жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жол ережесі
Авторы:
Тарбака Жанаргуль
Ақмола облысы
Целиноград ауданы Қараөткел ауылы №2
орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы:
Жолда
жүру ережесі!
Мақсаты:
1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен
таныстыру, бағыт беру.
2.
Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге
жол ережесінің
сақтау,
ойлау, суреттеу дағдыларын дамыту.
3.
Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол
ережесін сақтауға, жұмыс кезінде таза,
тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Түрі:
Сайыс сабақ
Әдісі:
түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап,
суреттеу, сахналау.
Көрнекілігі:
Бағдаршам, жол белгілері салынған
суреттер, слайдтар.
Барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды 4- топқа
бөлу.
Шаттық шеңбері топта.
Қуанамын мен де,(өзін көрсетеді.)
Қуанасың сен де, (Жанындағы досын көрсетеді.)
Қуанайық, достарым,(Бір-бірінің қолдарынан ұстайды.)
Арайлап атқан күнге!(Қолдарын жоғары көтереді.)
-Балалар,
«Шаттық
шеңберінде» бір-бірімізге өзіміздің
жылы жақсы сөздерімізді шын көңілмен,
мейіріммен жеткізейік. Балалар бір-бірімен
күлімдеп амандасып, сәттілік тілейді
І.
Кіріспе: 1-жүргізуші:
Жол
заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап
етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер
тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы
көбінесе балалардың жол бойында қалай
болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы
тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға
жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып
келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін
бұзғандықтан кейбіреулер машина
дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері
жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік
мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір
оқушы Жол жүру ережесін мұқият орыдап,
әр сабақтан қорытынды жасап отыруға
міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде,
жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Сонымен
қандай бала жол ережесін бұзбайды
екен?
Балалар:
Үлгілі,
тәртіпті бала.
ІІ.
Негізгі бөлім:
Тақтадағы
жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1
Ала таяқ ұстаған,
Жол
тәртібін нұсқаған.
Ысқырықпен
түзеткен. (Милиционер)
2.
Көше бойлап аяңдайды,
Адам
тасып аялайды.
Өміріңді
күзеткен, (Автобус)
3.
Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден
басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4.
Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ
та,
Бақырайған
үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5.
Арқаным бар тым ұзын,
Ала
- алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы,
балалар,
Бұл
жұмбақтың шешуін. (Жол)
6.
Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ
«Тоқта, жүр!» дейді. «Бағдаршам»
2-жүргізуші:
-
Бағдаршам өмірімізді жазымнан
сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын
біліп,
тіліп
алу баршамызға керек.
-
Неге?
-
Біздің қаламызда, сол сияқты біздің
еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ
көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл
ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни
барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін
жүргізушілер де бұлжытпай орындауы
керек.
Слайд
көрсету.2-3
Жол белгілері туралы слайдтан 4-8 көрсету, түсіндіру
Топтық
жұмыс:
1-топ.
Қызылдар тобы:
2-топ. Жасылдар тобы:
3-топ. Сарылар тобы:
4-топ.
Бағдаршам тобы:
1-тапсырма:
Сұрақ-жауап.
- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін
білесіңдер ме екен, көрейік. Мұнда тұрған
сұрақтарға жауап беріңдерші.
Үстел
үстінде ақ парақта сұрақтар тұрады. Топ
басшылары келіп сұрақтан алады. Топта
талқылап, ортаға келіп жауап береді.
1-сұрақ.
Жиек жол деген не?
- Адамдар жаяу
жүретін көше жиегіндегі тар жол.
2-сұрақ.
Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге
рұқсат етілмейді.
3-сұрақ.
Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола
ма?
-Жүгіріп келе жатқан адам айналасын
бағдарлай алмай қалады және қарсы келіп
қалған көлікті байқағанмен, сасқалақтап
жарақаттануы мүмкін.Сондықтан әркез
сақ болып, асықпай жүрген абзал
4-сұрақ:
Аялдамаға тоқтаған автобустың қай
жағынан өту керек?
-
Аялдамаға тоқтаған автобустың алдынан
да артынан да өтуге болмайды. Сол жерде
жол өткелі болу керек содан өту
керек.
5-сұрақ: Жол үстінде топталып
жүрудің қауіптілігі неде?
- Топталып
келе жатқан балалар өзара әңгімеге
айналып, жолда жүру ережесін ұмытып
кетуі мүмкін. Сондықтан жол өткелдерінде
әңгімені қойып, барлық зейінді жол
қауіпсіздігіне аудару керек.
6-сұрақ: Топталып келе жатқан жүргіншілер жол бойымен қалай жүруі керек?
-Бір
топ жаяу жүргінші тек жиек жолмен немесе
келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың
сол жақ жиегімен екі қатардан аспай
жүру керек. Олар жолды кесіп өтпек болса,
екі көшенің немесе жолдың қиылысқан
тұсына тоқтау керек.
7-сұрақ:
Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
-Бағдаршам
8-сұрақ:
Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге
болады?
Көшенің екінші көшемен
қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер»
деп жазылған тұста, бағдаршамның жасыл
жарығы жанған кезде
2-тапсырма:
1-топ.
Қызылдар тобы:
«Бағдаршам»
сөзіне сөз құрақ жасау
шам, шар,
бағдар, баға аға, ара, ағаш т.б
2-топ.
Жасылдар
тобы:
Өлең
құрастыру.
Шашылған сөздерден
Басталар
әр қадамын аттауменен,
Жол жүру ережесін сақтауменен.
Жол тәртібін білейік,
Аман –есен жүрейік.
3-топ. Сарылар тобы:
«Сахналау»
.
«Бағдаршам»
ойыны.
Ойынға топтағы оқушылар қатысады.
Алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп,
оқушылардың қаншалықты жинақы екенін
байқайды. Ойынның
шартын оқушыларға түсіндіреді.
Ойынның
шарты:
1.
Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде
балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын
қозғалысқа келтіреді.
2.
Сары
көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
3.
Қызыл көзін көрсеткенде бір орында
қозғалмай тұрып қалады.
Мұғалім
: Бағдаршам өмірімізді жазымнан
сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын
біліп , тіліп алу баршамызға
керек. Біздің аулымызда,
сол сияқты
біздің еліміздің қала, аудандарына
бәріне ортақ көше қатынас ережесі
енгізілген.
Бұл ережені оқушылар да, үлкендер
де, яғни барлық жүргізушілер,
жаяу жүргіншілермен қатар
көлік жүргізетін жүргізушілер
де бұлжытпай орындауы керек.
4-топ.
Бағдаршам
тобы.
Жұмбақты шешу. Жұмбақтың жауабына сай
сурет
салу,сол суреттегі сөзге 5-жолды өлең
құрастыру.
Ашса
кезек үш көзін,
Айтты
деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта,
сақтан, жол ашық!»
Жүрме
жолға таласып.
Ақ парақ таратылады.
Сарамандық
жұмыс:
-
Балалар, осы тақырыпқа мұқият ойланып
сурет салайық. (Балалар осы тақырып
бойынша өздері суреттеп, бояп әңгімелейді.
Ол суреттер тақтаға ілінеді.)
Ән:
Бағдаршам
1.
Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын
ата – ана.
Жолда
сен бол лайық,
Жас
ұлан деген атқа
Қ
- сы:
Әрқашан
күн сөнбесін,
Аспаннан
бұлт төнбесін.
Қасымда
болсын анам,
Болайын
мен де аман!
2.
Жолда жүру әліппесін
Білген
жөн бес саусақтай.
Сонда
ғана жүре аласың,
Сен
өзіңді сау сақтап
КӨРІНІС:
Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,
Ауырса адамды, аңды да емдейді .
Отырған мынау Медбике апаға
Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?
(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)
Инспектор :
Апа, қараңыз мына сұмдықты ,
Маймақты кім қыңжылтты ?
Мед.бике:
Маймағым, не болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?
Аю:
Айтайын мен жасырмай шынымды – ай,
Сақтап қал , апа жанымды шыбындай.
Жармасып бал тасыр машина үстіне
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
Мед.бике:
Бір асар тәтті бал үшін,
Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін.
Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят – ақ,
Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !
Аю.
Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!
Мұғалім : – Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\
Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.
Инспектор
Көреген, дәу қырағы.
Көшемізде тұрады.
Оның аты – бағдаршам,
Жол сілтейді әрқашан.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда.
Бағдаршам
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Бағдаршам
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
1-жүргізуші.
Төрт
топтан құралған,
Белгілер туыстай.
Жол сілтеп тұрады.
У-шусыз
ұрыспай.
Белгілерге
сөз беру.
101
– өрт сөндіру машинасы;
102 – полиция
машинасы;
103 – жедел медициналық
жәрдем;
104 – газ шаруашылығының
машинасы;
112 – құтқару қызметі.
Оқушыларға кеспе қағаз түрінде таратып,
жаттап алуды ескерту.
Қорытынды:
Айналайын абайла
Жан-жағыңа қарайла
Жолда-жүру ережесін
Есте сақта қалайда.
Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз.
Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек.
Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз.
Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық.
1-сұрақ.
Жиек жол деген не?
2-сұрақ.
Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды?
3-сұрақ. Жол өткелінен жүгіріп өтуге
бола ма?
4-сұрақ:
Аялдамаға тоқтаған автобустың қай
жағынан өту керек?
5-сұрақ: Жол үстінде топталып жүрудің қауіптілігі неде?
6-сұрақ:
Топталып келе жатқан жүргіншілер жол
бойымен қалай жүруі керек?
7-сұрақ:
Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
8-сұрақ:
Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге
болады?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген