нәтижелерін бағалау критерийлері
Бағдарламаға қатысушылардың белсенділік эмпатияларын жоғары деңгейге 30-40% көтеру.
Торренс диагностикасы бойынша шығармашылық динамикалық дағдыларын 8-12 % көтеру
Балалардың конкурстарға, бағдарламаға қатысудағы үлестерін 10-15 % көтеру.
Әдістемелік құрал дайындалды, «Ертегі арқылы тәрбиелеу» атты ата-аналар мен мұғалімдерге кеңес берілді.
«Әлем сиқыры» атты ертегілер жиынтығы мен суреттер жинастырылды.
«Ең жақсы ертегі» атты театрландырылған қойылымдар өткізілді.
«Мейірімділігіңмен маған жақында» атты презентация дайындалды.
Күтілетін нәтиже
Балалардың моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін игеруі.
Шығармашылық жұмыстары арқылы өзінің қажеттерін көрсете білулері.
Қоршаған ортаны түсіне білу,сүйіспеншілікпен қарау,адамдарға көмектесу,жанашырлық,өзінің шығармашылығын жолдасымен бөлісу қасиеттерін көрсетуі.
Болжамдағы әлеуетті шығындар
Ертегіде жағымды және жағымсыз кейіпкерлер бар,кейбір оқушылар жағымсыз кейіпкердің қасиеттерін алуы мүмкін.
Теріс қылықтарды түзету әдістері
Ертегіде мейірімділік әрқашанда жауыздықты жеңеді.Жағымды кейіпкерлердің әр уақытта жеңісте болатындығына көңіл аудару керек.
Жоба жұмыстарының қорытындысын практикада қолдану
Жобаның қорытындысы:
Әдістемелік кеңестер құрастырылды,мұғалімдер мен ата-аналарға арналған «Ертегі арқылы тәрбиелеу» атты кеңес берілді.
«Әлем сиқыры» атты ертегілер альбомы мен балалар суреттері жиналды.
Ертегілерге арналған театрландырылған қойылымдар жазылды.
«Ең жақсы ертегі» атты театрландырылған қойылымдар өткізілді.
«Мейірімділігіңмен маған жақында» атты презентация дайындалды.
Барлық осы материалдарды мұғалімдер, даярлық топ тәрбиешілері, психологтар баланың шығармашылығын дамытуда және адамгершілік тәрбиесін жетілдіруде қолдануға болады.
Жобаны орындаудың этаптары
1 этап: Дайындық (жобаны әзірлеу)
Қаңтар,2019 жыл
-
Жұмыс мазмұны (міндеті)
Орындаушылар мен жауаптылар
Қорытынды формасы
Ұйымдастыру –басқарушылық аспектілері
2018-2019 оқу жылына арналған педагог-психологтың жоспарын бекіту
Мектеп басшысы Б.Т.Пусырханов
ДТЖО
Есимханова Н.Е.
Педагог-психологтың 2014-2015 оқу жылына арналған жоспары
Психологқа арналған нормативті-құқықтық құжаттармен танысу
Педагог-психолог, өзін – өзі тану пән мұғалімі Мустафина Г.Қ.
ДТЖО
Есимханова Н.Е.
Психологқа арналған нормативті-құқықтық құжаттармен
Жобаның жасалуын бақылау
ДТЖО
Есимханова Н.Е.
Мектепішілік бақылау
Жобаға қатысушыларды анықтау 4 сынып оқушылары,ата-аналары
Педагог-психолог, өзін – өзі тану пән мұғалімі Мустафина Г.Қ.
4 сынып оқушылары
Ғылыми-әдістемелік
Ертегі терапиясы туралы әдебиеттермен танысу
Педагог-психолог, өзін – өзі тану пән мұғалімі Мустафина Г.Қ.
Әдістемелік әдебиеттерді ертегі терапиясына қолдануға әзірлеу
Жобаның мақсаты мен міндеттерін анықтау
Педагог-психолог, өзін – өзі тану мұғалімі Мустафина Г.Қ.
ДТЖО
Есимханова Н.Е.
ОТЖ бірлесіп жоспарлау және жобалық қызметті жалғастыру
Педагог-психолог технологиясы жобасының қызметіне кеңес беру
ДТЖО
Есимханова Н.Е.
Жеке кеңес
Жобаның белгіленген тақырыбы бойынша мақсат,міндеттерінің мазмұнын ашу
Педагог-психолог, , өзін – өзі тану мұғалімі Мустафина Г.Қ.
Әдістемелік жетекшісі Нургазина Б. Ж.
«Мейірімділігіңмен маған жақында» жобасы дайындалды
Психолого-педагогикалық
Ата-аналар мен оқушыларға арналған тестерге әдістемелік құралдар дайындау
Педагог-психолог, , өзін – өзі тану мұғалімі Мустафина Г.Қ.
сауалнама
Моральдық білім берудің бастауыш диагностикасын қалыптастыру (эмпатия деңгейі)
Педагог-психолог, , өзін – өзі тану мұғалімі Мустафина Г.Қ.
Оқушылардың сауалнамасын талқылау және оның қорытындысы
Шығармашылық дағдыларын қалыптастырудың
бастауыш диагностикасы
Педагог-психолог, , өзін – өзі тану мұғалімі Мустафина Г.Қ.
Оқушылардың сауалнамасы және оның қорытындысы
Ертегі терапиясын қолдану арқылы ата-аналардан сауалнама алу
Педагог-психолог, , өзін – өзі тану мұғалімі Мустафина Г.Қ.
Ата-аналардың сауалнамасы және оның қорытындысы
|
2 этап: Практикалық (жобамен жұмыс)
Ақпан-сәуір 2019 жыл
Жұмыстың мазмұны (мақсаты) |
Мерзімі |
Орындаушылар мен жауаптылар |
Қорытынды формасы |
Ұйымдастыру –басқарушылық аспектілері |
|||
ОТЖ 5 сыныпта ұйымдастыру,жобаны өткізудің негізгі ерекшеліктері |
Ақпан-сәуір |
Әдістемелік жетекшісі Ергазина А.К. ДТЖО Есимханова Н.Е. |
Сабақ кестесі және өткізілетін іс-шаралар |
Жоба бойынша қызмет ету үшін кітапханада ақпараттық жұмыстарды қалыптастыру |
Ақпан-сәуір |
ДТЖО Есимханова Н.Е. Кітапханашы Жабагина Ү.А. |
Каталог |
Жобаның орындалуын бақылау |
Наурыз |
ДТЖО Есимханова Н.Е.
|
Мектепішілік бақылау |
Ғылыми-әдістемелік |
|||
5 сынып оқушылары үшін «Мейірімділік мектебі» атты іс- шараны әзірлеу және іске асыру |
Ақпан-сәуір |
Педагог-психолог, , өзін – өзі тану мұғалімі Мустафина Г.Қ.
|
Жұмыс материалдарын әзірлеу |
«Ертегі арқылы тәрбиелеу» ата-аналарға арналған кеңес |
Ақпан-сәуір |
Педагог-психолог, өзін – өзі тану мұғалімі Мустафина Г.Қ. ӘБ жетекшісі Нургазина Б.Ж.
|
Жұмыс материалдарын әзірлеу |
«Ертегі терапиясы арқылы адамгершілікке баулу» 4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кеңес |
Сәуір |
Педагог-психолог, өзін – өзі тану мұғалімі Мустафина Г.Қ.
|
Жұмыс материалдарын әзірлеу |
3 этап: Бақылау және бағалау
Мамыр,2019 жыл
Жұмыстың мазмұны (мақсаты) |
Орындаушылар мен жауаптылар |
Қорытынды формасы |
Ұйымдастыру –басқарушылық аспектілері |
||
5 сыныпта ОТЖ ұйымдастыру,жобаны өткізудің негізгі ерекшеліктері |
ДТЖО Есимханова Н.Е.
|
Сабақ кестесі, қорытынды іс-шара кестесі |
Жобаның орындалуын бақылау |
ДТЖО Есимханова Н.Е.
|
Мектепішілік бақылаудың материалдары |
|
Ғылыми-әдістемелік |
|
«Ең жақсы ертегі»(Эта добрая,добрая сказка) атты театрландырылған қойылымды 1 сынып оқушыларына көрсету
|
Педагог-психолог, өзін – өзі тану мұғалімі Мустафина Г.Қ.
|
Жұмыс материалдарын әзірлеу |
Жоба тиімділігін талдау жобаның қорытындысын іске асыру, өзіне-өзі сараптама жасауға дайындалу және жүргізу |
Педагог-психолог, өзін – өзі тану мұғалімі Мустафина Г.Қ.
|
Өзіне-өзі сараптама жасау материалдары |
Қорытынды есеп беруге дайындық, жоба презентациясы |
Педагог-психолог,өзін – өзі тану мұғалімі Мустафина Г.Қ. ДТЖО Есимханова Н.Е.
|
Қорытынды материалдары, презентация
|
Психолого-педагогикалық |
||
Оқушылардың адамгершілік қасиеттеріне қорытынды диагностикасы (эмпатия деңгейі) |
Педагог-психолог,өзін – өзі тану мұғалімі Мустафина Г.Қ.
|
Оқушылар сауалнамасы,оның қорытындысы |
Оқушылардың шығармашылық дағдыларының қорытынды диагностикасы |
Педагог-психолог,өзін – өзі тану мұғалімі Мустафина Г.Қ.
|
Оқушылар сауалнамасы,оның қорытындысы |
Ата-аналар мен мұғалімдердің пікірлері |
Педагог-психолог, , өзін – өзі тану мұғалімі Мустафина Г.Қ.
|
Пікірлердің қорытындысы |
Жобаның оқу-әдістемелік және техникалық жабдықтармен жабдықталуы
Аты |
Мерзімі |
Құны |
Педагог-психологқа арналған оқу-әдістемелік құралдар мен әдебиеттер |
Қаңтар,2019 жыл |
|
Сабақта қолданылатын әдебиеттер (ертегі мәтіндері) |
Ақпан-наурыз,2019 жыл |
кітапхана |
Ертегі жазылған дисктер |
Қаңтар,ақпан 2019 жыл |
|
Сурет салуға арналған қарындаштар мен краскалар |
Қаңтар,2019 жыл |
Әр оқушыға жеке |
Түрлі-түсті қағаздар, картон қағаз,фольга,мата қиқымдары, желім |
Ақпан, 2019 жыл |
Топқа |
Кеңсе тауарларын сатып алу (қағаз, магниттер) |
Ақпан-сәуір,2019 жыл |
|
Қорытындысы: |
|
|
Сабақ кең,жарық және үнемі желдетілген бөлмеде өткізілуі тиіс.Сабақ өтетін бөлмеде үстел мен орындықтар жеткілікті болуы керек.Сол сияқты ойынға, дайындық жаттығуларына, дайындыққа арналған орын болуы керек.
Сабақ кезінде арнайы киім қажет етілмейді.Оқушылар еркі киім кие алады.
Сабақ өткізу үшін керектілер: оқуға және сараптама жасауға арналған кітаптар (ертегілер,нақылдар); компьютер, магнитофон немесе музыка орталығы, кассеталар жиынтығы,дисктер; түрлі-түсті қарындаш, сурет салуға арналған краскалар; түрлі-түсті қағаз, картон, фольга, мата қиқымдары, желім, т.б. реквизит дайындау,костюмдерді көрініске әшекейлеу үшін.
Қорытынды
Жалпы алғанда жобаны дайындау барысы сәтті өтті.Бұл жобаны дайындауға барлық 5 сынып оқушылары қатысты.Әр оқушы шығармашылық,ойлану жағынан тартылды. Оқушылар өз ойларынан ертегілер құрастырды, білетін ертегі кейіпкерлерінің суреттерін салды.Балалар әр түрлі қызметтерге тартылды, яғни олар жеке және топпен жұмыс жасады.Соңғы қорытынды этапта оқушылар театрландырылған қойылымның дайындығына және қоюға ат салысты.Оны 1 сынып оқушыларына қойып берді.
Осындай жобаға қатысу оқушылардың әдебиеттен,тарихтан білімдерін тереңдетеді.Сол сияқты оқушылар бойына адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін сіңіреді.Қоршаған ортаны және адамның жан дүниесін түсінуге көмектеседі.
Жобаны жүзеге асыруда қорытындысы ғана емес,оның жүру барысы да оқушыларды өзін шығармашыл адам ретінде сезінуіне және бір-бірін түсіне білуге көмектеседі.
Оқу жылының басында өткізілген психологиялық диагностика нәтижесі бойынша 5 сынып оқушыларының 30% жоғары деңгейде эмпатияға қабілетті екенін,(бірге мазасыздану білу, бауырмалдық), ал 52 % бұл қасиеттер орташа деңгейде, 18 % -де екенін көрсетті.
Шығармашылық диагностикасы мынаны көрсетті (Торренстың креативтік тесті): балалардың 30% шығармашылық қабілеттерінің жоғары екенін,ал 64% орташа деңгейде екенін көрсетті.
Қорытынды бойынша оқушылар бойындағы қасиеттері эмпатия деңгейі бойынша 30%-ға,ал балаларда шығармашылық дамулары жоғары деңгейге көтерілді.
Ертегі-сиқырлы әлем,сабақ кезінде оқушыларға қалай өмір сүру керек,адаммен қалай қарым-қатынаста болу керек екендігі жайында айтылған жоқ.
Өздерініз байкап отырғандай ертегі – жалпы бұқараның көзқарасына негізделеді. Сондықтан, оны бала да, қарт та сүйсініп тыңдайды. Ертегі терапияның бір ұтымдылығы – бала тілімен жеткізілуінде, баланың ой ауқымына тән оқиғалар дәрежесінде ситуация құруында. Бала ертегі тыңдау арқылы өзін-өзі емдеп, түрлі шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік алады. Барлық ертегілерде басты кейіпкердің еркін өмірге қол жеткізуі, Отанының тәуелсіз дамуы басты мұрат ретінде бағаланса, ертегі арқылы балақайлар өздік кеңістік пен еркіндік ұғымын түйсінеді.
Ертегі терапиясы-бұл ерекше баланың ішкі дүниесімен жұмыс жасалатын психологиялық әсер, ерекше әсер етудің қуатты құралы.
5 сынып оқушыларына арналған дамытушылық сабағы
«Ертегілер арқылы балалардың мейірімділік қасиеттерін ашу»
№1 сабақ
Тақырыбы: «Әр адам бірегей және бағалы»
(Ойын «Танысу қақпасы»; игра «Жүрегімізді тыңдайық»; ертегіні қою «Жақсылық пен жамандық»; ертегіні талдау, шығармашылық тапсырма «Жүрегімізді тыңдайық»; сурет «Біздің жүрегіміздің күншуағы»)
№2 сабақ
Тақырыбы: «Бір-бірін түсіну»
(Ойын «Кім сөзсіз түсінеді»; ертегіні қою және талқылау «Ақ тышқан мен нәресте», «Мақта қыз», сурет «Әлемге түрлі көзқарас», шығармашылық тапсырма «Түсінуге үйренеміз»)
№3 сабақ
Тақырыбы: «Жомарттылық»
(Шығармашылық тапсырма «Жомарттылық»; ертегіні қою «Алтын балық»; суре «Жомарт жүрек»)
№4 сабақ
Тақырыбы: «Басқаларға қамқорлық»
(Ойын «Қамқоршы болуға үйренеміз»; ертегіні қою және талқылау «Сөйлестік»; шығармашылық тапсырма «Жақынымды қамқорлыққа аламын»)
№5 сабақ
Тақырыбы: «Сүйіспеншілік»
(Ойын «Сүйіспеншілік шеңбері»; ертегіні қою және талқылау «Өзімшіл алып»; шығармашылық тапсырма «Сүйіспеншілікпен құтқару»; сурет «Сүйіспеншілік шоғы»)
№6 сабақ
Тақырыбы: «Жылылық»
(Ойын «Жанашырлық сөздері»; ертегіні қою және талқылау «Сиқырлық»; шығармашылық тапсырмалары «Көмектесу керек»; сурет «Сөзсіз жанашырлық»)
№7 сабақ
Тақырыбы: «Мейірімді болу қиын ба?»
(Шығармашылық тапсырма «Мейірімді іс»; ертегіні қою және талқылау «Ақыл мен қайырымдылық»; ойын «Кім мейірімді»)
№8 сабақ
1 сынып оқушыларына арналған «Ең жақсы ертегі» атты театрландырылған қойылым.
Пайдаланылған әдебиеттер
Радлов В. Алтын сандық. ─ Алматы, 1993. [15 б].
Райымова Қ. Ертегінің тәрбиелік мәні. ─ // Бастауыш мектеп. ─ 1998. ─№4. ─ б. 20-21.
Алпысбаев Т. Қазақ халық әдебиеті. Т.З; Ертегілер. ─ Алматы: Жазушы» 1975ж. 135-1846.
Лесбаева С. Әдістемелік жұмыстарының жетістіктерінің диагностикасы. ─ //Мектеп. ─ 2006, №2. ─ б. 34-36.
5.Развитие интеллектуально-творческой личности в образовательной среде.
д.психол. н.,академик Намазбаева Ж.И. директор НИИ Психологии КазНПУ им.Абая
6.Пралиев С.Ж. Намазбаева Ж.И., Каракулова З.Ш., Садыкова А.Б Психологические основы развития творческой интеллектуальной личности в образовательной среде Монография – Алматы: - изд-во “ УЛАҒАТ” , 2012 -
7. Намазбаева Ж.И., Запрягаев Г.Г., Луцкина Р.К. Истоки Развития психологии и дефектологии в Казахстане Алматы «Print-Express» 2012
8. Намазбаева Ж.И., Каракулова З.Ш., Садыкова А.Б. Технология психологического обеспечения учебно-воспитательного процесса /Учебно-методическое пособие. – Алматы: - изд-во “ УЛАҒАТ” , 2012
9. Пралиев С.Ж., Намазбаева Ж.И., Каракулова З.Ш., Садыкова А.Б. Развитие творческой интеллектульной личности. - Учебно-методическое пособие – Алматы: - изд-во “ УЛАҒАТ” , 2013
10. Намазбаева Ж.И., Каракулова З.Ш., Садыкова А.Б., Сейдулаев К. Б. Развитие личности в процессе психологизации современного образования. Монография. - Алматы: Издательство «Ұлағат» КазНПУ им.Абая, 2013
Практикалық психологологтың кәсіби қызмет үлгісі
Ауталипова
У.И. психология.ғ.к., доцент (Алматы қ.,
Қазмемқызпу)
Мазмұны
1. Жобаның қысқаша негіздемесі 2 бет
2.Жобаны орындаудың этаптары 9 бет
3.5 сынып оқушыларына арналған 15 бет
дамытушылық сабағы
«Ертегілер арқылы балалардың
мейірімділік қасиеттерін ашу»
4. Пайдаланылған әдебиеттер 17 бет

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген