жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жоғарғы сапа және білімдегі көшбасшылық
Туменбаева Анар Нурлыхановна
Бастауыш сынып және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Оралхан Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейі КММ
Өскемен қаласы, Сатпаев көшесі: 8-131
87026602508
anar_71t@mail.ru
Жоғарғы сапа және білімдегі көшбасшылық
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген екен. [1]Оқу үдерісін оқыту және оқу деп екі жақты қарастыратын болсақ, бүгінде, біз «Ұстаз оқытады, оқушы оқиды» деген ұстанымнан арылып , қазір тек жетелеп, алар білімнің жолын көрсетіп, бағыт-бағдар беруші болсақ, ал оқушы жаңа ақпаратты өзі танып, өз ой елегінен өткізе отыра білімін тереңдетіп, дүниенің қыр-сырын өзі тану арқылы рухани дамитынын қазіргі оқытудағы түбегейлі өзгеріс және қолданыстағы жетістіктер дәлелдеп отыр. Оқушы өзі еңбектене отыра оқу үдерісінде өзіне тың ойлар, қағидалар, көзқарастар, жаңалықтар ашып, тұжырымдар жасап, өзінің құзырлығын қалыптастырады.Оқушының осы қасиеттерін қалыптастырып, білімге деген құштарлығын оятудағы басты тұлға мұғалім болғандықтан мұғалімнің де алдына қояр міндеттері мен ізденістері оқушы талабын қанағаттандырарлықтай болуы шарт.Егемен еліміздің ертеңгі болашағының шамшырағы, көшбасшысын дайындап шығаруда ұстаз өзі әрқашан жан-жақты ізденіп, жаңа заман талабына сай қазіргі оқытудағы тиімді технологияларды таңдай білуі, оқытудағы жаңа тәсілдерді оқушының қажеттігіне сай ұйымдастыра білуі одан көрегендік пен шеберлікті қажет етеді.
ХХІ ғасыр талабына сай, сындарлы оқытып,сапалы білім беру үшін сабаққа нақты мақсат қойып, тиімді жоспарлау, күтілетін нәтижеге жетудің басты алғашқы қадамы. Келесі қадам, жоспарланған сабақтың ойдағыдай өтуі сабақтың жүру процесі барысында іске асатынын ескерсек, мұғалім жүзіп келе жатқан кемені әрбір толқын иірімдерімен бірге тербелтіп, дұрыс бағыттап отыратын капитаны сияқты. Сондықтан да оқу үдерісіндегі маңызды қадам сабақ үстіндегі оқушы мен ұстаздың арасындағы қарым-қатынас, байланыстың үзілмей бір арнадағы әрекеттердің жүйесін құру болып табылады.[2]Оқыту мен оқудың бұрынғы білім беру үдерісінен айырмашылығы ұстаз оқыту кезінде білімді дайын түрде ұсынбай, оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, оқушының белсенді әрекетке түсіп оқуына түрткі болып, оның оқуға деген қызығушылықтарын арттырады.Белсенді әрекет кезінде оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап, жазып отырғаннан гөрі өзі ойланып, талдап, өз ойын қорыту арқылы білімді өзі игереді. Қазіргі оқытудың жаңа тәсілі бойынша білім берудің бірден бір жетістігі мен артықшылығы оқушыға жеті модульді негізге ала отыра жүйелі білім беру боп табылады. Жеті модуль арқылы оқытудың өзі оқушының мүмкіншілігін жан-жақты қарастырып, саралай оқыта отыра, сыни көзқарастарын, көшбасшылық қасиеттерін ашып, дамытуда, оқуға деген көзқарасын кеңейтіп, құлшыныстарын арттырудағы ең тиімді тәсіл. Бірінші модуль: «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» - мұғалімдердің білім беру тәсілдерін түсініп,білім беруді дұрыс ұйымдастыра алуына негізделсе, «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулімен жұмыс оқушының терең ойлап, өз ойын ортаға салып, талдай отыра сыни көзқарасын дамытуға арналады.Келесі модуль «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» оқушының еңбегін, талпынысын бағалауды дұрыс ұйымдастыруды қарастырады. Оқушы білімін нақты бағалаудың өзі оқушының оқуға деген көзқарастары мен өзінің шынайы білімінің деңгейін бағамдау арқылы өз мүмкіндігін анықтап алдына жоспар құрып, даму жоспарын жасауға көмектеседі.Оқушы білімін нақты бағалауда тапсырмаға нақты критерий құру өте маңызды.Бұл оқушының нені біліп, нені үйрену керектіне жол көрсетеді.«Білім беруде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулі бойынша мұғалім сабақта АКТ-ны әр түрлі мақсатта кеңінен пайдалана алады. Сондай-ақ «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру, «Білім берудегі басқару және көшбасшылық модулдері оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отыра, дамытуға зор үлесін тигізеді. Сабақ барысында осы 7 модульды үйлестіре қолдана отырып,маңызды ақпарат беру оқушының жан-жақты білім алуын жетілдіреді.
Оқушыларды жаңа заман талабына сай, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу үшін “Lesson Study”, “Action research” сияқты зерттеу бағдарламаларын да қолданысқа енгізу оқушының жеке ерекшеліктерін анықтап, оқытудың тиімді жолдарын қарастыруда маңызы зор. “Lesson Study” бағдарламасын қолдану оқушының сабақ үстіндегі іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін сабақ жоспарын тиімді жоспарлауға негізделсе, «Action research» бағдарламасын қолдану мұғалімнің зерттеу тақырыбымен жұмыс деп те қарастыруға болады.Себебі «Action research» бағдарламасымен жұмыс жүргізу кезінде мұғалім қандай да бір оқушылармен жұмыс барысында өзін толғандырып жүрген мәселені шешу жолында жұмыс жасайды. Және мұндағы ерекшелік мұғалім зерттеу әрекетін тек сабақ жүргізу барысында ғана емес субъектімен жұмыс жасай отыра, үздіксіз зерттеу жұмыстарын жүргізеді. [3] Қазіргі кезде білім берудің жаңаруына байланысты жиі қолданысқа еніп жатқан жаңа сөздер де көп. Солардың ең негізгісіне тоқталатын болсам:
Тәлімгерлік / Менторинг / Mentoring - ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәлім алушы арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі.
Сындарлы оқыту / Преподавание конструктивистское / Constructivist teaching - мақсаты оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту және оқушылардың алған білімдерін сыныптан тыс жерде қолдана білуіне жағдай жасау болып табылатын оқыту.
Миға шабуыл әдісі / Метод мозгового штурма (брэйнсторминг) / Brainstorming - белгілі бір проблеманы қарқынды талқылау – шығармашылық белсенділікті ынталандыру жолы. Бұл тәсіл кезінде қатысушылардың ойлау үдерісі белгілі бір мәселені шешу жөнінде түрлі идеяларды талқылауға және ойлап табуға бағытталған.
Коуч / Coach - әріптестеріне нақты тақырыптар тұрғысынан өзінің кәсіби білімін, білігін және дағдыларын жақсартып, жетілдіруге көмектесетін тренер, маман, сарапшы.
Коучинг /Сoaching - сөзбе-сөз дайындау, жаттықтыру; әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде әріптестер өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.
Коучинг үдерісі тәлімгерлік үдерісімен байланысты: коучинг нақты тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі кәсіби қолдау көрсетуді көздейді.
Вебинар (онлайн-семинар) /Webinar - шынайы уақыт режімінде интернет желісі арқылы
өткізілетін веб-конференциялардың, онлайн-кездесулер мен таныстырылымдардың бір түрі.
Дескриптор / Дескриптор / Standard - оқушының белгілі бір тапсырма бойынша орындаған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым.
Жоғары деңгейлі сұрақтар (ашық сұрақтар) / Вопросы высокого порядка (открытые вопросы) / High-order questions (open questions) – оқушының белгілі бір ақпаратты қолдану, қайта құру, кеңейту, бағалау және талдау сияқты қабілеттеріне бағытталатын сұрақтар.
Төмен деңгейлі сұрақтар (жабық сұрақтар) / Вопросы низкого порядка (закрытые вопросы) / Low-order questions (closed questions) - берілген ақпаратты есте сақтауға ғана бағытталатын сұрақтар. Оларға берілетін жауаптар «дұрыс» немесе «бұрыс» деп қана бағаланады.
Рубрикатор / Рубрикатор / Marking Scheme - критерийлер, лейблдер мен дескрипторлардың болуын көздейтін, оқушы жұмысын қалай бағалау керектігін түсіндіретін құжат. [4]
Міне осының барлығын жинақтап, қолдана отыра біз оқушыларға жаңа заман талабына сай сапалы білім беріп, болашақ көшбасшы тәрбиелей аламыз. Бұл орайда қазіргі заман мұғалімдерінің де алдына қойылған мақсаттары биік, жан-жақты, құзырлы, білімді де білікті болуы қазіргі заман талабына сай оқытуды қанағаттандырады.
Туменбаева А.Н. ағылшын тілі пәні мұғалімі
Оралхан Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейі КММ
Білімдегі жаңалықтар №3-4, 2009ж
Barth.R.S. «Мұғалім көшбасшы»
Balantyne P.,Jackson D. «Жүйені басқаратын жетекші желілер»
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 3-деңгей

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген