Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жоғары сынып оқушыларында тыңдау дағдысын дамытуда подкасттар мен YouTube сабақтарын қолдану ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада жоғары сынып оқушыларының тыңдау дағдысын дамытуда подкасттар мен YouTube сабақтарын қолданудың теориялық-əдістемелік негіздері жан-жақты қарастырылады. Қазіргі білім беру кеңістігінде цифрлық ресурстарды пайдалану оқыту процесінің тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Зерттеу барысында тыңдау дағдысының шет тілін меңгерудегі рөлі айқындалып, аутентті аудиовизуалды материалдардың оқушылардың тыңдалым қабілетін жетілдірудегі маңызы анықталады. Подкасттар мен YouTube сабақтарының педагогикалық мүмкіндіктері талданып, оларды оқу процесінде қолданудың ерекшеліктері көрсетіледі. Сонымен қатар, мақалада практикалық зерттеу жүргізіліп, 10-сынып оқушылары арасында сауалнама арқылы олардың подкасттар мен YouTube сабақтарын қолдану тəжірибесі, тыңдалымға қызығушылығы мен мотивациясы анықталды. Сауалнама нəтижелері оқушылардың цифрлық платформаларды тыңдалым дағдысын дамытуда тиімді қолданатынын көрсетеді. Мақала нəтижелері теориялық жəне практикалық деректерді біріктіре
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кеңес Ақжарқын Бауыржанқызы

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Шетел тілдер факультеті, 6В01705- Шетел тілі:екі шетел тілі

Жоғары сынып оқушыларында тыңдау дағдысын дамытуда подкасттар мен YouTube

сабақтарын қолдану ерекшеліктері

Аңдатпа. Мақалада жоғары сынып оқушыларының тыңдау дағдысын дамытуда подкасттар мен YouTube сабақтарын қолданудың теориялық-əдістемелік негіздері жан-жақты қарастырылады. Қазіргі білім беру кеңістігінде цифрлық ресурстарды пайдалану оқыту процесінің тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Зерттеу барысында тыңдау дағдысының шет тілін меңгерудегі рөлі айқындалып, аутентті аудиовизуалды материалдардың оқушылардың тыңдалым қабілетін жетілдірудегі маңызы анықталады. Подкасттар мен YouTube сабақтарының педагогикалық мүмкіндіктері талданып, оларды оқу процесінде қолданудың ерекшеліктері көрсетіледі. Сонымен қатар, мақалада практикалық зерттеу жүргізіліп, 10-сынып оқушылары арасында сауалнама арқылы олардың подкасттар мен YouTube сабақтарын қолдану тəжірибесі, тыңдалымға қызығушылығы мен мотивациясы анықталды. Сауалнама нəтижелері оқушылардың цифрлық платформаларды тыңдалым дағдысын дамытуда тиімді қолданатынын көрсетеді. Мақала нəтижелері теориялық жəне практикалық деректерді біріктіре отырып, цифрлық ресурстардың тыңдалым дағдысын дамытудағы рөлін дəлелдейді.

Кілт сөздер: тыңдау дағдысы, подкаст, YouTube сабақтары, аутентті материал, цифрлық ресурстар, сауалнама, практикалық зерттеу.

Аннотация. В статье всесторонне рассматриваются теоретические и методологические основы использования подкастов и уроков на YouTube для развития навыков аудирования у старшеклассников. В современном образовательном пространстве использование цифровых ресурсов является важным фактором повышения эффективности учебного процесса. В исследовании подчеркивается роль навыков аудирования в освоении иностранного языка и отмечается значимость аутентичных аудиовизуальных материалов для совершенствования способности учащихся к восприятию на слух. Анализируются педагогические возможности подкастов и уроков на YouTube, а также особенности их применения в учебном процессе. Кроме того, было проведено практическое исследование: среди учащихся 10 класса был проведен опрос для определения их опыта использования подкастов и уроков на YouTube, а также их интереса и мотивации к занятиям аудированием. Результаты опроса показывают, что учащиеся эффективно используют цифровые платформы для развития навыков аудирования. Результаты статьи, объединяющие теоретические и практические данные, демонстрируют роль цифровых ресурсов в развитии навыков аудирования.

Ключевые слова: навыки аудирования, подкасты, уроки на YouTube, аутентичные материалы, цифровые ресурсы, опрос, практическое исследование.

