Жоба.Функционалдық сауаттылық есептерін талдау.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жоба.Функционалдық сауаттылық есептерін талдау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың математика пәні бойынша функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған жоба. Сыныптан тыс жұмыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы білім басқармасының Бейнеу аудандық білім бөлімі «Атамекен жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәні мұғалімі Раметова Акбала Емжаровна



Жоба тақырыбы: Функционалдық сауаттылық есептерін талдау.

Мақсаты: Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру, математиканың күнделікті өмірдегі маңыздылығын көрсету.

Көрнекі құралдар: суреттер, жұмыс парақтары, бағалау парақтары, функционалдық тапсырмалар интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.

Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, сұрақ-жауап.


Жүргізуші: «Математика ой, ақыл шегін кеңейтеді» атты математика пәні онкүндігі аясында өткелі отырған «Функционалдық сауаттылық есептерін талдау» атты жобамызға қош келдіңіздер. Бүгін біздің жобамызға 9 сынып оқушылары қатысқалы отыр.


Қымбатты білім сүйгіш достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек», -деген болса, белгілі қазақ ғалымы , математик атамыз О.Жәутіков «Математика ой, ақыл шегін кеңейтеді» деген. Cондықтан, бүгін сіздермен бірге математиканың күнделікті өмірде қолданылатын әртүрлі жағдайларын қарастырып, функционалдық тапсырмалар орындау арқылы білімііңізді одан әрі шыңдайтын боламыз.


Қ
атысушылар: 7 - 9 сынып оқушылары. Әр сыныптан 5 адамнан құралған топ қатысады.

Бүгінгі жобамыз 3 кезеңнен тұрады:

I. «Ас үйдегі математика»

II.«Саудадағы математика. Несие және жеңілдіктер».

ІІІ. «Математика - өмірде». Әр саладан 1 есеп.

Әр кезеңде топ мүшелері өздері таңдаған есепті ақылдасып шығарады және шығару жолын тақтада түсіндіріп беруі тиіс. Берілетін уақыт 10 минут.


I кезең. «Ас үйдегі математика»

Ұпай есептің жауабының дұрыстығына және орындалу уақытына қарай қойылады.

Дұрыс және бірінші болған топқа 25 ұпай, екіінші болған топқа 20 ұпай, үшінші орындаған топқа 15, төртіншіге 10 , соңғы болған топқа 5 ұпайдан беріледі.

Жауап дұрыс болмаған жағдайда ұпай қойылмайды.


Тапсырма: Асхат бәліш пісірмекші. Рецепт бойынша 4 адамға 500 г ұн, 2 жұмыртқа және 200 мл сүт қажет. Ол 6 адамға бәліш дайындауы қажет.

Сұрақтар:

  1. Ұн 2 кг-дық қаптамада сатылады. Асхат жоғарыдағы рецепт бойынша бәліш дайындауы үшін ұнның қанша бөлігі қолданылуы керек? (Жауап жай бөлшек және ондық бөлшекпен көрсетілуі тиіс)

  2. Сүттің көлемі 1 литр, Асхат жоғарыдағы рецепт бойынша бәліш дайындауы үшін сүттің қанша бөлігі қолданылуы керек? (Жауап жай бөлшек және ондық бөлшекпен көрсетілуі тиіс)

  3. Рецептте температура 180°C деп көрсетілген. Бірақ Асхаттың пеші Фаренгейтпен жұмыс істейді. Формула: F=(C×9/5)+32.
    Пешті қанша Фаренгейтке қою керек?

  4. Асхат 1 бәлішті 40 минутта пісіреді. Егер ол қатарынан 3 бәліш пісірсе және пешке бір уақытта 2 бәліштен сала алса, ең аз дегенде қанша уақыт қажет болады?

  5. 100 г ұн – 364 ккал, 1 жұмыртқа – 70 ккал, 100 мл сүт – 42 ккал. Егер Асхат жоғарыдағы рецепт бойынша бәліш жасаса, оның жалпы калориясын есептеңіз.

II кезең. «Саудадағы математика және жеңілдіктер».

Бұл бөлімде оқушаларға сауда және жеңілдіктерге байланысты тапсырмалар беріледі. Бағалау шкаласы алдыңғы кезеңдегідей.

  1. Бөліп төлеу есебі
    Асхат жаңа телефон алғысы келеді. Оның бағасы 240 000 теңге. Дүкен 12 айға бөліп төлеуді ұсынады, бірақ үстеме ақы 8% болады.
    Асхат ай сайын қанша төлейді?

  2. Несиеге сатып алу
    Холодильник 320 000 теңге тұрады. Егер сатып алушы 30% алдын ала төлем жасаса, ал қалған соманы 10 айға бөліп төлеуге қалдырса, ай сайын қанша төлеуі керек?

  3. ҚҚС-ты есептеу
    Компьютер 500 000 теңге тұрады. Оның бағасына 12% ҚҚС қосылған. Компьютердің ҚҚС-сыз бастапқы бағасын есептеңіз.

  4. Жеңілдік пен салықты бірге есептеу
    Кітап сөресі 120 000 теңге. Оған алдымен 15% жеңілдік жасалды, содан кейін 10% ҚҚС қосылды. Сөренің соңғы бағасы қанша?

  5. Дүкенде жаңа тоңазытқыш 450 000 теңге тұрады. Оған бірінші аптада 10% жеңілдік жасалды, ал екінші аптада оның жаңа бағасына тағы 5% жеңілдік қосылды. Үшінші аптада оған 12% ҚҚС қосылды. Тоңазытқыштың соңғы бағасын табыңыз.


ІІІ кезең. «Математика – өмірде»

Оқушыларға әр салаға қатысты арифметикалық және геометриялық прогрессиямен шешілетін функционалдық есептер беріледі. Уақыт 10 минут. Ұпай есептің жауабының дұрыстығына және орындалу уақытына қарай қойылады.

Дұрыс және бірінші болған топқа 50 ұпай. Тапсырмаларды орындау жылдамдығына қарай әрбір келесі топқа 40, 30, 20, 10 ұпайдан беріледі.

Жауап дұрыс болмаған жағдайда ұпай қойылмайды.


  1. Кітап оқу есебі.

Айжан «Оқуға құштар мектеп» жобасына қатысу үшін күн сайын кітап оқуды жоспарлады. Бірінші күні 5 бет оқыды. Әр күн сайын ол алдыңғы күнге қарағанда 2 бетке артық оқыды. Ол соңғы күні 45 бет оқып, кітапты оқып бітірді.
1) Кітапты неше күнде оқып бітірді?
2) Барлығы неше бет оқыды?

  1. Бизнес өсімі есебі.

Жаңа ашылған кафе бірінші айда 500 000 тг табыс тапты. Маркетинг және тұтынушылар көбеюінің арқасында табыс ай сайын 10%-артып отырды.

Кафе 12-ші айда қанша табыс табады?

  1. Бактериялар саны есебі

Марат зертханада бактерияларды зерттейді. Жаңа бактерия әр 3 сағат сайын 2-ге бөлінеді. Бактериялар саны 24 сағат ішінде нешеге жетеді?

  1. Құдық қазу есебі

Қожайын жұмысшылармен келісіп, олар оған құдық қазуды мынадай шарттармен берді: бірінші метр үшін ол оларға 4200 тг, ал келесі әрбір метр үшін алдыңғысынан 1300 тг артық төлейді. 11 метр тереңдікте құдық қазса, жұмысшыларға иесі қанша тг төлеуі керек?

  1. Ақша жинақтау есебі.

Айгүл банкке, депозитке сенбейді, сондықтан ақшаны банкаға жинауды жоспарлады. Ол ай сайын банкаға белгілі соманы жинайды. Алғашқы айда 10 000 тг, ал әр келесі айда 2000 тг артық салып отырды. 1 жылдан соң Айгүлде қанша ақша жиналады?


Жүргізуші: сайыскерлеріміздің ұпай сандары дайын болса, сөз кезегін әділ-қазы

алқасына береміз.

  • Келіп қатысқандарыңызға, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2025
17
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі