Материалдар / "Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жолда жүру ережесін есте сақтауға, балаларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2023
302
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік!»

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, балаларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көше ережесін сақтау тақырыбына арналған бейнеролик, жол белгілері,үлестірмелі суреттер.

Әдіс - тәсілдер: Сұрақ- жауап,рөлдік ойын, топтық жұмыс,әңгімелеу.


«Достық шеңбері» сәлемдесу.

Ұл - қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Біздер - қазақ баласы,
Сәлем - сөздің анасы.

Сәлеметсіздер ме!Здравствуйте!Good moning!


Бейнеролик көрсетіледі (көше ережесін сақтау тақырыбына арналған)

Құрметті оқушылар, бейнероликті көргеніміздей бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Неліктен мен сіздерге қызыл, сары, жасыл жетондар арқылы топқа бөлдім. Бұның сыры неде?

 Дұрыс айтасыздар, жолда жүру ережесі, бағдаршамның адам өміріндегі маңызы туралы болмақ.

«Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Балалар, бүгін біздер өмірлерімізді сақтайтын, жолда жүру ережелерімен танысамыз. Жол бойында жүргенде көптеген белгілерді көреміз.
Біз жол қозғалысымен күнде қатынасып отырамыз.Сондықтанда біз жолда жүру ережесін - жүру белгілерін айыра біліп, бағдаршамның қызметін білуіміз керек.Балалар егер өз өмірлеріңді, денсаулықтарыңызды сақтағыларың келсе, әрқашанда жолда жүру ережесіне сақ болыңыздар.

Бүгін балалар жол жүру ережелері бойынша өздерініздің білімдерінізді көрсетесіздер.
«Қызылдар», «Сарылар», «Жасылдар» болып топқа бөлініп отырады.
Бүгінгі бағдарламада:
1. Өз орныңды тап, әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді.
2. Әр топқа сұрақтармен жұмбақтар беріледі.
3. Жол белгілерін еске түсірейік, қиылған суреттерден жол белгілерін құрастыру.
4. «Сен білесің бе?»жол белгілерінің суреттері көрсетіледі, соның аттарын айтады.

5.Әр топтан жол белгілері туралы тақпақтар айту.

1 - сайысымызда: Өз орныңды тап, әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді

«Қызылдар» тобы:

Ұраны: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.

«Сарылар» тобы:

Ұраны:Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға

«Жасылдар» тобы:

Ұраны: Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін жасқанба.

2 – сайысымызда: Әр топқа үш - үштен сұрақтар мен жұмбақ беріледі.

Балалар,ескертемін! Қол көтермей, рұқсатсыз берілген жауап есептелмейді.

«Қызылдар» тобына:

1 - сұрақ: Көшедегі кездейсоқ қауіп - қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (қауіп - қатерден аман болу үшін жолда жүру ережесін жақсы білуіміз керек.)
2 - сұрақ: Бағдаршамның түстері қалай орналасқан? (бағдаршам түстері тігінен 1) қызыл, 2) сары, 3) жасыл болып орналасқан. Қызыл түсі жүруге тыйым салады; сары түсі назар аударыңыз, жасыл түсі жүруге рұқсат дегенді білдіреді.)
3 - сұрақ: Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты қалай атаймыз? \Ақжолақша/

4‑сұрақ: Жолдардан қалай өтеміз ?(Бағдаршам арқылы өтеміз)

5‑ сұрақ: Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды?( Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

«Сарылар» тобына:

1-сұрақ: Жүргізуші деген кім?(Көлік жүргізетін адам)

2 - сұрақ: Автобус тоқтайтын орын? (аялдама)
3 - сұрақ: Бағдаршамның қай көзі біздің досымыз? (жасыл)
4‑сұрақ: Бағдаршам жоқ жерден қалай өтеміз ?(әуелі сол жаққа,көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз)

5‑ сұрақ: Ал бағдаршам туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Жол инспекторы: Енді жұмбақ шешеміз, мұқият болыңыздар.
«Қызылдар» тобына:

1 - жұмбақ: Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
2 - жұмбақ: Төрт аяғы дөңгелек,

Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)

3 - жұмбақ:Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)

«Сарылар» тобына:1. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)

2. Үлкен-үлкен қалаларда жүреді,

Табаны темір, төбесінде жүрегі. (Трамвай)

3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

3 – сайысымыз: жол белгілерін еске түсіру, қиылған суреттерден жол белгілерін құрастыру.

4 - сайысымыз: «Сен білесің бе?» Жол белгілерінің суреттері көрсетіледі, соның аттарын атау керек.
5 – сайысымыз.Әр топтан жол белгілері туралы тақпақтар айту.

6 – сайысымыз

1- топ: бағдаршамды жапсырады.

2-топ: бағдаршамды құрастырады.

3-топ: бағдаршамды ермексаз арқылы жапсырады.

Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

Инспектор жолдас: (Жанали)

Медбике апамыз бәрін емдейді ,

Ауырса адамды, аңды да  емдейді .

Отырған мынау Медбике апайға

Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?

(Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шыққан аю өкіріп келе жатады)

 Инспектор жолдас: (Жанали)

Апай, қараңыз мына  сұмдықты ,

Маймақты кім  ұрыпты?

Мед.бике: (Әдемі)

Маймағым, не  болған өзіңе,

Көкпеңбек басында – көзіңде ?

 Аю: (Диас)

Айтайын мен жасырмай  шынымды

Сақтап қал , апа  жанымды

Жармасып бал тасыр машинаға

Домалап құлап түстім.

Мед.бике: (Әдемі)

Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті  бұздың қарашы.

Міне, енді  жылап тұрсын.

Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

 Аю: (Диас)

Медбике апай, инспектор жолдас,енді тәртіпті  бұзбаймын,кешіріңіздер мені.Инспектор жолдас,медбике бірігіп айтады.(кешіреміз)

«Бағдаршам» ойыны
Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады, бағдаршам қызыл түсті көтергенде - балалар бір адым артқа жылжиды. Сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады. Жасыл түсті көтергенде бір адым алдыға жылжиды. (ойын 3 рет қайталанады)

Қорытынды:

-Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.










Ақпарат


«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де «Балауса» бірлестігінің,

«Бар ізгілік тек білімнен алынар!» атты апталығында мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Н.А.Нуктенова, «Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Қатысқан мұғалімдер: Кожахметова М.Р,Сарсенова Б.Т,Карабатырова К,Джексемба С,Камашбаев Е.М,Бимолданова Б.Е.

Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін есте сақтауға, жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет,бағдаршамның,жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Есте сақтау қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру.Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты жоспарға сай ұйымдастырылған.Сабақ барысында балалар

үш топқа бөліп,түрлі ойындар мен тапсырмалар орындады.




















































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!