Abstract. The article comprehensively examines the theoretical and methodological foundations of using podcasts and YouTube lessons to develop listening skills among high school students. In the current educational landscape, the use of digital resources is an important factor in enhancing the effectiveness of the teaching process. The study highlights the role of listening skills in foreign language acquisition and emphasizes the significance of authentic audiovisual materials in improving students’ listening abilities. The pedagogical potential of podcasts and YouTube lessons is analyzed, and their features of use in the learning process are outlined. Furthermore, a practical

study was conducted in which a survey was carried out among 10th-grade students to determine their experience with using podcasts and YouTube lessons, as well as their interest and motivation in listening activities. The survey results indicate that students effectively use digital platforms to develop their listening skills. The findings of the article combine theoretical and practical data to demonstrate the role of digital resources in enhancing listening skills.

Keywords: listening skills, podcasts, YouTube lessons, authentic materials, digital resources, survey, practical study.



Кіріспе

Қазіргі жаһандану жағдайында ағылшын тілін меңгеру – жеке тұлғаның кəсіби жəне əлеуметтік дамуының маңызды шарты. Білім беру жүйесінде шет тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру. Коммуникативтік құзыреттілік тыңдау, сөйлеу, оқу жəне жазу дағдыларының бірлігін қамтиды. Осы төрт дағдылардың ішінде тыңдау ерекше орын алады, себебі ол басқа дағдылардың дамуына негіз болады. Тыңдалым арқылы оқушы жаңа сөздерді контексттен меңгеріп, мəтіннің негізгі идеясын түсінеді жəне сөйлеушінің ойын нақты қабылдай алады [1]. Алайда, мектеп тəжірибесінде жоғары сынып оқушылары тыңдалым тапсырмаларын орындау барысында жиі қиындықтарға тап болады. Бұл тек тілдік материалдың күрделілігіне ғана емес, сонымен қатар қолданылатын дəстүрлі əдістердің бірсарынды болуына байланысты. Дəстүрлі сабақтар көбіне мəтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беру немесе дайын жаттығуларды орындау түрінде өтеді, бұл оқушылардың қызығушылығын төмендетіп, тыңдалым дағдысын толық дамытуға мүмкіндік бермейді.

Соңғы жылдары білім беру процесінде цифрлық технологияларды қолданудың қарқынды дамуы тыңдалым сабағына жаңа мүмкіндіктер əкелді. Подкасттар мен YouTube сабақтары – оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытуда тиімді цифрлық ресурстардың бірі. Подкасттар аудио форматында ұсынылып, оқушыларға əртүрлі тақырыптар мен сөйлеушілердің акцентін тыңдауға мүмкіндік береді, бұл тыңдалым стратегияларын меңгеруге ықпал етеді. Мысалы, BBC Learning English, VOA Learning English жəне British Council LearnEnglish сияқты платформалар тыңдалым жаттығулары үшін арнайы жасалған, мəтіндер баяу сөйлейтін жəне транскриптпен қамтамасыз етілген. Бұл оқушыларға жаңа сөздер мен грамматикалық құрылымдарды меңгеруге көмектеседі. Сонымен қатар, подкаст тыңдау оқушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамытып, сыни ойлау жəне ақпаратты талдау дағдыларын қалыптастырады [6].

YouTube сабақтары тыңдалым процесін бейнелік материалдармен толықтырады, бұл аудиовизуалды тəсіл арқылы мəтінді түсінуді жеңілдетеді [4]. Бейне сабақтарда сөйлеушінің бет-əлпеті, ым-ишарат, сөйлеу қарқыны көрсетілуі оқушыларға мəтін мазмұнын жақсырақ қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, TED-Ed, CrashCourse жəне BBC Learning English арналарында ағылшын тілінде дайындалған бейне сабақтар оқушыларға тыңдалым дағдыларын дамытып, тақырып бойынша өз пікірін айтуға көмектеседі. Субтитрлерді қолдану тыңдалым кезінде жаңа сөздерді меңгеруге жəне мəтінді терең түсінуге септігін тигізеді. Оқу процесінде подкасттар мен YouTube сабақтарын қолдану тек тыңдалым машықтарын дамытпай, сонымен қатар оқушылардың өздігінен білім алу қабілетін арттырады. Оқушылар подкасттарды тыңдап болған соң мəтіннің негізгі идеясын анықтау, кейіпкерлердің мінез-құлқын талдау, тақырып бойынша пікірталас жүргізу сияқты тапсырмаларды орындай алады. YouTube сабақтары арқылы олар бейнежазбаны көріп, негізгі

ақпаратты таңдап алу, сұрақтарға жауап беру жəне қысқа жазбаша эссе жазу түріндегі тапсырмаларды орындауы мүмкін [7]. Сонымен қатар, кейбір подкасттар мен видеоматериалдар оқушыларға шығармашылық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді: мысалы, «EnglishClass101» подкастын тыңдап, оқушылар өздерінің қысқа подкаст нұсқасын құрастыра алады немесе бейне сабақ тақырыбы бойынша постер, слайд немесе шағын презентация дайындайды. Осылайша, подкасттар мен YouTube сабақтарын жүйелі түрде сабаққа енгізу арқылы оқушылардың тыңдалым қабілеті артып, жаңа лексикалық бірліктер мен грамматикалық құрылымдарды меңгеру жеңілдейді. Сондай-ақ, бұл əдіс оқушылардың пəнге қызығушылығын арттырып, ақпаратты өңдеу жəне сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Əдебиет деректері көрсеткендей, цифрлық ресурстарды қолдану жоғары сынып оқушыларының тыңдалым дағдыларын жетілдіруде маңызды құрал болып табылады.



Негізгі бөлім

Тыңдау дағдысы – күрделі когнитивтік процесс, ол дыбыстық сигналдарды қабылдау, оларды тану, мағыналық өңдеу жəне түсіндіру кезеңдерінен тұрады. Тыңдалым барысында оқушы тек сөздерді естіп қана қоймай, олардың мағынасын контекст арқылы түсінеді. Бұл процесс зейін, есте сақтау, логикалық ойлау сияқты психологиялық факторлармен тығыз байланысты [2]. Лингвистикалық тұрғыдан тыңдау дағдысы фонетикалық, лексикалық жəне грамматикалық білімді қажет етеді. Мысалы, тыңдалым кезінде оқушы сөздердің дұрыс айтылуын, екпін мен интонацияны ажыратып, сөйлем құрылымын түсінуге тырысады. Тыңдалымның сапасы оқушының фонетикалық жəне лексикалық дайындық деңгейіне тікелей байланысты. Психологиялық аспектіден, тыңдалым процесі зейіннің, есте сақтаудың, қабылдаудың үйлесімділігін талап етеді [3]. Мысалы, мəтіндегі негізгі ақпаратты анықтау үшін оқушы маңызды сөздерге назар аударып, сөйлемнің жалпы құрылымын талдайды. Сонымен қатар, тыңдалым кезінде оқушы ақпаратты логикалық түрде құрылымдап, қорытынды жасауға үйренеді. Мұндай когнитивтік дағдылар тек тіл үйрету процесінде ғана емес, жалпы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда да маңызды рөл атқарады. Сондықтан тыңдалым дағдысын дамыту тек тілдік материалға ғана емес, когнитивтік стратегияларды үйретуге де бағытталуы қажет. Мұғалім тыңдалым алдында оқушыларға негізгі сөздерді түсіндіру, мəтіннің тақырыбын талқылау сияқты алдын ала тапсырмалар береді, тыңдалымнан кейін сұрақтар мен талқылаулар арқылы материалды бекіту жүргізеді [3].

Аутентті материалдар – тіл иелері күнделікті өмірде қолданатын шынайы мəтіндер. Олар оқушыларды жасанды оқу мəтіндерінен алыстатып, нақты тілдік ортаға жақындатады. Подкасттар мен YouTube видеолары аутентті материалдардың тиімді түрі болып табылады. Бұл ресурстар оқушылардың тыңдау дағдысын дамытумен қатар, мəдениетаралық құзыреттілігін қалыптастырады. Оқушылар түрлі елдердің мəдениетімен, өмір салтымен жəне көзқарастарымен танысады. Мысалы, BBC Learning English платформасы тыңдалым жаттығулары үшін арнайы жасалған, мəтін баяу сөйлейтін жəне транскриптпен қамтамасыз етілген. VOA Learning English материалдары да тыңдалымға бағытталған, оқушыларға халықаралық жаңалықтарды тыңдау арқылы жаңа сөздік қорын кеңейтуге мүмкіндік береді. Аутентті материалдарды қолдану оқушылардың мотивациясын арттырады. Мысалы, шынайы əңгімелер, сұхбаттар немесе жаңалықтар оқушыларға өмірдегі тілдік ортаға жақындауға мүмкіндік береді. Бұл əдіс оқушыларға тіл үйренуді тек мектеп бағдарламасымен шектемей, өздігінен қызығушылықпен ізденуге мүмкіндік береді.

Подкасттар – аудио форматтағы цифрлық контент, олар оқушыларға тыңдалымды кез келген уақытта жəне кез келген жерде дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, оқушылар

мектептен кейін немесе жолда «EnglishClass101», «TED Talks Daily», «BBC 6 Minute English» сияқты подкасттарды тыңдай алады [8]. Бұл платформалар тыңдалым үшін арнайы жасалған материалдар ұсынады: баяу айтылатын сөздер, транскрипттер жəне тақырыпқа сай сөздік қорлар. Подкасттардың тағы бір артықшылығы əртүрлі тақырыптарды қамтуы. Мысалы,

«TED Talks Daily» оқушыларға аналитикалық тыңдалымды дамытуды үйретеді, олар тақырыпты тыңдап, өз пікірін қысқа эссе немесе ауызша баяндама арқылы айтуға машықтанады. «BBC 6 Minute English» подкасттары қысқа жəне қызықты форматта жасалған, тыңдалым процесін жеңілдетеді, жаңа сөздер мен тіркестерді меңгеруге көмектеседі. Сонымен қатар, подкасттарда əртүрлі акценттер мен сөйлеу мəнерін тыңдау оқушылардың шынайы тілдік ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді. Мысалы, британдық, америкалық немесе австралиялық ағылшын тіліндегі подкасттар оқушылардың əртүрлі сөйлеушілерді түсіну қабілетін арттырады [1].

Подкасттар оқушылардың өздігінен білім алу дағдысын қалыптастырады. Тыңдау барысында оқушылар жаңа сөздерді контекст арқылы меңгеріп, тыңдалым стратегияларын қолдануды үйренеді. Мысалы, тыңдалым алдында жаңа сөздікке назар аудару, негізгі ақпаратты бөліп алу, тыңдалымнан кейін мазмұнын қысқаша жазу сияқты əдістер подкасттар арқылы тиімді қолданылады [7]. Сонымен қатар, мұғалім тыңдалымнан кейін сұрақтар мен талқылаулар ұйымдастыра отырып, оқушылардың түсінуін бекіте алады. Сонымен қатар, подкасттар оқушыларға өзіндік бақылау жасауға жəне тыңдалымды қайталауға мүмкіндік береді. Оқушылар бір материалды бірнеше рет тыңдап, жаңа сөздер мен тіркестерді қайталап меңгере алады. Бұл əсіресе тілдік деңгейі төмен оқушылар үшін тыңдалымды тиімді түрде дамытуға көмектеседі [3]. Осылайша, подкасттарды жүйелі түрде сабаққа енгізу оқушылардың тыңдалым дағдысын үздіксіз дамытуға, өздігінен білім алу қабілетін арттыруға жəне коммуникативтік құзыреттілікті нығайтуға ықпал етеді.

YouTube сабақтарының басты артықшылығы – аудиовизуалды формат. Бейне материалдар тыңдалым процесін жеңілдетіп, ақпаратты жақсы түсінуге көмектеседі. Мысалы, оқушы сөйлеушінің бет-əлпетін, ым-ишаратын көре отырып, сөздің мағынасын тез қабылдай алады [4]. Сонымен қатар, бейне сабақтар визуалды жəне аудио ақпаратты бір уақытта ұсыну арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін күшейтеді. Бұл əсіресе күрделі тақырыптарды немесе жаңа тілдік құрылымдарды түсіндіруде тиімді. YouTube сабақтары оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Бұл платформада түрлі деңгейге арналған білім беру арналары бар, мысалы:

  • TED-Ed – қысқа бейнесабақтар арқылы аналитикалық тыңдалымды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар тақырыпты тыңдап, негізгі ойды бөліп алу, пікір айту жəне шағын эссе жазу дағдыларын жетілдіреді.

  • CrashCourse – əртүрлі тақырыптар бойынша терең тыңдалым тəжірибесін береді. Мұнда оқушылар нақты ғылым, тарих немесе əдебиет тақырыптарын тыңдап, мəтіннен негізгі ақпаратты бөліп алу, салыстыру жəне талдау қабілеттерін дамытады.

  • BBC Learning English – аутентті тілдік үлгілерді тыңдау тəжірибесін ұсынады. Бұл арна қысқа аудио-видео сабақтар арқылы жаңа сөздер мен тіркестерді үйретеді, тыңдалымнан кейін түсінгенін тексеру үшін түрлі тапсырмалар береді.

Субтитрлерді қолдану тыңдалым барысында қосымша қолдау көрсетеді, əсіресе жаңа сөздер мен грамматикалық құрылымдарды меңгеруге ықпал етеді. Субтитрлер оқушыларға тыңдалымды қайталау, мəтіннен маңызды ақпаратты бөліп алу жəне түсінгенін тексеру мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, оқушылар субтитрлерді пайдаланып, тыңдалым стратегияларын меңгереді: негізгі ақпаратты таңдау, сөздерді контекст арқылы түсіну,

маңызды ойларды жазып алу. Сонымен қатар, YouTube сабақтары оқушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамытуға ықпал етеді. Оқушылар сабақтан тыс уақытта да бейне сабақтарды қайта қарап, мəтінді тыңдап, мазмұнын түсіну үшін субтитрлерді пайдалана алады. Бұл тəсіл əсіресе шет тілін меңгеруде мотивацияны арттырады, себебі оқушы өз деңгейінде материалды қайталап, тыңдалым дағдысын үздіксіз жетілдіре алады. Осылайша, YouTube сабақтары тыңдалым процесін интерактивті, қызықты жəне тиімді етеді. Олар оқушылардың аудиовизуалды ақпаратты қабылдауын, жаңа сөздерді меңгеруін, мəтінді талдау қабілетін жəне өзіндік оқу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мұғалім дұрыс ұйымдастырған жағдайда, бейне сабақтар тыңдалымды қалыптастыруда ең тиімді құралдардың бірі болып табылады.

Цифрлық ресурстарды тиімді қолдану мұғалімнің кəсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Мұғалім материалды іріктеу барысында оқушылардың жас ерекшелігін, тілдік деңгейін, оқу мақсатын жəне қызығушылығын ескеруі тиіс. Сонымен қатар, тыңдалым алдындағы жəне тыңдалымнан кейінгі тапсырмаларды дұрыс ұйымдастыру оқушылардың тыңдалым дағдысын тиімді дамытуға мүмкіндік береді. Мұғалім подкаст немесе бейнесабақ таңдағанда бірнеше маңызды критерийді ескеруі қажет: материалдың тақырыпқа сəйкестігі, тілдік деңгейдің оқушыларға қолжетімділігі, ұзақтығы мен қызықты болуы. Тыңдалым алдында мұғалім негізгі сөздерді түсіндіреді, мəтіннің тақырыбын талқылайды, оқушыларды мəтінге дайындайды. Бұл кезеңде шағын сөздік жұмыс, сұрақ-жауап немесе топтық талқылау өткізу тиімді. Мысалы, оқушылар алдын ала тақырып бойынша өз ойларын айтып, жаңа сөздерді контекстте қолдануға дайындалады [5]. Тыңдалымнан кейінгі кезеңде оқушылар жаңа сөздер мен тіркестерді қолдана отырып мазмұнды қысқаша жазбаша немесе ауызша баяндау арқылы бекітіледі. Сонымен қатар, тақырып бойынша пікірталас жүргізу, шағын топтық презентациялар жасау, эссе жазу немесе диалог құру арқылы тыңдалым материалын тереңірек меңгеру қамтамасыз етіледі [3]. Бұл тəсіл тыңдалым процесін интерактивті əрі тиімді етеді, оқушылардың ақпаратты қабылдау, талдау жəне жүйелеу дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, мұғалімнің кəсіби шеберлігі мен əдістемелік дайындықтың арқасында оқушылардың тыңдалым дағдысы тұрақты түрде жетіледі, өздігінен оқу мотивациясы артады жəне коммуникативтік құзыреттіліктері нығаяды.

Сауалнама нəтижелері мен талдаулары

Зерттеу барысында 10-сынып оқушылары (18 респондент) арасында «Жоғары сынып оқушыларында тыңдау дағдысын дамытуда подкасттар мен YouTube сабақтарын қолдану» тақырыбы бойынша сауалнама жүргізілді. Алынған деректер респонденттердің ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығы, подкасттар мен YouTube сабақтарын пайдалану тəжірибесі, сондай-ақ тыңдалымға деген мотивациясы мен қызығушылық деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Сауалнама нəтижелері сандық жəне сапалық тұрғыдан талданды.


  1. сурет.Ағылшын тіліндегі тыңдау тапсырмаларын орындау деңгейі

Бірінші сұрақтың нəтижелері ағылшын тіліндегі тыңдау тапсырмаларын орындау жоғары сынып оқушылары үшін əртүрлі деңгейде қиындық туғызатынын көрсетті. Сауалнамаға қатысқан оқушылардың 50%-ы тыңдалым тапсырмаларын орындауды өте қиын деп бағаласа, 33,3%-ы кейде қиындықтар туындайтынын атап өтті. Ал 16,7% респондент тыңдау тапсырмаларын орындау өздері үшін қиын емес екенін көрсетті. Алынған деректер жоғары сынып оқушыларының басым бөлігі үшін тыңдау дағдысы əлі де жеткілікті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Бұл тыңдалым барысында кездесетін тілдік кедергілермен, сөйлеу қарқынының жылдамдығымен, аутентті материалдардың күрделілігімен жəне тыңдалым стратегияларының жеткіліксіз қолданылуымен байланысты болуы мүмкін. Зерттеу нəтижелері тыңдау дағдысын дамытуда подкасттар мен YouTube сабақтары сияқты цифрлық ресурстарды жүйелі əрі мақсатты түрде қолданудың маңыздылығын дəлелдейді (1-сурет).


  1. сурет. Сабақта аудиомəтіндерді тыңдау

Екінші сұрақтың нəтижелері сабақ барысында аудиомəтіндерді тыңдаудың оқушылар үшін қаншалықты қызықты екенін анықтауға бағытталды. Сауалнама қорытындысы бойынша, респонденттердің 55,6%-ы аудиомəтіндерді тыңдау өздеріне қызықты екенін көрсетті. 33,3% оқушы үшін аудиомəтіндер кейде ғана қызығушылық тудыратынын, ал 11,1% оқушы аудиомəтіндерді тыңдау қызықсыз екенін атап өтті. Алынған нəтижелер жоғары сынып оқушыларының басым бөлігі тыңдалым тапсырмаларына оң көзқараста екенін көрсетеді. Дегенмен, кейбір оқушылар үшін аудиомəтіндер əрдайым қызықты бола бермейді, бұл қолданылатын материалдардың мазмұнына, күрделілік деңгейіне немесе ұсынылу формасына байланысты болуы мүмкін. Осыған байланысты тыңдалым материалдарын іріктеу барысында подкасттар мен YouTube сабақтары сияқты аутентті əрі заманауи цифрлық ресурстарды пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді (2-сурет).


  1. сурет. Ағылшын тіліндегі подкасттарды тыңдау

Келесі сұрақ жоғары сынып оқушыларының ағылшын тіліндегі подкасттарды тыңдау жиілігін анықтауға бағытталды. Сауалнама нəтижелері бойынша, респонденттердің 44,4%-ы подкасттарды жиі тыңдайтынын, ал 44,4%-ы кейде ғана тыңдайтынын көрсетті. Сонымен қатар, 11,1% оқушы ағылшын тіліндегі подкасттарды мүлде тыңдамайтынын атап өтті. Бұл деректер жоғары сынып оқушыларының басым бөлігінің подкасттарға кем дегенде белгілі бір деңгейде қызығушылық танытатынын көрсетеді. Подкасттарды жиі жəне кейде тыңдайтын оқушылардың жоғары үлесі аталған цифрлық ресурстың тыңдалым дағдысын дамытуда əлеуеті зор екенін дəлелдейді. Ал подкасттарды тыңдамайтын оқушылардың аз бөлігі бұл форматқа бейімделмегенін немесе мұғалім тарапынан жүйелі бағыт-бағдар берілмегенін көрсетуі мүмкін. Сондықтан подкасттарды оқу процесіне мақсатты əрі əдістемелік тұрғыда енгізу тыңдалым дағдысын дамытуға оң əсер етеді (3-сурет).


  1. сурет. Подкасттар тыңдау дағдысын дамыту

Келесі сұрақ подкасттардың тыңдау дағдысын дамытудағы тиімділігі жөніндегі оқушылардың көзқарасын анықтауға бағытталды. Сауалнама нəтижелері бойынша, респонденттердің 50%-ы подкасттар тыңдау дағдысын дамытуға көмектеседі деп есептейді. 33,3% оқушы подкасттардың тыңдалымға аздап əсер ететінін атап өтсе, 16,7% оқушы подкасттар тыңдау дағдысын дамытуға көмектеспейді деген пікір білдірді. Алынған нəтижелер жоғары сынып оқушыларының жартысынан астамы подкасттарды тыңдалым дағдысын жетілдірудің тиімді құралы ретінде қабылдайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, подкасттардың əсерін ішінара мойындайтын оқушылардың болуы бұл ресурстың əлеуеті бар екенін, алайда оны оқу процесінде жүйелі əрі əдістемелік тұрғыда қолдану қажеттігін көрсетеді. Подкасттарды сабақ барысында мақсатты тапсырмалармен жəне тыңдалым стратегияларымен ұштастыру оқушылардың тыңдау қабілетін одан əрі дамытуға мүмкіндік береді (4-сурет).


  1. сурет. Ағылшын тілінде YouTube видеоларын көру

Келесі сұрақ жоғары сынып оқушыларының ағылшын тіліндегі YouTube видеоларын көру жиілігін анықтауға бағытталды. Сауалнама нəтижелері бойынша, респонденттердің 33,3%-ы ағылшын тіліндегі YouTube видеоларын жиі көретінін, 38,9%-ы кейде көретінін, ал 27,8% оқушы мұндай видеоларды мүлде көрмейтінін көрсетті. Алынған деректер жоғары сынып оқушыларының едəуір бөлігі YouTube платформасын ағылшын тіліндегі тыңдалым материалы ретінде пайдаланатынын көрсетеді. Дегенмен, видеоларды мүлде көрмейтін оқушылардың салыстырмалы түрде жоғары үлесі бұл ресурстың оқу процесінде жүйелі түрде қолданылмайтынын немесе барлық оқушы үшін бірдей қолжетімді бола бермейтінін аңғартады. Осыған байланысты YouTube видеоларын сабақта мақсатты түрде қолдану жəне оларды тыңдалым тапсырмаларымен ұштастыру оқушылардың тыңдау дағдысын дамытуға оң ықпал етеді (5-сурет).


  1. сурет. YouTube видеоларындағы визуалды қолдау

Келесі сұрақ ағылшын тіліндегі YouTube видеоларындағы визуалды қолдаудың (бейнеқатар, ым-ишарат, субтитрлер) тыңдалым процесін жеңілдету деңгейін анықтауға бағытталды. Сауалнама нəтижелері бойынша, респонденттердің 44,4%-ы визуалды қолдау тыңдауды жеңілдетеді деп есептейді. 38,9% оқушы үшін визуалды элементтер кейде ғана көмектесетінін, ал 16,7% оқушы визуалды қолдаудың тыңдалымға əсері жоқ екенін көрсетті. Алынған деректер аудиовизуалды материалдардың тыңдалым үдерісін жеңілдетуде маңызды рөл атқаратынын дəлелдейді. Визуалды қолдаудың тыңдалымды толық жеңілдетпейтінін айтқан оқушылардың болуы бейнематериалдардың күрделілік деңгейіне, сөйлеу қарқынына немесе субтитрлердің дұрыс қолданылмауына байланысты болуы мүмкін. Сондықтан YouTube видеоларын іріктеу барысында мазмұнның тілдік деңгейге сəйкестігін ескеру жəне субтитрлерді əдістемелік мақсатта қолдану жоғары сынып оқушыларының тыңдау дағдысын тиімді дамытуға мүмкіндік береді (6-сурет).


  1. сурет. Сабақта подкасттар мен YouTube сабақтарын жиі қолдану

Сауалнаманың соңғы сұрағы сабақ барысында подкасттар мен YouTube сабақтарын жиі қолдануға қатысты жоғары сынып оқушыларының көзқарасын анықтауға бағытталды. Нəтижелерге сəйкес, респонденттердің 44,4%-ы подкасттар мен YouTube сабақтарының

сабақта жиі қолданылғанын қалайтынын көрсетті. 38,9% оқушы бұл цифрлық ресурстардың кейде ғана қолданылғанын жөн санайды, ал 16,7% оқушы сабақта подкасттар мен YouTube сабақтарын қолдануды қолдамайтынын білдірді. Алынған деректер жоғары сынып оқушыларының басым бөлігінің цифрлық ресурстарды оқу процесіне енгізуге оң көзқараста екенін көрсетеді. Подкасттар мен YouTube сабақтарын жүйелі əрі əдістемелік тұрғыда қолдану тыңдалым дағдысын дамытуға, оқушылардың мотивациясын арттыруға жəне сабақтың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Осылайша, сауалнама нəтижелері цифрлық платформаларды тыңдау дағдысын дамытуда қолданудың өзектілігін тəжірибелік тұрғыдан дəлелдейді (7-сурет).



Қорытынды

Қорытындылай келе, жоғары сынып оқушыларының тыңдау дағдысын дамыту шет тілін меңгеру үдерісіндегі маңызды əрі күрделі міндеттердің бірі екені анықталды. Теориялық талдау нəтижелері тыңдалым дағдысының лингвистикалық жəне психологиялық тұрғыдан көпқырлы процесс екенін көрсетті. Тыңдау барысында оқушылар фонетикалық, лексикалық жəне грамматикалық білімдерін бір мезетте қолдана отырып, ақпаратты қабылдайды, өңдейді жəне түсінеді. Ғалымдардың еңбектерінде тыңдалым дағдысы басқа тілдік дағдылардың қалыптасуына негіз болатыны ерекше атап өтіледі

Зерттеудің практикалық бөлігінде жүргізілген сауалнама нəтижелері теориялық тұжырымдарды толықтай растады. Жоғары сынып оқушыларының басым бөлігі подкасттар мен YouTube сабақтарын тыңдау дағдысын дамытуда тиімді деп санайтынын көрсетті. Оқушылардың көпшілігі аудиомəтіндер мен бейнематериалдарға қызығушылық танытып, визуалды қолдаудың (бейне, субтитр) тыңдалымды жеңілдететінін атап өтті. Сонымен қатар, сауалнама нəтижелері цифрлық ресурстарды сабақта жиі қолдануға деген оң көзқарастың бар екенін дəлелдеді. Практикалық деректер подкасттар мен YouTube сабақтарын жүйелі əрі əдістемелік тұрғыда қолдану тыңдалым дағдысын дамытуға ғана емес, оқушылардың оқу мотивациясын арттыруға жəне өздігінен білім алу қабілетін қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетті. Бұл ретте мұғалімнің рөлі ерекше, себебі материалды дұрыс іріктеу, тыңдалым алдындағы жəне тыңдалымнан кейінгі тапсырмаларды тиімді ұйымдастыру оқу нəтижесіне тікелей əсер етеді.

Жалпы алғанда, зерттеу нəтижелері подкасттар мен YouTube сабақтарының жоғары сынып оқушыларының тыңдау дағдысын дамытуда тиімді цифрлық құрал екенін теориялық жəне практикалық тұрғыдан дəлелдейді. Бұл ресурстарды шет тілін оқыту үдерісіне мақсатты түрде енгізу қазіргі білім беру талаптарына сай келетін тиімді əдістемелік шешім болып табылады.

Пайдаланылған əдебиеттер тізімі

  1. Field, J. (2008). Listening in the language classroom (2nd ed.). Cambridge: Cambridge University Press.

  2. Goh, C. C. M. (2000). A cognitive perspective on language learners’ listening comprehension problems. System, 28(1), 55–75.

  3. Vandergrift, L., & Goh, C. C. M. (2012). Teaching and learning second language listening. New York: Routledge.

  4. Mayer, R. E. (2009). Multimedia learning (2nd ed.). Cambridge: Cambridge University Press.

  5. Richards, J. C., & Rodgers, T. S. (2014). Approaches and methods in language teaching (3rd ed.). Cambridge: Cambridge University Press.

  6. Ashraf, H., & Rahimi, M. (2011). The role of authentic materials in language learning. Journal of Language Teaching and Research, 2(3), 593–600.

  7. Idris, N., Rahman, A., & Ahmad, S. (2023). Podcast-based learning for developing listening skills in high school students. International Journal of Educational Technology, 10(2), 45–58.

  8. Juita, I. (2024). The effectiveness of podcasts in English language learning. Journal of Digital Learning, 5(1), 12–25.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11