жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жоба: «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін саусақ театры арқылы дамыту»
Жоба
Тақырыбы:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін
саусақ театры арқылы дамыту»
Жобаның өзектілігі :
Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес»-деген болатын.
Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.
Мақсаты:
Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Міндеттері:
- театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;
- сөздік қорларын байыту;
- ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;
- кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;
- байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету;
Алдын-ала жасалатын жұмыстар :
- балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;
- қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;
- қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.)
- ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу.
Жоба жұмысының нәтижесі:
Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:
- балалар тілі дамиды;
- сөздік қорлары толығады;
- байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;
- дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;
- театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.
Жобаның түрі:
Тілдік қарым-қатынас, ойын, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сахналау
Жобаның уақыты:
Ұзақ мерзімді: ( 5 ай)
Жобаға қатысушылар:
Мектепке дейінгі мекемедегі ортаңғы топ тәрбиеленушілері,
педагогтар, ата-аналар.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар:
Ең көп тараған түрі-ойыншықтар театры –
Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.
Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде. Үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалрдың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі.
Саусақ театрында
– саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.
Үстел үстіндегі театры
–Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер- театр»; магнит театры; «мачалка театр»; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қояды);
·ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымково ойыншықтары).
Суреттер (картиналар) театры
-Декорация мен кейіпкердің – суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.
·Стенд-кітапша театры
-Бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсеттеді (оқиғалар, кездесулер ).
·Фланелеграф театры
-Суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.
·Трафарет театры
-Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл- қозғалысын өзгерте алады.
·
Көлеңкелі театр
-Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке таетрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсеттеді. Көлеңке театрдың сақанасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою- өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жуқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады.
Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы:
5 бөлімнен тұрады.
Театрландырылған ойын.
Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:дамытушылық,әсемділік, театрлық.
Ырғақты-иілгішті (ритмопластика)
– бұған кешенді (комплекст) ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.
3.Сөз мәдениеті және техникасы.
Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрлымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту, шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді.
Жаттығулар
3-ке бөлінеді:
а/ тынысалу және
артикуляциялық,
ә/ дикциялық және
интонациялық,
б/ сөздермен
шығармашылық ойындар.
Театр мәдениеті:
Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.
Қойылыммен жұмыс
– жанама
бөлім, авторлық сахналауға негізделген.
Оған кіретін тақырыптар,қойылыммен
таныстыруқойылымды мазмұндап, талдау,
кейіпкерлендіру. Қойылымға қажетті
құралдар дайындау. Көріністі
безендіру. Дайындық
Қойылымды
сахналау.
Ойынның жіктелу түрлері: драматизация және режиссерлық
болып екіге бөлінеді.
Драматизациялық ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын – драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды.
Ойын
драматизациясы көрерменсіз музыкалық
сипаттағы орындау болады.
Драматизация
түрлері: жануарлар, адамдар, ертегілер
бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны; мәтін
бойынша негізделген диалог, маналог,
рөлдік ойындар; шығармашылық
көрсетілім; бір немесе бірнеше шығарма
арқылы қойлым қою.
Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады.
Жобаның жетістігі:
Тілін дамытады, себебі балалардың қолдарының саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамуына жауапты бөлігіне әсер етеді. Театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке,демалыс орны.Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиешілер, педагогтар үшін үлкен табыс.
Қорытынды:
Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.
Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдын алатын орны ерекше. Театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп бірге жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал етеді.
Жобаны іске асырудың жұмыс жоспары
№ |
Жұмыс мазмұны
|
Мерзімі |
1 |
Жоба жұмысын әдістемелік кеңесте бекіту Түсініктеме |
Қыркүйек
|
2 |
Кеңес: Тақырыбы: Мектеп жасындағы дейінгі балалардың тілін театр арқылы дамыту. |
Қазан |
3 |
Ата-аналарға арналған ақпарат « Театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту»
|
Қараша |
4 |
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Үй құстары
|
Желтоқсан |
5. |
Саусақ театры арқылы сахналау «Әтеш пен тоты құс» ертегісі |
Қаңтар |
6. |
Саусақ театры «Шалқан» ертегісі
|
Ақпан |
7. |
Жек жұмыс қол моторикасын дамытатын санамақтар
|
Наурыз |
8. |
Мектеп жасындағы дейінгі балалардың тілін театрарқылы дамыту. Қорытынды жасау
|
Сәуір |
Түсініктеме
Театр өнерін
туғызатын жайлы топырақ, қолайлы шарт
елдің өз денесінен шыққан.»
Мұхтар Әуезов
Мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық үрдісте ойынның рөлі ерекше екендігі белгілі. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс әрекеті ойын болып табылады.
Бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ал ойынның өзі бірнеше түрде бөлінеді: дидиактикалық, қимылдық, сюжеттік т.б. ойын мазмұны жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта да дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Сәбилерге де, ересектерге де арналған ойындар бар, олар адам өмірінің әр кезеңін қамтиды. Ойын тәрбиенің барлық саласымен, өнермен ұштасып жатады. Әртістердің сахнада өнер көрсетуі- ол да ойынның бір түрі. Ал адамдар театырға барып спектакль көріп, одан рухани ләззат ала отырып, жағымды, жағымсыз бейнелерді талқылайды. Театр – тәрбие ошағы.
Десек те, театырлық ойындырдың мәнін әлі де аша алмай келеміз. Өйткені бүгінгі таңда республика көлеміндегі балабақшаларда театырлық ойындарға деген сұраныс болғанымен, нақты әдістемелік нұсқау жоқ. Міне, тақырыбымның да сонылығы, көкейтестілігі де осында.
Театр – балаларға түсінікті өнер түрі, ол қазіргі педагогика мен психологиядағы:
эстетикалық талғамын қалыптастыруға;
адамгершілік тәрбиесіне;
тұлғаның коммуникативті сапасын дамытуға (қарым- қатынастың түрлерін үйрету);
ерік- жігерін тәрбиелеп, ес, қиял, тілін (диалог және монолог) дамытуға мүмкіндік береді.
Ең бастысы, театр баланың рухани және шығармашылық қарымын ашады және оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне шынайы мүмкіндік береді.
Театрлық ойын – мектепке дейінгі балалар ойының бірі бола отырып, адамгершілік мәндегі әдеби не фольклорлық шығармаларды түсіндіру және осы ойынға қатыстыру барысындағы әлеуметтендірудің тиімді құралы болып табылады. Бұл ойын ұжымдық сипатта болады және жағымды өзара әрекет тәсілдерін меңгеруге, достық, жолдастық сезімдерін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Театрлық ойындарда эмоциональдық дамуы жүзеге асады: балалар кейіпкердің сезімі, көңіл күйімен танысады, олардың сыртқы келбетін сипаттай отырып, себебін түсінеді. Тіл дамыту үшін де (диалогты және монологты сөйлеуді қалыптастыру, көркем мәнерлі тілін жетілдіру) театрлық ойындардың маңызы зор. Ақырында театрлық ойындар баланың өзін танып көрсету және өз қабілетін іске асыру құралы болып табылады.
Саусақ
театрында– саусақтардың көмегімен
қандайда болмасын ертегіні немесе
өлең-тақпақ шумағын саханалау болып
табылады.Саусақ театры арқылы баланың
сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті
дамып, ынтасы артады және шығармашылық
әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын
ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы
заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды,
құстарды және ағаштарды бейнелей
алады.Саусақтарының қозғалыс қимылына
қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға
тырысады және өлеңде үйренген сөз
шумақтарын қайталап айта отырып, есінде
сақтайтын болады.Сонымен қатар балалар
екі қолын қимылдата отырып, оң, сол,
жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай
алуда үйренеді.
Үстел үстіндегі
театры-сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ
пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем
сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі
театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде
құламай тұратын және қозғалтқанда еш
кедергісіз жүретін ойыншықтар
қолданылады.Суреттер (картиналар)
театры-Декорация мен кейіпкердің –
суреттері.Олардың әрекеттері шектелген.
Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация)
арқылы кейіпкердің мінез-құлқы
беріледі.Кейіпкер әрекет барысында
пайда болады, балалардың қызығушылығын
арттырады. Стенд-кітапша театры.
Бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық
оқиғалар көрсетіледі. Стенд-кітапшаның
беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі
сюжеттерді көрсеттеді (оқиғалар,
кездесулер).
Фланелеграф
театры - Суреттер мен кейіпкерлер экранда
көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап
тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен
бірге ескі кітаптардан, журналдардан
қиып алуға болады.
Трафарет театры
-Трафарет театры арқылы сөз құрамының
байлығын, диалог, монологты дамытуға
болады. Балалар дайын трафареттердің
көмегімен болашақ кейіпкерлердің
суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті
бояулармен бояйды, дайын бейнелерді
қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың
шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды.
Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір
бала өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын,
қимыл- қозғалысын өзгерте алады.Үстел
үстіндегі қозғалмалы ойындарды
ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттінен
кейін ойнатуға болады.Онда балалардың
өздерінің шығармашылықтары
арттады.Театрландырылған ойынды басқару
негізіне әдеби шығармашылық мәтінмен
жұмыс істеу жатады. Мәтінді оқығанда
әдеби тілмен анық, мәнерлеп оқу
керек.Балаларға арналған қөркем шығарманы
оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса,
мектеп жасына дейінге балалардан
эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым
табысты болады.Тәрбиеші, дайындық
топтарының балалары сәбилерге кішігірім
спектакелдер көрсетеді, бұған әр түрлі
театр түрлері қолданылады: бәрімізге
таныс картиналар театры (фланелограф),саусақ
театры. Сәбилердің ынталарын, әр түрлі
түстерді ажырата алуына көмектеcеді.
Сәбилер
тобындағы балалар ертегінің мәтінін
өздері қайталамау үшін, олар берілген
іс-әректті орындайды. Мәтінді тәрбиеші
2-3 рет оқу қажет. Рөлмен ойнау балалардың
елестету белсенділігін арттырады, өз
бетімен шығармашылық ойынға дайындалуға
көмектеседі.Театрландырылған ойынға
қызығушылықтарын қалыптастыруға қуыршақ
театрының қойылымын көру көмектеседі.Оны
тәрбиешінің өзі немесе дайындық топ
балалары көрсетеді.Күнделікті ойнайтын
ойындарды кеңейтіп, драматтизация
ойынның әр түрлігін меңгеру арқылы,
балаларды қатыстыра отырып ойын
тапсырмаларын біртіндеп қиындата түсу
керек.Адамдар, жануарлар және құстардың
әрекеттерін ойын арқылы келтіру.Адамның
негізгі эмоциясы (күн көрінді–балалар
қуанады, күледі, алақандарын соғады,
орындарында секіреді), кезекпен тартымды
рөлдер ойнау. Ортаңғы топтағы балалар
«өз үшін» ойынан бала біртіндеп
көрермендер үшін жасалған қойылымға
ауысады. Бұл жастағы балалардың
театрландырылған ойынға қызығушылықтары
тереңдей түседі.Ортаңғы мен ересектер
тобының балалары саханалық өнерді
үйреніп, сезіне бастағанда олардың
тілі, ойлау түйсігі,өнерге құштарлығы
арттады. Қандайда да саханалық қойылымның
алдында балалармен бірнеше кіріспе
жұмыс жүргізіледі.
1.Тәрбиешілер
балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не
әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің
мінез-құлқына, дауысының ырғағына,
қимылдарына назар аударылады.
2.Әр
кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді.
Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі
өзгертіліп отырады.
3.Сұрақ – жауап
арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін
байқап, бағалап отыру.
4.Қимыл мен сөз
арасындағы байланысын қадағалау үшін,
талмай жаттығулар жасау керек. «Бала
ойынының қарапайымдылығы –алдамшы
құбылыс бұны бәрі біледі, бірақ оны бәрі
түсіне бермейді» -деп,П.Ф Каптерев
айтқандай, ойын бала дамуының негізгі
құралы ғана емес, сондай-ақ,өзін-өзі
тәрбиелеп, әлеуметтендіруіне мүмкіндік
жасайтын , отбасынан кейінгі, әлеуметтік
ортаны қалыптастыратын негізгі
іс-әрекет.
Сондықтанда, мектепке
дейінгі кезеңде балалардың ойындағдыларын
және шығармашылығын дамыту үшін,
театрланғанбалалардың ойын бала өмірі
үшін алатын орны ерекше.
Кеңес
Театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту
Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуімен қиялын дамытады. Кезіндегі орыстың ұлы ақыны сахнаны «сиқырлы өлке» деп атаған. Қазақ өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр- адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері- тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деген сенімде болған. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеумен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна \театр\ ерекше рөл атқарады. Сахналандырылған ойындар желілі рөлдік ойындардан тек желілі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Сахналандырылған ойындар ойын- қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен- дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады. Мектепке ересек жастағы балалардың өзі театр ойындарын өз бетінше ойнамайды. Олардың қызығушылығын, тәрбиешінің ұсынысы бойынша және басқаруымен болатын сахналау ойындары арттырады.
Егер де бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен халық әндерімен кішігірім тақпақтарды, жұбату өлеңдерді, кіші сахна көрністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып,мұны одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс әрекеті өз бетінше болуы мүмкін. Нағыз театрдың өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой өрісін-кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спетакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді. Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздерін ойдан шығару қабілетін дамытады. Әдебиеттің ең озық үлгіларінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілермен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздермен жәбірленгендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады.
Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.
Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдын алатын орны ерекше.
Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп бірге жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының құпияларын айтатаын болсақ;
-Тілін дамытады, себебі балалардың қолдарының саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамуына жауапты бөлігіне әсер етеді
Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке,демалыс орны.Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиешілер үшін үлкен табыс.
Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақ театрына арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы. Ертегілердің балалардың жас ерекшеліктеріне қарап іріктелінбегендігі. Қазақ жазушыларының балалар жасына арналған шығармаларының аздығы. Балаларға ертегіні өлең шумақ ретінде берілсе балалар тез түсініп, тез рольімен ойнар еді, тіл байлықтарыда тез молайар еді.
Мектеп жасындағы дейінгі балалардың тілін театр
арқылы дамыту.
Тіл - ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез - құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді, сондықтан баланы дұрыс сөйлеу білуге үйретудің маңызы зор. Балаусада тәрбиелеу, оқыту жұмысында балалардың тілін, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті іс - әрекет кезінде тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі. Тіл дамытудың негізгі міндеттерінің бірі - балалармен сөздік жұмысын жүргізу. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атап білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге үйретеміз.
Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы: 5 бөлімнен тұрады.
Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:дамытушылық,әсемділік, театрлық.
Ырғақты-иілгішті (ритмопластика) – бұған кешенді (комплекст) ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.
3.Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрлымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту, шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді.
Жаттығулар
3-ке бөлінеді:
а/ тынысалу және
артикуляциялық,
ә/ дикциялық және
интонациялық,
б/ сөздермен
шығармашылық ойындар.
Театр мәдениеті: Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.
Қойылыммен жұмыс – жанама бөлім, авторлық сахналауға негізделген. Оған кіретін тақырыптар,қойылыммен таныстыруқойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру. Қойылымға қажетті құралдар дайындау. Көріністі безендіру. Дайындық
Қойылымды сахналау.
Ойынның жіктелу түрлері: драматизация және режиссерлық болып екіге бөлінеді.
Драматизациялық ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын – драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды.
Ойын
драматизациясы көрерменсіз музыкалық
сипаттағы орындау болады.
Драматизация
түрлері: жануарлар, адамдар, ертегілер
бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны; мәтін
бойынша негізделген диалог, маналог,
рөлдік ойындар; шығармашылық
көрсетілім; бір немесе бірнеше шығарма
арқылы қойлым қою.
Ал драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады. Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.
Қуыршақ бибабомен ойын – драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.
Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады.
Балалар театырының бірнеше түрлері бар: ең көп тараған түрі – ойыншықтар театры бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.
Кәзіргі заманда мектепке дейінгі баланың тілін дамыту үшін арналған тәсілдер өте көп. Солардың ішінде театр маңызды орын табады. Театр - ғажайып, сиқырлы әлем. Театр тәрбиешінің баламен, баланың құбылыстарымен өзара әрекетін ұйымдастырудың бір түрі. Театрландыру баланың танымдық белсенділігін көтереді. Бала қуанады, күледі, таңқалады, қайғырады, ойнайды, жаны ашиды, қоршаған ортаны таниды, жан - жақты дамиды, ой - өрісі, сөйлеу қабілеттері өрістейді.
Театрландыру баланың танымдық белсенділігін көтереді. Театр - балабақшада баланы мәдениетке, әдемілікті көруге, әдептілікке, үлкенді сыйлауға, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге, адалдыққа, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Театр беретін тәрбиесі өте көп. Театр алды қойылымдар баланың қоршаған орта әлемінің барлық құпияларымен образ арқылы, бояулар арқылы, үн, әуен, дыбыстар арқылы танысады. Қойылған сұрақтарға жауап іздейді. Ойланады, қорытынды жасап, талдай біледі. Ақыл - ойының дамуы мен тілдің дамуы тығыз байланыста болады. Кейіпкердің әр сөзі баланың сөздік қорының белсенділігін арттырады. Дыбыстың дұрыс айтылу мәдениетін қалыптастырады. Кейіпкер рөлі, оның сахнадағы дауыс ырғағы баланың сөйлеу түрінің дамуына әсер етеді. Жас бала тез еліктегіш, үлгі тұтатын заттың бейнелі жағына көңіл аударғыш келеді. Кейіпкерлер күлсе, бірге күледі, қайғырса, бірге қайғырады, қызықты кезеңдерді ескертеді, сәтсіз кезеңіне жылайды, көмекке келуге әрқашанда дайын тұрады. Театр көрініс сабақтарында ертегі арқылы жүргізу адамгершілік мінез - құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Сапалы түрде сәлемдесуге баулу, достықа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бейімдейді. Тетр арқылы өткізілетін сабақтар көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай орындауды үйретеді. Балалар қызығушылықпен және ынтамен атқарады. Театр ойыны бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Театрландырылған ойындар арқылы біз балаларды тәрбиелейміз. Тәрбиелеудің құндылығы да, бір жағынан, әр түрлі театрландырылған әрекеттер арқылы жүзеге асады.
Театрландыру ойындары баланың шаршағанын басып, бар мүмкіндігінше сергітеді, қарым - қатынасын, психикасының түрлі жақтарын түзетеді.
Театрландырылған ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек. Осыны ескере отырып, бізде әрбір топта театр бұрыштары жасалады. Бибабо, саусақтар, үстел және саусақты қолқап, тағы да басқа түрлері қолданылып отырады.
Театрландырылған ойындарда балалар сөз ырғағын, мимимкасын, жүрісін, дауысын өзгертіп ойнайды. Мұндай ойындар балабақшада сабақтан тыс уақытттарда өтіліп отырады. Олардың түрлері: қуыршақ театры, көлеңке театры, саусақ театры, қолға кийп ойнайтын театр. Балалар осы әдеби шығармалар мен ертегілердің кейіпкерлерін сахнада ойнап қана қоймай, сол кейіпкерлердің бейнесіне кіріп, шын беріліп, жақсы жағы мен жаман жағын біліп, айыра ойнайды. Мысалы: түлкі әр уақытта қу, аю аңқау, қасқыр сенгіш, қоян қорқақ, Алдар көсе алдағыш, құмырсқа еңбекқор, осындай мінез - құлықтарды бейнелеу арқылы балалардың мінез - құлқы, өмірге көзқарасы қалыптасады. Сондықтан біз балаларға ертегілерді сахнаға қоймас бұрын екі - үш рет оқып, қиын сөздерді жеңіл сөздермен алмастырып, әр кейіпкердің дауысын ырғағымен нақышына келтіре отырып,таныстырамыз. Әдетте балалардың өздері жақсы көретін кейіпкерлеріне еліктеп өсетіні белгілі. Осыған қарап, шапшаң, ширақ балаларға жуас, қарапайым рөлдер, ал мінезі салмақты байыпты балаларға жағымсыз рөлдер тапсырылады. Үлкендердің қатысуымен біз әр түрлі ертегілерді балаларға сахналап қойып ойнаймыз. Мысалы: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Құлақ» ертегілері. Күнділікті өмірде, күннің екінші жартсында, балалармен көлеңке театр мен қуыршақ, саусақ театрлау арқылы ойын көрсетеміз. Әр түрлі көрнекі құралдар пайдаланып, дауыс ырғағын келтіре отырып, әңгімелер отырыс бала есінде тез сақталып, қайталап, әңгімелеп беруге де оңай болады деген ойдамын. Өз іс - тәжірибемде, оқыту іс - әрекеті үстінде әр түрлі көрнекті - құралдарды түрлендіре пайдаланғанды жөн санаймын, ойткені олар арқылы түсіндіріп аламын, кейін театр сахналауындағы кейіпкерлеріне қысқаша мінездеме бергіземін.
Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуде театрландырылған ойындардың құндылығы мынада: кез келген тәрбие жұмысын театрландырылған ойындар арқылы жүзеге асырамын. Театр көріністері баланың жан дүниесін тербеп, айналадағы қоршаған дүние әлемімен жақындастырады. Театр көрініс сабақтарында ертегі арқылы жүргізу адамгершілік мінез - құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Театр арқылы өткізілетін сабақтар көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай орындауды үйретеді
Мектеп жасындағы дейінгі балалардың тілін театр
арқылы дамыту.
Балаусада тәрбиелеу, оқыту жұмысында балалардың тілін, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті іс - әрекет кезінде тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі. Тіл дамытудың негізгі міндеттерінің бірі – балалармен сөздік жұмысын жүргізу. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атап білуге, қасиеті мен сапасын, түр – түсін және пішінін ажырата білуге үйретеміз.
Қазіргі заманда мектепке дейінгі баланың тілін дамыту үшін арналған тәсілдер өте көп. Солардың ішінде театр маңызды орын табады. Театр – ғажайып, сиқырлы әлем. Театр тәрбиешінің баламен, баланың құбылыстарымен өзара әрекетін ұйымдастырудың бір түрі. Театрландыру баланың танымдық белсенділігін көтереді. Бала қуанады, күледі, таңқалады, қайғырады, ойнайды, жаны ашиды, қоршаған ортаны таниды, жан – жақты дамиды, ой - өрісі, сөйлеу қабілеттері өрістейді.
Театрландыру баланың танымдық белсенділігін көтереді. Театр – балабақшада баланы мәдениетке, әдемілікті көруге, әдептілікке, үлкенді сыйлауға, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге, адалдыққа, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Театр беретін тәрбиесі өте көп. Театр алды қойылымдар баланың қоршаған орта әлемінің барлық құпияларымен образ арқылы, бояулар арқылы, үн, әуен, дыбыстар арқылы танысады. Қойылған сұрақтарға жауап іздейді. Ойланады, қорытынды жасап, талдай біледі. Ақыл – ойының дамуы мен тілдің дамуы тығыз байланыста болады. Кейіпкердің әр сөзі баланың сөздік қорының белсенділігін арттырады. Дыбыстың дұрыс айтылу мәдениетін қалыптастырады. Кейіпкер рөлі, оның сахнадағы дауыс ырғағы баланың сөйлеу түрінің дамуына әсер етеді. Жас бала тез еліктегіш, үлгі тұтатын заттың бейнелі жағына көңіл аударғыш келеді. Кейіпкерлер күлсе, бірге күледі, қайғырса, бірге қайғырады, қызықты кезеңдерді ескертеді, сәтсіз кезеңіне жылайды, көмекке келуге әрқашанда дайын тұрады. Театр көрініс сабақтарында ертегі арқылы жүргізу адамгершілік мінез – құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Сапалы түрде сәлемдесуге баулу, достықа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бейімдейді. Тетр арқылы өткізілетін сабақтар көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай орындауды үйретеді. Балалар қызығушылықпен және ынтамен атқарады. Театр ойыны бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Театрландырылған ойындар арқылы біз балаларды тәрбиелейміз. Тәрбиелеудің құндылығы да, бір жағынан, әр түрлі театрландырылған әрекеттер арқылы жүзеге асады.
Театрландыру ойындары баланың шаршағанын басып, бар мүмкіндігінше сергітеді, қарым – қатынасын, психикасының түрлі жақтарын түзетеді.
Театрландырылған ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек. Осыны ескере отырып, бізде әрбір топта театр бұрыштары жасалады. Бибабо, саусақтар, үстел және саусақты қолқап, тағы да басқа түрлері қолданылып отырады.
Театрландырылған ойындарда балалар сөз ырғағын, мимимкасын, жүрісін, дауысын өзгертіп ойнайды. Мұндай ойындар балабақшада сабақтан тыс уақытттарда өтіліп отырады. Олардың түрлері: қуыршақ театры, көлеңке театры, саусақ театры, қолға кийп ойнайтын театр. Балалар осы әдеби шығармалар мен ертегілердің кейіпкерлерін сахнада ойнап қана қоймай, сол кейіпкерлердің бейнесіне кіріп, шын беріліп, жақсы жағы мен жаман жағын біліп, айыра ойнайды. Мысалы: түлкі әр уақытта қу, аю аңқау, қасқыр сенгіш, қоян қорқақ, Алдар көсе алдағыш, құмырсқа еңбекқор, осындай мінез - құлықтарды бейнелеу арқылы балалардың мінез – құлқы, өмірге көзқарасы қалыптасады. Сондықтан біз балаларға ертегілерді сахнаға қоймас бұрын екі – үш рет оқып, қиын сөздерді жеңіл сөздермен алмастырып, әр кейіпкердің дауысын ырғағымен нақышына келтіре отырып,таныстырамыз. Әдетте балалардың өздері жақсы көретін кейіпкерлеріне еліктеп өсетіні белгілі. Осыған қарап, шапшаң, ширақ балаларға жуас, қарапайым рөлдер, ал мінезі салмақты байыпты балаларға жағымсыз рөлдер тапсырылады. Үлкендердің қатысуымен біз әр түрлі ертегілерді балаларға сахналап қойып ойнаймыз. Мысалы: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Құлақ» ертегілері. Күнділікті өмірде, күннің екінші жартсында, балалармен көлеңке театр мен қуыршақ, саусақ театрлау арқылы ойын көрсетеміз. Әр түрлі көрнекі құралдар пайдаланып, дауыс ырғағын келтіре отырып, әңгімелер отырыс бала есінде тез сақталып, қайталап, әңгімелеп беруге де оңай болады деген ойдамын. Өз іс – тәжірибемде, оқыту іс - әрекеті үстінде әр түрлі көрнекті – құралдарды түрлендіре пайдаланғанды жөн санаймын, ойткені олар арқылы түсіндіріп аламын, кейін театр сахналауындағы кейіпкерлеріне қысқаша мінездеме бергіземін.
Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуде театрландырылған ойындардың құндылығы мынада: кез келген тәрбие жұмысын театрландырылған ойындар арқылы жүзеге асырамын. Театр көріністері баланың жан дүниесін тербеп, айналадағы қоршаған дүние әлемімен жақындастырады. Театр көрініс сабақтарында ертегі арқылы жүргізу адамгершілік мінез – құлықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Санамақтар және олардың алуан түрлері
Сан
алуан ұлттық ойындар ерте дәуірден
бастап - ақ қоғамдық құбылыс ретінде
баланың ақыл - ойын дамытуда, баланың
бойына адамгершілік, сүйіспеншілік,
кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсету
секілді жақсы қасиеттерді тәрбиелеуде
мәні, орны ерекше. Сондықтан да «Ұлттық
ойын»- тәрбиеші деуге де болады. Соның
ішіндегі бір бөлігі санамақ. Санамақтар
бірнеше түрге бөлінеді.
1. Саусақ
санамақ.
2. Сан санамақ
3. Ұлттық
санамақ
4. Күн санамақ
5. Тағы да
басқа
тұрақты сөз тіркестерінен
құралған санамақтар. Мысалы солардың
бірнешеуін сіздерге көрсетеміз.
1.
Қол маторикасын дамытуға арналған
санамақ
1. Кел санайық, санамақ,
Саусақтарды
даралап.
Бас бармагым алғашқы,
Балан
үйрек жалғасы,
Ортан терек атасы,
Шылдыр
шүмек анасы,
Шынашағым балапан,
Бәріне
ортақ алақан.
2. Мен базарға
бардым,
Ысқырық сатып алдым.
Қызыл,
жасыл, көгілдір
Қайсысын алсаң өзің
біл.
3. Ойын ойнағанда басшы таңдау
үшін айтылатын санамақ
Бірім,
екім,
Алма текім.
Сапар айым,
Сар
шымшық
Балтаңды ал да,
Жүгіріп
шық.
4. Тұрақты сөз тіркестерінен
құралған санамақ
Бір ауыз сөз,
Екі
айтпайтын адам,
Үш қайтара сәлем,
Төрт
түлік мал,
Бес уақ намаз,
Алты
алаш,
Жеті қабат жер асты,
Сегіз
қырлы жігіт,
Тоғыз торау жол,
Он
сақа ой.
5. Жаңа санамақ
Бір -
таңертең тұр.
Екі - шынығып, бекі.
Үш
— тазала тіс.
Төрт - сабындап жу
бет.
Бес - сүртін тез.
Алты — үйді
жина жалпы.
Жеті - киін енді.
Сегіз
— асыңды жеп, іш.
Тоғыз - ыдысты жу
тегіс.
Он — сабақ оқы.
Осыдан
соң
Бұл санамақ жаңа
Күнде өстіп
сана.
Саусақ
санау ойыны
(Халық
өлеңі)
Қуыр - қуыр қуырмаш,
Балаларға
бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Бас
бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан
терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене
бөбек.
Сен тұр - қойыңа бар!
Сен
тұр - қозыңа бар!
Сен тұр - жылқыңа
бар!
Сен тұр - сиырыңа бар!
Сен тұр
- түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан
түбін жалап,
Үйде жат.
Мына
жерде құрт бар,
Мына жерде май
бар....
Мына жерде қатық бар...
Қытық,
қытық!
Ал, санаңдар, санаңдар,
Бізде қанша адам бар?
Алдымда:
Атам, әжем,
Алдымда:
Әкем, анам.
1.
Б-дан басталады - бие де,
2.
Е-ден басталады - егін де,
3.
Ү-ден басталады - үлек те,
4.
Т-дан басталады - төбе де,
5.
Б-дан басталады - бесік те,
6.
А-дан басталады - атан да,
7.
Ж- дан басталады - жент де,
8.
С-дан басталады - сең де,
9.
Т-дан басталады - тон да,
10.
О-дан басталады - оқу да,
Он бір ойға
тоқу да керек.
Бір
үйде он баламыз,
Бір-бір жастан
арамыз.
Бір жастағы - Біржан
Екідегіміз
- Елжан
Үштегіміз — Үсен
Төрттегіміз
- Төкен
Бестегіміз - Бекен
Алтыдағымыз
- Арқан
Жетідегіміз - Жетен
Сегіздегіміз
- Сөкен
Тоғыздағымыз - Тойтан
Ондағымыз-
Ойқан
Жастарымызды қосыңыз,
Қосындысы
қанша осының?
Он
- Отаның ардақты,
Ол - қорғаның
салмақты.
Сені ақылды болар
деп,
Бар тілегін арнапты.
Бөлім: Санамақтар
Тоғыз
- торғын тоғайың,
Бауыр, туыс,
ағайын.
Ұстаздарың, достарың,
Шаттық
толы маңайың.
Бөлім: Санамақтар
Көрсетілімі: 735
Сегіз
- деген салтанат,
Ел жиналар
анталап.
Тәуелсіздік тойы
бар,
Сайыс құрар бар талант.
Жеті
- туған жеріміз,
Біз - туған жер
төліміз.
Жиі барсақ ауылға,
Тола
түсер кеміміз.
Алты
- асау арғымақ,
Мінсең шабар
арқырап.
Қиялдайды сондайды,
Бәйге
сүйгіш әркім-ақ.
Бес
- қолыңда бес саусақ,
Іске даяр
тұр самсап.
Тас қамалды
бұзамыз,
Жұдырықтай бір болсақ.
*
* *
Бір дегенім – бөрік,
Кисең басқа
көрік.
Екі дегенім – етік,
Киер
сәнді етіп.
Үш дегенім – ішік,
Теріден
тігер пішіп.
Төрт дегенім – тымақ,
Қыста
кисең, жылы-ақ.
Бес дегенім –
байпақ,
Іші жылы тайпақ.
Алты
дегенім – алқа,
Мойныңа тақ ал
да.
Жеті дегенім – жейде,
Кір
болмасын кейде.
Сегіз дегенім –
сеңсең,
Жылы тон – ол кисең.
Тоғыз
дегенім – телпек,
Болма бала тентек.
Он
дегенім – оймақ,
Жүрме босқа ойнап.
Балалар санамағы
Бір
дегенім – білеу,
Екі дегенім –
егеу,
Үш дегенім – үскі,
Төрт
дегенім – төсек,
Бес дегенім –
бесік,
Алты дегенім – асық,
Жеті
дегенім – желке,
Сегіз дегенім –
серке,
Тоғыз дегенім – торқа,
Он
дегенім – оймақ,
Он бір қара жұмбақ.
Жақсы
мен жаман
1.
Қайыр күтпе баладан
Өз
мысығын сабаған.
Кім
алдаса анасын,
Оған қалай нанасың.
«Екі»
болса алғаны –
Бала ұятқа қалғаны.
Ойнап
жүріп жыласа,
Орынды емес бұл аса.
Келсе
сөзі анайы,
Мақтамас бұл баланы.
Жала
жапқан басқаға –
Барып тұрған
масқара.
Қашқан
бала қораздан –
Су жүрек қой ол
жазған.
Добын қимас ойнауға
Ұят
сараң болған да.
Кім
мақтаса көбірек,
Жайсыз мінез жөні
жоқ.
Ерінсе
қол жуғанға.
Нассың дейміз мұндайға.
Мұнша
уақыт санарлық
Бар екен ғой жамандық.
2.
Бәрі
жақсы баланың
«Беске» оқыған сабағын.
Айналайық
баладан
Көгершінді аяған.
Адал
болса досына,
Азаматың осы да.
Ойнатса
кім інісін,
Мақұлдаймыз мұнысын.
Әділ
болсаң ойында,
Жақсы мінез оның да.
Күтсе
бала әжесін,
Жақсы дейміз дәл осың.
Өскен
бала ауылда
Ойнар аттың жалында.
Өзі
түйме қадаса,
Мұндай бала тамаша.
Барын
берсе қолдағы,
Бала жомарт болғаны.
Уәдесін
сақтаған
Баланы жұрт мақтаған.
Болады
әрі санауға,
Жақсылық көп қалайда .
Он саусақ
Жалғыз
саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті
де.
Екі
саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш
саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі
екен он саусақ:
Қала салсақ, жол
салсақ…
«Әлдиден эпосқа дейін» кітабынан
Санамақтар,жұмбақ, есептер
Санамақ түрлері:
Саусақ санамақ.
Сан санамақ.
Ұлттық санамақ.
Күн санамақ.
Тағы да басқа.
Қол маторикасын дамытуға арналған санамақ.
Кел санайық, санамақ,
Саусақтарды даралап
Бас бармағым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы,
Ортан терек атасы,
Шылдыр шүмек анасы,
Шынашағым балапан,
Бәріне ортақ алақан.
Мен базарға бардым
Ысқырық сатып алдым.
Қызыл, жасыл, көгілдір
Қайсысын алсаң өзің біл.
Ойын ойнаған басшы таңдау үшін айтылатын санамақ.
Бірім, екім,
Алма текім
Сапар айым,
Сары шымшық
Балтаңды ал да
Жүгіріп шық.
Алма кетті домалап
Көше бойын жағалап
Кім алманы табады
Сол ойыннан шығады.
Жаңа санамақ
Бір- таңертең тұр.
Екі- шынығып бекі.
Үш- тазала тіс.
Төрт- сабындап жу бет.
Бес- сүртін тез
Алты – үйді жина жалпы.
Жеті- киін енді.
Сегіз- асыңды жеп, іш.
Тоғыз- ыдысты жу тегіс.
Он- сабақ оқы.
Осыдан соң, бұл санамақ жаңа
Күнде өстіп сана
БЕС САУСАҚ
1
«Жақсы!» дейді Бас бармақ,
Көкке қарап аспандап.
Сұқ саусақ тек «Сен!» дейді,
Өзімдікі жөн дейді.
Ал Ортан қол ғажап-ақ,
Ортан қолдай – АЗАМАТ!
Аты жоқ қол салалы
Сақинасын салады.
Сапқа қатар тұра сап,
«Құйттаймын!» дер Шынашақ.
2
Бас бармағым балпиған,
Қарны жуан қампиған.
Сұқ саусағым, міне, көр,
Жөн сілтеп ол жіберер.
Ортан қолым теректей,
Қоймас өзін елетпей.
Аты жоқ қол… Күлгенім:
Неге аты жоқ? Білмедім!
Шынашағым шілтиген,
Жабырқау ғой, кім тиген?!
АЛҒАШҚЫ ЕСЕП
Оң қолымда – бір алма,
Сол қолымда – бір алма.
Бірін бердім Құралға,
Бірін бердім Шынарға.
Олар – менің достарым.
Енді есептеп қос бәрін.
Кәне, тез-тез болыңдар:
Менің неше қолым бар?
Неше алманы тараттым?
Үлгерді екен санап кім?
Менің неше досым бар?
Оларды да қосыңдар.
ЖАҢЫЛЫСПАЙ САНАЙМЫЗ
(Саусақ
санау ойыны)
Ойынға қатысушылар
(жамырай):
– Біз санауды білеміз,
Саусақтарды бүгеміз.
Жаңылыспай санаймыз,
Қайталаймыз талай біз.
Бірінші бала:
– Келді менің кезегім,
Сұқ саусақты безедім.
Енді маған қарашы,
Саусағымды санашы.
Бәрі:
– Бір!
Екінші бала:
– Ортан қол мен Сұқ саусақ
Көрсетіп бір жұптасақ,
Қанша саусақ болады,
Кәнеки, кім санады?
Бәрі:
– Бір… екі!
Үшінші бала:
– Бас бармақ пен Шынашақ
Басын қосып, сұрасақ,
Қанша саусақ қалады,
Кәнеки, кім санады?
Бәрі:
– Бір… екі… үш!
Төртінші бала:
– Біз санауды білеміз:
Бас бармақты бүгеміз.
Қолымда енді жаңағы
Қанша саусақ қалады?
Бәрі:
– Бір… екі… үш… төрт!
Ойынға
қатысушылар
(жамырай):
– Біз санауды білеміз,
Саусақтарды бүгеміз.
Жаңылыспай санаймыз,
Қайталаймыз талай біз.
ОН САУСАҚПЕН ДОС БОЛСАҚ…
Нешеу екен саусағым?
Санай берсем таусамын.
«Бір, екі, үш, төрт, бес» деп,
Жаттап жүрмін қанша күн.
Оң қолымда – бес саусақ,

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген