400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жол ережесін білейік

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жол ережесін білейік»

Мақсаты: Жаяу жүргіншілердің,жолаушылардың және жүргізушілердің жол ережесін нақты білу керектігі туралы білімдерін бекіту.

Көлік түрлерін ажырата білу.Балалардың ойлау қабілетін арттыру.

Жол ережесін сақтап жүруге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер:түсіндіру,көрсету,сұрақ жауап,ойын.

Қажетті құралдар:жол белгілері,слайд.

Билингвальді компонент:жол белгілері дорожные знаки,бағдаршам светафор.

Оқу қызметінің әрекеті

Тәрбиешінің оқу - қызметі

Балалардың оқу қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Жалғайтын достастырып бар елменен

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Саяхатымызды бастаймыз сәлемменен

Саламатсыздарма.

Жыл мезгілін,ай аттарын,апта күндерін сұрау.

Шаттық шеңберін жасайды





Саламатсыздарма.

Балалардың жауаптары.

Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар бүгінгі оқу қызметін жұмбақпен бастағым келіп тұр.

Бұйырмапты бас та,

Ауыз да құлақ та.

Бақырайған үш көзі бар,бірақ та.

Бұл не екен балалар?

Ия,балалар бұл бағдаршам.Бағдаршам светафор.

-Балалар біз бугін автобуспен «Бағдаршам еліне» саяхатқа шығамыз.Ол үшін алдымен автобуста жүру ережесін еске түсірейік.

Автобуста қатты күлуге немесе айқайлап сөйлеуге болмайды, ол әдепсіздікке жатады.

-Терезеден басыңды шығарып, қолыңды созуға болмайды, ол өте қәуіпті. Ал енді саяхатқа аттанайық.

Тез жету үшін мен сендерге бағдаршам туралы ертегі оқып беремін.

Ертеде бір қалада қызыл, сары, жасыл түсті үш көзі бар бағдаршам өмір сүріпті.Бірде осы үш көз қайсымызең маңызды екенбіз деп өзара таласып қалады.

Мен қызылмын, ең маңыздымын. Мені адамдар көрсе алдында қәуіп төніп тұрғанын

біледі.

Жоқ, депті сары.Ең маңызды менмін.Мен «Тоқтаңдар!», «Асықпаңдар!»деген ескерту беремін.

Сендер не деп тұрсыңдар, деді жасыл.Жасыл түс ең маңызды.Мен сендерге қәуіпсіздік пентыныштықты еске саламын.Олардың тартысқа түскені соншалық,сынып жан жаққа шашылып қалады.Ал бағдаршам оларды шақырып өтінді. Достарым келіңдер маған,сендер мен үшін өте маңыздысыңдар.

-Егер бәріміз бірге болсақ онда қала жолдарында тәртіп болады депті. Содан бері бағдаршам көздері ажырамастай дос болыпты.

Балалар міне «Бағдаршам еліне» де келіп жеттік.

Балалар біз бұл жерде не көріп тұрмыз?

Бағдаршамның неше көзі бар?

Бір, екі, үш.

Один,два, три.

Бағдаршамның көздерінің түстерін айтайықшы?

Красный, желтый, зеленый.

Ия, балалар бұл үш көзді бағдаршам.Ол адамдарға жолда жүру тәртібін реттеп тұрады.

Балалар айтыңдаршы бағдаршамның әр түсі нені білдіреді екен?












-Ал егер бағдаршам жоқ жерлерде не істейміз, қалай өтеміз?

Мысалы:Таңертең қайда келесіңдер?

Біздің балабақша алдында бағдаршам барма?

-Олай болса жолдың екінші жағына қалай өтеміз?

-Алдымен сол жаққа,одан соң оң жаққа қарап, көлік жоқ болса ,жаяу жүргіншілер жолымен асықпай,мұқият сақ болып үлкендердің көмегімен өтуіміз керек.

Балалар, жолда апатты жағдайға ұшырамау үшін жаяу жүргінші де,жүргізушілер де жол ережесін сақтау керек.

Сергіту сәті:

Күн шығады аспаннан,

Біз бақшаға барамыз.

Күн төбеде тұрғанда,

Түскі ұйқыда жатамыз.

Күн ұяға батқанда,

Біздер үйге қайтамыз.


Ойын: «Бағдаршам».

Шарты: Тәрбиеші қызыл түсті көтергенде балалар бір орнында тұру керек.Сары түсті көтергенде жан жағына қарап дайындалу керек.Жасыл түсті көтергенде жүру керек. (Бір орнында тұрып).

-Балалар енді біздердің балабақшаға кететін уақытымыз болды. Ол үшін автобусқа отырамыз.





Бағдаршам


Қайталайды





Автобуста отыру ережелерін еске түсіреді.



Саяхатқа аттанады.





Ертегіні мұқият тыңдайды.























Бағдаршам.


Қайталайды


Қызыл,сары, жасыл.





Нұржан: (Қызыл)

Жұмысына таң қалған,

Көшеде бар бағдаршам.

Қалып жүрме алаңдап,

Қызыл шам жанса «жол жабық».

Каусар: (Сары)

Сонда болсын ойың бар,

Сары шам жанса «дайындал».

Аружан: (Жасыл)

Шаталады білмеген,

Жасыл жанса жүр деген.

Жол шетінде тұратын.

Жол белгіге қараңдар.








Балабақшаға.

Жоқ.

























Рефлексті коррекциялаушы

-Балалар,біз қайда саяхатқа бардық?

Жолдан өтерде қандай жолмен өтеміз?

-Бағдаршамның неше көзі бар?

-Бүгінгі оқу іс әрекеті ұнадыма?

-Міне бала бақшамызға да келіп жеттік.

-Автобустан асықпай бір бірлеп түсеміз.

-Бір – бірімізді итермей түсеміз.

-Балалар, әрқашан « жол ережесін білейік, аман – есен жүрейік».дегім келеді.

Енді қонақтармен қоштасайық .

Жаяу жүргіншілер жолымен өтеміз.

3 көзі бар

Балалардың жауабы





Сау болыңдар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі