жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жоба "Кітап - алтын қазына"
Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ
Жоба
Тақырыбы: «Кітап – алтын қазына»

Мектепалды даярлық сыныбы
Тәрбиеші: Шомаева Ө. Б
2018 жыл
Мазмұны
-
Жобаның төлқұжаты
-
Жобаның қысқаша мазмұны
-
Күтілетін нәтиже
-
Жобаның жоспары
-
Қосымша
-
Кітап туралы тақпақтар
-
Мақал – мәтелдер
-
Кітап туралы асыл сөздер
-
Кітап пен кітапхана туралы қызықты деректер
-
Кітап туралы ата- аналарға ақпарат
-
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті бойынша фото есеп
-
Әдебиеттің тізімі:
Жобаның төлқұжаты
Тақырыбы: «Кітап - алтын қазына»
Жобаның жетекшісі: Шомаева Оркен Болатовна
Жобаға қатысушылар: Балалар, ата- аналар, тәрбиеші
Балалардың білім алу жасы: 5- 6 жас
Жобаның құрастыру мінездемесі:Коммуникация-шығармашылық-экологиялық
Балалардың еліктіргіш саны: Топпен
Мерзімі: Қысқа (1 апта)
Профильдік білімі: Пәнаралық жоба
Білім беру саласы: Коммуникация, Шығармашылық, Денсаулық,
Әлеумет, Таным.
Мәселе: Қазіргі технологиялар дамыған кезеңде балалардың кітап оқуға қызығушылығы жоқтығы. Неліктен?
Себептің мәселенің қисыны:
-Қазіргі заманға сай балалар бос уақыттарын кітап оқуды емес компьютер, телефон, планшет қарауымен өткізеді, сол себептен мен осы жоба арқылы балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру басты мақсаты болып тұр. Ата аналармен бірге жұмыс істеп балалардың бос уақытында кітап оқуға деген ынталарын тудыру.
Жобаның мақсаты: Балаларды кітап туралы түсініктерін қалыптастыру. Бос уақытында кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Кітап оқу арқылы балалардың сөздік қорлары молайып, тіл байлықтарын арттыру.
Жобаның міндеті:
-
Зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, , талдау, қортындылау) дамыту.
-
Балалардың өзбетінше әрекет жасауын қадағалау.
-
Зерттеушілік тәсілдерді қолдану.
-
Әр баланың жан- жақты дамуын қамтамасыз ету.
Жобаның ресурсы:
-
Ақпараттық жүйе бойынша (ғаламтордан)
-
Балаларға арналған көркем әдебиет
-
Аппликацияға арналған керекті құрал жабдықтар
Жобаның қысқаша мазмұны: Ұсынылған жоба бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың кітап жайлы түсініктері кеңейеді. Қағазды сипаттауда қол еңбегімен, ізденіс арқылы нәтиже алады. Кітапшаны өз бетімен жасауға қызығушылықтары артады.
Жобаның кезектеп атқарылатын жұмысы:
-
Әдеттегі ҰОІӘ қалыпты бір формасы
-
Тәрбиешінің шығармашылық пен өзгеше әдістермен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
-
Балаларда қолөнердің барлық түрін тануда жол ашады.
-
Балаларды қол еңбегімен іс- әрекеттер жасауға дағдыланады.
-
Бақылауға, қортындылауға, өз ойларын айтуға жаттығады.
-
Балалар ұжымдық және жеке іс- әрекетке машықтанады.
-
Бала тұлғасын дамыта отырып, тәрбиелейтін қызықтырушы іс- әрекет болып табылады.
-
Отбасының және мекпептің бірлескен іс- әрекетінің нәтижелі болуы
Күтілетін нәтиже:
Мектеп жасына дейінгі балалар жобаны аяқталуынан кейін: Кітап туралы түсініктері кеңейеді. Кітаптың жасалу жолдарын сипаттай біледі. Тәжірибелік іс- әреттердің негізінде бақылауға, қортындылауға қол еңбегі арқылы іс- әрекет жасауға үйренеді. Ата аналармен бірлесіп балалардың бос уақыттарында кітап оқуға деген қызығушылықтары артады. Жобаның соңында балалардың жасаған кітапшаларынан көрме ұйымдастырылады.
Мектепалды даярлық сыныбының «Кітап – алтын қазына» жобасының жоспары
І апта
|
Апта күндері |
Білімділік салалар |
Бөлімі: Тақырыбы: Мақсаты: |
Өткізілетін түрі |
|
Дүйсенбі |
«Коммуникация» |
Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет Таныстыру Тақырыбы: «Кітапхана үйіне саяхат» Мақсаты: Балалардың кітап туралы білімдерін кеңейту. |
саяхат |
|
Сейсенбі |
«Әлеумет» |
Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: «Кітап неден жасалған?» Мақсаты: Кітаптың құрылымымен таныстыру |
Әңгімелесу, Бақылау |
|
Сәрсенбі |
«Таным» |
Құрастыру Тақырыбы: «Менің алғашқы кітапшам» Мақсаты: Балаларды кітапша жасауға үйрету. Келесі ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне әр балаға өз суретін әкелуге тапсыру. |
Ұйымдастырылған оқу іс-әркеті |
|
Бейсенбі |
«Шығармашылық» |
Аппликация Тақырыбы: «Әр түрлі кітапша» Мақсаты: Өткен сабақта жасаған кітапшаларын толықтыру. Балаға берілген үй тапсырмасына сәйкес өздерінің әкелген суреттерімен кітапшаларын безендіру. |
Ұйымдастырылған оқу іс-әркеті |
|
Жұма |
«Коммуникация» |
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Кітап алтын қазына» Мақсаты: Балалардың кітап туралы алған білімдерін бекіту,жасаған кітапшаларынан көрме ұйымдастыру. |
Қорытындылау Көрме |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен фото-есеп
Дүйсенбі
Тақырыбы: «Кітапхана үйіне саяхат»




Сейсенбі
Тақырыбы: «Кітап неден жасалған?»



Сәрсенбі
Тақырыбы: «Менің алғашқы кітапшам»


Бейсенбі
Тақырыбы: «Әр түрлі кітапша»



Жұма
Тақырыбы: «Кітап алтын қазына»






Қосымша
Тақпақтар

Кітап
сенің қазынаң,
Кітап сенің жан досың.
Біліміңді асырар,
Кітап сенің бақ құсың.
Кітап
оқу бұлағым,
Оқытатын ұстазым.
Кітапта бар даналық,
Оқып біліп алайық.
Кітап
деген
басыңдағы білімің,
Кітап деген ақыл, ойың, ілімің.
Кітаппенен дос болыңдар, жыртпаңдар,
Жерде жатса көтеріп қой, баспаңдар.
Кітап – Жеміс ағашы
Көрдің талай аралап
Мәуелі жеміс бақшасын.
Тәттілерін таңдап ап,
Жемісін қайта өнер ме?!
Кітап та – алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін...
Кітап туралы мақал – мәтелдер

Кітап - алтын қазына.
Кітап
алтын
сандық:
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт
Кітап
- білім
бұлағы,
Білім - өнер шырағы.
Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.
Кітап
көзі жұмыққа арзан,
көзі ашыққа маржан.
Кітап - қаймақ, білім - оймақ.
Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі.
Күш – білімде, білім – кітапта.
Наданмен дос
болғанша,
Кітаппен дос
бол.
Кітап туралы асыл сөздер

Артық ғылым кітапта,
Ерінбе оқып көруге.
Абай.
Кітап маған тақтан да қымбат.
Шекспир.
Наданмен қас болғанша,
Кітаппен дос бол.
Бауст.
Кітап — асып-таспайтын асыл досымыз.
Гюго.
Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей.
Толстой.
Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал.
Каменский.
Кітап — мұхит, сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
Егер мен бай болсам, тек қана кітап сатып алар ем.
Кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.
Горький.
Кітап пен кітапхана туралы қызықты деректер

* Финляндияда «Скепсис» деген қоғам бар. Оның мүшелері әр жылдың аяғында бас қосып, ақылдаса отырып, жылдың ең нашар кітабына «Құрмет грамотасын» беретін көрінеді.
* Бұрынғы батыс Германияда шығып тұратын «Конкрет» атты журналдың жылдың ең жаман шығармасына, яки ең дарынсыз авторына беріп тұратын сыйлығы бар екен. Оны алған адам бұдан былай қарай мұндай кітап жазбауға және осы сыйлыққа келген ақшаға басқа бір мамандық алам деп уәде беруге тиіс екен.
* Шри-Ланкада археологиялық қазба жұмыстарымен шұғылданған Америка ғалымдары әр парағы таза алтыннан дайындалған ғажап бір кітап тауып алыпты. Онда көне Үндістанның белгілі бір дастаны басылған дейді.
* Францияның Нанта қаласында тұратын бір дәрігер-фармацепт отыз бес жыл бойына әр елдің гимндерін жинаумен шұғылданыпты. Франс Пресс агенттігінің хабарлауына қарағанда оның коллекциясы бүгінде жүз елудің үстіне шығыпты.
* Бұдан дәл он жыл бұрын Сирия ғалымдары басқа ағайындас әріптестермен біріге отырып, «Бүкіл араб энциклопедиясын» шығаруға кіріскен. Бұл жиырма томдық үлкен еңбектің әрқайсысы мың беттен тұрады.
* Францияда небары сегіз сағат ішінде бір өлеңдер жинағын басып шығарған. Таңғы сағат тоғызда қолжазбасын әкеліп тапсырған автор кешкі сағат бесте жырқұмарларға қолтаңба үлестіре бастаған.
* Біздің жыл санауымыздан бұрынғы үшінші ғасырдың басында тұрғызылып, жаңаша жыл санаудың басында римдіктердің шабуылы кезінде өртенген дүниенің сегізінші ғажабы - Александр кітапханасы қалпына келтірілді. Кезінде теңдесі жоқ бұл кітапханада мыңдаған папирус оралымдары болған.
* Франция президенті болған Франсуа Миттеранның артында қалған өлмес еңбегі - Парижде салынған еш жерде, еш елде болмаған теңдесі жоқ супер кітапхана. Ол осы өткен жиырмасыншы ғасырдың ғылыми-техникалық жаңалықтарының ұлы жемісі.
Ата- аналармен жұмыс



Әдебиеттің тізімі:
1. Отбасы және балабақша 2017 жыл
2. Таза бұлақ
3. Айгөлек
4 .Балдырған
5. Бала би
7. Ғаламтордан http://www.inform.kz/kaz/article/2846603
8. Ғаламтордан http://www.on.kz/u45796/blogpost/31061

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген