Алматы облысы, Балқаш
ауданы
«Бірлік орта мектебі»
мемлекеттік
коммуналдық
мекемесінің
педагог-ұйымдастырушы
Мамырова Карлыга
Калкамановна
«Жол ережелері» қалашығына
саяхат
1-4 сыныптар
арасында
Іс-шараның
аты: «Жол ережесін білу-бәріне
міндет»
Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі
туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда
жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке, сақ
болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге
тәрбиелеу.
Жүргізуші:
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
Біз мектебіміздің «Жас Қыран» ұйымының ішінен құрылған «Бағдаршам»
клубының жетекшісі және мүшелерімен бірге сіздерге жол жүру
ережелер қаласына саяхат жасамақпыз. Жол ережелер қаласындағы
алдымыздан шыққан кедергілерден сүрінбей өтуіміз керек. Сондықтан
мұқият болыңыздар.
«Жол жүру»
қалашығы. Бұл жерде қалашық туралы
қысқаша мәлімет аламыз.
-Ендеше ,балалар КЖТ дегенді
қалай түсінесіздер?
-Көшеде жүру
тәртібі
-Көшеде жүру тәртібі деген
түсінікті қалай түсінесіңдер?
Плакатқа «жол белгілері» деп
жазып қою керек, «жол белгілеріне нелер жатады»,- деген сұраққа
жауап алу арқылы оқушыларға жаздыру.
жаяу жүргінші
тротуар
жол
белгілері
машиналар бағдаршам инспектор
қиылыстар
«Бағдаршам»
қалашығы. Қалашыққа қысқаша
тоқталамыз.
Жүргізуші: Қызыл жанды,
тоқтағын,
Көрдің жұрттың
тосқанын.
Сары жанды –
дайындал
Айналаңа қарап
ал.
Жасыл жанды –
тыңдағын
Жолың ашық,
тұрмағын.
-Иә, балалар, олай болса,
ортаға Бағдаршамымызды шақырайық. Ол кісінің сіздерге айтары бар
шығар. /Ортаға Бағдаршам болып
киінген оқушы шығады./
Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық
елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы
келдім.
Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі
айтар әңгімеміздің бәрі сізге қатысты болмақ, сондықтан да бізбен
бірге болыңыз!
Жүргізуші:
-Сонымен балалар, біздер
Бағдаршамның алдында ол туралы білетіндерімізді ортаға салайық.
Сіздерді тексерейін. Жауабын кім айтар
екен?
Кім айтады бағдаршамның неше
көзі бар?
- Үш көзі бар. Қызыл, Сары,
Жасыл
- Қызыл көзі нені
білдіреді?
- Сары көзі нені
білдіреді?
- Жасыл көзі нені
білдіреді?
Жүргізуші: Балалар, олай болса, ойын
ойнап жіберейік, қолымыздағы белгілерді бағдаршамның қай белгісі
кезінде болатынын анықтап, бағдаршамның сол көзінің жанына барып
тұралық.
Қызыл
Сары
Жасыл
«Реттеуші»
қалашығы
Жүргізуші: -Бағдаршамнан басқа жолда
кім тұрады? Иә, Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен
тұрады.
Өздерін қалап алған ұпай бойынша сұрақтарға жауап
бересіңдер.
1. Мына белгі нені білдіреді?
(Абайла, балалар!)
2. Мына белгі нені білдіреді?
(қозғалысқа тиым салынады)
3.Сымға асылып,жүр асығып.
(троллейбус)
4.Мына көліктер қалай
аталады,көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға
қоңырау шалады? (Өрт сөндіру-01,жедел жәрдем-03 МАИ-02
)
5.Автобусқа қай есіктен мініп,
қай есіктен түседі?( алдан түсіп, арттан
мінеді)
«Жол белгілері»
қалашығы
Жүргізуші:
-Балалар, жол ережелер
қаласында да қала әліппесі бар. «Жол белгілерді» қала әліппесі
дейміз.
-Ендеше, «Жол белгілер»
қалашығында жол белгілері туралы мәлімет
алайық. Ескерту
белгісі: Қып-қызыл
үшбұрыш
Ескерту белгісі мен
болам
Қауіптен сақ бол
деп
Сәт сапар
жолдаған.
Тыйым салу
белгісі
Қызылмен боялған шеңберім
аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын,
салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ
жүруге,
Қауіп бар бағдарла, көз салып
жан-жақта.
Нұсқау
белгісі: Баратын жерінің бағыты
тұрағын
Үн-түнсіз жол сілтеп, жол
нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып
жанады
Көк түске боялған төртбұрыш
шырағым.
/жол белгілерінен суреттер
көрсету арқылы мәлімет беру/
Бағдаршам: Тұрамын көшенің қиылысын
тұрақтап,
Қашпаймын мұдіріп, ешқандай
сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан
тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де
жырақтан.
Жақсы, балалар, мен жайында,
жол белгілері жайында сіздер мәлімет біледі екенсіздер, сіздерге
ризамын!Үнемі жолда жүргенде жол ережесін сақтап жүріңіздер!Қош сау
болыңыздар!
Жүргізуші: Арманға алда күткен
асығармыз,
Біз талай толқын атпай
басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы
біліп
Сақтыққа тұра алатын жас
ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар
елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем
деген.
-
Иә, балалар, бүгін біз «Жол
жүру» қалашығына саяхат жасау арқылы Бағдаршам, Жол белгілерін,
Реттеуші жайында мәлімет ала алдық. Олай болса, бүгінгі саяхатымыз
осымен аяқталды. Жолда жүргенде, абай
болыңыз!