Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Төртүй ауылы
Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп
Психолог:Сагинбаева Гүлмира Жақсылыққызы
Жоғарғы сынып оқушыларын сенім мен біртұтастыққа
тренингтер арқылы тәрбиелеу
Мақсаты: Жоғарғы сынып оқушыларын ұйымшылдыққа, достыққа, біртұтастыққа
тәрбиелеу;
Бірлесіп жұмыс жасай білуді, бір-біріне сене білуге деген икем-
дағдыларын қалыптастыру.
І. «Амандасу» жаттығуы.
Мақсаты: Қуанышты көңіл күймен амандасу.
Шарты: Оқушылар шеңберге тұрады. Белгі берілген кезде қатысушылар көзбен көзді түйістіру арқылы амандасып шығады. Жүргізуші онға дейін санап болғанша қатысушы балалар неғұрлым көп адаммен амандасып үлгеру керек. Келесі сол қолмен амандасу да дәл осылай қайталанады. Дәл осылай аяқпен де амандасуға болады.
Талдау: Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісуге болады.
ІІ. «Топтық сурет» жаттығуы
Мақсаты: Бір тапсырманы топпен бірлесе орындау арқылы икем-дағдыларын дамыту.
Шарты: Қатысушылар бірнеше топқа 3-4 адамнан бөлінеді. Әр топқа А3 қағазына ұжымдық сурет салу ұсынылады. Тапсырманы орындау барысында сөйлеуге болмайды. Сурет салуға акварелді бояу пайдаланған дұрыс. Тақырыпты ұйымдастырушы береді. Мысалы: жыл мезгілдері. Тапсырманы бәрі бір мезетте орындайды.
Талдау: Әрбір қатысушы топ өз жұмыстарын түсіндіреді. Топпен салынған ұжымдық сурет әркімнің өз ойымен қаншалықты сәйкес келгенің, орындалған жұмыстан қандай әсер алғандарымен бөліседі.
ІІІ. «Жартасқа өрмелеу» жаттығуы.
Мақсаты: Бір- біріне жағымды көзқарас тудыруға бағыттау.
Шарты: Ойынға қатысушылар бір қатарға тығыз орналасып, бір аяқ, бір қолдарын алға созып, жартасты бейнелеп тұра қалады. Шетінен бір-бірлеп әр қатысушы осы құздан құлап кетпеудің амалын ойлап, өтіп шығу керек. Осылай әр қатысушы өтіп шыққанша ойын жалғаса береді.
Талдау: Жаттығуды орындауға не көмектесті және не кедергі болды?
VІ. « Қызықты оқиға» ойыны
Шарты: топ дөңгеленіп тұрады және қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне
кезектесіп беріп, өздерінің есте қалған қызықты оқиғаларды айтады. Әрбір
қатысушыларға 4 минут беріледі.
V.«Мен кіммін?» ойыны.
Шарты: Әрбір тұлғаның жеке басының ерекше қасиеті бар. Сонымен қатар өзі жайлы оны ерекшелейтін теориясы да бар. Ол онысымен өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Сондықтан мынадай бір сұрақ туындайды менің көзқарасыммен өзгелер бөлісе ме? Қатысушыларға ақ парақ беріліп, оны көлденеңнен 3 қатарға бөлу тапсырылады. 1-ші қатарға «Мен кіммін?» сұрағына тез арада 5 немесе оданда көп сөзді жазып жауап беріңіз. 2-ші қатарға осы сұраққа сіздің туыстарыңыз, достарыңыз не деп жауап береді деп ойлайсыз, санын жазасыз. 3-ші қатарға топ ішінен біреу жазады. Ол үшін жауап сұрақтары үстел бетіне қойылады, әркім өзіне түскен парақты алып, иесі туралы 3 қатарды толтырады. Болған соң әркім өз парағын алады. Бұл тренингте жаттығу арқылы бір-бірін жақсы білуге, ортада өз ойларымен бөлісуге, өзін еркін сезінуге, ұйымшылдыққа, біртұтастық қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады.



жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жоғарғы сынып оқушыларын сенім мен біртұтастыққа тренингтер арқылы тәрбиелеу
Жоғарғы сынып оқушыларын сенім мен біртұтастыққа тренингтер арқылы тәрбиелеу
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Төртүй ауылы
Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп
Психолог:Сагинбаева Гүлмира Жақсылыққызы
Жоғарғы сынып оқушыларын сенім мен біртұтастыққа
тренингтер арқылы тәрбиелеу
Мақсаты: Жоғарғы сынып оқушыларын ұйымшылдыққа, достыққа, біртұтастыққа
тәрбиелеу;
Бірлесіп жұмыс жасай білуді, бір-біріне сене білуге деген икем-
дағдыларын қалыптастыру.
І. «Амандасу» жаттығуы.
Мақсаты: Қуанышты көңіл күймен амандасу.
Шарты: Оқушылар шеңберге тұрады. Белгі берілген кезде қатысушылар көзбен көзді түйістіру арқылы амандасып шығады. Жүргізуші онға дейін санап болғанша қатысушы балалар неғұрлым көп адаммен амандасып үлгеру керек. Келесі сол қолмен амандасу да дәл осылай қайталанады. Дәл осылай аяқпен де амандасуға болады.
Талдау: Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісуге болады.
ІІ. «Топтық сурет» жаттығуы
Мақсаты: Бір тапсырманы топпен бірлесе орындау арқылы икем-дағдыларын дамыту.
Шарты: Қатысушылар бірнеше топқа 3-4 адамнан бөлінеді. Әр топқа А3 қағазына ұжымдық сурет салу ұсынылады. Тапсырманы орындау барысында сөйлеуге болмайды. Сурет салуға акварелді бояу пайдаланған дұрыс. Тақырыпты ұйымдастырушы береді. Мысалы: жыл мезгілдері. Тапсырманы бәрі бір мезетте орындайды.
Талдау: Әрбір қатысушы топ өз жұмыстарын түсіндіреді. Топпен салынған ұжымдық сурет әркімнің өз ойымен қаншалықты сәйкес келгенің, орындалған жұмыстан қандай әсер алғандарымен бөліседі.
ІІІ. «Жартасқа өрмелеу» жаттығуы.
Мақсаты: Бір- біріне жағымды көзқарас тудыруға бағыттау.
Шарты: Ойынға қатысушылар бір қатарға тығыз орналасып, бір аяқ, бір қолдарын алға созып, жартасты бейнелеп тұра қалады. Шетінен бір-бірлеп әр қатысушы осы құздан құлап кетпеудің амалын ойлап, өтіп шығу керек. Осылай әр қатысушы өтіп шыққанша ойын жалғаса береді.
Талдау: Жаттығуды орындауға не көмектесті және не кедергі болды?
VІ. « Қызықты оқиға» ойыны
Шарты: топ дөңгеленіп тұрады және қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне
кезектесіп беріп, өздерінің есте қалған қызықты оқиғаларды айтады. Әрбір
қатысушыларға 4 минут беріледі.
V.«Мен кіммін?» ойыны.
Шарты: Әрбір тұлғаның жеке басының ерекше қасиеті бар. Сонымен қатар өзі жайлы оны ерекшелейтін теориясы да бар. Ол онысымен өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Сондықтан мынадай бір сұрақ туындайды менің көзқарасыммен өзгелер бөлісе ме? Қатысушыларға ақ парақ беріліп, оны көлденеңнен 3 қатарға бөлу тапсырылады. 1-ші қатарға «Мен кіммін?» сұрағына тез арада 5 немесе оданда көп сөзді жазып жауап беріңіз. 2-ші қатарға осы сұраққа сіздің туыстарыңыз, достарыңыз не деп жауап береді деп ойлайсыз, санын жазасыз. 3-ші қатарға топ ішінен біреу жазады. Ол үшін жауап сұрақтары үстел бетіне қойылады, әркім өзіне түскен парақты алып, иесі туралы 3 қатарды толтырады. Болған соң әркім өз парағын алады. Бұл тренингте жаттығу арқылы бір-бірін жақсы білуге, ортада өз ойларымен бөлісуге, өзін еркін сезінуге, ұйымшылдыққа, біртұтастық қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады.



шағым қалдыра аласыз













