400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жоба: "Менің сүйікті қалам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім бөлімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №19 балабақшасы

МКҚК









Педагогтарға кеңес:

«Мектеп жасына дейінгі

балалардың логикалық ойлау

қабілетін дамыту»







Педагог – психолог: Оспан Д.Н.




Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту

Білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі білім сапасын арттыру,оның әдістемесін жетілдіру,жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау,логикалық ойлауын дамыту болып табылады.Осыған сәйкес мектепте дейінгі ұйымдар-тәрбиеленушінің адамгершілік,интелектуалдық мәдиенеттілігі мен дамуын қамтамасыз ететін ізгілендірілген,демократияландырған білім сатысы болуы шарт деп есептейміз.Мұнда тәрбие мен білім беру тығыз бірлікте қарастырылып,олардың мазмұны және сапалары бойынша біртұтас кіріктірілген кешенді жүйеде жүргізіледі.

Кешенді оқыту туралы Ж.Аймауытов: «Кешенді оқыту дегеніміз-бұл өмірдегі сан алуан құбылыстарды,нәрселерді бір пікірдің төңірегінде жинап,қосып,түйдектеп,біріктіріп оқыту»-деп атап көрсеткен.Шынында сапалы білім,саналы білім тәрбиемен шынайы астасқанда ғана ұлт тілегі орындалып,қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізбек.Мұндай асқарлы міндеттерді жүзеге асыруда баланың алған білімінің жүйелілігі,оны тәжірибиеде пайдалана білуі,әрі есте сақтауы қамтамасыз етілгенде ғана баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы зор.Осы мақсатты жүзеге асыруда,әсіресе,баланың ойлау қабілетін дамыту маңызды мәселе болып отыр.

Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл ойын дамыту,ойлау қабілетін жетілдіру,өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру,заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу.Сондықтан баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың,бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы –ойын әрекеті,яғни,ойын-баланың жетекші әрекеті.Бірақ,ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай,балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек.Яғни,оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып,баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет.Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып,сезінеді,себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады.Айналадағы өмір құбылыстарын,ерекшеліктерін байқай отырып,білуге қызығушылығы туындайды,осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.Ойын негізінде ойлай отырып тапсырмаларды өзінше зерттеп,орындау,өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы,өзіне сенімді,ерік-жігерлі,дүние танымы кеңейген,сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан,болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.













Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне ғана емес,жалпы тәлімдік-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен  бірге ойлау,қиялдау,есте сақтау,елестету т.б қабілеттерінің,танымдық іскерлік,шығармашылық қабілеттерінің  дамуын қамтиды.Белгілі психолог Л.С.Выготский: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді,яғни тым өте бір қолайлы мерзімдер болады.Олардан жоғары,не төмен талапта ауытқу мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген.Мектепке дейінгі балалардың жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып,оқыту,тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып,ойын түрінде ұйымдастыру нәтижелі болмақ.Ал,осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
1907
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі