жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жобалық жұмыс Бүгінгі экологиялық мәселе 10 сынып
10 сыныптың қазақ тілінен жобалау жұмысы
Тақырыбы: «Бүгінгі экологиялық мәселелер»
Қойылған мақсаты:
Білімділік:
тақырыптың сөздік қорын қайталау, оқушылардың ҚР атмосферлік ауамен, жер үсті сулармен таныстыру
Тәрбиелік:
Оқушылардың әлемдік және біздің төңіректегі экологиялық мәселерге назар аудару; оқушыларды қоршаған ортамен жұмыс істеуге насихаттау
Дамытушылық:
Оқушыларды картамен,атластармен,ғаламтормен жұмыс істеуге жетілдіру;белгілі тақырыпты басқа да жағдайда қолдану
Көрнекіліктер:
Балалардың суреттері қоршаған ортаның ластануы және қандай жағдайда оны болашақта көргені туралы: тірек сызба арқылы плакаттар жасау,мынау тақырыптар бойынша: «Қазіргі заманда экологиялық мәселелер», «Адамдар қалай экологиялық апатты алдын алуға болады»
Конференция: «Бүгінгі экологиялық мәселелер»
Мұғалім: Оқушылар, біз қазіргі заманның экологиялық мәселелер туралы сөйлесеміз. Біздің жер ғаламшары қазірдің өзінде ескірген.Көптеген аңдар мен жануарлар және өсімдіктердің ертеден мекендейтін жерлері жоғалған. Техникалық нәтижелер бойынша қоршаған ортаның ластануы мүмкіндігі бар.Көптеген өзендер,көлдер, теңіздер ластануда.Сонымен қатар көп адамдар-туристер ормандарды,өрістерді,көл мен өзендерді ластандырады.Табиғат қауіпті жағдайда.Айтындаршы,қандай экологиялық мәселелер адамның алдында тұр?
Оқушылар:Олар: табиғат,ауа және судың ластануы,тағы да озон саңылауы.Бұған қатысты жануарлар мен өсімдіктердің өмірі.
Мұғалім:Енді осылар туралы сөйлейміз.Кейбір оқушылар дайындалып келді,оларды мұқият тыңдандар,сұрақтарға жауап беруге дайын болындар,сұрақтарын болса,қоясыңдар.Озон саңылауы туралы Аян баяндайды.
Аян: Әлемде индустрия мен түрлі экологиялық зияны бар салалар қарқынды дамыған сайын атмосфераның озон қабатына тиіп жатқан зиянды әсерлер көп.Озон қабаты жұқарып,тіпті кей жерлерде озон тесіктері пайда болған, аймаққа қауіп төңгендігін білдіреді.Озон қабатының тесілуіне адамдардың ықпалы қатты әсер етеді.Жердің климаты өзгеріп жатыр.(Суреттер көрсетеді)
Мұғалім: Рақмет, Аян саған.Қандай сұрақтарын бар ?Руслан ауа ластануын әңгімелеп береді.
Руслан:Ауаның ластануы — әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Олар жер бетіндегі жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне және адамдардың өмір сүруіне зиянды ықпалын тигізеді. Атмосфералық ластануы табиғи-жанартаулар атқылары,ормандар өрттері,шаңды құйындар,үгілі; антропогенді-өнеркәсіптер,жылы энергетикасы,ауыл шаруашылығы.Қалалар мен фабрикалар түрлі заттар шығарады,сондықтан улы газдар ауаға тарайды.Көптеген көліктерден шыққан бензиннің газы ауаға қауіпті.Ластанған ауа жеміс-жидектерге,көкөністерге,дәнді дақылдарға зиянды әсер тигізеді,себебі адамдар олармен тамақтанады.
Мұғалім: Рақмет,саған.Біз жалғастырамыз-Айша бізге судың ластануы туралы баяндайды.
Айша: Біздің планетамыз көп сулардан тұрады.Барлық жердегі өміріміз суға байланысты.Ешбір жанды организмдер сусыз сүре алмайды.Бірақ ,барлық жерде судың қамын ойлайтын ешкім жоқ-су кірленуде. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Ластаушы заттардың бір бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластануы жоғары деңгейде.Адамдар суды таза ұстауға қажет, біз оны ішеміз, тамақ пісіреміз.
Мұғалім: Рақмет,саған Айша.Балалар, Айшаға қоятын сұрақтарын болса,қойындар!
Оқушылар картаға қарап,біздің еліміздің ауасы,суы қандай деп ойлайсындар? Таза ма,қандай шаралар өткізу керек,барлық мәселелерді шешу үшін?( Оқушылар жауап береді,оларды бәрі тыңдайды).
Мұғалім:Енді Дамир қышқылды жаңбыр туралы айтып береді.
Дамир: Қышқылды жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады). Жаңбырқұрамында қышқылдың болатындығы ауа құрамында өндіріс қалдықтары мөлшерінің көптігіне байланысты. Осындай жауын-шашын түскен топырақ пен су айдындарының қышқылдығы артып, соның нәтижесінде қоршаған ортаға зиян келтіреді.Қышқылды жаңбырдан көптеген ағаштар мен орманды алқаптарлар жойылып жатыр.
Мұғалім:Рақмет,саған.Қышқылды жаңбырдан кім және не зардап шегеді,қандай қауіпті төндіреді?Оқушылар, өздерінің пікірлерін айтындар!Енді сөз кезегін Мөлдірге берейік.Оның айтатын тақырыбы:»Жануарлар мен өсімдіктер қауіпта жүргені»
Мөлдір:Шынында да,жануарлар мен өсімдіктер қауіпті жағдайда.Ластанған ауа мен судан олар өліп жатыр.Оған себебі болған –адамдар,олардың өмір сүретін мекендерін ластандырады және бұзады,кішкіне ғана орын қалдырды,көректену үшін.Адамдар жануарлар мен өсімдіктерге қорған болу керек.
Мұғалім: Көп рақмет,Мөлдір!Балалар,бізге қонақ келді.Бұл ағаш,ол сырқат.Білгерің келе ме,неге?Ендеше, тыңдандар!
Ағаш- бір оқушы-Дулат:Мен ағашпын,мен ормандан келдім. Онда менің ата-анам,бауырларым өмір сүрді.Сондай қызық кезен болды!Қазір мен жалғызбын,олар өліп қалды.Неге деп сұрайсыңдар?Бір күні орманға қышқылды жаңбыр келді де барлық ағаштар ауырып қалды,көбісі өлді.Мен де ауырдым,ештеңе істей алмадым.Адамдар,бізге көмектесіңдер!Өтініш!
Мұғалім: Ағаш біздің көмекке зәру.Кімге тағы да көмек қажет?
Сәуле: бұл- Арал теңізі.Мен сендерге ақын Қадыр Мырзалиевтің өлеңін айтып берейін»
Шалқыған
теңіз,
Толқыған теңіз,
Көгілдір
көк айдыным, көк айдыным.
Биікте
жүрген,
Бұлттарды сүзген,
Бұрынғы
жоқ айбының, жоқ айбының.
Аққу
арман,
Күтемін алдан
Сағынып
қанат қаға ма?
Толқыны тулап,
Шағала
шулап,
Толар ма ауыл жағаға?
Арал,
сен туралы айтам ән,
Арал, ақ
айдыным аңсаған.
Арал, оралсаңшы
қайтадан! .
Арал!
Мұғалім: Рақмет ,саған Сәуле»Бүгін біз экологиялық мәселелерді толық айтып шықтық.Балалар,қалай ойлайсыңдар,адамдар табиғатқа қалай көмектесе алады?Сендердің қолдарынан келе ме? Мынау кестеге қарап,жауаптарынды айтындар!
-ағаштарды отырғызу
-ормандарды таза ұстау
-суды ластамау
-жүрген машиналарды азайту
-жануарлар мен құстарды көректендіру
-жапырақтарды жұлмау
-құстарға үйшіктер салу
-ағаштарды суару
-өсімдіктерді таптамау және жұлмау
-қоршаған ортаны қорғау
-орманда қалдықтарды тастамау
-ескі темірлерді жинау
-қоршаған орта туралы суреттер,плакаттар салу,ілу
-мектеп ауласын тазалау
-жаман қалдықтар туралы акция өткізу .
Мұғалім:Мынау кестедегі сөз тіркестерін пайдаланып, қандай шаралар өткізесіңдер, суреттеп плакатка салындар,әңгімелеп айтындар!
Мұғалім:Жарайсыңдар!Енді ойнайық»
а/Не қалдықтарға жатады?-қағаз,ағаш,бөтелке,гүл,ескі аяқ-киім,құс,жануар,ескі темір-кесек,билеттер,кәмпиттің қағаздары.
в/Не қаланың жасыл өкпеге жатады?-орман,ғимараттар,көшелер,гүлдер,парктер,көліктер,метро.
с/ Орманда не өседі?-көшелер,жылқы,гүлдер,ағаштар,аю,шөптер.
д/Дұрыс жазып, аударындар!
Барлық құстар мен жануарлар көмекке зәру.
Ағаштар біздің көшелерді безендіреді.
Адам экологиялық қатерді алдын алу шараларды қажет етеді.
Мұғалім: Сендер көп суреттер салдындар.Біз ең жақсысын таңдадық.Бүгін біз жақсы жұмыс жасадық.Алғысымыз шексіз! Сау болыңдар!
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Уикипедия «Ауаның ластануы»
2. Реферат «Атмосфералық ауаның ластануы»
3. Уикипедия «Судың ластануы»
4. «Аралым» -теңіз туралы өлеңдер.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген