Мақсаты:
Білімділік:
Бала сезімін кеңейтіп тілін ұштастырып,
жол ережесін жасына сай меңгерту.
Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін
пысықтап, жол ережесін адам өміріне
қажеттілігін түсіндіру.Жаяу мен байланыс
қатынасын білдіру .
Дамытушылық:
Зейінін ,есте сақтау, түсті айыра білу
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда
жүру мәдениетін үйретіп сақтыққа
тәрбиелеу
Билингвальды
компонент: Бағдаршам-Светофор
Технологиялық
қамтамасыз ету:
Бағдаршам, жол ережелеріне байланысты
суреттер. Теледидардан слайд арқылы
суреттер көрсету. Түрлі –түсті қарандаш,
ақ бет, т.б.
Әдіс-
тәсілдер:
Айту, түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап,
жұмбақ шешу
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
Жылулық
шеңбері:
Армысың- Алтын Кун
Армысың
– Көк аспан
Армысың
жан досым
Жылуыма
жылу қос
Міне
менің қолым бос
Жарқырасын
күніміз.
Тәрбиеші
балаларға сұрақ қояды.
-Қазір
жылдың қай мезгілі?
-Қазір
жылдың қыс мезгілі
-Қыс
айларын кім айтады?
-Желтоқсан,
қаңтар, ақпан.
-Ал
қазір қыстың қай айы?
-Қазір
ақпан айы.
-Қыс
мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-Күн
суытады, далада қар жауады күн боран
болады. Балалар қармен ойнайды.Адамдар
жылы киінеді.
Тәрбиеші
балаларға жұмбақ жасырады.
Үш
көзі бар қаз- қатар
Кезек
–кезек ашады.
Үшеуінен
байқасам
Үш
түрлі нұр шашады.
Ол
не?
-Ол
бағдаршам.
-Өте
дұрыс жауап.
Осы
кезде бағдаршам есік қағып кіреді,
балалармен амандасады.
-
Балалар бұл не?
-
Бұл бағдаршам.
-
Бағдаршамды сендер қай жерден көресіңдер?
-
Көліктер өтетін жолдан көреміз.
-
Бағдаршамның қызметі қандай?
-
Жол тәртібін реттеуші.
-
Қай жолмен жүреміз?
-
Жиек жолмен жүреміз.
-
Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?
-
Аялдамадан отырамыз.
-
Бағдаршам туралы тақпақтарымызды
айтайық.
Абдулхамит:
Ашса
кезек үш көзін,
Айтты
деп ұқ үш сөзін
Тоқта,
сақтан, жол ашық
Жүрме
жолға таласын
Қызыл
көзін ашқанда
Сынық
сүйем баспа алға
Жасмин:
Қызыл
жанды тоқтағын
Көрдің
жұрттың тосқанын
Сары
жанды дайындал
Айналаңа
қарап ал
Жасыл
жанды тыңдағын
Жолың
ашық тұрмағын
Айша:
Мен
көшеде өтерде
Бағдаршамға
қараймын
Қоймағанғой
бекерге
Жәрдемшісі
ол талайдың.
-
Балалар, бағдаршам бізге жол қиылыстарынан
өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді
жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде
өте мұқият болу керек. Жолдан өтуге
болмайды. Бағдаршамның үш көзі – үш
түрлі. Бағдаршам бар қиылыс жолдарда
адамдар өтетін ақ жолақтар болады.
Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда
көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу
жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. Ал,
ортадағы сары көзі жанса, көліктер
дайындалады. – Ал жасыл көзі жанса, жол
ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның
үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен
жүруге де өте қолайлы, адам өміріне
орасан зор. Бағдаршам болмағанда көліктер
соқтығысып, жол апаты көп болар еді.
Біздің өмірімізді сақайтын осы бағдаршам.
Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ
жолақтардан өту керек. Жол қиылысында
аса абай болған жөн. Көшелерде, жолдарда
доп ойнауға, жүруге болмайды.
-Балалар,
қараңдаршы бағдаршам сендерге ойын ала
келіпті.
Дидактикалық
ойын : «Бағдаршам құрастырамыз»
Мақсаты:
Түстерді ажыратып, бағдаршам құрастыра
білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Үш
түсті қолданып, балалар бағдаршам
құрастырады. (тақтаға)
Сергіту
сәті:
Қызыл
көзін жағады. (қозғалмай тұру)
Сары
көзін жағады. (қол шапалақтау)
Жасыл
көзін жағады. (бір орында тұрып жүру.)
-
Өте жақсы балалар, сендер жолда жүру
ережелерімен таныстыңдар. Бағдаршамның
адамға көмегі бар екенін түсіндіңдер.
Бағдаршамның үш түсті көзі бар екенін
білдіңдер. Ендігі болашақта қандай
бағдаршам болса деген өз қиялындағы
ойларыңды ақ қағаз бетіне түрлі- түсті
қарандашпен бағдаршамның суретін
салыңдар.
«Болашақ-бағдаршамы»
Мақсаты:
Өздерінің қалаған түстерін пайдаланып,
балаларға «Болашақ- бағдаршамы» атты
тақырыпта суреттер салғызып, қиялдарын
, ойлау қабілеттерін дамыту.
Әр
бала салған суреттерін әңгімелеп береді.
Қорытынды:
«Тәртіп
керек баршаға» (өлеңін жаттау)
«Бұзба
көше тәртібін,
Ұрынасың
апатқа.
Қызықты
өтсін әр күнің,
Жақын
болма шатаққа»