Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жобаны құру және ұсыну
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім: Жобаны құру және ұсыну |
Мектеп:М.Қаратаеватындағы №51жалпы орта мектебі |
||
Күні: 15.05.2018 ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Алшекеева Назира |
||
Сынып: 5 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Анимация құру |
||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.3.3.1 ойын түріндегі бағдарламалау ортасында (Лого, Scratch және т.с.с.) нысандар мен оқиғалардың анимациясын әзірлеу |
||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: ойын түріндегі бағдарламалау ортасында (Лого, Scratch және т.с.с.) нысандар мен оқиғалардың анимациясын әзірлейді Оқушылардың
көпшілігі: нысандардың анимациясына
сай оқиға құра алады. |
||
Бағалау критерийі |
Білім алушы:
|
||
Тілдік мақсаттар |
Пән бойынша мақсаты: Scratch ортасында анимация құруды термин сөздер арқылы түсіндіре алуға баулу. Терминология: Анимация, қозғалу, скрипт, оқиға, фон, дыбыс. Диалог құруға жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Анимация дегеніміз..., Scratch бағдарламалау ортасын іске қосу..., Фондар батырмасы арқылы... |
||
Құндылықтарға баулу |
|
||
Пәнаралық байланыс |
Сурет, 5-сынып. «Композициялық анимациялау» |
||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Анимация ұғымы туралы біледі.
|
||
|
Жоспар |
||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар |
Сабақтың басы 1.Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушыларды сыныпта қарсы алу, сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сахна және спрайт суреттері бойынша топқа бөлу. 1-топ Сахна 2-топ Спрайт Оқушыларға қауіпсіздік техникасы ережелеріне байланысты видео көрсетемін. |
|
2.Үй тапсырмасын тексеру Жаңа тақырыпты ашу |
Жұптық жұмыс «Досыңа хат жазу» әдісі Scratch бағдарламасын білесің бе? Scratch бағдарламасында анимациялық қозғалыстарды қалай енгіземіз? деген сұрақтар төңірегінде оқушылар 2 минутта оз ойларын хатқа енгізеді. Мысалы Құрметтті менің досым! Scratch бағдарламасы алгоритмді графика түрде жеңіл түрде есте сақтап қалуға көмектеседі.т.с.с Хаттарыңды анық нақтылай 4 сөйлеммен жинақтап жазсаңдар болады. 2 минут жазып болған соң қастарыңда отырған жұптарыңмен алмасып танысып шығыңдар.
«Көршіңді бағалау» әдісі бойынша оқушылар қасындағы жұбын жұлдызшамен бағалайды Сабақты ашу мақсатында анимацияны құру тақырыбына байланысты видео көрсетіледі. Түрткі сұрақтар арқылы ойында бекіту. |
https://bilimland.kz сайтынан |
Сабақтың ортасы
|
Оқушыларға қосымша ақпараттық ресурстар таратамын. Осы ресурстардан алған мәліметтерді пайдалана отырып топтық жұмыстарды орындатамын. Топтық жұмыс «Бұлтты сөз» әдісі бойынша постер дайындау. Scratch бағдарламасында анимациямен жұмыс жасайтын негізгі терминдерін 3 минутта жазып шығады. «Бұлтты сөз» әдісін орындап болған соң екі топ дайындаған постерді бір біріне ауыстырып 3 минутта танысады. «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар өзара бағалайды Топтық тапсырмалар беру арқылы оқушыларға қажеттіліктеріне қарай қолдау, кейбір оқушыларға көмек көрсетемін. |
|
Деңгейлік тапсырма
|
Жеке жұмыс. “Сыныптағы саяхат” әдісі Анимация құру. Оқулықтағы 174-175 беттердегі А, В, С деңгейлерін орындайды. А деңгейі Программаны компьютерде орындаңдар. Қандай әрекеттер орындалады? Scratch программасында неліктен бірнеше костюм таңдаймыз? Себебін түсіндіреді. В деңгейі Программада суреттегіге ұқсас кейіпкер мен оның анимациясын жасайды.
С деңгейі Қыз бен мысық спрайты үшін суретте көрсетілгендей жоба құрады. Кейіпкрлерге қатысты анимация, дыбыс әсерлерін кірістіреді. Жобаларын сақтайды.
«Мадақтау» әдісі арқылы бірін бірі бағалайды Осы деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жеке мүмкіндіктерін және қабілеттерін ескере отырып, оларға бағыт бағдар беріп отырамын. |
Оқулықтағы 174-175 беттердегі А, В, С деңгейлері |
|
Қ арқыны, ойлау қабілеті жоғары оқушылар Scratch бағдарламасының графикалық редакторында араның суретін салып, «Араның ұшу скриптісін» құрастырады. Қарқыны, ойлау қабілеті жоғары оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсетіп смайликтер арқылы бағалаймын.
Жеке жұмыс. Оқушылар қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды. Ойлау дағдыларының деңгей Қолдану Бағалау критерийі Білім алушы
Тапсырма Келесі шарттарды ескере отырып, «Су асты әлемі» тақырыбында жоба құрыңыз: А) Акула балықтарға шабуыл жасайды.
Бағдарлама интерфейсі Дескриптор Білім алушы -анимация нысандарын анықтайды; -нысандар үшін оқиғаларға бағдарлама жазады; - балыққа тиген кезде тармақталу командаларын қолданады; - анимациялық жобаның аяқталуы үшін шарт құрады.
Дескриптор арқылы тексере отырып, тапсырмалардың орындалуына қарай әр оқушыға ауызша тиімді кері байланыс беремін. |
Интернет көздерінен
Қалыптастыру шы бағалау тапсырмалары
|
Сабақтың соңы Үй тапсырмасы:
|
Scratch программасында мысалдар құрып келеді. Оқушылар күнделігіне жазады |
Күнделік |
Рефлексия
|
«Түйінді сөйлем» әдісі
|
Стикерлер |
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағандақ қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Оқушыларды сахнамен, спрайттармен жұмыс жасайтынын ескере отырып, «Сахна» және «Спрайт» суреттері арқылы екі топқа бөлемін. Топтық жұмыс кезінде оқушыларға қосымша ақпараттық ресурс таратамын. Топтық, жұптық, жеке тапсырмалар арқылы оқушыларға қажеттіліктеріне қарай қолдау, кейбір оқушыларға көмек көрсетемін. Әрбір оқушының жұмысын бақылап, сұрақ қою арқылы немесе бағыт бағдар беру арқылы диалог жүргіземін. Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін және қабілеттерін есепке алып, деңгейлік тапсырмалар беремін. Қарқыны, ойлау қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырма беремін. Сабақ соңыңда әр оқушының тапсырмаларды орындауына қарай кері байланыс жүргізіп, Мадақтау арқылы бағалаймын. Әрбір әрекет оқушылардың бүкіл тапсырманы орындауына қарай бағаланады. |
Үй тапсырмасын тексергенде «Көршіңді бағалау» әдісін қолданамын. Топтық жұмыс барысында «Бас бармақ» әдісі арқылы өзара бағалауды дұрыс деп есептеймін, ал деңгейлік тапсырма орындау кезінде оқушылар бірін бірі «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындаған уақытта дескриптор арқылы тексере отырып, тапсырмалардың орындалуына қарай әр оқушыға ауызша тиімді кері байланыс беремін. Бұл менің келесі сабағымды жоспарлауыма мүмкіндік береді.
|
Сабақтың басында информатика кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауды ескере отырып, сыныптағы ауаның тазартылуы, жарық көздері мен парталардың дұрыс орналасуы қадағаланады. |
Сабақ бойынша рефлексия |
|
|
Жалпы баға Сабақта жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойлаңыз?) 1) 2) Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту туралы да, оқу туралы да ойлаңыз ?) 1) 2) Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |