Жол
ережелерін білейк
Мақсаты:
Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып,
жол ережесін жасына сай меңгерту.
Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін
пысықтап, адам өмірі үшін қажеттілігін
түсіндіру. Көшеде жүру ержесін білдіру
арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп
сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
белгілер, жол белгілерінің суреттері,
бағдаршам.
Барысы.
Жүргізуші:
Сапар шексек сіз бен біз,
Сан
көлікке мінеміз.
Траллейбус,
трамвай,
Автобуспен
жүреміз.
1-
оқушы: Көлік, көлік, көлік,
Көліктерге
мінеміз.
Көшелермен,
көшелермен,
Күнде
тынбай жүреміз.
2-
оқушы: Тәртіп бұзсақ абайсыз,
Жағдай
туар қолайсыз.
Маи
қызметкерлерінен,
Сан
кешірім сұраймыз.
3-
оқушы: Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін
білеміз.
Сақтанғанда
қатерден,
Сау-
саласат жүреміз.
4-
оқушы: Үш түсті түрі бар,
Жөн
сілтер тілі бар.
Бағдаршам
дегенің,
Сырын
жақсы біліп ал.
5-
оқушы: Қызыл көз жанарда,
Тоқтай
қал әманда.
Сары
түс ескерту,
Дайын
бол табанда.
Жасыл
көз жарасты
Алдыңнан
жол ашты,
Өте
бер асықпай
Жолыңмен
қарасты.
Жүргізуші:
Балалар, мен сендерге мынадай жұмбақ
жасырайын, шешуін тауып көріңдерші.
Аяғы
жоқ жүрмейді,
Аузы
жоқ сөйлейді.
(Бағдаршам)
-Енді
оқушылар, бағдаршам- өмірімізді апаттан
сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын
біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз.
Бағдаршам- жол элементтерінің ішіндегі
ең ерте қолданыла бастағаны.Қазір
бағдаршамның жасы жүзден асып кетті,
оның кескін- келбетін де қырылысы да
әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына
қатысушыларға өз жарығымен бағыт
сілтейді. Енді ойынымызды бастайық. «
Бағдаршам ойыны басталады»
Мұғалім:
Бағдаршам ойынының шарты. Таяқшаларды
алғаннан кейін оқушылар үш жерге
тоқталып, бағдаршам белгілерді көтереді.
Қызыл көтергенде- тұр, сары-күт, жасыл-
жүр.
Оқушылар
хормен: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық
сүйем баспа алға.
Сары
көзін ашқанда,
Қарап
қалма аспанға.
Жасыл
көзін ашқанда,
Өте
бергін жасқанба.
«Бағдаршам»
атты сөзжұмбақ ұсынылады.
Жүргізуші:
Мен сендердің білімдеріңді санамақ
үшін сұрақтарды алдын ала дайындадым.
Жаяу
адамға қай жермен жүруге болмайды?
Қала
көшесінде келе жатқанда қандай жермен
жүру керек?
Көше
тәртібін не басқарады?
Жолдың
қай жағымен жүру керек?
Көшеде
келе жатқанда немесе қақпадан шыққан
кезде машинаны көрсең не істеу керек?
Бағдаршамның
қызыл көзі жанғанда кімдерге өтуге
рұқсат етілген?
Қалаға
барғанда қоғамдық көлікке қай жерден
отырамыз?
Реттеуші
деген кім?
Жол
қауіпсіздігін сақтау үшін жүргізушіге
нені білуі қажет?
Бағдаршамның
әр түсі нені хабарлайды?
Бағдаршам
болып киінген үш оқушы ортаға шығып
өлең жолдарын оқиды.
1- оқушы:
Қызыл көзі жанғанда,
Қалт
тоқтай қал табанда.
2- оқушы:
Сары көзі жанғанда,
Сақ,
абай бол барынша.
3- оқушы:
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіпе
бер бел асып.
Оқушылар
хормен: Бас аяқты ойлап,
Бол
ұқыпты жолда.
Жүргізуші:
Балалар, жолда жүру ережесін бәріміз
білеміз бе?
- Олай
болса жолдан қалай өтеміз, көрсетіп
жіберейік.
Көрініс.
Үш
оқушы бағдаршам болып тұрады. Бір оқушы
мектептен шығып жолдан қалай өту
керектігін көрсетеді.
Қызыл:
Тоқтап тұрады.
Сары:
Дайындалады.
Жасыл:
Жолдан өтеді.
Жүргізуші:
Енді балалар жұмбақтарды шешіп көрейік.
Сом
дене, табаны бар сонша тісті.
бір
өзі бітіреді сонша істі. (трактор)
Кеудесінде
жаны жоқ,
Тмырында
қаны жоқ,
Май
жейді, су ішеді. (машина)
Қамшыласаң
жүрмеймін,
Мініп
алып тебінсең,
Кідіруді
білмеймін. (Велосипед)
Арқаны
бар тым ұзын,
Кесіп
бірақ ала алмайсың бір үзім. (жол)
Дыз-дыз
етіп жүрегі, сымнан ұстап жүреді,
Өзіне
адам мінеді, ол не, кім біледі? (троллейбус)
Жолдардың
торабын, абайлап қарағың,
Әйгілеп
үш жүзді, бір дәу тұр үш көзді,
Оған
жас-кәріміз, бағындық бәріміз. (Бағдаршам)
Ала
таяқ ұстаған,
Жол
тәртібін нұсқаған.
Өміріңді
күзеткен,
Ысқырығы
күшті адам. (Полиция қызметкері)
Көзін
ашып- жұмады,
Бағыт
сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
Жүргізуші:
Жарайсыңдар. Енді ойнымызды жалғастырайық.
Мына жерде бірнеше карточкалар жатыр.
Бір- бірден келіп карточкадағы сөздің
мағынасын ашып көріп тырысыңдар.
- Ал
балалар біз бүгін не үйрендік, немен
таныстық?
- жолда
жүру ережелерімен, бағдаршаммен.
- Бағдаршамның
бізге пайдасы бар ма?
- Бар,
ол бізде жол апатынан сақтауға көмектеседі.
- Бағдаршамның
тілін алуымыз керек пе?
- Тілін
алуымыз керек.
- Оқушылар,
сендерге үлкен рахмет. Осымен біздің
тәрбие сағатымыз аяқталды.
Жүргізушілердің
ережесі.
Көліктерді
тек ғана отырғызу алаңдары ал жоқ болса
тратуарда немесе жол жиегіне күтіп
тұруға рұқсат етіледі.
Жүргізушілерді
себепсіз алаңдатпау керек.
Жүк
көліктердің кузовында тұруға, барып
қырына отыруға тыйым салынады.
Жаяу
адамның міндеттері.
Жаяулар
тратуардың немесе жаяу жолдың оң
жағымен, ал олар болмаса, жол жиегімен
немесе велосипед жолымен жүруі тиіс.
Жолдан
өтіп бара жатқанда жаяулап себепсіз
кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс.
Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа,
ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққ
қарау керек.
Жарқылдақ
маягі және арнаулы дыбыс белгісі
қосылған көлік жақындағанда жаяулар
жолдан өтпей тоса тұруы керек.
Қараңғыда
жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда,
жаяу адамдар үстіне жарық қайтарғыш
тағып алу керек.
Жүргіншілер
міндеті:
Жаяу
жүргіншілер тратуармен жаяу жүргіншілерге
арналған жолдармен, ал олар болмаған
жағдайда жолды жағалай қозғалуы тиіс.
Көлік
жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан
жаяу жүргіншілер колоннасына көлік
құралдарының қозғалысы бағытында оң
жақпен, қатарда 4 адамнан артық емес
қозғалуға рұқсат беріледі.
Жаяу
жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу
жүргіншілерге арналған, оның ішінде
жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал
олар болмағанда қиылыстардан тратуарлар
мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп
өтуі тиіс.
Қозғалыс
реттеліп тұратын жерлерде, жаяу жүргінші,
реттеуішінің сигналын, ал ол болмағанда
көлік бағдаршамын басшылыққа алады.