«Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп бара жатқан көлікке жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кету салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер көліктің дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір бала « Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр ұйымдастырылған іс әрекетінен қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік»
Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.
Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.
Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше қиылысы.
Көрнекіліктері: Бағдаршам макеті, жол белгілері макеті,көлңкер түрлері.

Тәрбиеші:
- Бүгінгі «Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік» атты ашық оқу қызметімізді бастаймыз! Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады. Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға керек.

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп бара жатқан көлікке жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кету салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер көліктің дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір бала « Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр ұйымдастырылған іс әрекетінен қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.

Шаттық шеңбер

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз

Ақтілекті жолдайық!

-Әлемді нұр тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы таң бақшамыз,

Қайырлы күн достарым!

Тәрбиеші: - Балалар тақтадан не көріп тұрмыз?
Балалар: көшелер, көліктер.
Тәрбиеші: Жолдар қандай болады?
Балалар: Тегіс жолдар, кең жолдар, тар жолдар, ұзын жолдар, қысқа жолдар.
Ізденістер ұйымдастыру: Тараз қаламыздың көшелері кең, үлкен қаламызда көліктер көп.
Тәрбиеші: - Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырайын.
Төбесінде шырағы,
Жолаушының пырағы.
Барасың деп қай жаққа,
Алдын күтіп тұрды.
Шахматтың тақтасы,
Секілді онда таңба бар.
Бұл қай көлік?
(Такси)


Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып, аялайды.
(Автобус)

Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.
(Жол)


Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш козі бар бірақ та.
(Бағдаршам)


Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.
(Жол)


Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
(Полиция қызметкері)
Тәрбиеші: -
Бәрекелді! Біздің қалада көліктердің түрлері көп екен.
Бүгінгі ашық оқу қызметімізде жолда жүру ережелерін есімізге түсіріп, жаяу жүргіншілерге арналған белгілердің таңбаларымен танысып, аялдама таңбалардың белгісімен танысамыз.

Күтпеген қонақ кіріп келеді... «Миллиционер»

Миллиционер:-Сәлеметсіңдер ме балалар,қалдарың қалай?

-Мені таныған боларсыңдар!Сендерде «Жолда жүру ережесі » туралы сабақ болып жатқаның біліп арнайы келдім!Сендердің білімдеріңді тексеріп,білмегендерінді үйретіп кетейін дегем.

Тәрбиеші:-Сәлеметсіз бе миллиционер мырза,қош келдіңіз! Біздің балалар жол ережесі жайлы біраз біледі,тексеріп көріңіз сеңбесеңіз!

Миллиционер:-Жарайды ендеше бірнеше сұрақ қойып өтейін;

Тақтамен жұмыс: «Тақтадағы көлік түрлерін аттарын атап беру»

Балалардың жауабы.

Көшенің макеттері: «Орындықтардағы белгілерді атап шығу»

Балалардың жауабы.

Миллиционер:-Жарайсыңдар балалар,барлығында ұмытпапсыңдар,әрқашан естерінде жүрсің.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар енді бір серігіп алайық,ол үшін біз миллиционер мырзамен ойын ойнайық.

Ойын: «Кім жылдам »деп аталады

Ойын шарты:балалар екі топқа бөлініп,топқа ат сайлап ,кедергілерден өтіп,топқа бірінші келу.

Миллиционер:-Ал жарайды балалар өте жүйрік,алғыр екенсіңдер,осы беттерінен таймаңдар,жақсы балалар болып өсе беріңдер мен қайттым сау болыңдар.

Өлең шумақтарымен ортаға:
Санап кетсек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.
Жасмин

Көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен,
Күнде тынбай жүреміз.
Ақназар

Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтағанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.
Медина

Көшеде бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.
Кідірме, абыржып онда аса,
Сенгейсің өзіңе көзіңе.
Бірханым

Көшеде ортаға жеткенше,
Әуелі көзің сал сол жаққа.
Балақай, ортадан өткен соң,
Мойның сал сол жақтан оң жаққа.
Асылай

Мен білемін, бәрін деме,
Отырған жоқсың бөлмеде.
Машина өтіп кеткесін,
Жолаушы алға беттесін.
Бейбарыс

Тәрбиеші: Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді,
Бір көзім «қарап қалма» дейді.
Бағдаршам туралы тақпақ кім біледі?


Менің атым «бағдаршам»

Жақсы білем міндетімді,

Мекен-жайым тұрақты.

Мүдірмейтін ешқашан. Балнұр

Тәрбиеші :(Тақтада)
Қызыл – тоқта!
Сары - сақтан!
Жасыл - жол ашық!
1 -: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
2 -: сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
3 -: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
(Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады).
«Бағдаршам» ойынын ойнату.
Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады, бағдаршам қызыл түсті көтергенде - балалар бір адым артқа жылжиды. Сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады. Жасыл түсті көтергенде бір адым алдыға жылжиды. (ойын 3 рет қайталанады)
Балалар, көшеде біз тар жолмен, яғни жиек жолмен жүреміз.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар!

Қорытынды:Рахмет ,балалар.Бүгін сендер өздеріңнің жол ережесін білетіңдеріңді көрсеттіңдер.Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап,басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.

Ендеше қорта келгенде балаларымыздың «светафор» биімен аяқтайық.

Үш түрлі шарлармен 3 қатарға тұрып билеу.

























Бекітемін:













Тақырыбы :«Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік!»













Тәрбиеші:Тажиева А.

2022ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.00.2023
270
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі