"Жол ережесін білесің бе?"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жол ережесін білесің бе?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге нұсқаулық көмек материалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді

«Әйгерім» бөбекжай-бақшасының

әдіскері

_________Н.Е.Омарова

«___» _______2022жыл



Ойын сауық


Тақырыбы: «Жол ережесін білесің бе?»

Мақсаты: Балалардың ойынға деген белсенділігін,қызығушылығын

арттыру.Жол ережесін және жолда жүру мәдениетін үйрету.

Логикалық ой ұшқырлығын,шығармашылығын өлең,тақпақ,

жұмбақ арқылы дамыту.

Еліміздің өркендеуіне үлес қосатын алғырда білімді ұрпақ

тәрбиелеу.Балалар әсем безендірілген залға көңілді әуенмен

кіреді.

Балалар кәнекей қонақтармен амандасайық

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

Тәрбиеші: Ал, балалар бүгінгі ойын-сауығымыздың тақырыбы: «Жол ережесін білесің бе?» -Сендер, жол жүрудің тәртібін білесіңдер ме?

Балалар: білеміз

Тәрбиеші: Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын,сендер ойланып шешуін табыңдар.

Жұмбақ.

Көзін ашып,жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады.

Балалар: Жұмбақтың шешуі: «Бағдаршам»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!

Сол уақытта біреудің күлкісі естіледі

Тәрбиеші: Ой, балалар,кім күліп жатыр?

Самакатпен Маша кіреді

Маша: Е-Ей балалар неге отырсыңдар тып-тыныш, мен аюдан қашып кеттім.Келіңдер жолға шығып ойнаймыз. Жүріңдер.

Менің самакатым қандай?

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе,Маша? Сен қайдан жүрсің? Сен білмейсің бе, жолда ойнауға болмайтынын?

Маша: Ой,қойшы жол теп-тегіс рахат. Машиналармен жарысып ойнадым.

Тәрбиеші: Балалар, Машаға жол жүрудің тәртібі туралы өлеңдеріңді айтып беріңдерші. Сен Маша мұқият тыңда.

ӘН: «Көліктер»

Көліктер

Сапар шексек сіз бен біз

Сан көлікке мінеміз

Троллейбус трамвай

Автобуспен жүреміз


Көлік,көлік,көліктер

Көліктерге мінеміз

Көшелермен, көшелермен

Күнде тынбай жүреміз.


Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз

Сақтағанда қатерден

Сау-саламат жүреміз


Тәрбиеші: Маша біз саған жол жүрудің ережесін үйретеміз. Сен балалардан отырып тыңда.

Маша:Ха-ха-ха қойыңдаршы балалар,жүріңдерші ойнайықшы.

Маша балаларды тыңдамай жолға шығып кетеді.Сол уақытта Машаны машина қағып кетеді.

Аю Машаны іздеп келеді

Аю: Балалар Машаны көрдіңдер ме?

Тәрбиеші: Ой, балалар Машаны машина қағып кетті.Мен жедел-жәрдемге хабарлайын.

Жедел-жәрдем көмекке келіп,Машаны ауруханаға алып кетеді.

Көрдіңдер ме,Маша үлкендерді тыңдамап еді,не болғанын қараңдаршы.Өзі үлкен жарақат алып,көлігі де жарамсыз болып қалды.

Осы уақытта жол сақшысы келеді.Балалармен сәлемдеседі.

Жол сақшысы: Сәлеметсіңдер ме, балалар.Көрдіңдер ме Маша жол тәртібін білмегендіктен машинамен соқтығысып ауруханада жатыр.Сендер жол тәртібін білесіңдер ме?

Балалар: Иә білеміз!

Жол сақшысы: Жарайды,мен сендерге жұмбақ жасырайын,сендер шешуін табыңдар.




Жұмбақ

Менің 3 көзім бар

Бір көзім кідір-дейді

Бір көзім жүгір-дейді

Бір көзім абайла

Қарап ал маңайға-дейді


Балалар: Жұмбақтың шешуі: «Бағдаршам»

Жол сақшысы: Жарайды балалар, мен сендерге сұрақтарым бар, сендер ойланып жауап беріңдерші.

  1. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда не істейсіңдер?

Балалар: Тоқтаймыз

  1. Сары көзі жанғанда не істейсіңдер?

Балалар: Дайындаламыз

  1. Жасыл көзі жанғанда не істейсіңдер?

Балалар: Жүреміз

  1. Қандай жолмен жүресіңдер?

Балалар: Ақ қара жолақ жолдармен

  1. Жолдан кімнің көмегімен өтесіңдер?

Балалар: Үлкендердің

Жол сақшысы: Дұрыс жауап бердіңдер.Жарайсыңдар!Сендер әр уақытта «Жол қателікті кешірмейтінін» естен шығармаңдар.

Тәрбиеші: Жол сақшысы біздің балалардың «Жол ережесі» туралы тақпақтарын тыңдаңыз.

Тақпақтар:

Нұртөре: Тәртіп бұзсақ абайсыз

Жағдай туар қолайсыз

МАИ қызметкерінен

Сан кешірім сұраймыз.


Аяла: Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда

Өте бергін жасқанба


Нұрасыл: Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз

Сақтағанда қатерден

Сау-саламат жүреміз.
Асылжан: Қызыл түсі жанғанда

Тоқтай қал сен табанда


Қуаныш: Сары көзі жанғанда

Сақ бол сен қашанда


Алинұр: Жасыл жарық жол ашық

Жүгіре бер бел асып.

Сергіту сәті:

Алақанда ашайық

Шапалақты соғайық

Аяқ текке тұрмасын

Тоқылдатып алайық.

Бұрылайық оңға бір

Бұрылайық солға бір

Бір отырып,бір тұрып

Бір серігіп алайық.

Тәрбиеші: Балалар экранға назар аударыңдаршы, сендермен ауруханадан Маша хабарласып тұр.

Маша: Балалар,сендер мені кешіріңдерші.Мен сендерді тыңдамай,мені машина қағып кетті.Менің істеген ісімді қайталамаңдар!Мен сендерден жол жүру ережесін үйренемін деп уәде беремін.

Тәрбиеші: Балалар Машаға жол ережесін үйретейік.

Жол сақшысы: Балалар мен сендермен бір ойын ойнайын.

Дидактикалық ойын: «Дұрыс па,бұрыс па?»

Жол сақшысы: Балалар сендер жол ережесін бұзбауға тырысыңдар,әрдайым сақ болыңдар.Сау болыңдар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2023
253
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі