400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

жоба қорғау:"Қытырлақ нан" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қытырлақ нанның адам өміріне зианы қандай ?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды қаласының білім бөлімі

21 негізгі мектеп







Ғылыми жоба


«Қытырлақтың зияны»



Секция Дүниетану






Жобаның авторы: Елеубек Ақбота

4 «а» сынып оқушысы

Жобаның жетекшісі: Шактаева Самал Базыловна

бастауыш сынып мұғалімі










Қарағанды - 2017 жыл


Пікір

Бұл оқушы “Қытырлақтың зияны” (кирешки) тақырыбында зерттеу жұмысын жасады. Қалалық кітапханаға барып көптеген материалдар жинақтады. Интернет желісінен көптеген мағлұматтар алды. Сондай-ақ оқушылардан осы тақырыпқа қатысты сауалнама алды, қытырлақ өнімдерінің құрамын зерттеп, адам денсаулығына ұшан-теңіз зиянын анықтады. Зерттеу кезінде Ақботаның жасы кішкентай болуы  және ақпараттар іздеу кезінде қиындықтар болды. Соған қарамастан, Ақбота алдына қойған мақсатына жетті деп ойлаймын. Ол өз пікірін ашық айтуға, еркін ойын жеткізуге, қойылған сұрақтарға толық, нақты жауап беруге дағдыланды.

Болашақта Ақбота өзін-өзі танытатындығына мен сеніммен қараймын, өйткені ол барлық сабақтарға қызығушылықпен, ынтасымен қарайды.




Жетекшісі: Шактаева Самал Базыловна













МАЗМҰНЫ

Кіріспе ..................................................................................................5

І. Әдебиеттерге шолу

1.1 Қытырлақ туралы қысқаша тарихы ............................................6

ІІ . Негізгі бөлімі:

2.1.Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі...........................................7

2.2.Қытырлақ өнімдерінің құрамы және адам ағзасына әсері..........

ІІІ. Зерттеу бөлімі:

3.1 Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы............11

3.2 Қытырлақтың өнімдеріне сапалық реакция......

Қорытынды ..................................................................................................13

Қолданылған әдебиеттер тізімі ..................................................................15















3



Аннотация

Зерттеу жұмысының мақсаты: 

Қытырлақтың адам ағзасына зиянын екенін зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Қытырлақтың адамға әсерін және құрамын анықтау;

-Достарымның арасында қытырлақ өнімдерін пайдалану мөлшері туралы сауалнама жүргізу.

Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:

1) Егер адамдар қытырлақ тағамдарының зиянын және әр түрлі аурулар туғызатынын білсе, онда салауатты өмір сүру деңгейі жоғары болар еді.

2) Егер, біз қытырлақтың адам ағзасына зиян екенін дәлелдер арқылы көрсете білсек, дүкен сөрелерінен алып тастау керек.

Зерттеудің өзектілігі: қытырлақ өнімдерінің зиянын тәжірибе арқылы дәлелдеп, оқушылар арасында үгіт жүргізу арқылы қолданушылар санын азайту.

Зерттеу нысаны: Қытырлақ өнімі.

Зерттеу әдістері: іздену, зерттеу, баяндау, талдау, бақылау, жүйелеу, салыстыру, тәжірбие жасау, ой қорыту.

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

Зерттеу жұмыс барысында қытырлаққа тажірибе жасағанымда құрамында майдын көп мөлшерде болғанын байқадым, яғни адам ағызасына зияны бар екені анықталды. Егерде қолданыстан алынып тасталынса көптеген достарымның денсаулықтарына ешқандай зиян болмайды.




4



КІРІСПЕ

Қытырлақ өнімдері қазіргі заманның ажырамас бөлігі. Әрбір адам ағзаның дұрыс әрекет етуі үшін тағамның маңызды екенін біледі.  Адам ағзасында өмір бойы үздіксіз зат айналысы мен қуат айналысы жүреді. Ағзаға қажетті құрылыс материалдары мен қуат көзі болып сыртқы ортадан негізінен тағам түрінде келіп түсетін нәрлі заттар табылады. Егер ағзаға тағам түспесе, адамның қарны ашады. Өкінішке орай аштық адамға қандай және қанша көлемде нәрлі заттар қажет екендігін білдіре алмайды. Біз көбінесе тәтті, тез дайындауға болатын тағамдарды пайдаланамыз да, сол пайдаланып жатқан азық-түліктің пайдалылығы мен сапалылығына мән бере бермейміз.

Бізді қызықтыратыны, осы қытырлақ қайдан шықты? Неліктен, ол ересектер мен балалар арасында танымал? Дәрігерлер мен диетологтар айтқандарындай бұл өнімдердің адам ағзасына, денсаулығына, әсіресе балаларға шынымен зиян ба?

Жүргізілген зерттеу жұмыстарда келесі зерттеу әдістерін пайдаланды: іздеу (ақпараттар жинақтау), сауалнама (әлеуметтік сауал), талдау (жинақталған

ақпараттарды салыстыру).

Дәрігерлердің айтуынша, дұрыс сапалы тамақтану – адамның денсаулығы мен жоғары жұмыс қабілеттігін сақтауға мүмкіндік берсе, балалардың өсуі мен дамуына ықпал етеді.Ағзаның дұрыс өсуі, дамуы мен өмір сүруі үшін белгілі мөлшерде ақуыз, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералды тұздар қажет. Дұрыс тамақтанбау жүрек, ас қорыту органдарының, зат айналысының бұзылуымен байланысты аурулардың пайда болуының басты себепшісі болып табылады.




5

І. Әдебиетке шолу

1 .1.Қытырлақтың қысқаша тарихы











Picture 10









Қытырлақ – бұл тұзды дәмдеуіш қосылған қытырлақ нан. Алғаш қытырлақ 1999 жылы қыркүйек айында Новосибирск қаласында шықты. Сол елді мекенде «Сибирский берег» компаниясы 1 тәулікте 3000 пакет кириешки дайындайтын болған. 2005 жылдың басында Қазақстанда «Болжау» компаниясы қытырлақты өндіре бастады.




6

ІІ . Негізгі бөлімі

2.1.Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, аурулардың 80% белгілі бір дәрежеде тамақтануға байланысты, ал дерттердің 40% тамақтаны факторларына тікелей байланысты.

Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай-ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.
1. Тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.
2. Тәулігіне бір-екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.
3.Тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни нәруыз, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт.
Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл — күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.

Тәбет дегеніміз – аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Тәбет кей ретте асқазанның шұрылдап, маза бермеуі, бос, еш жұмыссыз тұрғандығымен қиналады. Бұл симптом мешкейлерге тән. Бұл орайда халықтық медицина ондай адамдарға бірнеше күн өзіне аштық жариялағанды ұсынады. Тамаққа деген тәбет сыр білдірмей де келеді. Ол сыртқы факторлардан делдал іздемейді. Адам белгілі тамақты құмартқанда,


7

тәбеті өздігінен пайда болады. Міне, осы кезде адам асханада өзі қалаған ас әзірлеп, дастархан басына жайғасып, тамақтанғанға не жетсін дейді. Және солай да жасайды. Бұл адамның организмі шын мәнінде ас қабылдауға дайын екендігінен жақсы хабар бергендігі.

Қазіргі таңда басты назарды өзіннің тамақтануына аудару қажет, себебі ол салауатты өмір салтының басты шарты болып табылады. Нарықта жасөспірімнің денсаулығына зиян келтіретін  көптеген азық-түліктер толып жатыр, әсіресе оқушылардың ағзасына салмақ түскен уақытта. Сондықтан мектеп өмірінің осы  кезеңінде өз тамақтануынды дұрыс ұйымдастыру қажет.

Сирек тамақтану: тәбет қоздырады,  қалқанша безінің функцияларын қанайды, өттің қабынуын тудырады.

Майдың артықшылығы: зиянды  аурулардың пайда болуына, артериалды қысымның жоғарылауына, атеросклероздың туындауына, өт жолдарының ауруына алып келеді.

Ас тұзының артықшылығы: асқазан тамырлары мен қабыршағын бұзады, гипертония ауруларының дамуына алып келеді. Тұз жүрекке, бүйрекке өте зиян. Біздің ағзамызға аз ғана мөлшерде тұз керек, атап айтсақ тұздың құрамына кіретін натрий. Натрийдің көп мөлшері ағзаға кері әсер береді.  

2.1.Қытырлақ өнімдерінің құрамы және адам ағзасына әсері.

Негізі әр күні миллиондаған адамның жеген қытырлағы өздеріне қауіп төндіруде. Тіпті кейбір ұйымдар темекідегі секілді қытырлақ қораптарының сыртына да денсаулыққа зиянды деген ескертулер жазылу керектігін ұсынуда. «Қытырлақ жеудің, май ішуден айырмашылығы жоқ» деген мамандар, қатерлі ісіктен бастап салмақ қосуға, қант диабетінен бедеулікке және паркинсон аурымен қатар бірнеше ауруларға себеп болатынын білдіруде. Құрамында 10 пайыз мөлшерде май және 3 пайыз мөлшерде транс майы бар қытырлақтар күніне 35 грамдық бір пакет қытырлақ жейтін адам, 1


8

жылда 5 литр май ішкен болады. Әлемдегі көптеген қоғамдық ұйымдар, университеттер, қорлар қытырлақтың зияндарын айтып түсіндірсе де, қытырлақ жейтіндердің саны жыл сайын арта түсуде. қытырлақтың құрамындағы майдан басқа тұздың болуы одан да үлкен қауіп төндіруде.

Азық - түліктер біздің денсаулығымызға зиян келтіреді. Бірінші кесірлі

продукт - қытырлақ. Қытырлақ құрамында адам денсаулығына еш пайдасы жоқ қайта кері әсер етеді: канцероген, май, бояғыш заттар және дәмін үдеткіштері мол.Бұл өнім онкологиялық ауруға шалдығу, салмақ арттыру мәселелерімен салмақпен қорқытады.

1.Құнарлығы.

Қытырлақтың өнімдерінде құнарлық шектен тыс көп, бірақ құрамында пайдалы дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ.

2.Майлар.

Фаст – фуд мейманханаларындағы барлық түскі ас трансгенді майларды қосу арқылы әзірленеді. Бұл майлар өсімдік майлары мен маргариндердің бірнеше қайтара қайнатылғаны. Бұл майлар адам қанындағы холестерин мөлшерін көтереді, зат алмасу процесін нашарлауына әкеп соғады, жүрекке, бауырға т.б. адам ағзаларына зиян келтіреді. Бұл өнімдердің онкологиялық ауруға душар ету қауіпі жоғары.

Қытырлақ — майлар мен көмірсулардың қоспасы. Сонымен қатар, оның құрамында жоғары концентратты бояғыштар мен дәмдеуіштер де көп мөлшерде кездеседі. Оны дайындау кезінде адам ағзасында қатерлі ісік тудыратын көптеген канцерогендер түзіледі. Ал, майлар болса қан құрамындағы холестериннің деңгейін арттырып, инфаркт пен инсульт сынды аурулардың туу қаупін арттырады. Қытырлақтар мен лимонадты көп тұтынған адам семіздікке шалдығады. Химиялық қоспалар көмегімен бұл өнімдердің нәрлік құндылығы төмендейді. Ал адам ағзасында олар ақырын ағзалар мен жасушаларды бұзады, бұл әр түрлі ауруларға яғни ерте қартаю


9

мен мезгілсіз өлімге әкеледі. Азық - түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцерогендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр. 
Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл - күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер. Сіздің денсаулығының сіздің қолыңызда. Бірақ қазіргі таңда консервант, химиялық қоспасы жоқ тағамдардың саны төмен деп барады. Яғни бұндай тағамдардың әсерінен ауру адамдардың, әйелдердің бала тумау саны жоғарлап бара жатыр. Жоғары да айтылып кеткендей сау адамды науқас қылатын дәл осы тағамдар.
Өтініштағамдардыңқұлақшаларына (этикетка) қараңыздар!!! 

Зиянды тағам қоспасының кодтары:

  • Тиым салынғандар-Е103,Е105,Е111,Е121,Е123,Е125,Е126,Е130,Е152.

  • Қауіптілер-Е102,Е110,Е120,Е124,Е127.

  • Күмәнділер-Е104,Е122,Е141,Е150,Е171,Е173,

  • Е180,Е241,Е477.

  • Ісіктудыратындар- Е131,Е210-217,Е240,Е330.

  • Ішекауруларынтудыратындар -Е221-226.

  • Терігезияндылар-Е230-232,Е239

  • Қысымныңөзгерісінтудыратындар-Е250,Е251.

  • Бөртпеніңпайдаболуынаәсерететіндер-Е311,Е312.

  • Холестериндіжоғарылататындар-Е320,Е321.

  • Асқазанауруынтудыратындар-Е338- 341,Е407,Е450,Е461-466

10

ІІІ. Зерттеу бөлімі:

3.1 Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы

Мектебіміздің 1-4 сынып оқушыларынан төмендегі сұрақтар бойынша сауалнама алынған еді:

1. Қытырлақ өнімдерін күнделікті қолданасың ба?

2. Қытырлақ өнімдерін аптасына неше рет қолданасыз?

3. Қытырлақ денсаулыққа қандай зияны бар?

4.Осы өнімдердің ішінде жиі қолданылатын қандай түрі бар?

Сауалнамаға барлығы 70 оқушықатысты. Сауалнама нәтижесін саралай келе көзіміздің жеткені, біздің мектептің оқушылары 20% күнделікті, 30% аптасына 2-3 рет, 35% айына – 1 рет, 15 % мүлдем қолданбайтындығы анықталды. Оқушылардың 70% саңырауқұлақтар қосылған қытырлақ пайдаланатындықтары анықталды. Оқушылардың 70% олардың құрамын қарамайтындықтарын айтқан. Ал оқушылардың 10% қытырлақты адам ағзасына пайдалы, 60%денсаулыққа зиян екендігін, 30% қытырлақ ағзаға әсер ететнін білмейтіндігі анықталды. Оқушылардың арасында жүргізілген сауалнама қорытындылары бойынша ең көп пайдаланатын қытырлақтар болып табылды.

Қытырлақты өнімдерін күнделікті қолданасың ба?

11

Қытырлақ өнімдерінің денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Балалардың осы тағамды қалауының басты себебі, олардың оны өте дәмді деп есептеуі. Содан кейін барып екіншіден оның жылдам дайындалып, ыңғайлы болуы.

3.2 Қытырлақ өнімдеріне сапалық реакция

Біз ата –аналарымыздан, дәрігерлерден бұл өнімдердің біздің ағзамызға зиянды екенін жиі естиміз.Біз бұны іс-тәжірибе арқылы анықтауды жөн көрдік.

С урет №1 қытырлақ өнімінің құрамындағы майды анықтау











12

Б ірінші іс-тәжірибемде мен ақ қағазды алып, оған қытырлақты ұнтақтап ездім.







Қағазымды алып, жарыққа қарасам, майдың ізі қалған. Бұдан қорытынды шығарсам, қытырлақ өнімдерінің құрамында майдың үлесінің шамадан тыс көп болуы.

Сурет №2 қытырлақ құрамында қоспалардың барын анықтау



Екінші іс-тәжірибемді мұғалімнің көмегімен жасадым. Біз қытырлақты сіріңкемен жақтық, сонда қытырлақ тез тұтанып жанады екен. Жанған



қытырлақты лупаның көмегімен қараған уақытта пластмассаның иісі шығып, құрамындағы майы еріді. Бұдан қорытынды шығарсам, қытырлақ өнімінің құрамында май мен әр түрлі қоспалардың бар екендігін көрдік.

13

Қорытынды

«Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету.

Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды және қытырлақтан аулақ болуларыңызды сұраймын».

Менің ұсынысым:

  • қытырлақты кішкентай балаларға ұсынбаңыз.

  • асқазан және ішек аурулары бар оқушыларға мүлдем қолдануға болмайтынын ескеріңіз.

  • алдағы уақытта бұл өнімдерді дүкен сөрелерінен алып тасталса.

Осы жұмысты зерттеу барысында көптеген мәліметтерге қанықтым және біз қазіргі уақытта өз ағзамызды біртіндеп улап жатқанымызды байқадым. Кейде аналарымыз үйде қытырлақ зиян болсада оны қосып салат жасайды. Бұрын қытырлақтың құрамында не бар екенін білмейтінмін. Қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде көзім жетті.

Алдағы уақытта осы жұмысымды тереңірек зерттеп, өз достарыма, өз халқыма көмегім тисе екен деп армандаймын.







14



Қолданылған әдебиеттер

1. “Орталық Қазақстан”. 2010ж №4

2. “Қазақстан әйелдері” 2011 ж №2

3. “Биолог анықтамалығы” ғылыми-педагогикалық журнал №5, 6 2011 жыл

4. “Биология және салауаттылық негіздері”

5. “Пайдалы кеңестер”

6. Ғаламтордан алынған мәліметтер

















15



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі