Материалдар / Жоба жұмысына презентация жасау 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жоба жұмысына презентация жасау 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоба жұмысына презентация жасау сабақ жоспары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

30-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жоба жұмысына презентация жасау

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

4-бөлім. «Презентациялар»

(ортақ тақырыбы: «Су-өмірдің қайнар көзі»)

Педагогтің аты-жөні:

Муташев Елдос Таласович

Күні:

__.04.2024

Сыныбы:

Қатысушыларсаны: __ Қатыспағандар саны: ___

Сабақтың тақырыбы:

Жоба жұмысына презентация жасау.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.2.3.1 мәтін мен бейнені қамтитын қарапайым таныстырылымдар жасау;

3.1.2.1 қолданбалы программаларда «ыстық» пернелердіқолдану;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Безендіру мен ауысуларды пайдаланып жоба жұмысына таныстырылым дайындауды үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.



Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту: «Балық, құс, аң» ойыны

Мақсаты:Жүргізуші ойыншылардың жанына барып ақырын ғана «балық, құс, аң» деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып: «Балық!»(немесе аң, құс) деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кезкелген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады/.

Топтастыру:

Топтастыру

Flippity.net сайты немесе оқушылардың орнына байланысты 2-3 топқа топтастыру.

І топ: ІІ топ: ІІІ топ:

Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: Оқытудың қажеттілігінеқарай топ құруда саралаудың «Жіктеу»тәсілі

қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • «Жоба»дегеніміз не? Оны жасау қандай

қадамдардан тұрады?

Есіңе түсір.

  • Жасаған жобаңды көпшілікке қалай таныстырар едің?


Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісіарқылы бағалайды. Бес жұлдыз –Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!, Үшбұрыш – Талпын!.


Интерактивті

тақта


Оқулық


Жұмыс

дәптерлері

Жаңа сабаққа дайындық.

Мақсаты:Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі:Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айты, ешқандай сынға ұшырамауыкерек, қағазға түсіругеде, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

(30 мин)

ІІ. Мағынаны ашу

  • Microsoft Power Point бағдарламасында презентация құрап, тақтада көрсету арқылы оқушыларға әр қадамды көрсету.

  • Браузер пайдалана отырып интернеттен суреттерді «ыстық» перне арқылы қоюды қолдануды көрсету

  • Дайындалған слайдтарға ауыстыруларды қолданады

Дескриптор

  • Презентация құрып, 4 бетті слайд дайындау

  • Кітапқа сай әр бетке ұстар және мәтіндерді орналастыру

  • Браузерден қажет суреттерді көшіру

  • Мәтіндерді теру

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісіарқылы бағалайды. Бес жұлдыз – Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!, Үшбұрыш – Талпын!


Интерактивті

тақта


Оқулық


Компьютер / Ноутбук

Сергіту сәті

2-3 минут

Интерактивті

тақтаға бейнероликті қосып оқушылармен сергіту жаттығуын жасайды


Дескриптор

  • Интерактивті тақтадан қарап сергіту жаттығуын жасау



Интерактивті

тақта



Топтық жұмыс

1-тапсырма

«Су– біздің байлығымыз» тақырыбындағы жоба презентациясын талдаңдар. Төмендегі мәселелерге назар аударыңдар:

  1. Презентация орындауда не қиын болды?

  2. Презентацияда слайдтан слайдқа ауысуда қандай параметрлер таңдалды?

Дескриптор

  • «Су – біздің байлығымыз» тақырыбындағы жоба презентациясына топпен

талдау жүргізеді.

  • Берілген сұрақтарға жауап береді.


Қалыптастырушы

бағалау

Топтар арасында оқушылар бірбірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісіарқылы бір-бірін бағалайды. Бес жұлдыз

Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!, Үшбұрыш – Талпын!


Интерактивті

тақта


Оқулық


Жұмыс

дәптерлері




Жеке жұмыс

  1. Интернеттен алынған сурет презентацияға қалай қойылады?

  2. Жобаны таныстыру сәтті шығу үшін не істеу керек?

Дескриптор

  • Бір сұраққа жауап береді.

  • Екі сұраққа толық жауап береді.




Қалыптастырушы

бағалау

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісіарқылы өзін-өзі бағалайды. Бес жұлдыз

Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!, Үшбұрыш – Талпын!

Интерактивті

тақта


Оқулық


Жұмыс

дәптерлері

Сабақтың соңы 7 мин.


Сабақты бекіту.

Рефлексия.


ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс: «Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісіарқылы бағалайды. Бес жұлдыз – Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!, Үшбұрыш – Талпын!

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды

болуын қадағалайды.

Саралау.Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау.Сіз

оқушылардың

материалды игеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Диалог және қолдау көрсету»,

«Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Фигуралар» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздіктехникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтарытуралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

1:

2:





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!