Материалдар / Жобаны қорғау

Жобаны қорғау

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәні мұғаліміне көмегі бар
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Процесстерді электронды кестелерде модельдеу.

Күні:

Сынып: 9

Мектеп:



Мұғалімнің аты-жөні:



Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жобаны қорғау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.4.1.1. компьютерді ұзақ уақыт бойы қолдануға байланысты қауіптерді сынап бағалау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

-компьютерді ұзақ уақыт қолдану барысындағы қауіптерді біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

-жоба түрін атап, жоба құрудың мақсатын айқындайды

Кейбір оқушылар:

-тақырып бойынша жобаны жоспарлайды.

Бағалау критерийі

- компьютерді қолдануда қауіптерді атап береді.

- жоба түрін атап, жобаға мақсат қояды;

- тақырыпқа сай жоспарланған жобаны орындайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Ғаламтор қызметін пайдаланады;

Компьютерді қолданудағы қауіптерді біледі.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Жоба-проект-project , модельдеу- моделирование-modeling, зерттеу-исследование-researches

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Интернет желісіндегі тәртіп сақтау ережелерін ата?

Жеке деректерді қорғау ережелері қандай?

Қандай қауіп-қатерлер бар?

Жоба түрлерін ата?

Жоба қорғауда неге назар аудару керек?

Құндылықтарға баулу

Оқушы бойына еліміздің өңірлік және жаһандық бәсекеге қабылетті, тұлғаға тән қасиетті жетілдіру.

Білім беру жүйесін табысты дамыту.

Пәнаралық байланыс

Математика - есептерге алгоритм құру.

Ағылшын тілі - аталуы, жазылуы.

Алдынғы білім

Оқушылар жоба интерфейсін құрады. Түрлі электронды құрылғылардың қорғану тәсілдерін тиімді қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

  1. Тірек ұғымдарды бекіту(сыныппен жұмыс жасау):

Оқушыларды қошеметтеу. Түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Алдыңғы сабақтағы білімді бекіту. «Сұрақ-жауап» әдісі.

2- топқа сұрақтар жазылған парақша тарату.

  1. топ сұрақтары:

- Компьютердің адам ағзасына тигізетін әсері

- Қауіптің арнайы терминдерін ата

- Интернет желісіндегі тәртіп сақтау ережелері

- Жеке деректерді қорғау ережелері қандай?

  1. топ сұрақтары:

MIN функциясы ...

ЕСЛИ функциясы ...

ДЛСТР функциясы ...

СУММ функциясы ..

СРЗНАЧ функциясы...

Мақсатым: берілген сұрақтардың жауабын алу, оқушылардың ойлау дағдысын арттыру

ҚБ: Әрбір сұраққа жауап берген оқушыны қызыл, сары конфеттер арқылы мадақтау.

Конфет түсі бойынша оқушылар 2 топқа бөлінеді:

1-топ: Ақпараттық жоба.

2-топ: Тәжірибелік жобасы.

Мақсатым: әр топ аттарына сәйкес жобамен жұмыс жасайды.







Кеспеқағаз, оқулық, жұмыс дәптері.



















http://www.classtools.net/random-name-picker/


Сабақтың ортасы





20 минут










































1) Әр топқа топтың атына сәйкес жоба тақырыптарын беріп, жұппен орындауды ұсынамын.

«Жұптық жұмыс» әдісі.

Мақсатым:

  • Ақпараттық жоба құруда белгілі бір нысан немесе процесс жайлы ақпаратты жинау.

  • Тәжірибелік жоба құруда нақты мәселелерді шешуге бағыттау.

Жобамен жұмыс. 1 - топ.

2 ақпараттық жобаның тақырыбы:

Электронды кестелерді өңдеуге арналған программалар.

Қысқаша мазмұны.

Заманауи электронды кестелерді орындайтын программалар жайлы ақпарат жинау. Олардың, әрбірінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталу.



6 ақпараттық жобаның тақырыбы:

MS Excel программасы.

Қысқаша мазмұны.

Программасы жайлы толық ақпарат жинақта. Қашан пайда болды, бүгінгі таңда қандай нұсқалары бар? Жұмыс жасау ерекшелігі мен қолданудағы маңыздылығына тоқтал.

Жобамен жұмыс. 2 - топ.

1 тәжірибелік жобаның тақырыбы:

Excel программасында y= ax 2 +bx+c функциясының графигін модельдеу.

Қысқаша мазмұны.

Excel программасы көмегімен y= ax 2 +bx+c функциясының графигін модельдеңдер. Функцияның графигін салыңдар. Модельдеу нәтижесіне талдау жүргізіңдер. Модельдеу барысында модельдеу кестесін қолданыңдар.



5 тәжірибелік жобаның тақырыбы:

Кинематика есептерін электронды кестеде модельдеу.

Қысқаша мазмұны.

«Механиканың » кинематика бөліміне арналған физикалық есептердің моделін электрондық кестеде құрыңдар. Жылдамдық пен үдеуге байланысты есептердің графигін салыңдар.



2) Жобаны қорғау. «Жасап көрсет және әңгімеле» әдісі

А)Топтағы әр жұптан бір оқушы тақырып бойынша шолу жасап, жоба қорытындысымен таныстырады. Жоба барысында өз ойларымен бөлісіп, үйренген жаңа білім мен дағдылары жайлы әңгімелейді.

Б) Құжатты өз аттарымен жұмыс үстелінде сақтауды тапсырамын.

ҚБ: геометриялық фигуралар арқылы бағалау.

  • - Өте жақсы, - Жақсы, - Талпын


Дескрипторлар:

1. Компьютерді қолдануда қауіптерді атап береді.

  1. Жоба түрін анықтайды.

  2. Мақсаты мен міндетін айқындайды.

  3. Жоба барысындағы жаңа білімді әңгімелейді.

  4. Техникалық құралдармен көрнекіліктерді қолданып жобаны орындайды.

  5. Жоба қорытындысын таныстырады.






Ноутбук.

Оқулық.

Сабақтың соңы



5 минут.


Оқушыларға тақырыпты бекіту үшін Learningapps сайтынан

«Excel программасында жиі қолданылатын командалар» тапсырмасын орындату.

Кері байланыс: Оқушылар «Блоб көпіршесі» арқылы бүгінгі

тақырыпты қалай меңгергенін стикерлерге жазып іледі.

Үйге тапсырма:

1. «Модельдеу әлемі» тақырыбындағы байқауға шығармашылық жоба дайындау.



Компьютер.


https://learningapps.org/display?v=pwtavky5v18


Графопроек

тор.




Стикерлер.

Қосымша ақпарат: Информатика 9-сынып Алматы кітап баспасы

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

«Сұрақ-жауап»әдісі арқылы Компьютерді қолданудағы қауіптерді атап береді.

«Жұптық жұмыс» әдісі арқылы жобаның мақсаты мен міндетін айқындайды.

Жоба барысындағы жаңа білімді әңгімелейді.

Зияткерлік қабілеті жоғары,берілген тапсырманы өздігінен орындай алатын, қосымша материалдарды пайдалана білетін қабілетті оқушыларға техникалық құралдармен көрнекіліктерді қолданып жобаны орындату және жоба қорытындысын таныстыру.

Қабілеті төмен оқушыларға қажет жағдайда үлгеруші оқушыны көмек көрсету ұсынылады.

  • Сұрақтарға берген жауаптары бойынша мадақтау арқылы;

  • Жұптық жұмыста геометриялық фигуралар арқылы;

  • атқарған жұмыстарына қарай жарайсын, керемет, өте ақылды, тамаша сөздерімен мадақтау.

Тәртіпті, тазалықты техника қауіпсіздік ережеледі сақтау. Мұғалімнің ұсынысымен жұмыс орнына жайғасу және өз еркімен ауыстырмау.

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Кері байланыста жазылған ұсыныстар мен сұраныстарға негізделемін.




ЖИ арқылы жасау
28 Наурыз 2019
2126
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі