«Жол ережесін білейік , аман – есен жүрейік»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Жол ережесін білейік , аман – есен жүрейік»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдаршам және жол жүру ережелері туралы түсініктерін кеңейту . Жол ережесін ойда сақтап жүруге үйрету. Тәртіптілікке , сақ болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы : «Жол ережесін білейік , аман – есен жүрейік»

Мақсаты : Бағдаршам және жол жүру ережелері туралы түсініктерін кеңейту . Жол ережесін ойда сақтап жүруге үйрету. Тәртіптілікке , сақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер : бағдаршам , көліктер , жол белгілері

Қазақстан Республикасының гимн.



Шаттық шеңбері

Сәлем достар аман ба ?

Бейбіт мынау заманда .

Ашық болсын аспанын !

Жолың болсын қашанда.



Жүргізуші : Балалар бүгінгі біздің іс -әрекетімізге көптеген қонақтар келіпті . Ендеше барлығымыз қонақтармен амандасайық.

Балалар : Саламатсыздар ма ?

Жүргізуш : Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

Балалар : Қазір жылдың күз мезгілі .

Жүргізуші : Күз мезгілі неше айдан тұрады ?

Балалар : Күз мезгілі 3 айдан тұрады.

Жүргізуші : Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер ?

Балалар : Күзде аспанды бұлт басып , жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі . Құстар жылы жаққа ұшады.





Жұмбақтар

Өзі сөйлей алмайды ,

Бірақ , тоқта , жүр дейді . ( Бағдаршам )



Жүргізуші : Демек , бүгінгі іс-әрекетіміз жол ережелері туралы екен . Балалар бағдаршам бізге не үшін қажет .

Балалар : Жол ережелерін сақтау үшін және өмірімізге қауіп төнбеу үшін .

Жүргізуші : Бағдаршамның неше көзі бар ?

Балалар : Бағдаршамның 3 көзі бар .

Қызыл түсі жанғанда тоқтаймыз ,

Сары түсі жанғанда дайындаламыз,

Жасыл түсі жанғанда жүреміз.

Жүргізуші : Балалар біз жолдың кез-келген жерін кесіп өтуімізге бола ма ?

Балалар: Жоқ болмайды , өмірімізге қауіп төнеді.

Таңқалдыру сәті : Жол полиция қызметкері , жаралы қоян.

Полиция : Саламатсыңдар ма балалар .

Балалар : Саламатсыз ба?

Полиция : Балалар мына қоян жол ережесін білмегендіктен қолын жарақаттап алыпты . Бұдан бұлай дене жарақатын алмау үшін сендерге алып келдім .

Тәрбиеші : Ендеше қоян сен біздің балалардың жол ережесіне арналған тақпақтарын тындай ғой , сонда жол ережесін ұмытпайтын боласын .





Тақпақтар

Көреген дәу қырағы,

Көшемізде тұрады.

Оның аты бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.


Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтағанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.



Полиция : Балалар сендер жол ережесін жақсы біледі екенсіңдер , ендеше бір ойын ойнайық .

Ойын : «Бағдаршам»

Ойын : « Өз түсіңді тап»

Тәрбиеші : Балалар сендер түстерді жақсы ажырата біледі екенсіңдер . Соның арқасында түрлі-түсті шарларға жан бітті. Ендеше көріністі тамашалаңдар .

Қызыл түс : - Ой недеген керемет !

Жасыл түс : - Ия , керемет.

Қызыл түс : - Балалар түстерді жақсы біледі екен.

Жасыл түс : - Сары досымыз қайда жүр екен.

Сары т үс : - Ия менде осындамын .

Қызыл түс : - Достар , біздің де балаларғңа жол ережесін сақтауға пайдамыз тисін .

Жасыл түс : - Дұрыс айтасын .

Қызыл түс : - Мені көргенде жүрсін .

Сары түс : - Жоқ дұрыс емес , сені көргенде жүр деп балаларды шатастырма.

Жасыл түс : - Сен қызу қандысың ғой , сені көргенде тоқтаған абзал .

Сары түс : - Дұрыс айтасын .

Қызыл түс : - Жоқ мен көзімді ашқанда жүрген дұрыс .

Жасыл түс : - Сенің көзің шоқтай ғой , сен көзіңді ашқанда тоқтасын.

Сары түс : - Сабыр сақтайық , «Сабыр түбі сары алтын» демекші , біз бірлесіп достықпен бір шешімге келейік.

Қызыл түс : - Жарайды , мен көзімді ашқанда тоқтасчын , сары жанғанда жүруге дайындалсын , жасыл көзін ашқанда жүрсін .

Қорытынды : Балалар бүгінгі іс-әрекетт сендерге ұнады ма ?

-Ия , ұнады .

-Бізге кімдер қонаққа келді?

- Жол полициясы мен жаралы қоян .

Ендеше сау-саламаты болыңдар . Жолда сақ болыңдар !

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2023
236
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі