Материалдар / Жоғарғы сынып оқушыларының жеке тұлға ретінде дамуына арналған тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жоғарғы сынып оқушыларының жеке тұлға ретінде дамуына арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2020
1090
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тану тренингтері»

Тренингтің мақсаты:

  • өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;

  • ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту;

  • ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;

  • қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;

  • өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;

  • коммуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;

  • өзі жайында, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;

  • көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу;

Басқаларды қабылдау, олармен әртүрлі қатынастар жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен-бірі не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз (антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Эмоциялық қатынастар іскерлік, ұғымдық, рольдік қатынастарға өз әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда мәдениаралық өзара тренинг жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.  

Тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тану тренингтері 
 
Ұсынылып отырған жаттығуларда адамдардың эмоциялық дүниесінің ерекшелігі, сонымен қатар эмоциясы мен сезіміне әлеуметтік және психологиялық әсерлер қарастырылады. Тренингтің көмегімен, басқаларадың көзімен қарағанда мен қандаймын, қандай болғым келетінін анықтауға болады. Сонымен бірге өзімен және адамдармен өз қатынасын қалай құру керектігін, адам қоршаған әлеммен қалай өзара әрекет жасайтынын үйренеді және өзіне деген сенімділік, рефлексия дағдысы және тұлға аралық қатынас мәдениеті дамытылады. Жаттығулар барысында адам дәл сол мезетте не сезеді немесе не ойлайды соны айту керек. Адам өзін-өзі ашпаса, өзін-өзі терең танып білуі мүмкін емес. Жаттығулар адамның тұлға ретінде дамуына және өмірде өз әлеуетін барынша көп қолдануына бағытталған. Олардың тұлғалық өсуіне ықпал етеді. Әрбір адамның өзін-өзі тануына, ойдағыдай әлеуметтік бейімделулеріне көмектеседі және өзінің жеке ерекшеліктерін, қабілеттіліктерін танып білуге жағдай жасайды. Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тануға байланысты жаттығулардың негізгі мақсаты: жаттығулардың көмегімен тұлғаның өзін-өзі түсінуі мен өзін зерттеуі және өзі туралы білімін кеңейту. 
 
Жаттығу – 1.  
Тақырыбы: “Тазару” (5 минут). 
Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін-өзі түсіну. 
Бұл күнделікті проблемамен жайсыздықтан құтылудың жақсы тәсілі. Жаттығуды сабақтың басында өткізген қолайлы. Топтың мүшелері жағымсыз жайларын айтып, уақытша оны ұмытады. Жұмысқа толығымен кірісулері үшін осы жаттығудан бастау маңызды.  
Жаттығудың барысы:  
1. Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Әрбіреуі 2 минут ішінде әріптесіне өзінің проблемалары, жайсыз жайлары, сонымен бірге ойлары, сезімдері және қуаныштары жайлы әңгімелейді.  
2. Біреуі сөйлеп жатқанда, екіншісі сөзді бөлмейді және айтылғандарға өз сезімін білдірмейді. Екі минуттан соң жұптар рольдерін ауыстырады.  
Жүргізушіге нұсқау: Осы кезде қолыңызға себет ұстап жүрген сияқты кейпіңізбен бөлме ішінде жүресіз. Әр жұптың жанына барасыз және барлық жайсыз жайларын себетке “Салуын” сұрайсыз. Мұны әркім ишараның және ымның көмегімен жүктің ауырлығын көрсете отырып істейді. Басқалары оны көрулері және бағалаулары керек. Егер жағымсыз жайдың жүгі тым ауыр болса, онда оны себетке салмай, бірден айту керек. Барлық жағымсыз жайлар себетке “түскен” соң, сабақ соңында қатысушылардың тағы да оны қайталауларын ұсынып көріңіз. Әрине, олар оны орындағысы келсе қайталасын.  
Талқылау: Жағымсыз жайларды айту оңай тиді ме? Қиындығы неде болды? Қандай әсер алдың? Қазір өзіңді қалай сезінудесің? 

Жаттығу - 2 
Тақырыбы: “Өзіне хат ”. 
Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін түсіну және тұлғалық даму тәсілдерін таба білу. Бұл жаттығу адамға өзі үшін ең маңызды нәрсені жасауға, өзін сүюге, оған өзіне рұқсат беруге, өзінің махаббатын сезінуге көмектеседі.  
Жаттығудың барысы: Қатысушылар шеңбер бойымен отырады, жүргізуші бәрінен бір парақ пен қалам алуларын сұрайды.  
Нұсқау: “Қазір сіздер өздеріңізге хат жазасыздар. Сіз бұл хатты алдыңыз. Бірақ хатты алған адамдар не істейді? Хатқа жауап береді. Сондықтан қазір өздеріңіздің хаттарыңызға жауап жазатын 10 минут уақыттарыңыз бар. Өздеріңіз алған хатқа нақты жауап жазыңыздар.”  
Талқылау: Хат жазу оңай тиді ме? Әлде жауап жазу оңай болды ма? Жазу кезінде не туралы ойладыңыз? Өзіңізді қалай сезінудесіз? 
 
Жаттығу – 3. 
Тақырыбы: “Өзін-өзі бағалау” медитациясы. 
Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзі туралы ойын дамыту. 
Жаттығудың барысы: “Жүргізуші дауыстап оқиды. Өзінің жоғары бағалануына өзін сендіру үшін, қатысушылар ақырын дауыспен қайталап отырады”.  
Мен ол мен. Бүкіл әлемде дәл мен секілді ешкім жоқ... Маған бір нәрсесімен ұқсас бар, бірақ дәл мен секілді, ешкім жоқ. Маған тиістінің бәрі менде бар: менің денем, оған қоса, оның жасайтындары; барлық ойым мен жоспарымды қоса алғандағы менің санам; барлық бейнелерді көре алатын менің көздерім; қандай болмасын, менің сезімдерім – үрей, қанағаттану, күш түсіру, махаббат, ызалану, қуаныш. Барлық сөздерді - әдепті, мейірімді немесе дөрекі, дұрыс немесе дұрыс емес сөздерді айта алатын менің аузым; қатты немесе ақырын болатын менің даусым; басқа адамдарға немесе өзіме деген қатынасым, яғни менің барлық әрекетім. Менің барлық қиялым, менің арманым, менің барлық үмітім мен менің қорқыныштарым маған тиісті. Менің барлық жеңістерім мен жетістіктерім, менің барлық жеңілістерім мен қателерім өзіме тиісті. Осының бәрі маған тән, себебі мен оны таңдадым. Бұл бар. Бұл өзіңді сүю мен өзіңе қызығуға негіз болуға жеткілікті. 
Әрине, мені таң қалдыратын, менде бір нәрсе бар. Мен лайықты емес нәрселерден бас тарта аламын, өте қажет дегендерді сақтай аламын және менің өзім де жаңа бірдеңелерді аша аламын.  
Мен көре, ести, ойлай, сезе, сөйлей және әрекер ете аламын, яғни менде өмір сүру үшін бәрі де бар. Басқа адамдармен жақын болатындай менде бәрі бар. Мен өз әрекеттеріме жауап беремін, сондықтан мен өзімді өзгерте аламын.  
Талқылау: Жаттығу ұнады ма? Нені көз алдыңызға елестеттіңіз? Не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар? Қазір не сезіп тұрсыздар?  
 
Жаттығу – 4. 
Тақырыбы: “Өмірлік мақсаттар” . 
Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, өзі туралы ойын дамыту. 
Жаттығудың барысы: 

  1. 3 минуттың ішінде мына сұраққа жауап жазыңыздар: “Менің өмірлік мақсаттарым қандай?”.

  2. 3 минуттың ішінде мына сұраққа жауап жазыңыздар: “Алдағы үш жылда мен қандай табысқа жеткім келеді?”

  3. 5 минутта жауап беріңіз: “Емделмейтін ауруыма байланысты маған алты ай ғана өмір сүру қалғанын естігенде, мен не істер едім және қалай істер едім?”.

  4. Барлық ертеректе жазылғандарды зейін қойып оқыңыз және сіздің мақсатыңыз үшін маңызды болатын ең басты үшеуін таңдап алыңыз.

  5. Осы мақсаттарға шынында да жетуге тырысасыз ба және ол қаншалықты сәтті (сәтсіз) болатынын бағалаңыз.

  6. Өзіңіздің өмірлік мақсаттарыңыз туралы өз бетіңізбен салмақты түрде үнемі ойланасыз ба, соны бағалаңыз.

  7. Балалық шақта (4-6 жас) сіз қандай болдыңыз, әсіресе, балалық шақтың есте қалған эпизодтарын есіңізге түсіріңіз және суретін салыңыз.

  8. Осы кездегі сіздің өміріңіздің эпизодтарын, яғни қазір сіз қандайсыз, суретін салыңыз.

  9. Болашақта сізді не күтіп тұр, сіз қандай боласыз, суретін салыңыз.

  10. Сіздің өміріңізді, тағдырыңызды өзгерткен, өмірде болған жағдайларыңызға қатты әсер еткен жайларды еске түсіріңіз және онв суреттеп жазыңыз.

Талқылау: Мақсаттарды жазу жеңіл болды ма? Нені көзіңізге елестеттіңіз? Не туралы ойладыңыз? Не қиындық туғызды? Бірінші кезекте неге назар аударылды? Қазір нені сезінудесіз? 

 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!