Алматы
қаласы, Жетісу ауданы, МКҚК №162
бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
Маткалыкова Меруерт Жабайдильдиновна
Тақырыбы:
«Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік!»
Мақсаты:
Балаларды
жол ережелерімен таныстыру. Бағдаршам
арқылы үш түрлі түсті ажыратып, жолға
шыққанда өздерін қалай ұстау керектігін
үйрету. Балаларды сақтыққа, жол ережесін
орындауға үйрету.
Көрнекіліктер:
Бағдаршам,
МАИ қызметкері, жүргінші жолы, жол
белгілерінің макеті, слайд
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Тәрбиеші
ашық оқу қызметін өлең шумағымен
бастайды.
Жалғайтын
достастырып бар елменен,
Жолдардан
тұрадығой әлем деген.
Бүгінгі
бізге келген қонақтарға,
Сабағымызды
бастаймыз сәлемменен.
Балалар
біздің күніміз ерекше,бізге қонақтар
келді
Шаттық
шеңбері
(балалар амандасады )
Арайлап
таң атты,
Алтын
сәуле таратты.
Қайырлы
таң балалар,
Қайырлы
таң апайлар.
Іздену,
ұйымдастырушы
Тәрбиеші:
Балалар
бүгін бізге Бағдаршам қалашығынан
хабарлама келді. Олай болса хабарламаны
оқиын.
Қымбатты
балалар,сендердің бір жасқа есейгендеріңді
білемін жәнеде көп нәрсені үйрендіңдер.
Мен сендерді қатты сағындым. Сондықтан
сендерді жол жүру ғылымдарының мектебіне
шақырамын. Құрметпен Бағдаршам.
-Балалар
сендер жол жүру ғылымдар мектебіне
барғыларың келе ме?
Балалардың
жауабы: Барғымыз келеді.
-Бұл
мектепке біз немен барамыз?
Балалардың
жауабы: Автобуспен
Мен
бұл мектепке автобуспен баруды ұсынамын.
-Ал
сендер білесіңдер ме? Қоғамдық көлікпен
жүретін адамдарды қалай атайды?
Балалардың
жауабы: Жолаушылар
-Автобусқа
біз қай жерден отырамыз?
Балалардың
жауабы: Аялдамадан
-
Ал мынау біздің автобус, ал орындарыңа
отырыңдар?
Балалар
біз көлікке отырғанда қандай ережелерді
сақтауымыз керек. Қалай ойлайсыңдар ол
қандай ережелер?
Балалардың
жауаптары.
Әрине
дұрыс айтасыңдар, көлікке мінерде
таласпай бір-бірімізді итермей мінуіміз
керек. Автобустың ішінді қатты сөйлеп
шуламауымыз керек. Үлкен кісілерге орын
беруіміз керек. Терезеден басты шығармау
керек. Бұлар өте маңызды ережелер.
Ал
балалар мектебімізге жеткенше тақпақ
айтып отырайық. Кәне қайсымыз айтамыз?
Ердар:
Сапар шексек сізбен біз,
Сан
көлікке мінеміз.
Тролейбус,
трамвай,
Автобуспен
жүреміз.
-Мінекей
балалар бізде келіп жеттік, кәне бәріміз
көліктен абайлап түсейік.
Бізді
бағдаршамда күтіп тұр.
БАҒДАРШАМ:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!?
Балалар:
Сәлеметсіз бе, Бағдаршам!?
Мен
сендердің келгендеріңе өте қуаныштымын.
Біздің мектепте өте қызықты және сендер
танып білетін мағлұматтар өте көп.
Тәрбиеші:
Бағдаршам, біздің Інжу қызымыз саған
арнап тақпақ дайындап келді соны тыңдасаң
деймін.
Бағдаршам:
Тыңдайын,
тыңдайын.
Інжу
Бағдаршам біледі,
Бәрін
де көреді.
Адам
да,көлік те,
Сол
шаммен жүреді.
Рахмет
Інжу
-Балалар
біз бағдаршамға не білетіндерімізді
көрсетейікші.
Тәрбиеші:
Бағдаршамның
неше көзі болады? (3 көзі болады)
Олар
қандай ретпен орналасқан? (қызыл, сары,
жасыл)
-
Ал қызыл түсі жанғанда не істеу керек?
(тоқтау керек)
-
Ал жолда сары түс жанғанда өтуге бола
ма? (болмайды ол дайындал дегенді
білдіреді)
-Қандай
түс жанғанда өтуге болады? (жасыл түсі
жанғанда өтуге болады)
Бағдаршам
не үшін керек деп ойлайсыңдар? (жолда
жүруді реттеп отыру үшін, жолдан өту
үшін, адамдар мен машиналар соқтығып
қалмау үшін)
Олай
болса мен сендердің есте сақтау
қабілеттеріңді тағы бір тексергім
келеді. Ол үшін біз қимылды сергіту
ойынын ойнайық.
Шарты:
Орнымыздан тұрайық.
Қызыл,
сары, жасыл түстерді сұрау арқылы
балалардан белгілі бір қимылдарды
жасату.
Бағдаршам:
Жарайсыңдар
балалар.
Тәрбиеші:
Балалар осы мектепте арнайы жол ережелерін
сендер сияқты балақайларға үйрететін
арнайы маман жұмыс атқарады екен. Ол
полиция қызметкері. Ол кісі сендерге
пайдалы ақпаратпен бөлісуге дайын.
Қазір өзі де келіп қалар.
Полиция:
Сәлеметсіңдер ме, балақайлар?
Балалар:
Сәлеметсіз
бе?
Полиция:
Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Қош келдіңдер. Балалар мен сендерге
жұмбақ жасырсам деймін.
Тәрбиеші:
Әрине балалар сіздің жұмбағыңызды
шешуге даяр. Солай емес пе балалар?
Балалар:
Дайынбыз.
Жол
полициясы: Жол
шетінде тізілген,
Жауынгерлер
сап түзеп.
Орындау
сенің міндетің
Олардың
берген нұсқауын. (жол белгілері)
Балалар:
Жол белгілері
Полиция:
Дұрыс
айтасыңдар, бағдаршаммен қатар жол
белгілері де бар. Жол белгілері жолда
қалай жүру керектігін, не рұқсат етілуі
неге тиым салынады соны білдіреді. Жол
белгілерінің аттары және олар керек
жерлерге орналастырылған (жол полициясы
жол белілері туралы мағлұматтар береді,
слайдпен жұмыс)
Тәрбиеші:
Ал
енді назарымызды мына көрініске аударайық
(жол бойында балалардың доп теуіп ойнауы)
Балалар,
осы көріністен көрген балалардың іс
әрекеті дұрыс па?
Жол
полициясы сіз не айтар едіңіз? (жол
полициясының жауабы)
Тәрбиеші:
Рақмет
сізге жол полициясы. Ал енді Мариям
қызымыздың жол полицияларына арналған
тақпағын тыңдайық.
Мариям:
Тәртіп
бұзсақ абайсыз,
Жағдай
туар қолайсыз.
Маи
қызметкеткерлерінен
Сан
кешірім сұраймыз.
Тәрбиеші:
Рақмет Мариям.
Қорытындылау:
Балалар,
жол жүру ғылымдарының мектебінен не
алдық?
Немен
таныстық? (бағдаршаммен)
Бағдаршамның
неше көзі бар? (үш көзі бар)
Түстері
қандай? (қызыл, сары, жасыл)
Көшелерден
белгілерге қарамай жүгіріп өтуге бола
ма? (жоқ)
Ал,
көшенің қай жерінен өтуге болады? (ала
сызықты жерден)
Дұрыс
айтасыңдар балалар, сендер жол жүру
ғылымдарының мектебінен көп мағлұматтар
алдыңдар. Жол полициясы, Бағдаршам
сіздерге рақмет.
Жол
полициясы: Балалар,
сендер бүгін жол жүру ережелерін үйрену
курсынан өттіңдер, соған орай әр қайсысыңа
жол ережесін үйренді деген қағазын
тапсырғым келеді.
Құрметті
балақай, сен «Жол жүру ғылымдарының
мектебінен» жол жүру ережесін меңгердің.
Тәрбиеші:
Біз енді балабақшамызға қайтайық. Сау
болыңыздар!
Балалар:
Сау
болыңыздар.
Жол
полициясы, Бағдаршам шығып кетеді.
Мен:
Балалар
автобусымызға отырып балабақшамызға
қайтайық.
Құрметті
әріптестер бүгінгі оқу қызметіміз
аяқталды, назарларыңызға рақмет!