Күні:
15.02.2019ж.
Білім
беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің түрі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жол
жүру ережесін сақтайық.
Мақсаты:
Ойын арқылы балаларға жолда жүру
ережелерін үйрету. Жол қауіпсіздік
белгілерін
айту. Жолда жүру ережелеріне сәйкес
бағдаршамның атқаратын қызметімен
таныстыру. Көше жағдайында кеңістікті
бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Көше,
жол, жаяу адам жүретін жол туралы
түсініктерін жетілдіру.
Қолданылатын
көрнекі құралдар: бағдаршам,
жол белгілері салынған суреттер, жаяу
жүргіншілер өтетін жер
Үштілдік
компонент: Қыс-зима-winter.
Бағдаршам-
светофор-traffic-light
Мотивациялық
қозғаушылық
Тәрбиеші
балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.
Тәрбиеші:
-Балалар, бізде бүгін ерекше күн, бүгін
біздің тобымызға апайлар келді,
қане бәріміз, амандасайық:
-Сәлеметсіздер
ме, Здраствуйте, Good morning!
Балалар
шаттық шеңбер құрып қонақтармен үш
тілде амандасады.
-Қане
бәріміз бір-біріміздің қолымыздан
ұстап, шаттық шеңберін құрайық.
Біз
бақшаға барамыз
Оқу
білім аламыз
Тәрбиешінің
айтқанын
Есте
сақтап қаламыз!
Тәрбиеші:
Қыс
мезгілінде неше ай бар?
Үш
ай бар.
Үш
айды атайық?
Желтоқсан,
Қаңтар, Ақпан. – Декабрь, январь, февраль
Балалар
біз апта күндерін білеміз бе?
Ия
Ендеше
апта күндерін атайық
Дүйсенбі,
сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма,
сенбі, жексенбі
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Бүгінгі
біздің ашық оқу қызметінің тақырыбы:
Жолда жүру ережесін сақтайық деп аталады.
Жұмбақ
жасырады.
Балалар
мен сендерге жұмбақ жасырамын ойланып
тауып көріңдер.
Сөйлеуді
ол білмейді,
Бірақ
тоқта жүр дейді.
-Бұл
не екен балалар?
-Балалар
қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін
керек?
-Машиналар
бір бірімен соқтығысып қалмау үшін.
-Адамдардың
жолдан өтуі үшін.
Бағдаршамның
неше көзі бар? Қандай?
-Бағдаршамның
үш көзі бар. Олар:қызыл, сары,
жасыл.
-Бағдаршамның
көздерінің қызметін айтып беріңдерші?
Бағдаршамның
қызыл көзі жанса тоқтаймыз, сары көзі
жанса дайындаламыз, жасыл көзі жанса
жүреміз.
Бағдаршам
туралы тақпақ айтайық:
Нартай:
Қызыл
көзін ашқанда
Сынық
сүйем баспа алға!
Әлмұқан:
Сары
көзін ашқанда
Қарап
қалма аспанға!
Жайхар:
Жасыл
көзін ашқанда
Жүре
бергін жасқанба!
-Жарайсыңдар,
балалар бағдаршам жайлы біледі екенсіңдер?
Енді жол белгісімен
танысайық.
-Балалар
мына жерде бағдаршам жоқ екен. Мына
жолдың арғы бетіне өту үшін не істейміз?
-
Жаяу жүргіншілер жолымен жүреміз.
Тәрбиеші
балаларға жол бетіндегі «жолақша жол»
белгісімен таныстырады
Балалар,
мына әжелер көшеден өте алмай тұрған
сияқты. Біз көмектесеміз бе?
-Ия
Балалар,
әрқашанда жол қауіпсіздігін есте сақтау
керек:
Жолдан
әрқашанда жасыл түс жанғанда өту керек.
Жаяу
жүргінші жолымен жүру керек. Жолдан
өтерде алдымен сол жағыңа, ал көшенің
ортасына жеткенде оң жағыңа қарау
керек.
Жолдың
үстінде ойнауға болмайды, жолға жүгіріп
шығуға болмайды.
Енді
балалар, орнымызға жайғасып, тақырыбымызға
байланысты дидактикалық ойын ойнаймыз.
Дидактикалық ойынның тақырыбы: «Кесілген
жол белгілерін жина»
Мақсаты: Жол
белгілерін ажырату қабілетін дамыту,
жол белгілерінің атауын бекіту; балалардың
логикалық ойлау қабілетін дамыту, көз
мөлшері.
Көрнекіліктер: Кесілген
белгілер (бағдаршам, жаяу жүргінші
жолының белгісі), белгілердің үлгілері.
Сергіту
сәті:
Орнымыздан
тұрайық
Алақанды
соғайық
Бір
отырып, бір тұрып
Біз
демалып алайық!
Балалар
енді біз «Бағдаршам көздерін өз түстерімен
бояу» тапсырмасын орындаймыз.
Мақсаты:1
Бағдаршамның пішіндерін 3 түрлі (қызыл,
сары, жасыл) түспен бояуға үйрету.
2.Шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа,
тазалыққа тәрбиелеу.
Рефлексиялық
түзетушілік
Оқу
қызметінің бақылау кезеңі.
Тәрбиеші
балалардан бүгінгі оқу қызыметінен
алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен
айналысқандарын, не үйренгендерін
сұрайды.
Оқу
қызметінен алған әсерлерін айта отырып,
көңіл күйлерін айтады.
Қорытынды
сұрақ-жауап:
-Балалар
қалай ойлайсыңдар, мынау қандай белгі?
-
Бағдаршам-
светофор-traffic-light
-
Бағдаршамның неше көзі бар? Қандай?
-Бағдаршамның
үш көзі бар. Олар:қызыл, сары,
жасыл.
-Бағдаршамның
көздерінің қызметін айтып беріңдерші?
Бағдаршамның
қызыл көзі жанса тоқтаймыз, сары көзі
жанса дайындаламыз, жасыл көзі жанса
жүреміз.
-Мынау
қандай жол?
-Жаяу
жүргіншілер жолы.
-Біз
кімге көмектестік?
-Әжеге
Тәрбиеші:
Өте жақсы балалар, жарайсыңдар!
Балаларды
мақтау, мадақтау.
Бүгінгі
ашық оқу қызметінің тақырыбына сай өлең
жолдарын айтайық:
Жол
жүрудің тәртібін
Ережесін
білеміз
Сақтанғанда
қатерден
Сау
саламат жүреміз!
Ал,
енді балалар, осы ережелерді әрқашан
орындап, аман болайық!
Сау
болыңыздар! Досвидания! Good
bye!
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: жаяу
жүргіншілер жолы, бағдаршам қызыметін.
Игереді: жаяу
жүрген кезде бағдаршамға және белгілерге
қарау керек екендігі,жаяу, жүргіншілер
жолы
Меңгереді:
жол
белгілері, олардың мағынасын, көлікте
басқаларға кедергі жасамай тәртіп
сақтайды.