Жаңа
сабақ:
Маркетингтік стратегия алдағы
уақытта редакциялауға болатын, мақсаттары айқын көрсетілген құжат
түрінде болуы тиіс. Бұл – компанияның әртүрлі даму кезеңдеріндегі
жолын көрсететін карта.
Бұл құжатта міндетті
түрде:
• өнімнің толық
сипаттамасы;
• компанияның алға қойған
мақсаттары;
• орны;
• аудитория мен оның сегменттері
болуы тиіс.Осыдан кейін ғана қандай мүмкіндіктерді қолдануға
болатындығы, қанша бюджет бөліну керектігі шешіледі.
Контент-маркетинг қажет болады.
Контент-маркетинг– талап етілетін
аудитория үшін өзіндік құндылығы бар контентті құру мен
тарату.
Тұтынушы тұрғысынан алғанда,
кез келген стартап – жаңа әрі түсініксіз нәрсе. Оны пайдалана
бастау үшін:
• сол нәрсеге қызығушылық
білдіру;
• оны қалай қолдану керектігін
білу керек.
Бірінші
тармақ маркетингке қатысты, яғни өнім
туралы білімді арттыру керек.
Екінші
тармақ – аудитория үшін өте қызықты
әрі қара пайым етіп дайындалған оқыту
материалдары.
Екі сұраныс та
контент-маркетинг көмегімен қанағаттандырылады. Бұл – жаңа немесе
күрделі өнімдерді жылжытатын тиімді
тәсіл.
Инфографика
– түрлі
ақпаратты көрнекі түрде көрсету тәсілі. Ол түпкі қолданушы үшін
ақпаратты қабылдауды жеңілдету мақсатында түрлі деректерді бір
бүтінге біріктіру үшін өте қолайлы.
Инфографика үш заттан
тұрады.

Инфографика
жасауға арналған құралдар
Инфографика жасауға
арналған тегін онлайн сервистерді
қарастырайық.
Piktochart.com
Инфографика мен
таныстырылымдық құралдарды жасауға арналған сервис Бұл тіпті адамды
зеріктіретін деректерді визуалды тартымды етіп түрлендіруге
мүмкіндік береді.
Piktochart.com
сервисінде:
•графиктер,
картиналар мен суреттер;
•ондаған
шаблон;
•түрлі стильдегі
жүздеген
|